Студопедия — Билет №7
Студопедия Главная Случайная страница Обратная связь

Разделы: Автомобили Астрономия Биология География Дом и сад Другие языки Другое Информатика История Культура Литература Логика Математика Медицина Металлургия Механика Образование Охрана труда Педагогика Политика Право Психология Религия Риторика Социология Спорт Строительство Технология Туризм Физика Философия Финансы Химия Черчение Экология Экономика Электроника

Билет №7






1.Основные клинические синдромы болезней органов кровообращения(АГ, коронарной недост.)

 

Гипертония - АҚ күшеюімен, қан тамырларының қуатының жүйкелік – функционалдық бұзылыстармен сипатталатын ауру.Гипертония ауруымен көбінесе ер адамдар және 40 жастан асқан әйел адамдар ауырады.

Клиникалық көрінісі. Аурудың негізгі объективтік белгісі систолалық(140-160мм сын.бағ.) және диастолалық(90мм сын.бағ.) жоғарылауы. Аурудың бастапқы сатысында артериялық қысымда үлкен ауытқулар жиі болады. Қолқада II дыбыстың акценті естіледі, тамыр соғуы қатты сезіледі. Аурудың созылмалы түрінде артериялық қысым жоғарылауы тұрақтанып, сол қарыншаның қалыңдау белгілері, соның ішінде жүрек ұшының түрткісі күшейіп, жүректің жүректің сол жақ шекарасы солға ауытқығаны байқалады. Гипертония ауруының ұзаққа созылуы 1-ші кезекте жүрек, бүйрек, бас,ми қан тамырларының зақымдануына әкеліп соғады. Ол жүректің ишемиялық ауруына, стенокардия, миокардит инфарктысына әкелуі мүмкін. Аурудың соңғы кезеңінде жоғары артериялық қысымның әсерінен жүрек еттерінің зорығуымен байланысты болатын жүрек жетіспеушілігі, одан жедел ұстамалы жүрек астмасы түрінде немесе өкпе ісінуіне, созылмалы қан айналым жетіспеушілігі тууы мүмкін. Аурудың ауыр ағымында көз торының қан тамырларындағы өзгерістерге байланысты көздің көруі төмендеуі мүмкін, көз түбін тексергенде, оның жалпы бозарғанын, артериялардың тарылғандығын, аздап веналардың кеңейгенін, кейде көз торына қан құйылғанында табуға болады. Жоғары артериалдық қысымның әсерінен мидағы қан айналымының бұзылуы сал ауруына, нервтік сезімталдықтың бұзылуына, науқастың қаза болуына әкеліп соғады. Бүйректегі зақымданудан оның зәрді қойылту қабілетінің бұзылуын, яғни зәрмен бөлінетін зат алмасу өнімдерінің организмдерде кідіруін, зәрліқанның дамуын тудырады. Гипертония ауруына – кезекті қысқа мерзімді артериалдық қысымның көтерілуіне – оның күрт асқынуы(гипертониялық криз) тән. Күрт асқынудың пайда болуына психикалық жарақат, жүйкенің шаршауы, атмосфералық ауытқулар т.б. себептер болады. Әр түрлі ұзақтықта пайда болуы мүмкін бірнеше сағаттан, бірнеше күнге дейін. Бұл кезде кенет бас ауруы, бас айналуы, қызба, терлегіштік, жүрек қағуы, құсумен қоса жүреді. Ауыр жағдайда естен тану байқалуы мүмкін.

Аурудың дамуына қарай:

I сатысы: кезекті АҚ көтерілуі стрестің әсерінен, әдеттегі жағдайда АҚ қалыпты жағдайда болады.

II сатысы: АҚ үнемі жоғары, объективті тексергенде сол жақ қарыншаның қалындау белгілерін және көз түбіндегі өзгерістерді табуға болады.

III сатысы: жоғары АҚның үнемі тұрақты жағдайында ішкі ағзалар мен тіндерінде склероздың өзгерістерін байқауға болады.

Жүрек қызметінің жетіспеушілігінің клиникалық көрінісі. Жүрек қызметінің жедел және созылмалы жетіспеушілігінің белгісі – ол ентігу. Қанда тотықпаған зат алмасу өнімдері, сүт қышқылы бикарбонат катиондарымен қосылып, көмірқышқыл газын түзіп, олар тыныс алу орталығын тітіркендіреді. Сондықтан тыныс тереңдеп,жиілейді. Кейде ентігудің күшеюі ұстама, тұншығу сатысынан жүрек демікпесіне дейін жетеді. Жүрек қызметінің жетіспеушілігі көгерумен қатарласып жүреді. Терінің, шырышты қабықтарының көгеруі капиллярлардағы қалыптасқан гемоглобинмен байланысты. Көгерудің себебі жүрек қызметінің жетіспеушілігі кезінде жиі қанайналым шеңберіндегі тамр қанға толып,қанның қалыпты оксигенациясы бұзылады. Қан айналым қызметінің жетіспеушілігінің маңызды көрінісінің бірі – ол ісіну. Жүректік ісіну бастапқы кезде жасырын болуы мүмкін. Организмде сұйықтың жиналуы бірден ісіну көрінісін сездірмейді, білдірмейді, тек науқас салмағының тез өсуі, несеп бөлігінің азаюымен байқалады. Існудің алғашқы көрінісі, дененің төменгі бөлігінің ісінуімен басталады. Сұйықтың іш қуысына(асцит) плевра қуысына(гидроторакс) немесе перикардит қуысына(гидропериокардит) жиналуы мүмкін.

