Студопедия — Леуметтік-психологиялық аспектлері.
Студопедия Главная Случайная страница Обратная связь

Разделы: Автомобили Астрономия Биология География Дом и сад Другие языки Другое Информатика История Культура Литература Логика Математика Медицина Металлургия Механика Образование Охрана труда Педагогика Политика Право Психология Религия Риторика Социология Спорт Строительство Технология Туризм Физика Философия Финансы Химия Черчение Экология Экономика Электроника

Леуметтік-психологиялық аспектлері.






Жоспар:1. Қоғам және жеке тұлға арасындағы қатынастар- әлеуметтік психологияның негізгі мәселесі ретінде.

2. Адамды психоаналитикалық интерпретациялаудың әлеуметтік психологиялық аспектлері (З.Фрейд, К.Юнг, А.Адлер, Э.Фромм).

3. Социализация-жеке тұлғаның қоғамның толық құқылы мүщесі ретінде өмір сүруіне қажет белгілі бір ілімдер мен байлықтар жүйесін меңгеру процесі. Э.Эриксон теориясы. Ересектердің әлеуметтену мәселесі. Жас «дағдарыстар» проблемасы.

4. Егде жастағы адамдардың әлеуметтік-психологиялық бейімделуі. Қарт адамдардың зейнеткер статусына әлеуметтік-психологиялық бейімделуі. ҚР философ, социолог, психолог, саясаткерлер еңбектеріндегі жеке тұлға мәселесінің теориялық және қолданбалы аспектлерінің зерттелуі. Жеке тұлғаның әлеуметтік мінез-құлқын психикалық реттеудегі қажеттіліктер, мотивтер, қызығушылықтар, құндылықтар әлеуметтік жағдай және олардың рөлі.

Мақсатына қарай әлеуметтік психология тұлға аралық ортақтасудың үш түрін қарастырады.

1. Императивтік (бұйрық, әміршіл).

2. Манипуляция (айла, амал)

3.Диалогтық (қос үн, қос сөз)

1. Императивтік ортақтасу - өз ортақтасу серігінің тәртібімен іс әрекетіне бақылау жасау мақсатындағы әсер етудің авторитарлық формасы. Ортақтасу партнеры тек әсер етудің объектісі – пассив ретінде қалыптасады. Императивтіктің ерекшелігі партнерды бағындыру жөніндегі, негізгі мақсаттың айқын көрініп тұратындығында. Әсер етудің құралдары ретінде бұйрық, талап, тиым салу, нұсқау пайдаланылады. Императивтік ортақтасу басқаны өзіне қажетті белгілі әрекетке күшпен бағындыру. Әрекетке қоғамдық қарым-қатынастың императивтік ортақтасудың өз ерекшелігі бар. Мысалы: әскери қатынастар, бастық-жұмысшы, осындай салада Императивтік ортақтасу пайдалы, қолайлы, әрі нәтижелі. Сонымен қатар мұндай қарым-қатынасты мүлдем қолдануға болмайтын салалар да бар. Мысалы: ата-ана, жұбай, балалар арасында, тәрбие мен педагогика саласында пайдалану нәтижесіз. Себебі, бұйрық, тиым көмегімен ұстаз бен ата-ана балаға өз сөзін өткізе алады. Бірақ ол сөздерді бала, тек сырттай қабылдап орындайды. Бала өз еркімен қабылдамаған соң оның санасына құйған үлкендердің ережелері қоғамдық нормалары тез жойылып кетеді.

2. Манипуляция – алдап, арбап ортақтасу. Бұл тұлға аралық ортақтасуда жиі кездеседі. Ортақтасу партнерын өзінің жасырын ниетіне бағындырады, көздеген іс әрекет өз мақсатына жету үшін манипуляциялап ортақтасу партнерын объект ретінде қарастырады. Манипуляциялық ортақтасу басқаны өз мақсатына жасырын өзін қажетті іс әрекетке баулу. Императив пен манипуляцияның ұқсастығы, мақсаты – бірдей, яғни партнердың ойын билеу, бақылау, үстемдік ету. Айырмашылығы: манипуляциялық стилде шынайы мақсат жарияланбайды. Алдап, арбау қарым қатынасының қоғамдағы ресми орны бизнес, сауда-саттық, іскерлік, үгіт-насихат, дуалау, т.б. Бұл түрдегі қарым қатынастың ерекшелігін зерттеген социолог, ғалым Дейль Корнеги, сондай-ақ білім беру барысында, сабақты қызықты өткізу, оқушының назары мен ынтасын көтеру үшін манипуляцияны пайдалануға болады. Бірақ оқытуда пайдалы болғаынымен, тәрбиелеуде жеке тұлғалық қарым қатынасында пайдасыз. Өйткені манипуляцияға әдеттенген адам, ондай қарым қатынасты отбасында да тудыруы мүмкін, сүйіспеншілік, достық, ізгілікке негізделген ортақтасуды манипуляциялау жалпы тиімсіз де нәтижесіз. Арбаушылық барысында партнер жеке тұлға ретінде емес, тек манипуляцияға керек қасиеттің иесі ретінде қарастырады. Мысалы, манипулятор адам мейрімді адамның мейірімділігін, әлсіздің әлсіздігін өз мақсатына пайдалануға тырысады.

