Студопедия — сынып, математика.
Студопедия Главная Случайная страница Обратная связь

Разделы: Автомобили Астрономия Биология География Дом и сад Другие языки Другое Информатика История Культура Литература Логика Математика Медицина Металлургия Механика Образование Охрана труда Педагогика Политика Право Психология Религия Риторика Социология Спорт Строительство Технология Туризм Физика Философия Финансы Химия Черчение Экология Экономика Электроника

сынып, математика.






Сабақтың тақырыбы: Жақшалы өрнектер.

Сабақтың мақсаты:

1.жақшалы өрнектердің жазылуымен, олардың орындалу тәртібімен таныстыру;

2. оқушылардың есептеу дағдыларын жетілдіру.

3. Оқушыларды байқампаздыққа тәрбиелеу.

 

Сабақтың түрі: жаңа сабақ

Әдіс-тәсілдері: сұрақ-жауап, әңгімелеу, түсіндіру, көрнекілік.

Көрнекіліктер: сандар жазылған карточкалар

 

Сабақтың барысы:

1. Ұйымдастыру кезеңі: Сәлемдесу, сабақтан қалған оқушыларды түгелдеу. Оқушылардың зейінін сабаққа аудару. Сабақтың тақырыбын хабарлау. Мақсатымен таныстыру. Бүгінгі сабағымыздың мақсаты жақшалы өрнектердің жазылуымен, олардың орындалу тәртібімен таныстыру.

Ал,балалар, алғашқы сабағымызды көңілді тілектерден бастайық. Бір-бірімізге қарап хормен бүгінгі күнге тілек тілейміз.

Қуанамын мен де,

Қуанасың сен де.

Қуанайық,достарым,

Арайлап атқан күнге.

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру.

44-бет. №5

 

ІІІ. Тақырыпқа көшу кезеңі.

Ауызша жаттығулар:

I.1, 3,12; 8, 4,12; 6, 4,10 сандарын пайдалана отырып, қосу мен азайтуға мысалдар құр (сандар тақтада берілген). %, 20-ға дейінгі сандарын қайталау. «Математикалық Ы» ойыны түрінде жүргізіледі. Алдыңғы сабақтарға қара.

«Кун мен түн» ойыны. «Мен «түн» деп айтқанда, көздеріңді, санай бастаңдар. «Күн» дегенде, көздеріңді ашыңдар да, айтыңдар».

М:

4 + 3 - 10 + 5 + 7- 3 + 10 – 0 – 10 + 5- 7

5-6 + 4- 7 + 10-7-6 + 3- 0- 2 + 4

7 + 6-10 + 8- 2- 6 + 8-10 + 5- 4 + 10

I және 8-тапсырмаларды ауызша орындауға беруге болады.

 

ІҮ. Жаңа сабақты түсіндіру.

Жаңа сабақты түсіндіру 2-тапсырмаға негізделіп орындалады. Келесі тапсырма құрама есептермен таныстыруға дайындық болып табылады.

Көрсетілген амалдар тәртібін сақтап, есепте.

а) 6 мен 2 сандарының айырмасына 4-ті қос.

1 2

(6-2)+4= 8

ә) 6 санынан 2 мен 4 сандарының қосындысын азайт.

2 1

6 – (2+4)=0

Жақша ішіндегі амал бірінші орындалады.

6-есепті оқушылар өздері орындайды.

Оқулық пен дәптердегі тапсырмаларды оқушылар өз бетінше орындап, соңынан тексеру жүргізіледі.

 

Ү. Сабақты бекіту.

«Математикалық диктант». «Дұрыс немесе бұрыс». Мұғалім дұрыс және бұрыс математикалық амалдар оқиды. Оқушылар дәптерге дұрыс болса «+», бұрыс болса «-» таңбасын қояды. Содан кейін мұғалім берген -+-++-++ жауаптарымен салыстырып, қателерді түзеп, өз жұмыстарын бағалайды.

7-нің алдында тұрған сан 5-ке тең

4-тің алдында тұрған сан 3-ке тең

8-ден кейін тұрған сан 10-ға тең

8+2 өрнегі 10-ға тең

9 бен 7-нің айырмасы 2-ге тең

4 пен 5 сандары 3-ке көрші тұрған сандар

4 саны 5-тен кіші

2 мен 7-нің қосындысының мәні 9-ға тең.