Жүрек қызметінің жетіспеушілігінде іс жүзінде барлық мүшелерде өзгерістер болады. Өкпедегі өзгерістер – кіші қан айналым шеңберіндегі қанның ұзақ іркілуімен байланысты. Үнемі бронхит көріністері болады: құрғақ, аз мөлшерде шырышты қақырықпен жөтелу және т.б.; Жүрек қан тамыр жүйесіндегі өзгерістер: науқаста жүрек шекарасының ұлғаюы, дыбыстардың әлсіреуі, әсіресе I дыбыс, тахикардия, шоқырақ ырғағы п.б. Үлкен қан айналым шеңберінде қанның іркілуі бауырға бірден әсер етеді: бауырдың көлемі үлкейеді, сыртқы қапшығы керіледі, науқас оң жақ қабырға астынан ауыру сезіледі. Ас қорыту жүйесіндегі өзгерістер:тұрақты гастрит, ішек қызметінің бұзылуы байқалады; жүрек айну, лоқсу, тәбеттің жоқтығы, іштің кебуі, қатуы. Бүйректегі көктамырлы іркілу. Тәуліктік несеп көлемінің азаюы, зәрдің тығыздығы жоғарылайды. Қан айналым жетіспеушілігі орталық нерв жүйесіне әсер етудің зардабынан: жылдам тез шаршау, дене және ақыл ой жұмысының төмендеуі, қозғыштық, ұйқының бұзылуы, кейде депрессиялық жағдайлар болады.

2. Цирроз печени,.Этиология. Клинические признаки.

Бауыр циррозы – созылмалы үдемелі ауру. Бұл бауыр клеткасының дистрофиясымен, оның құрылымының өзгеріп, тыртықталып бүрісуімен бауыр қызметінің жеткіліксіздігінің ұдайы өршуімен сипатталады.

Этиологиясы. Бауыр циррозы полиэтиологиялық ауру болып сипатталады:

1. Жұқпалы ауру(эпидемиялық вирус гепатиті)

2. Маскүнемдік

3. Тағамдағы белоктық заттар мен витаминдердің жеткіліксіздігі

4. Токсикалық-аллергиялық себеп-шарттар

5. Холестаз

6. Арақ-шараппен улану, дұрыс тамақтанбау

Токсико-аллергиялық циррозға(аутоалларгия) дәрілік заттарға сезімталдығының жоғарылауы әсерінен бауырдың паренхимасы жеткіліксіз қоректенуінен тіршілігін жоғалтуға дейін зақымдалады.

Клиникалық көрінісі бауыр клеткаларының зақымдануының дәрежесіне байланысты бауырдағы патологиялық үрдістің белсенді дәрежесі мен ауыру сатысына және портальдық гипертония мен бауыр қызметінің жетіспеушілігіне байланысты болады.

Клиникалық симптомдар: бауыр аймағында ауыру сезімінің пайда болуы оң жақ қабырға астынан бүкіл ішке тұйық ауыру сезімінің жойылуы, сыздаған ауыру сезімі физикалық жүктемеден кейін немесе майлы тағам жегеннен кейін сезіледі.

Диспепсиялық көріністер тәбетінің төмендеуінен немесе жойылуынан, оң жақ қабырға астында тамақтанғаннан кейін ауыру сезімінің п.б. жүрек айнуы, құсу, іштің кебуі, негізінен өттің секрециясының бұзылуы ас қорытудың бұзылуына әкеліп соғады.

Науқастың жұмс қабілетінің төмендеуі, жалпы әлсіздік, тез шаршағыштық, ұйқысының бұзылуы бауыр циррозы кезінде жиі байқалады.

Геморрагиялық синдром – портальдық цирроз кезіндегі алғашқы көрінетін белгілер болып асқазан мен өңештің кеңейген қан тамырларынан көп мөлшерде, көлемді қан кету п.б. Кейбір жағдайда цирроз ауруында мұрыннан, қызыл иектен, жатырдан қан кетеді, цирроздың айқын қалпына келе алмайтын кезінде теріде қан кету көріністері байқалады, бұл бауыр қызметінің бұзылуына байланысты қанның ұюының төмендеуінен де болады.

Көріп қарап тексергенде науқастрға тән көрініс: бет әлпеті азыңқы, терісінің түсі бозарып сарғыштанған, тілі мен ерні ашық қызыл түсті, теріде эритемалар, аяқтары жіңішкеріп, іші үлкейген, аяқтары ісінген, құрсақ қабырғаларында, тері асты көк тамырларының үлкейіп көрінуі байқалады.

