Тест сұрақтары
1. Әлеуметтік психология - A) психикалық дамуында ауытқуы бар адамдарды зерттейді; B) қоғаммен ұжымның жеке адамға тигізетін ықпалын зерттеу ісімен айналысады; C) адамның психикалық даму динамикасын зерттейді; D) мінез-құлықты зерттейді; E) адамның жастық ерекшеліктерін зерттеді;
2. Алдын-ала дайындалған сұрақтар бойынша әңгімелесу. A) тест әдісі; B) интервью; C) анкета әдісі; D) бақылау әдісі, E) іс-әрекет нәтижесін талдау әдісі;
3. Бірнеше адамдардың, әлеуметтік топтардың, ұлттардың, қоғамдық бірлестіктердің арасындағы түрлі мақсаттарға бағытталған, арнайы белсенділіктер жүйесі. Бұл- A) топ сипаттамасы; B) социализация; C) әлеуметтік байланыс; D) топтық әрекет; E) қарым-қатынас тактісі;
4. Коммуникатор – бұл A) ақпарат алушы; B) қарым-қатынасқа тез түсуші; C) коммуникациялық ықпал; D) ортақтасу; E) ақпарат беруші;
5. Бірігіп әрекеттер атқаратын адамдардың қауымы. A) топ; B) мектептегі оқушылар ұжымы; C) педагогикалық ұжым; D) ата-аналар ұжымы; E) корпорациялық топ;
6. Арақатынас партнерлерінің бір-бірімен ақпарат алмасуы, білімді, идеяны, пікірді, сезімді беру мен қабылдау үрдісі. A) қарым-қатынастың интерактивті жағы; B) қарым-қатынастың перцепциялық жағы; C) қарым-қатынастың коммуникациялық жағы; D) қарым-қатынас жасау тәсілдері; E) қарым- қатынас тактикасы;
7. Тұрақты құндылықтары, мінез-құлық нормалары және әлеуметтік реттеу механизмдері бар саны шектелмеген әлеуметтік бірлік. A) кіші топ; B) референттік топ; C) шағын топ; D) үлкен топ; E) дифузиялық топ;
8. Топтық сана дегеніміз не? A) тұлғаның өзіне талап қоя алуы; B) топтағы актив әрекеті; C) әлеуметтік топтың тіршілігін реттеу механизмі; D) қарым-қатынас жасау тәсілі; E) топ мүшелерінің арасындағы рольдерді бөлісуі;
9. Қарым-қатынас түрін көрсетіңіз: A) коммуникациялық хабардарлық; B) сөйлеу, понтамимика; C) кооперативтік; D) перцептивтік; E) формальді, іскерлік, рухани;
10. Топтың өміріндегі индивидтің орны. Бұл – A) статус; B) топтық норма; C) позиция; D) топтық санкция; E) топтық салт-дәстүр;
11. Басқару стилін таңдаңыз: A) демократиялық; B) контактылық; C) позициялық; D) интелектуалдық; E) дистанттық;
12. Құжаттарды зерттеу әдісі. A) контент анализ; B) психобиографиялық әдіс, C) аутосоциометрия; D) референтометрия; E) интервью әдісі;
13. Эмпирикалық әлеуметтік психологияның көрнекті өкілдерін таңдаңыз: A) Платон, Аристотель; B) Фейербах, Гегель; C) Г. Тард, У. Мак-Дугалл; D) В. Меде, Дж. Морено; E) Г. Олпорт, Г. Андреева;
14. Табиғи бетпе-бет, сөздік және бейсөздік (ым, қимыл) құралдар көмегімен жасалынатын толық психологиялық контакт, кері байланыс бірмезгілде өтеді. A) жанама ортақтасу; B) тұлғааралық ортақтасу; C) бұқаралық ортақтасу; D) персонаралық ортақтасу; E) тікелей ортақтасу;