Оқулықпен жұмыс.

№1. Өрнектерді оқы. Олардың мәнін тап.

№3. Өрнектерді оқып, олардың мәнін тап.

№4. Теңдіктер тура болатындай жақша қой.

6-есепті оқушылар өздері орындайды.

Оқулық пен дәптердегі тапсырмаларды оқушылар өз бетінше орындап, соңынан тексеру жүргізіледі.

 

ҮІ. Сабақты қорыту.

Сабақты қорытындылау.

ҮІІ. Үйге тапсырма беру, оны түсіндіру.

46-бет, №5

 

ҮІІІ. Бағалау.

Оқушылардың еңбегін мадақтау.

 

 

2-сынып, математика

Сабақтың тақырыбы: Белгісіз азайтқышты табуға берілген есептер.

Сабақтың мақсаты:

1. есептің жаңа түрімен таныстыру, берілген есепке кері есептер құра білу дағдыларын қалыптастыру; есептің шешуін тексеруді орындауға үйрену.

2. оқушылардың есептеу дағдыларын жетілдіру.

3. Оқушыларды байқампаздыққа тәрбиелеу.

 

Сабақтың түрі: жаңа сабақ

Әдіс-тәсілдері: сұрақ-жауап, әңгімелеу, түсіндіру, көрнекілік.

Көрнекіліктер: сандар жазылған карточкалар

 

Сабақтың барысы:

1. Ұйымдастыру кезеңі: Сәлемдесу, сабақтан қалған оқушыларды түгелдеу. Оқушылардың зейінін сабаққа аудару. Сабақтың тақырыбын хабарлау. Мақсатымен таныстыру. Бүгінгі сабағымыздың мақсаты жақшалы өрнектердің жазылуымен, олардың орындалу тәртібімен таныстыру.

Ал,балалар, алғашқы сабағымызды көңілді тілектерден бастайық. Бір-бірімізге қарап хормен бүгінгі күнге тілек тілейміз.

Қуанамын мен де,

Қуанасың сен де.

Қуанайық,достарым,

Арайлап атқан күнге.

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру.

46-бет. №5

 

ІІІ. Тақырыпқа көшу кезеңі.

Ауызша жаттығулар: I.1, 3,12; 8, 4,12; 6, 4,10 сандарын пайдалана отырып, қосу мен азайтуға мысалдар құр (сандар тақтада берілген). %, 20-ға дейінгі сандарын қайталау. «Математикалық Ы» ойыны түрінде жүргізіледі. Алдыңғы сабақтарға қара.

«Кун мен түн» ойыны. «Мен «түн» деп айтқанда, көздеріңді, санай бастаңдар. «Күн» дегенде, көздеріңді ашыңдар да, айтыңдар».

М:

4 + 3 - 10 + 5 + 7- 3 + 10 – 0 – 10 + 5- 7

5-6 + 4- 7 + 10-7-6 + 3- 0- 2 + 4

7 + 6-10 + 8- 2- 6 + 8-10 + 5- 4 + 10

«Санды тап» ойыны. Мұғалім алдыңғы сабақтарға ұқсас белгісіз азайғышы және азайтқышы бар тапсырмаларды ұсынады.

ІҮ. Жаңа материалды оқып-үйрену.

Есептің жаңа түрімен таныстыру көрнекілікке және бұрынғы оқылған материалдарға сүйене отырып құрылады (қосу мен азайтудың өзара байланысы). Балалар есепті оқып, оған берілген суретке қарайды. Таспаның барлық ұзындығы қандай? (60 см). Неше сантиметр қиып алынды? (20 см). Неше сантиметр қалды? (Белгісіз). Суретке қараңдар: қиылған бөлігі 60 см-ден, яғни барлық ұзындығынан үлкен болуы мүмкін бе? (Мүмкін емес). Неше сантиметр қалғанын қалай білдік? (60 - 20). Бұл сабақтың мақсаты жаңа есепке кері есеп құрумен таныстыру болғандықтан, есепті тақтада қысқаша жазған тиімді (уақытты үнемдеу және кері есептердегі деректер мен ізделінді санды салыстыруға мүмкіндік болу үшін), балалар дәптерге тек өрнектер мен жауаптарын ғана жазады. Ары қарай 3, 4-есептерді ұжыммен орындайды да, дәптерге тек өрнектері мен жауаптарын жазады. Содан соң балалар бұл есептердің неге кері есеп болып табылатынын дәлелдейді.