3.Неотложная помощь при стенокардии. Приступ стенокардии

Стенокардия ұстамасы кезінде алғшқы жедел көмекті көрсету үшін алдымен тез арада диагноз қою керек. Ұстаманың негізгі клиникалық белгілері ол: төс сүйегі артынан пайда болған ауру және жүрек аймағынан ауру сезімінің сезілу жатады. Ауру сипаттамасы әр түрлі болады: қысады, ауырғаны кейде пышақ сұққандай сезіледі. Ауыру сезімі күштілігі бойынша да әртүрлі болады, көпшілік науқаста қорқыныш сезімі п.б. Ауыру сезімі сол иыққа, қолға, мойынның және бастың сол жағына, төменгі жаққа, жауырын аралығына беріледі. Ауыру оң жаққа да берілуі мүмкін.

Стенокардия ұстамасы, негізінен, эмоционалдық немесе физикалық зорығудан кейін, әсіресе жылы жерден суық ауаға шыққанда пайда болады. Зорығу стенокардиясы ұстама түрде, науқастың тыныштық қалпында да пайда болуы мүмкін. Ұстаманың ұзақтағы бірнеше секундтан 20-30 минутқа дейін жетуі мүмкін. Стенокардия ұстамасына тән белгі – науқас валидол, я болмаса нитроглициринді қолданғаннан кейін ауыру сезімі тарқайды. Ұстаманың ауырлығы әр түрлі болады. Ұзаққа созылған ұстама миокард инфарктына айналуы мүмкін.

Стенокардия ұстамасы кезінде науқас орнынан жылжымай, қозғалмауға, жүріп келе жатқан жерінде тоқтап, сол қалпында қалшиып қалуға тырысады. Терісі бозарып, суық тер басуы мүмкін, қорқып үрейлену пайда болады.

Ең жиі таралған ұстама 2-5 мин созылады, және де ол нитроглицирин ьергенде немесе физикалық жүктемені тоқтанқанда басылады. Егер ұстама 15 мин көп уақытқа созылса дәрігердің көмегі қажет. Науқасқа тіл астына бір немесе екі нитроглицирин беру керек, 1-3 мин кейін нитроглицирин әсер етеді. Әсері болмаған жағдайда тамырішілік ауыру сезімін басатын дәрі(обезболивающее) егу керек. Егер ауыру интенсивті болса 2мл 50% анальгин, 1% димедрол (1мл), папаверин ерітіндісін(2 мл) қосып егеді.

8-Билет

1) Ревматоидты артрит (РА)- синовиалды қабықтың үдемелі қабынуынан шеміршектің бұзылуы және буын сүйектерінің мүжілуі түрінде буындардың зақымдануы арқылы көрініс беретін дәнекер тіннің жүйелі сырқаты.
Буындардың зақымдануы олардың деформациялануына, сіресіміне (контрактурасына), буын қызметінің бүзылуына және шорбуынға алып келеді.
РА қазіргі ревматологияның күрделі мәселесіне айналып отыр. Бұл оның кең таралуына, кез келген жаста, әсіресе еңбекке жарамды жастағы адамдарда кездесуіне, сырқаттың ауырлығына, тез үдеуіне, мүгедектікке жиі соқтыруына байланысты.
Ревматоиды артриттің жіктелуі. РА әртүрлі параметрлерде жіктеледі. Оның негізгі 4 клиникалық түрі бар:
1. Буынды ғана зақымдайтын РА. Бұл түрінде полиартрит, олигоартрит, моноартрит түрінде білінеді;
2. Жүйелі зақымдану тән РА. Аурудың бұл түрінде буындармен қатар ішкі ағзалар да зақымдалады. РА-тің бұл клиникалық түріне псевдосепсистік, Фельти синдромы секілді ерекше синдромдар жатады;
3. РА-тің басқа аурулармен қоса қабаттасуы. Бұл ауруларға деформация тудырушы остеоартроз, құздама және дәнекер тіннің жайылмалы аурулары (жүйелі қызыл жегі т.б.) жатады.
4.Жасөспірімдік (ювенильдік) РА (Стилл сырқатын қосқанда).
Ревматоидтық артриттің екі клиникалық-иммунологиялық түрі бар: қанның сары-суында жэне синовиалдық сұйықтықта ревматоидтық фактордың болуы (серопозитивті) және аталған фактордың болмауы (серонегативті).
РА сырқатының ауыр түріне көбіне висцеритпен сүйектің тез бұзылуы тэн. Ол серонегативті РА сырқатының қатерсіз түрі деп есептеледі.
Қанның сарысуындағы немесе синовиалдық сұйықтықтағы РФ анықтау үшін Ваалер-Роузе реакциясы немесе оның модификациялары (латекстесті және т.б.) қолданылады.
РА-тің белсенділік дәрежелері төмен, орташа, өте жоғары болып бөлінеді. Бұларды анықтау үшін қабыну үдерісінің клиникалық (артриттің айқындылығы, қабынған буындар саны, буыннан тыс қабынудың орналасуы, қызба) және зертханалық (ЭТЖ, СРБ, серомукоид, синовиальдық сұйықтықтағы лейкоциттер мөлшері, т.б.) зерттеулердің көрсеткіштері пайдаланылады. Сонымен қатар қабынудың жанама белгілері (қаназдық, жүдеу) ескеріледі.
Белгілері. Аурудың алғашқы белгілеріне қол басының симметриялық буындарында ауырсыну мен ісінудің сақталуы, таңертең ұзақ құрысуы, зертханалық талдауда - эритроциттердщ жылдамдығының артуы жатады.
Нақтамалау. РА-ті ерте нақтамалау өте қиын. Ауруды зерттеудің алғашқы кезеңі буынның ауырған жерін, оның күшін, буындардың зақымдану сипатын, жүйелік белгілердің бар-жоқтығын, таңертеңгі құрысу ұзақтығын, шаршау, сырқатты ауырлататын факторларды т.б. анықтаудан басталады.
РА жүйелі қызыл жегі, жүйелі склеродермия, сарыбуын, Бехтерев, Рейдер синдромдарына, псориаздық артрит, остеоартрозға т.б. ұқсас. Сондықтан нақталамау үшін сырқатнаманың мәні зор.
Емі. Емге негізінен дәрі-дәрмек қолданылады (аурудың түріне, дәрежесіне қарай ацетилсалицил қышқылы, пироксикам, флугалин, индометацин, ибупрофен, вольтарен, напросен, мовалис, неминсулит, преднизолон, делагил, меторексат, азатиоприн т.б.). РА терапиясының негізгі бағыттары: организмнің жалпы реактивтілігіне әсер ету, жұқпа ошақтарын жою, буын үдерісін жергілікті емдеу, буын қызметін қалпына келтіру.
Науқасты ауруханаға жатқызуды талап ететін жағдайлар: бірінші рет анықталған РА, РА бар деген күдіктің болуы, висцериттер бар РА, басылмайтын қайталамалы синовит, емхана жағдайында тиісті ем кешенін қамтамасыз ету мүмкіндігінің болмауы.