3. Диалогтық ортақтасу - бұл тең құқықтық объектінің ара қатынасы. Ортақтасу мақсаты өзін өзі және өзгені тану, білу, дамыту. Императив пен манипуляциялық қарым қатынастың айырмашылығы эгоцентризмнен (өзімшілдік) өзіндік ұстанымнан альтруизмнен (адамдарды жақсы көру) өзгеге бағытталған ұстанымға көшу. Бұл ортақтасу процесінде екі дауыс, екі пікір естіледі. Бірінші субъект мен екінші субъектінің қатынасы.

Диалогтық ортақтасудың ережелері.

1. Сұхбаттасушының және өзінің көңіл күйін ескеру «осы жерде – осы сәтте» принципін ұстану. Дәл осы кездегі сезімдерін, пікірлерін, психологиялық қалдерін назарға алу.

2. Бір біріне сенімділік білдіру.

3. Партнерді өзіне тең, өзіндік пікірі мен шешімі бар тұлға деп қабылдау.

4. Шешілмеген мәселелер мен сұрақтарды қарастыру.

5. Сұхбат адамның өз атына жүргізілуі керек (яғни, өсек айтпау керек).

Диалогтық қарым қатынас адамдардың өзара түсінушілігін тереңдетіп бір бірінің жан байлығын көбейтіп, оның мінез құлқының ашылуына жағдай жасайды. Осы типтегі ортақтасуды іске асыру үшін қажетті өмірлік шарттар және қатысушының ішкі дайындығы керек. Осы типті меңгерген адамдардың психологиялық Денаулығы, мінезінің бір тұтастығы еске алынады. Мысалы, мектеп мұғалімдері оқушыларға білім беруде қолданатын ортақтасу түрі - монолог. Ол мектептің басты мақсаты мен міндетіне байланысты құбылыс. Педагогтың түсінігі бойынша білім беру мен тәрбие құралының негізгілері қатаң тәртіппен шәкірттерді ұйымдастыру. Яғни мұғалім тыныштықты бұзған оқушыға қолданатын іс әрекеттері, әдіс тәсілдері: қадалған көзқарас, нұсқау, жазалау, ата анасын шақырту, ескерту жасау, сынау, сыныптан шығарып жіберу, т.б. Мұғалім берген білімге баланың ынтасы жоқ болса ол жаман болып саналады. Бұл жерде баланың қызығушылығы есепке алынбайды. Оқушының қызығушылығын жоғалтпас үшін олармен төмендегідей диалогтық қарым қатынас жасау қажет:

1. Шыдамдылықпен сұрақты соңына дейін тыңдау. Көбінесе адамдар сұрағы түсінікті деп әңгімелесушіні тоқтата салып жауапқа кіріседі. Сұрақты дұрыс түсінуде аздаған түсініспеушілік болса, анықтап алу қажет.

2. Жауап сұрақтан неғұрлым кең болып, қойылған мәселені жан жақты түсіндіру қажет. Маңызы бар сұрақ қойып тұрған оқушыны ренжітпеу үшін, асығыс жауап беруге болмайды.

3. Оқушылар кейде сұрақты нақты жауап алу үшін ғана қоймайды, өзінің ойлау қабілетін, білім деңгейін көрсету үшін де қояды.

Ортақтасу өте күрделі құбылыс. Оның әр түрлілігі жеке адам мен қоғам өміріндегі орны мен мағынасына байланысты. Ортақтасудың ішкі құрылымы да өте күрделі. Оны шартты түрде үшке бөлуге болады: коммуникация, перцепция, интеракция.

Коммуникация – ара қатынас партнерінің бір бірімен ақпарат алмасуы. Пікірді, білімді, идеяны, сезімді беру мен қабылдау процесі.

Перцепция – адамның бірін бірі тануы мен тәрбиелеуі негізінде құрылатын белгілі тұлға аралық қатынас.

Интеракция – тұлға алалық қимыл ұйымдастыру қатысушының өзара қозғалыс пен әрекет алмасуы.