Ү. Сабақты бекіту.

Қандай сандар жазылмаған?

16-[]=8 12-[]=7 18-[]=9

10-[]=5 15-[]=5 17-[]=8

№2 есептерді шығар. Олардың шарты мен шешуін салыстыр.

№3. Есепті шығар

№5. Ең ауыр ойыншықты ата.

ҮІ. Сабақты қорыту.

Сабақты қорытындылау.

ҮІІ. үйге тапсырма беру, оны түсіндіру.

48-бет, №4

ҮІІ. Бағалау.

Оқушылардың еңбегін мадақтау.

 

2-сынып, математика

Сабақтың тақырыбы: Өтілген материалды пысықтау.

Сабақтың мақсаты:

1. есептің өтілген түрлерін шығарудағы есептеу дағдыларын жетілдіру.

2. оқушылардың есте сақтау қабілетін арттыру.

3. Оқушыларды байқампаздыққа тәрбиелеу.

 

Сабақтың түрі:пысықтау сабағы.

Әдіс-тәсілдері: сұрақ-жауап, әңгімелеу, түсіндіру, көрнекілік.

Көрнекіліктер: сандар жазылған карточкалар

 

Сабақтың барысы:

1. Ұйымдастыру кезеңі: Сәлемдесу, сабақтан қалған оқушыларды түгелдеу. Оқушылардың зейінін сабаққа аудару. Сабақтың тақырыбын хабарлау. Мақсатымен таныстыру. Бүгінгі сабағымыздың мақсаты есептің өтілген түрлерін шығарудағы есептеу дағдыларын жетілдіру. Ал,балалар, алғашқы сабағымызды көңілді тілектерден бастайық. Бір-бірімізге қарап хормен бүгінгі күнге тілек тілейміз.

Қуанамын мен де,

Қуанасың сен де.

Қуанайық,достарым,

Арайлап атқан күнге.

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру.

47-бет, №3. 48-бет, №4.

ІІІ. Тақырыпты қайталау.

Ауызша жаттығуларға мынадай тапсырмаларды енгізуге болады:

1. 15, 18, 19 сандарының «көршілерін» ата.

2. Мына сандарды 5-ке арттыр: 1, 5, 6, 7, 9.

3. Келесі сандарды 6-ға кеміт: 8, 10, 12, 13, 15.

4. Сандарды салыстырып, жауабын карточкалардың көмегімен көрсет. Тақтада мынадай сандар жазылған:

12* 15 5*12 9*7

 

5*8 1*4 3*0

№ 2-есептің сызбасы бойынша оқушылар өтілген түрлер бойынша ауызша да, жазбаша да шығаруға болатын есептер құрастырады. Бұл жаттығудың құндылығы сонда, есеп құрастыру және шығару бойынша шектеу болмайды. Алдымен оқушылардың назарын «болды, қалды» деген есептің мазмұнын анықтайтын негізгі тірек сөздерге аударамыз. Ары қарай есептің мазмұны қандай заттармен (ұшақ, шар, құс, т.б.) байланысты екені, одан соң олармен не болуы мүмкін (сатылды, ұшып кетті, т.б.) екені анықталады. Содан соң алдын ала есептің шарты, сұрағы болатынын естеріне түсіріп, балалардан есеп құрастыруды сұраймыз. Бір есеп құрастырылғаннан кейін, балалардың назарын сандық деректерді өзгертуге немесе сұрақты өзгертуге болатынына аударамыз. Бұл бір кесте бойынша көптеген есептерді құрастыруға мүмкіндік береді.

ІҮ. Сабақты бекіту.

«Үндемес» ойыны. Мұғалім тақтаға жазылған мысалдарды көрсетіп, оқушылардан жауабын карточкалардың көмегімен көрсетуді сұрайды.

Сандарды салыстыру. Тақтаға сандарды жазып, олармен тура теңсіздіктер құрастыруды сұрайды.

Тақтаға мына сандар жазылады: 16,17, 19, 9, 90, 20, 12,15, 13.

Ү. Сабақты қорыту.