 

2)Жүректің ишемиялық сырқаты (ЖИС)- жүректің тәждік артерияларының зақымдануы нәтижесінде миокардтың қанмен қамтамасыз етілуінің абсолютті немесе салыстырмалы түрде бұзылуымен сипатталатын патологиялық ахуал. ЖИС ағымы жіті, яғни миокард инфаркті түрінде, созылмалы түрде, яғни ара-тұра орын алатын стенокардия ұстамалары түрінде болуы мүмкін. ЖИС - әлемнің дамыған елдеріндегі өлім-жітімнің, сондай-ақ уақытша жэне тұрақты еңбек қабілетінен айрылудың негізгі себептерінің бірі. Қазіргі уақытта ДДҰ-ның 1984 жылғы ЖИС жіктемесі толықтырулармен қолданылып жүр:

Классификациясы. Жүректің ишемиялық ауруының атеросклероз және гипертония ауруымен тығыз байланыстылығын естен шығармаған абзал. Өйткені ол, — түптей келсек, атеросклероз бен гипертония ауруының жүректік нысаны; оның морфологиялық мәні - жүректің ишемиялық дистрофиясы, миокард инфарктісі және кардиосклероз.

Этиологиясы мен патогенезі. Миокард инфарктісінің тікелей әсерлі себептері: жүрек артерияларының спазмы; олардың іргесінде тромбылардың түзілуі; саңылауында тромбылық эмболдардың пайда болуы; осы артериялар атеросклероздан тарылып, миокардқа оны зорықтыратындай күштің түсуі. Дегенмен, бұлар жүрек бұлшық етінде некроз бен оның зардаптарын дамытатын жергілікті ғана себептер. Жүректің ишемиялық ауруының атеросклероз және гипертония ауруымен тығыз байланыстылығын ескерсек, оның этиологиясы аталған себептермен шектеліп қана қоймайтыны түсінікті. Атеросклероз бен гипертония ауруын өрістететін этиологиялық факторлардың барлығы, әсіресе психика-эмоциялық зорығу, жүректің ишемиялық ауруының дамуына да себеп болады. Сондықтан атеросклероз бен гипртония ауруы және жүректің ишемиялық ауруы "үзеңгілесе" дамиды. Атеросклероз миокард инфарктісінің бірен-саранында ғана жүрек артерияларын зақымдамайды.
Ишемиялық аурудың, атеросклероздың және гипертония ауруының патогенездік факторлары ортақ. Олардың ішінде ең маңыздылары: 1) гиперлипидемия, 2) артериялық гипертензия; 3) дененің артық массасы (семіздік); 4) дене қимылының аздығы; 5) темекі шегу; 6) көмірсуларға толеранттылықтың өзгеруі (мысалы, қантты сусамыр); 7) несеп қышқылды диатез; 8) генетикалық бейімділік; 9) еркек жыныстылық
Аталған патогенездік факторларды эпидемиологтар ишемиялық ауруды туындататын қауіпті факторлар деп атап, олардың әсерлілігін елдегі тұрғындардың белгілі бір тобында (әдетте 1000 ер адам алынады) белгіленген мерзім ішінде (әдетте, 10 жыл) жүректің ишемиялық ауруының басты бейнесі — миокард инфарктісін дамыту көрсеткіші арқылы бағалайды. Бұл тұрғыдан, гиперлипидемияның жеке өзінің инфаркт дамытатын "болжамдық" құны 21% болса, гиперлипидемия, артериялық гипертензия, темекі шегу, семіздік сияқты 4 қауіпті фактор қосарланып, 10 жыл бойы әсер еткен кісілердің жарымына жуығында, — 44%-ында, жүректің ишемиялық ауруын дамытатыны анықталған.
1. Аяқасты коронарлық өлім (жүректің біріншілік тоқтауы)
* жансақтау шаралары жемісті аяқталғанмен аяқасты коронарлық өлім;
* аяқасты коронарлық өлім (өлу жағдайы).
2.Стенокардия.
* қозу стенокардиясы;
* алғаш пайда болған қозу стенокардиясы;
* функцоналдық класы көрсетілген тұрақты қозу стенокардиясы;
* тұрақсыз стенокардия;
* вазоспастикалық стенокардия;
3.Миокард инфаркті.
4.Инфарктен кейінгі кардиосклероз.
5.Жүрек соғысының бұзылуы.
6.Жүрек жеткіліксіздігі.
ЖИС қауіп факторлары:
* кәрілік;
* ер жыныстылық;
* дислипидемия, гипертензия, глюкозаға төзімділік, сусамыр мен семіздіктің туындауына ықпал ететін тұқым қуалайтын факторлар;
Жүректің ишемиялық сырқаты кезінде жиі кездесетін шағымдар:
* дене қимылы кезінде немесе стресс кезінде кеуде артының ауыруы;
* ентігу;
* жүрек жұмысының, ырғағының бұзылуы, әлсіздік;
* жүрек жеткіліксіздігі белгілері;
Жүректің ишемиялық сырқаты бар деген күдік туған жағдайда, электрокардиография (ЭКГ) жасау міндетті. Заманауи аппараттар графикалық ақпаратты қолма-қол алуға, Доплер әсері есебінен қан ағымын бағалауға мүмкіндік береді. Эхокардиография да жүрек жұмысы туралы көптеген пайдалы ақпарат береді. Сонымен қатар денеге күш түсіре отырып, функционалдық сынамалар жүргізіледі, миокардтың контрастылы ангиографиясы, өңешішілік электрокардиография, Холтер мониторлауы секілді қосымша зерттеу әдістері қолданылуы мүмкін.
Емі. Ауруын емдеу оның клиникалық түріне байланысты. Алайда ЖИС-ның барлық түрлеріне тән жалпы бағыттарды бөліп көрсетуге болады:
• қимыл-қозғалысты шектеу;
• емдәм;
• дәрі-дәрмек ішу
Жүрек ишемиялық сырқаттарын емдеуге арналған көптеген дәрілер бар. АҚШ-та осы ауруды емдеуде «А-В-С» формуласы қолданылады: аниагреганттар, (3-адренобөгегіштер, гипохолестеринемиялық препараттар).
ЖИС кезінде қолданылатын дәрі-дәрмектер: нитраттар; антикоагулянттар, диуретиктер; ангитензинге өзгертуші фермент антагонистері; аритмияға қарсы дәрілер.
Көрсетім бойынша, ЖИС кезінде эндоваскулярлық коронароангиопластика, гирудотерапия (сүлікпен емдеу), соғу-толқынды терапия әдісі, діңдік жасушалар, кванттық ем қолданылуы мүмкін.
Шартты түрді алғанда, жүректің ишемиялық сырқатының болжамы жағымсыз. Ауру созылмалы және үдемелі болып келеді, ем оның дамуын тоқтатады немесе дамуын бәсеңдетеді, алайда науқасты бұл дерттен біржолата айықтыра алмайды.

 