15. Ұжым ұғымына берілген анықтамалардың ең дұрысын, негізгісін көрсетіңіз: A) бір мекемеде, бір ұйымда бірге жұмыс жасайтын адамдардың тобы; B) қызығушылығымен іс-әрекеттері ортақ, біріккен адамдардың тобы; C) жасына, жынысына, біліміне байланысты біріккен адамдардың тобы; D) мақсат-мүдделері, көзқарастары ортақ, белгілі бір салт-дәстүрі бар, өзін-өзі басқара алатын адамдар тобы; E) бірін-бірі түсінісе алатын адамдар тобы;
16. Социализация - A) индивидтің әлеуметтік тәжірибені игеру және белсенді қайта жаңғырту процесі; B) қоғамда әртүрлі әлеуметтік рольдерді атқару; C) әлеуметтік қарым-қатынастың алғашқы элементтері; D) әлеуметтік жат мінез-құлықтар; E) таныс адамдармен тікелей контактқа түсу;
17. Сыртқы әрекеттің ішкі амалға ауысуын не деп атаймыз? A) афференция; B) интерференция; C) экстериоризация; D) агглютинация; E) интериоризация;
18. Рефлексия дегеніміз не? A) адамдардың бір-біріне тәуелді болуы; B) индивидтің өзін-өзі саналы сезінуі; C) индивидтің басқаларды сынауы; D) санадан тыс процестерді түйсіну; E) басқаларға әдейі әсер етуі.
19. Қарым-қатынастың бір тілде жүруі. A) дистанция; B) активизация; C) кодефикация; D) санкциялар; E) перцепция;
20. Белгілі бір кеңестікте жоспарсыз, кездейсоқ орналасып қалған адамдар тобы. Бұл қай топтың сипаттапмасы? A) референттік; B) контактылы; C) шартты; D) диффузиялық; E) ресми;
21. Әлеуметтік психологияның негізгі міндеті: A) адамдардың сан алуан қылықтарын, қарым-қатынастарын, байланыстарын бірнеше принцип арқылы түсіндіре алу; B) гуманитарлық пәндерге үйлесетін ортақ әдістерді табу; C) адам мінез-құлығын зерттеу; D) топ мүшелерінің өзін-өзі бақылау механизмдерін қалыптастыру; E) сананың құрылымын, мазмұнын зерттеу;
22. Шығарма, күнделік, хаттама, мінездеме, бақылау жұмысы т.б. Бұлар қай әдіске жатады? A) бақылау; B) эксперимент; C) тест; D) сұхбат; E) іс-әрекет нәтижесін талдау;
23. Тұлғаның әлеуметтік маңызды мінез-құлқын реттейтін әлеуметтік топтың және қоғамның ықпал ету тәсілдерінің жүйесі. Бұл- A) социум; B) әлеуметтік санкция; C) әлеуметтік бақылау; D) орта; E) рефлексия;
24. Идентификация дегеніміз не? A) өзін саналы түрде сезіну; B) өзін өзгеге ұқсату; C) топтан белгілі нәрсе күту; D) индивидтің бір-бірімен жарысуы; E) ақпаратты белгілі бір тұлғаға арнау;
25. Белгілі бір бұйрық, мекеме бойынша қалыптасқан топ. Бұл – A) үлкен топ; B) кіші топ; C) ресми топ; D) референттік топ; E) ұйымдаспаған топ;
26. Нақты топтардың жоғары дәрежеде ұйымдасқан түрі. Бұл – A) референттік топ; B) формальды топ; C) шағын топ; D) ұжым; E) жасанды топ;
27. Қарым-қатынас тәсілдерін таңдаңыз: A) қажеттілік, коммуникация; B) коммуникабельдік, мәліметтену; C) тіл, жест, интонация; D) перцептивтік, коммуникативтік; E) мотивация, мотив;
28. Белгілі әлеуметтік рольдерді орындаушылардың психологиялық контакттары. A) тікелей қарым-қатынас; B) жанама ортақтасу; C) бұқаралық ортақтасу; D) персонаралық ортақтасу; E) рольдік ортақтасу;
