Студопедия Главная Случайная страница Обратная связь

Разделы: Автомобили Астрономия Биология География Дом и сад Другие языки Другое Информатика История Культура Литература Логика Математика Медицина Металлургия Механика Образование Охрана труда Педагогика Политика Право Психология Религия Риторика Социология Спорт Строительство Технология Туризм Физика Философия Финансы Химия Черчение Экология Экономика Электроника

Сынып. Математика.





Сабақтың тақырыбы:17, 18 сандарының екі бір таңбалы сандарға жіктелуінің құрамы және қосу мен азайтудың сәйкес жағдайлары

Білімділік мақсаты: жауабы 17, 18 болатын қосудың кестелік жағдайын және азайтудың сәйкес жағдайларын оқып үйрену.

Дамытушылық мақсаты:осысандық кесіндіде сандардың ондық құрамы негізінде қосу мен азайтудың есептеу тәсілдерін қарастыру

Тәрбиелік мақсаты:сандардың өзара ерекшеліктерін ажырата алуларына үйрету.

 

Сабақтың түрі: жаңа сабақ.

Әдіс-тәсілдері: сұрақ-жауап, әңгімелеу, түсіндіру, ойын, көрнекілік.

Көрнекіліктер: сандар жазылған карточкалар

 

Сабақтың барысы:

1. Ұйымдастыру кезеңі:Сәлемдесу, сабақтан қалған оқушыларды түгелдеу. Оқушылардың зейінін сабаққа аудару. Сабақтың тақырыбын хабарлау. Мақсатымен таныстыру. Бүгінгі сабағымыздың мақсаты 17, 18 болатын қосудың кестелік жағдайын және азайтудың сәйкес жағдайларын оқып үйрену.

Ал,балалар, алғашқы сабағымызды көңілді тілектерден бастайық. Бір-бірімізге қарап хормен бүгінгі күнге тілек тілейміз.

Қуанамын мен де,

Қуанасың сен де.

Қуанайық,достарым,

Арайлап атқан күнге.

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру.

39-бет. №6

 

ІІІ. Тақырыпқа көшу кезеңі.

Ауызша жаттығулар.

«Өрнек құрастыр» (11-16 сандары құрамының белгілі жағларын қайталау). Мысалы:

6+6=12 7+8=15

«Тізбек қандай саннан басталады?»

?+4-5+3=12

Математикалық диктант. «Аталған санды 2, 3, 4, 5-ке арттыр». Мұғалім 5, 6, 7,8, 9 сандарын атайды. «Әрбір аталған санды 2, 3, 4, 5-ке кеміт». Мұғалім 15, 14, 13, 12, 11 сандарын атайды.

ІҮ. Жаңа материалды оқып үйрену.

«Пойыз құрастырамыз» ойыны. Тақтаға 9 баланы шығарып, олар бірінің артына бірі тұрады(9 вагоннан тұратын пойыз құрайды) Тоғыз вагонға тағы 8 вагон тіркеп алуды сұраймыз. Мысалды тақтаға жазып, сұрақ қоямыз:

-9 вагонға барлығы қанша вагон тіркелді? (8)

-Пойыз құрамын 10-ға толтыру үшін алдымен қанша вагон тіркеледі?(1)

-Енді қанша вагон тіркеу қажет? (7)

Тақтаға мына мысалдар жазылады:

9+8=17

9+1+7=17

-пойыз құрамында барлығы қанша вагон бар? (17)

Осылайша вагондармен азайту амалдары көрнекі түрде көрсетіледі.

 

Ү. Сабақты бекіту.

«Мысалдар құрастыр» ойыны.

 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

 

 


Оқулықпен жұмыс. (Өткен материалды пысықтау.)

№2. Есептеп дұрыстығын тексер.

№3. Теңдеулерді шеш.

№4. Есепті шығар.

№5. Есепті санды деректермен толықтыр және оны шығар.

ҮІ. Сабақты қорыту.

Сабақты қорытындылау, үйге тапсырма беру, оны түсіндіру.

ҮІІ. Үйге тапсырма.

ҮІІІ. Бағалау.

Оқушылардың еңбегін мадақтау.

2-сынып. Математика.

Сабақтың тақырыбы: Өткенді пысықтау.

Сабақтың мақсаты:

1.Есептің өтілген түрлерін шығарудағы есептеу дағдыларын жетілдіру

2.Осысандық кесіндіде сандардың ондық құрамы негізінде қосу мен азайтудың есептеу тәсілдерін қарастыру

3. Сандардың өзара ерекшеліктерін ажырата алуларына үйрету.

Сабақтың түрі: қайталау сабағы.

Әдіс-тәсілдері: сұрақ-жауап, әңгімелеу, түсіндіру, ойын, көрнекілік.

Көрнекіліктер: сандар жазылған карточкалар

 

Сабақтың барысы:

1. Ұйымдастыру кезеңі:Сәлемдесу, сабақтан қалған оқушыларды түгелдеу. Оқушылардың зейінін сабаққа аудару. Сабақтың тақырыбын хабарлау. Мақсатымен таныстыру. Бүгінгі сабағымыздың мақсаты осысандық кесіндіде сандардың ондық құрамы негізінде қосу мен азайтудың есептеу тәсілдерін қарастыру.