Билет

1.Артериалды гипертензия немесе Гипертония — жүрек қан тамырлары жүйесінің ең көп тараған ауруларының бірі. Оның белгісі — тамыр тонусы реттелуінің бұзылуынан туған артериялық қысымның (гипертензия) көтерілуі. Гипертония ауруы жүйке жүйесіне ұдайы күш түсуінен,психикалық зақымданудан, шамадан тыс артық тамақтанудан, жүріс-тұрыстың, жалпы' қимылдың аздығынан болады. Ол әдетте 40 жастан кейін дамиды, бірақ жас кезде де кездесе береді.Гипертония ауруының бастапқы сатысында артериялық қысымның уақытша көтерілуі үстіне бастық оқтын-оқтын ауруы, жүректің жиі соғуы, кейде жүрек тұсының ауруы, желке тұстан ауырлық сезінуі мүмкін. Одан әрі — бас айналады, қолдың саусақтары мен аяқ бақайлары ұйып, баста қан тасу сезімі, көз алдында «шіркейлердің ұшып жүруі» байқалғандай болады. Науқас тез шаршайды, ұйқы бұзылады.Гипертония ауруы асқыну мүмкіндігімен (миокард инфаркті, инсульт, бүйрек сырқаты) қатерлі және ұзақ уақыт бойы табандылықпен емдеуді талап етеді, ал емнің қонуы аурудың сатысына, науқастық құлқына байланысты. Науқас дәрігерге неғұрлым ерте көрінсе, дәрігердің ақыл-кеңесін неғұрлым қалтқысыз орындаса, емдеу соғұрлым тез пайда береді. Режимнің зор маңызы бар: науқас денеге және әсіресе жүйкеге күш түсуінен мүмкіндігінше аулақ болғаны, еңбек ету мен тынығу режимін қатаң сақтағаны, темекі мен спирт ішімдіктерінен бас тартқаны жөн; күніне кемінде 8 сағат ұйықтау керек.Артериялық қысымның көтерілуі бүйректің хлорлы натрийді бөлуінің азаюымен тікелей байланысты болғандықтан, гипертония ауруы үдеуінің алдын алатын және науқастық жаіікүйін жақсартатын маңызды шаралар қатарына мыналар жатады: тамақ рациойында тұзды шектеу, тұзды тағамдарды, маринад тарды рационнан шығарыл тастау, солдай-ақ дәрігердің тағайындауы бойынша организмнен тұздық бөлінуін ұлғайтатын, несеп айдайтын дәрі-дәрмектер ішу. Қозғалыс белсенділігін. жаяу серуен, спорттық жеңіл түрлері, дене еңбегі гипертония ауруының үдеуінен сақтайды және оның алдын алатын маңызды фактор болып табылады. Дәрігер тағайындаған емдеу комплексі, оның ішінде артериялық қысымды түсіретін дәрі-дәрмектер ішу науқастық жай-күйін тез жақсарта алады. Алайда, бұл уақытша әсер, ол аурудан жазылғандық емес, сондықтан дәрігердің айтқандарының бәрін орындау қажет. Емдеу ді негізсіз үзіп тастау, режимді бұзу, психиялық-қызбалық жасау аурудың барысын нашарлатуы, гипертония асқынуына — миды, бірсыпыра реттерде басқа да органдарды қанмен жабдықтаудың бұзылуына т. б. әкеліп соғуы мүмкін. Науқастық жағдайы қатты нашарласа, дереу дәрігер шақыру керек. Ол келгенге дейін науқас төсекте немесе ыңғайлы креслода жантайып отыруы қажет. Табаны мен тізесін қыздырып, (грелка қойып, орап тастау), 30—35 тамшы корвалол немесе валокордин ішу, сондай-ақ, бұрын тағайындалған, қысымды түсіретін дәріні ішу керек. Тамақ ішпеу қажет. Кеуде ауырса, тілдің астына нитроглицерин салған жөн.Гипертония ауруымен сырқаттанғандар диспансерлік байқауда болады. Көп жылғы тәжірибеге қарағанда үнемі емделіп, режимді дұрыс сақтаған жағдайда науқас ұзақ жылдар бойы жұмыс қабілеттілігін сақтайтыны дәлелдейді.