Сабақты қорытындылау. Не білдік? Не үйрендік?

ҮІ. үйге тапсырма беру, оны түсіндіру.

ҮІІ. Бағалау.

Оқушылардың еңбегін мадақтау.

 

 

2-сынып, математика.

Сабақтың тақырыбы: Бағасы. Құны. Теңге

Сабақтың мақсаты: күн, баға және ақша бірліктері туралы түсініктерін қалыптастыру.:

1. Құн, баға және ақша бірліктері туралы түсініктерін қалыптастыру, есептің өтілген түрлерін шығарудағы есептеу дағдыларын жетілдіру.

2. оқушылардың есте сақтау қабілетін арттыру.

3. Оқушыларды байқампаздыққа тәрбиелеу.

 

Сабақтың түрі:жаңа сабақ.

Әдіс-тәсілдері: сұрақ-жауап, әңгімелеу, түсіндіру, көрнекілік.

Көрнекіліктер: сандар жазылған карточкалар

 

Сабақтың барысы:

1. Ұйымдастыру кезеңі: Сәлемдесу, сабақтан қалған оқушыларды түгелдеу. Оқушылардың зейінін сабаққа аудару. Сабақтың тақырыбын хабарлау. Мақсатымен таныстыру. Бүгінгі сабағымыздың мақсаты Құн, баға және ақша бірліктері туралы түсініктерін қалыптастыру, есептің өтілген түрлерін шығарудағы есептеу дағдыларын жетілдіру. Ал,балалар, алғашқы сабағымызды көңілді тілектерден бастайық. Бір-бірімізге қарап хормен бүгінгі күнге тілек тілейміз.

Қуанамын мен де,

Қуанасың сен де.

Қуанайық,достарым,

Арайлап атқан күнге.

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру.

49-бет, №3.

ІІІ. Білімдерін дамыту.

1. «Математикалық балық аулау» ойыны.

Мұғалім балық пішініндегі карточкаларға бір таңбалы сандарды ондықтан аттап қосу және азайтуға берілген мысалдарды жазады. Карточкалар магнитті тақтаға бекітіледі.

2. Сандар құрамын қайталау «Сандарды үйге орналастыр» ойыны түрінде жүргізіледі.

3. «Математикалық диктант». Мұғалім мысалдарды оқиды, олардың жауаптары дұрыс немесе дұрыс емес болуы мүмкін. Оқушылар дұрыс жауапқа «+», дұрыс емес жауапқа «-» таңбасын қояды. Соңынан диктант тексеріледі, балалар өз жұмыстарын өздері бағалайды.

- 11 санын 2-ге кеміткенде, 9 саны шықты.

- 11 санын 9-ға кеміткенде, 2 санын алдық.

- 13 пен 7 сандарының айырмасы 5-ке тең.

- 11 санының 4 санынан 7-еуі артық.

- 7 санының 12 санынан 5-еуі кем.

- 12 санының 6 санынан 6-ауы артық.

- 9 санының 17 санынан 8-і кем.

- 9 бен 5 сандарын 7-ге кеміткенде, 8 саны шықты.

- 10 мен 2 сандарын 4-ке кеміткенде, 8 саны шықты.

4. Өздік жұмысты 5-тапсырма бойынша ұйымдастыруға болады.

Жаңа материалмен таныстыру.

алғашқыда балалардың ақша, тауардың құны (ақша не үшін керек, бір нәрсе сатып алу үшін өз беттерінше дүкенге барған кездері болды ма, т.б.) туралы күнделікті тұрмыстағы түсініктерін анықтайды.

Жаңа тақырыппен таныстыруды «Дүкен» ойыны түрінде жүргізуге болады. алдын ала «тауарларды», оған ілінетін «бағаларын» дайындап қоямыз. «дүкен сөрелеріне» тауарларды орналастырып, бағаларын іледі. Оның дүкенінде тауарлар «сатылатынын» хабарлаймыз. Оқушылардың бірі «сатып алушы» болады да, оған тауар «сатып алу» тапсырылады. Ойын барысында практикалық есептер құрастырылады және шығарылады. Ары қарай мұғалім балалардың назарын бір заттың қанша тұратынына аударады да, бұл заттың бағасы екенін, ал барлық сатып алған затқа төленген ақшаның заттың құны екенін айтылады.