Ал,балалар, алғашқы сабағымызды көңілді тілектерден бастайық. Бір-бірімізге қарап хормен бүгінгі күнге тілек тілейміз.

Қуанамын мен де,

Қуанасың сен де.

Қуанайық,достарым,

Арайлап атқан күнге.

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру.

39-бет. №6

 

ІІІ. Тақырыпты қайталау.

Ауызша жаттығулар.

«Өрнек құрастыр» (11-16 сандары құрамының белгілі жағларын қайталау). Мысалы:

6+6=12 7+8=15

«Тізбек қандай саннан басталады?»

?+4-5+3=12

Математикалық диктант. «Аталған санды 2, 3, 4, 5-ке арттыр». Мұғалім 5, 6, 7,8, 9 сандарын атайды. «Әрбір аталған санды 2, 3, 4, 5-ке кеміт». Мұғалім 15, 14, 13, 12, 11 сандарын атайды.

 

Ауызша жаттығуларға мынадай тапсырмаларды енгізуге болады:

15, 18, 19 сандарының «көршілерін» ата.

Мына сандарды 5-ке арттыр: 1, 5, 6, 7, 9.

Келесі сандарды 6-ға кеміт: 8, 10, 12, 13, 15.

Сандарды салыстырып, жауабын карточкалардың көмегімен көрсет. Тақтада мынадай сандар жазылған:

12* 15 5*12 9*7

 

5*8 1*4 3*0

ІҮ. Сабақты бекіту.

«Үндемес» ойыны.Тақтаға жазылған мысалдарды көрсетіп, оқушылардан жауабын карточкалардың көмегімен көрсетуді сұраймыз.

3. Сандарды салыстыру. Тақтаға сандарды жазып, олармен тура теңсіздіктер құрастыруды сұраймыз.

Тақтаға мына сандар жазылады: 16,17, 19, 9, 90, 20, 12,15, 13.

Содан кейін оқушылар оқулықтағы тапсырманы орындайды. 2-есептің сызбасы бойынша оқушылар өтілген түрлер бойынша ауызша да, жазбаша да шығаруға болатын есептер құрастырады. Бұл жаттығудың құндылығы сонда, есеп құрастыру және шығару бойынша шектеу болмайды.

Алдымен оқушылардың назарын «болды, қалды» деген есептің мазмұнын анықтайтын негізгі тірек сөздерге аударады. Ары қарай есептің мазмұны қандай заттармен (ұшақ, шар, құс, т.б.) байланысты екені, одан соң олармен не болуы мүмкін (сатылды, ұшып кетті, т.б.) екені анықталады. Содан соң алдын ала есептің шарты, сұрағы болатынын естеріне түсіріп, балалардан есеп құрастыруды сұраймыз. Бір есеп құрастырылғаннан кейін, балалардың назарын сандық деректерді өзгертуге немесе сұрақты өзгертуге болатынына көңіл аударады. Бұл бір кесте бойынша көптеген есептерді құрастыруға мүмкіндік береді.

Ү. Сабақты қорыту.

Сабақты қорытындылау, үйге тапсырма беру, оны түсіндіру.

ҮІ. Үйге тапсырма.

40-бет. №3.

 

ҮІІ. Бағалау.

Оқушылардың еңбегін мадақтау.







Дата добавления: 2015-12-04; просмотров: 283. Нарушение авторских прав; Мы поможем в написании вашей работы!




Аальтернативная стоимость. Кривая производственных возможностей В экономике Буридании есть 100 ед. труда с производительностью 4 м ткани или 2 кг мяса...


Вычисление основной дактилоскопической формулы Вычислением основной дактоформулы обычно занимается следователь. Для этого все десять пальцев разбиваются на пять пар...


Расчетные и графические задания Равновесный объем - это объем, определяемый равенством спроса и предложения...


Кардиналистский и ординалистский подходы Кардиналистский (количественный подход) к анализу полезности основан на представлении о возможности измерения различных благ в условных единицах полезности...

ИГРЫ НА ТАКТИЛЬНОЕ ВЗАИМОДЕЙСТВИЕ Методические рекомендации по проведению игр на тактильное взаимодействие...

Реформы П.А.Столыпина Сегодня уже никто не сомневается в том, что экономическая политика П...

Виды нарушений опорно-двигательного аппарата у детей В общеупотребительном значении нарушение опорно-двигательного аппарата (ОДА) идентифицируется с нарушениями двигательных функций и определенными органическими поражениями (дефектами)...

Броматометрия и бромометрия Броматометрический метод основан на окислении вос­становителей броматом калия в кислой среде...

Метод Фольгарда (роданометрия или тиоцианатометрия) Метод Фольгарда основан на применении в качестве осадителя титрованного раствора, содержащего роданид-ионы SCN...

Потенциометрия. Потенциометрическое определение рН растворов Потенциометрия - это электрохимический метод иссле­дования и анализа веществ, основанный на зависимости равновесного электродного потенциала Е от активности (концентрации) определяемого вещества в исследуемом рас­творе...

Studopedia.info - Студопедия - 2014-2025 год . (0.009 сек.) русская версия | украинская версия