Этиологисы бойынша 2 топқа бөлінеді:біріншілікті эссенциальді АГ 80-85пайызында.нақты неден екені анықталмаған жағдайда осы диагноз қойылады.

екіншілікті эссенциальді АГ 5-23 пайызында кездеседі.

Этиология- возраст (с возрастом стенки крупных артерий становятся более ригидными, а из-за этого повышается сопротивление сосудов кровотоку, следовательно, повышается давление)
- наследственная предрасположенность;
- пол (ч аще артериальной гипертонией страдают мужчины);
- курение;
- чрезмерное употребление алкоголя, соли, ожирение, недостаточная физическая активность;
- чрезмерная подверженность стрессам;
- заболевания почек;
- повышенный уровень адреналинаHYPERLINK "https://health.mail.ru/drug/adrenalin_1/" в крови;
- врожденные пороки сердца;
- регулярный прием некоторых лекарственных средств (например, по некоторым данным регулярный прием пероральных контрацептивов);
- поздние токсикозы беременных (осложнение течения беременности).

Гипертония ауруы (morbus hypertonicus) - негізгі және жетекші белгісі ішкі ағзалардың зақымдалуынсыз артериалды қан қысымының көтерілуі біріншілік болатын, адам организмінің патологиялық жағдайы. Жалпы артериалды гипертензия көптеген сырқаттардың клиникалық белгісі болуы мүмкін. Оны негізгі 2 түрге бөледі: 1). гипертониялық ауру; 2). қан қысымының өзгеруіне қатысы бар кейбір ағзалардың зақымдалуы салдарынан болатын симптоматикалық гипертензия. Артериялық қан қысымының (АҚ) көтерілуін анықтау үшін, ең алдымен қалыпты жағдайдағы көрсеткіштерін білу қажет, Адамның қан қысымының деңгейіне көптеген факторлар әсер етеді, мысалы: жасы, жынысы, ауа-райы, әлеуметтік жағдай сияқты. Сонымен қоса АК, әр қолда әртүрлі немесе төулік барысында өзгеріп отыруы мүмкін. АҚ мөлшері, сол сияқгы, адамның көңіл күйі-не, қоршаған ортаның температурасына да байланысты болуы мүмкін.
Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы сарапшылары (1970ж.) ересек тұрғындарды тексеру кезінде (жасына қарамай) мына көрсеткіштерге сүйенуді ұсынады: АҚ - 100/60 мм.сын.бағ,-нан 140/90 мм.б.с. дейін қалыпты, 140/90 мм.с.б.-нан 159/94 мм.с.б. дейін шекаралық гипертензия, және 160/95 мм.с.б.-нан жоғары-артериалды типертензия.
Практикада АҚ-ның 140/90 мм.с.б. және одан жоғары көтерілуі (әсіресе 45 жасқа дейінгі адамдарда) артериалық гипертензия деп санауға болады.
Артериялық гипертензия жасы ұлғайған адамдар арасында кеңінен таралуда және орта есеппен алғанда 50 жастан асқандар арасында 10%, 60- тан 20%, 70 жастан асқандарда 30%- ін құрайды. Оның ішінде егде жастағылар арасындағы АГ-ң ең жиі кездесетін түрі жекеленген систолалық гипертензия болып отыр