Оқулықпен жұмыс.

Алдыңғы сабаққа ұқсас жұмыс оқулықтың суреті бойынша ұйымдастырылады (1-тапсырма). Сурет бойынша есеп құрастыруды ұсынуға болады. Содан кейін оқушылар мұғалімнің көмегімен 2, 3-есептерді шығарады.

4, 5-жаттығулар өздеріне орындауға беріліп, соңынан тексеріледі. 6-тапсырманы оқушылар өздері түсіндіре отырып орындайды. 7-тапсырма алдыңғы сабаққа ұқсас орындалады.

ҮІ. Сабақты қорыту.

Сабақты қорытындылау, үйге тапсырма беру, оны түсіндіру.

ҮІІ. Бағалау.

Оқушылардың еңбегін мадақтау

2-сынып, математика.

Сабақтың тақырыбы: есептер шығару.

Сабақтың мақсаты:

1. Құн, баға және ақша бірліктері туралы алған білімдерін жетілдіру.

2. Оқушылардың есте сақтау қабілетін арттыру.

3. Оқушыларды байқампаздыққа тәрбиелеу.

 

Сабақтың түрі:аралас сабақ.

Әдіс-тәсілдері: сұрақ-жауап, әңгімелеу, түсіндіру, көрнекілік, ойын.

Көрнекіліктер: сандар жазылған карточкалар

 

Сабақтың барысы:

1. Ұйымдастыру кезеңі: Сәлемдесу, сабақтан қалған оқушыларды түгелдеу. Оқушылардың зейінін сабаққа аудару. Сабақтың тақырыбын хабарлау. Мақсатымен таныстыру. Бүгінгі сабағымыздың мақсаты құн, баға және ақша бірліктері туралы алған білімдерін жетілдіру. Ал,балалар, алғашқы сабағымызды көңілді тілектерден бастайық. Бір-бірімізге қарап хормен бүгінгі күнге тілек тілейміз.

Қуанамын мен де,

Қуанасың сен де.

Қуанайық,достарым,

Арайлап атқан күнге.

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру.

51-бет, №5.

 

ІІІ. Білімдерін дамыту.

1. «Математикалық балық аулау» ойыны.

Мұғалім балық пішініндегі карточкаларға бір таңбалы сандарды ондықтан аттап қосу және азайтуға берілген мысалдарды жазады. Карточкалар магнитті тақтаға бекітіледі.

2. Сандар құрамын қайталау «Сандарды үйге орналастыр» ойыны түрінде жүргізіледі.

3. «Математикалық диктант». Өрнектерді жаз және олардың мәнін тап.

- 2 мен 8 сандарының қосындысына 4 санын қос

- 10 санынан 12 мен 7 сандарының айырмасын азайт.

-3 санына 11 мен 6 сандарының айырмасын қос

-15 санынан 4 пен 5 сандарының қосындысын азайт.

-8 саныына 12 мен 3сандарының айырмасын қос.

ІҮ. Жаңа материал туралы алған білімдерін жетілдіру.

Жаңа тақырыппен таныстыруды «Дүкен» ойыны түрінде жүргізуге болады. Алдын ала «тауарларды», оған ілінетін «бағаларын» дайындап қоямыз. «Дүкен сөрелеріне» тауарларды орналастырып, бағаларын ілеміз. Оның дүкенінде тауарлар «сатылатынын» хабарлайды. Оқушылардың бірі «сатып алушы» болады да, оған тауар «сатып алу» тапсырылады. Ойын барысында практикалық есептер құрастырылады және шығарылады. Ары қарай балалардың назарын бір заттың қанша тұратынына аударады да, бұл заттың бағасы екенін, ал барлық сатып алған затқа төленген ақшаның заттың құны екенін айтамыз.

Ү. Сабақты бекіту.

Карточкамен жұмыс.

Оқулықпен жұмыс.

№1. кесте бойынша есептер құрастыр және оларды шығар.

№2. Төмендегі сандарды пайдаланып, теңдіктер құрастырып жаз.

№4. Қысқаша жазылуы бойынша есеп құрастыр.

№5. Есепті шығар.

ҮІ. Сабақты қорыту.

Не білдік? Не үйрендік?

ҮІІ. Үйге тапсырма беру, оны түсіндіру.

№3. 52-бет.