29.Адамдардың бірін-бірі тануы мен тәрбиелеуі негізінде құрылатын белгілі тұлғаарлық қатынастар. A) перцептивтік қарым-қатынас; B) коммуникативтік қарым-қатынас; C) интерактивтік қарым-қатынас; D) диалогтық қарым-қатынас; E) монологтық қарым-қатынас;
30. Реципиент – A) ақпарат беруші; B) ақпарат алушы; C) түсініспеушілік; D) кері байланыс; E) ақпаратты дұрыс қабылдау;
Негізгі әдебиеттер: 1. Андреева Г.М. Социальная психология: Учебник для высшей школы /- М.: Аспект Пресс, 2006.- 376 с 2. Андреева Г.Н Актуальные проблемы социальной психологии. М. МГУ. 1997 3. Кузьмин Е.С. Основы социальной психологии. Л ЛГУ 1987. 4. Каменская Е.Н. Социальная психология: Конспект лекций: Учебное пособие /- Ростов-на-Дону: Феникс, 2005.- 192с 5. Методолгия и методы социальной психологии. // Под.ред Е.В.Шороховой. Л. 1977 Қосымша әдебиеттер тізімі: 6. Середа Е.И. Практикум по межличностным отношениям: помощь и личностный рост /- СПб.: Речь, 2006.- 224 с. 7. И.С.Кон. Социальная личность. М. 1967. 8. Б.Д.Парыгин. Социальная психология. М. 1998. 9. И.Әбеуова Әлеуметтік психология. А. 1999. 10. Семечкин Н.И. Социальная психология: Учебник для вузов /- СПб.: Питер, 2004.-376с. 11. Шибутани Т. Социальная психология. М.1997. 12. Еникеев М.И. Социальная психология. М., 2002. 13. Целуйко В.М. Психология современной семьи: Книга для педагогов и родителей. /- М.: ВЛАДОС, 2006.- 287с.- (Психология для всех). 14. Каменская Е.Н. Социальная психология. Конспект лекции. Ростов на Дону 2006. 15. Специальная психология: Учебн. пособие / Под ред. В.И. Лубовского.- М.: Академия, 2003.- 464с.- (Высшее профессиональное образование 16. Методы практической социальной психологии: Диагностика. Консультирование. Тренинг: Учеб.пособие для вузов /М.: Аспект Пресс, 2004.- 256с. 17. Немов Р.С. Психология: В трех книгах. Книга 3: Психодиагностика.Введение в научное психологическое исследование с элементами математической статистики: Учеб.для студ.высш.пед.учеб.заведений /- 4-е изд.- М.: ВЛАДОС, 2004.- 631с 18. Т.И.Дридзе. Язык и социальная психология. М. 1980. 19. Чернобай В.А. Социальная психология: Учебное пособие /- Ростов-на-Дону: Феникс, 2004.- 256с 20. Шнейдер Л.Б. Девиантное поведение детей и подростков / - М.:Академический проект: рикста, 2005.- 336 с.- (Психологические технологии). 21. Богомолова Н.Н. Социальная психология радио, печати, телевидения. М. 1991. 22. Прикладная социальная психология. /Под.ред. А.А.Деркача. М.-1998 23. Социальная психология. /Под.ред. А.Л.Журавлева. М.-2002. 24. Социальная психология. /Под.ред. А.Н.Сухова. М. 2002 25. Шибутани Т. Социальная психология. М. 1999 26. Ядов В.А. Социальная идентичность личности. М. 1994. 27. Методы практической социальной психологии: Диагностика. Консультирование. Тренинг. Учебное пособие для вузов / Ю.М. Жуков, А.К.Ерофеев, С.А.Липатов и др. М. 2004. 28. Р.С.Немов Психология. 1-2 ч. М.2003.
|