2.

Созылмалы гепатит (СГ) – этиологиясы әртүрлі, 6 айдан ұзақ бауырдың созылмалы диффузды қабыну-дистрофиялық ауруы. СГ этиологиялық факторлары: 1. Вирус. СГ вирусты гепатиттің А түрімен ауырғаннан соң 1-2% жағдайда, ал вирусты гепатиттің В түрінен соң 20% жағдайда туындайды. Кейде дельта-вирус, вирус С, Е түрлерімен ауырады, яғни олардан кейін бауыр ауруларымен белсенді ауырғаннан кейін 80% кем емес жағдайда туындайды. 2. Алкоголь, ол бауырдың майлы дистрофиясымен қатар созылмалы алкогольды және жіті гепатитті тудырады. 3. Созылмалы өндірістік интоксикациялар (хлорланған көмірсутегілер, бензол және оның гомологтары, қорғасын, фосфор, сынап, марганец және т.б.) 4. Бауырдың гепатотоксикалық әсері бар дәрілермен зақымдалулары (туберкулезге қарсы препараттар, антибиотиктер, сульфаниламидтер, аспирин, аминазин, анаболикалық стероидтар, метатрексат және т.б.). негізінде кез-келген дәріні ұзақ уақыт немесе оны үлкен дозада қолданса, бауырдың қызметіне және құрылымына қолайсыз әсер етеді. 5. Аутоиммунды (люпоидты) СГ – ағзаның иммунды реакциясының өзгеруі нәтижесінде дамиды. 6. Метаболикалық СГ - альфа 1-трипсин жеткіліксіз өндіруінен, Вильсона-Коновалова нәтиджесінде дамиды. 7. Бейспецификалық реактивті гепатит – АІТ аурулары вирусты гепатиттің ағымына қолайсыз әсер етуінде. 8. Холестатикалық гепатит – бауырдың экскреторлы функциясының бұзылуында дамиды. Патогенезі: СГ кезінде ағзаның иммундық жүйесінің қалыптаспауында, әсіресе генетикалық бейімділігі бар адамдарда дамиды. Нәтижесінде вирусқа қарсы антиденелер жеткіліксіз бөлінеді, гепатоциттер Т-жасушалармен және антиденелермен бұзылады, содан гепатоцит элементтеріне аутоантиденелер түзіледі. Содан соң жасушалық лимфоцитарлы инфильтрация, порталды жолдардың фиброзы дамиды. Созылмалы А гепатитінде гепатоциттер сатылы түрде некрозданады. Клиникасы: әртүрлі, негізінен: 1. Оң жақ қабырға астының тұрақты түрде, сыздап ауыруы. Физикалық жүктеме және салқындағанда күшейеді. Сирек иррадиация береді, егер берсе, онда оң жақ жауырынға. 2. Диспепсиялық синдром жүрек айну, тәбеттің жоғалуы, эпигастрийдегі ауырлық сезімі, кекіру, ас дәмінің бұрмаланып сезілуі, ауыздағы ащы дәм, іштің ұлғаюы, іш қату. Жүрек айну тағам және дәрілер қабылдаған соң күшейеді. 3. Астеновегетативті синдром - әлсіздік, шаршағыштық, еңбекке қабілеттіліктің төмендеуі, жиі «бауырлық жалқаулық» - күндіз сағат 5-6-ға дейін төсектен тұрмай жатуы, невроздылық, ипохондрия, дене салмағының төмендеуі, ұмытшақтық. 4. Кіші бауырлық жеткіліксіздік түріндегі симптомдар: қызыл иектің қанталауы, мұрыннан қан кету, терінің қышуы, несептің қараюы, нәжістің ақшылдануы, меноррагия, сарғаю, тамырлық жұлдызшалар, тырнақтардың бұзылуы. 5. Бауырдан тыс симптомдар – кезеңді түрде немесе ұзақ қызба, буындардың ауырсынуы, деформациясыз және қозғалысының шектелуімен, спленомегалия, бұлшықеттердің ауырсынуы. Объективті: қарағанда терінің түсі сұр-қоңыр түсті, дене, мойын, бетте жиі терілік бөртпелер, тамырлық жасушалар, терілік телеангиоэктазиялар, тырналған орындар, ерлерде гинекомастия, бауырлық алақан (алқызыл-қызыл тері), бауырлық тіл, түктердің артуы, тырнақтардың өзгеруі. Васкулит көріністері – қанның ұю қызметінің бұзылуы және тромбоцитопенияға байланысты. Бауырдың 2см-ден жоғары ұлғаюы және оның тығыздалуы – гепатомегалия деп аталады. СГ кезіндегі спленомегалия көбіне порталды гипертензияға байланысты болады. Сарғаю, эпизодты басталады, өршумен байланысты және бауырдың экскреторлы қызметінің бұзылуы туралы мәлімет береді. Лимфоаденопатия – үдерістің белсенділігінің белгісі және ретикулоплазмоцитарлы жүйе реакциясымен байланысты. Қызба – бауырлық жасушалардың ыдырауы және иммунды жүйенің бұзылуы нәтижесінде туындайды, ал буындық синдром бауырдағы патологиялық үдерістің белсенділігін дәлелдейді.