ҮІІ. Бағалау.

Оқушылардың еңбегін мадақтау

 

2-сынып, математика.

Сабақтың тақырыбы: Өткенді қайталау. Білімдерін тексеру.

Сабақтың мақсаты:

1. 1-тоқсанда алған білімдерін қорытындылау, өтілген материалдарды жүйелеу.

2. 20 көлеміндегі кестелік қосу және азайту туралы алған білімдерін жетілдіру.

3. Оқушыларды сауаттылыққа тәрбиелеу.

Сабақтың түрі:аралас сабақ.

Әдіс-тәсілдері: сұрақ-жауап, әңгімелеу, түсіндіру, көрнекілік, ойын.

Көрнекіліктер: сандар жазылған карточкалар, тест парақшалары.

 

Сабақтың барысы:

1. Ұйымдастыру кезеңі: Сәлемдесу, сабақтан қалған оқушыларды түгелдеу. Оқушылардың зейінін сабаққа аудару. Сабақтың тақырыбын хабарлау. Мақсатымен таныстыру. Бүгінгі сабағымыздың мақсаты 1-тоқсанда алған білімдерін қорытындылау, өтілген материалдарды жүйелеу. 20 көлеміндегі кестелік қосу және азайту туралы алған білімдерін тексеру.

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру.

53-бет, №3.

ІІІ. Тақырыпты қайталау.

1. «Үндемес» ойыны. Бұл ойын есептеу дағдыларын жетілдіруге арналады. Мұғалім ондықтан аттау арқылы бір таңбалы сандарды қосу және азайтуға берілген мысалдарды айтады, оқушылар карточкалардың көмегімен тиісті жауапты көрсетеді.

2. 11-ден 18-ге дейінгі сандардың құрамымен жұмыс алдыңғы сабақтарда жүргізілген ойындардың бірімен ұйымдастырылады.

3. «Плюс немес минус?» математикалық диктанты. Мұғалім жай есептерді оқиды, ал оқушылар есеп шығарылатын амал таңбасын жазады.

- Тосап қайнату үшін жемістер сатып алынды. 6 кг жеміс қайнатылды. 8 кг жеміс қалды. Неше килограмм жеміс сатып алынды?

- Картоп пен пияз 15 кг тартады. Картоптың массасы - 7 кг. Пияз неше килограмм тартады?

- Саматта бірнеше төсбелгі болды. 9 төсбелгіні өзінде қалдырып, 5-еуін досына сыйлады. Саматта неше төсбелгі болды?

- Бірінші бидонда 12 л сүт, ал екіншісінде одан 4 литр кем? сүт болды. Екіншісінде неше литр сүт болды?

ІҮ. Сабақты бекіту.

Ү. Сабақты қорытындылау.

Не білдік? Не үйрендік?

ҮІ. Үйге тапсырма беру, оны түсіндіру.

55-бет. №5.

ҮІІ. Бағалау.

Оқушылардың еңбегін мадақтау.

 

Математика. 2-сынып.

Сабақтың тақырыбы: Сынық сызық және оның ұзындығы.

Сабақтың мақсаты:

1. Сынық сызық және ұзындықтың ірірек өлшем бірлігі - метр туралы түсініктерін қалыптастыру

2. Оқушылардың геометриялық фигуралар туралы білімдерін жетілдіру.

3. Оқушыларды байқампаздыққа тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: жаңа сабақ.

Әдіс-тәсілдері: сұрақ-жауап, әңгімелеу, түсіндіру, көрнекілік, ойын.

Көрнекіліктер: сандар жазылған карточкалар, тест парақшалары.

 

Сабақтың барысы:

1. Ұйымдастыру кезеңі: Сәлемдесу, сабақтан қалған оқушыларды түгелдеу. Оқушылардың зейінін сабаққа аудару. Сабақтың тақырыбын хабарлау. Мақсатымен таныстыру. Бүгінгі сабағымыздың мақсаты 1-тоқсанда алған білімдерін қорытындылау, өтілген материалдарды жүйелеу. 20 көлеміндегі кестелік қосу және азайту туралы алған білімдерін тексеру.

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру.

53-бет, №3.

ұзындықтың ірірек өлшем бірлігі - метр туралы түсініктерін қалыптастыру; өтілген ұзындық өлшем бірліктерінің арақатынасын және ондық жүйедегі байланысын көрсету.