 

3.Бүйрек және несеп шығаружолдарының аурулары кезінде зерттеу әдістері:1 Сұхбаттасу:науқастың шағымдарын тыңдаудан басталады..ауру тарихы қаралуы қажет.қандай қатар жүрген аурулардың барлығы анықталады. 2.Қарап тексеру:бүйректік ісіктер анықталады.олар қзінің бозғылттылығымен букіл дененге жайылуымен және бетте ісікткердің болуымен көрінеді.ісіктер жұмсақ саусақпен басқандажеңіл болады..

3.Пальпация. Науқас жатқан немесе тұрған жағдайда болуы керек.аяқтарын созып шалқасынан жатқызамыз,бимануальді пальпация жасаймыз.тексерушінің оң қолыбірден қабырғалардан төмен бел аймағына қойылады.оң қол қабырға асты аймағына қойылады.Сонымен оң қолының аздап бүгілген саусақтарыныңұштары қабырға доғасынан бірден төмен орналасады.Науқастың тыныс қимылдарын тыңдай отрып оң қол бірден төмендейді.сол қолмен оң қол жанасады егер екі алақан арасында ештеме сезілмесе науқасты терең демалдыру керек.бүйрек төмен түседі осы ккезде бүйректің тек төменгі полюсі ұсталады.пальпация арқылы ауру нүктелерді анықтаймыз:1-қабырғалы -омыртқалы омыртқа мен қабырғадан жасалынған бұрышта,2-қабырға белді

12-қабырға мен бел бұлшық еттері арасындағы бұрыш.Сау адамда бұл нүктелерді басқанда ауру сезімі болмайды.

Зәрді зертханалық тексеру әдістері:зәрді жинаудан басталады,жыныс ағзаларын мұқият жуып алғашқы және соңғы тамшыларды дәретханаға ал ортаңғы бөлігін анализге жинайды.Жалпы анализге,қантқа,гормонға анықтау үшін.тәуліктік зәрді Зимницкий бойынша,таңертеңгі зәрді Нечипоренко бойынша жүргізедіСау адамның жаңа шыққан зәрі түсі аздаған қаныққан сабан түсті немесе янтарлы сары түсті түрлі пигменттерге байланысты.мөлдір реакциясы қышқыл,шайқағанда ақ көбік береді,өзіне тән иісі бар.қалыпты зәр тұнбасында белок болмайды тек зәрлік жолдардың эпителиінің жасушалары,аздаған лейкоциттер,аморфты қосындылар болады.

 







Дата добавления: 2015-12-04; просмотров: 243. Нарушение авторских прав; Мы поможем в написании вашей работы!



Обзор компонентов Multisim Компоненты – это основа любой схемы, это все элементы, из которых она состоит. Multisim оперирует с двумя категориями...

Композиция из абстрактных геометрических фигур Данная композиция состоит из линий, штриховки, абстрактных геометрических форм...

Важнейшие способы обработки и анализа рядов динамики Не во всех случаях эмпирические данные рядов динамики позволяют определить тенденцию изменения явления во времени...

ТЕОРЕТИЧЕСКАЯ МЕХАНИКА Статика является частью теоретической механики, изучающей условия, при ко­торых тело находится под действием заданной системы сил...

Приготовление дезинфицирующего рабочего раствора хлорамина Задача: рассчитать необходимое количество порошка хлорамина для приготовления 5-ти литров 3% раствора...

Дезинфекция предметов ухода, инструментов однократного и многократного использования   Дезинфекция изделий медицинского назначения проводится с целью уничтожения патогенных и условно-патогенных микроорганизмов - вирусов (в т...

Машины и механизмы для нарезки овощей В зависимости от назначения овощерезательные машины подразделяются на две группы: машины для нарезки сырых и вареных овощей...

Типология суицида. Феномен суицида (самоубийство или попытка самоубийства) чаще всего связывается с представлением о психологическом кризисе личности...

ОСНОВНЫЕ ТИПЫ МОЗГА ПОЗВОНОЧНЫХ Ихтиопсидный тип мозга характерен для низших позвоночных - рыб и амфибий...

Принципы, критерии и методы оценки и аттестации персонала   Аттестация персонала является одной их важнейших функций управления персоналом...

Studopedia.info - Студопедия - 2014-2024 год . (0.01 сек.) русская версия | украинская версия