ІІІ. Тақырыпқа көшу кезеңі.

«Таныс фигураларды ата» ойыны.

ІҮ. Жаңа материалды оқып-үйрену.

Балаларға әртүрлі геометриялық фигуралар жиынтығы таратылып беріледі (қиылған немесе қағаз бетінде бейнеленген, егер фигуралар жеке беттерде болса, фигураларды әріптермен белгілеуді тапсырып, күрделендіруіне болады). Әр оқушыдан фигураларды өлшеуді және осы фигуралардың қабырғаларын атауды сұралады. Ұсынылған фигуралардың ішінде дециметр және сантиметрмен өрнектеуге болатындай қабырғасының ұзындығы 10 см-ден артық тіктөртбұрыштардың болғаны дұрыс.

 

 


Жүргізілген жұмыстан кейін ұзындықтың бұдан да ірірек өздеріне белгілі қандай өлшем бірлігі бар екенін сұралады (метр). Баланың өмірлік тәжірибесіне сүйене отырып, қандай заттарды метрмен өлшеуге болатыны анықталады. Оқушыларға метрдің өлшеу құралдарын көрсеткен дұрыс (рулетка, ағаш метр сызғыш, тігіншінің метр сызғышы).

Ү. Сабақты бекіту.

Карточкалармен жұмыс. (Сынық сызықтың ұзындықтарын тап)

Оқулықпен жұмыс.

Оқушылар практикалық жұмыс жүргізгеннен кейін оқулықта берілген сурет пен төмендегі кестені қарастырады. Мұғалім 1 метрде 100 см немесе 10 дм бар екендігін хабарлайды.

1-тапсырма.Ұзындығы тең кесінділерді тап. Қызыл кесінділердің ұзындығын тап.

№3. Сынық сызық буындарын өлше. Қызыл және жасыл сынық сызықтардың ұзындығын тап.

4-есепті шығару сынып оқушыларының дайындық деңгейіне байланысты өз беттерінше орындалады.

5-тапсырманы оқушылар өздері орындап, соңынан тексеріледі.

7-логикалық тапсырма.

ҮІ. Сабақты қорыту.

Сабақты қорытындылау.

ҮІІ. Үйге тапсырма беру, оны түсіндіру.

57-бет. №6

ҮІІ. Бағалау.

Оқушылардың еңбегін мадақтау.

 







Дата добавления: 2015-12-04; просмотров: 530. Нарушение авторских прав; Мы поможем в написании вашей работы!



Аальтернативная стоимость. Кривая производственных возможностей В экономике Буридании есть 100 ед. труда с производительностью 4 м ткани или 2 кг мяса...

Вычисление основной дактилоскопической формулы Вычислением основной дактоформулы обычно занимается следователь. Для этого все десять пальцев разбиваются на пять пар...

Расчетные и графические задания Равновесный объем - это объем, определяемый равенством спроса и предложения...

Кардиналистский и ординалистский подходы Кардиналистский (количественный подход) к анализу полезности основан на представлении о возможности измерения различных благ в условных единицах полезности...

Тактические действия нарядов полиции по предупреждению и пресечению групповых нарушений общественного порядка и массовых беспорядков В целях предупреждения разрастания групповых нарушений общественного порядка (далееГНОП) в массовые беспорядки подразделения (наряды) полиции осуществляют следующие мероприятия...

Механизм действия гормонов а) Цитозольный механизм действия гормонов. По цитозольному механизму действуют гормоны 1 группы...

Алгоритм выполнения манипуляции Приемы наружного акушерского исследования. Приемы Леопольда – Левицкого. Цель...

Различия в философии античности, средневековья и Возрождения ♦Венцом античной философии было: Единое Благо, Мировой Ум, Мировая Душа, Космос...

Характерные черты немецкой классической философии 1. Особое понимание роли философии в истории человечества, в развитии мировой культуры. Классические немецкие философы полагали, что философия призвана быть критической совестью культуры, «душой» культуры. 2. Исследовались не только человеческая...

Обзор компонентов Multisim Компоненты – это основа любой схемы, это все элементы, из которых она состоит...

Studopedia.info - Студопедия - 2014-2024 год . (0.012 сек.) русская версия | украинская версия