Қазіргі таңда психологияда тұлғаның көптеген: американдық, европалық, шығыстық т,б көптеген теориялары бар. Солардың қатарынан-тұлға дамуының когнитвті, гуманисті, бихевиористі (тәртіп) теорияларын бөліп қараған жөн.

Э. Эриксон бойынша тұлға дамуының сатылары.

Дамудың бірінші сатысында (оральды-сенсорлы) нәрестелік жасқа қатысты, әлемге сену немесе сенбеу пайда болады. Тұлғаның прогрессивті дамуында бала сенімді қатынасты таңдайды. Ол жеңіл тамақтану, терең ұйқы, ішектің дұрыс жұмыс істеуі.

Екінші саты (бұлшық етті-анальды)ерте балалық шаққа қатысты. Баланың мүмкіндігі дамиды, жүре бастайды. Дербестілікке ұмтылады.

Үшінші саты (локомоторлы-гениталды), мектепке дейінгі жасқа сәйкес келеді, бала қоршаған ортаны белсенді таниды. Дербестілікке ынталылық (инициатива) қосылады.

Осы кезеңде жыныстық идентификация болады және бала мінез-құлқының белгілі бір формасын меңгереді.

Бастауыш мектеп жасы- пубертатты алды Осы уақытта төртінші саты (латентті) дамиды.

Бастауыш мектепте оқу кезеңінде- бастауыш мектеп оқушысының кәсіби идентификациясы өзін белгілі бір кәсіп өкілі ретінде сезіну.

Жастық шақ тұлға дамуының бесінші даму сатысын құрайды. Балалық шақ аяқталуға жақын, өмірлік жолдардың үлкен кезеңі аяқталып, ұқсастықтың (идентичность) қалыптасуына алып келеді.

Алтыншы сатысы, ерте кемелдену жасына сәйкес келеді, ересек адамның алдында жақындасу (интимдік) проблемасы туындайды. Дәл осы уақытта шынайы сексуалдылық көрінеді.

Кемелдену немесе орта жас- тұлға дамуының жетінші сатысы. Адам өнімділікке және шғармашылыққа ұмтылады.

Соңғы саты, кеш кемелдену, адам өмірлік жолды қабылдайды және тұлғаның тұтастылығын игереді. Осы кезеңде даналық пайда болады.

 

 

Э.Эриксон бойынша тұлғаның даму сатылары

Даму сатылары Әлеуметтік қатынастар аймағы Тұлғаның полярлық сапасы Прогрессивті дамудың нәтижесі
1. Нәрестелік (0-1) Анасы немесе оның орнын басатын адам Әлемге сену-сенбеу Энергия және өмірлік қуаныш
2. Ерте балалық шақ (1-3) Ата-анасы Дербестілік- ұят, күмән Тәуелсіздік
3. Балалық шақ (3-6) Ата-анасы, ағасы және әпкелері Ынталылық- енжарлық, кінә Мақсатқа ұмтылу
4. Мектептік жас (6-12) Мектеп, көршілер Компетенттілік-кемшілік Білім және ептілікті игеру
5. Жасөспірім және жастық шақ (12-20) Құрдастар тобы Тұлғаның сәйкестілігі- мойындамау Өзіндік анықталу, жан қиярлық және сенімділік
6. Ерте кемелдену (20-25) Достары, сүйіктілері Жақындық- бөлектену Бірлестік, махаббат
7. Орта жас (25-65) Еңбек, туған үйі Өнімділік- тұрып қалу Шығармашылық және қамқор
8. Кеш кемелдену (65 кейін) Адамгершілік, жақындары Тұлғаның тұтастылығы- үмітсіздік Даналық

 

Қазіргі таңда психологияда тұлғаның көптеген: американдық, европалық, шығыстық т.б. көптеген теориялары бар. Солардың қатарынан-тұлға дамуының когнитвті, гуманисті, бихевиористі (тәртіп) теорияларын бөліп қараған жөн.

 

 

4 дәріс. Әлеуметтік қатынас психологиясы. Адамдар арасындағы қарым-қатынас.

Жоспар:1. Әлеуметтік-психологиялық феномен ретінде жеке тұлға арасындағы қарым-қатынасқа жалпы сипаттама. Жеке тұлға арасындағы мәдени-тарихи, саяси-қоғамдық қатынасты анықтау.

2.Қарым-қатынас механизмі, формасы мазмұны және құрылымы. Қарым-қатынас, оның негізгі қызметтері: коммуникативті, интерактивті, перцептивті.

3. Тілдік қарым-қатынастың әлеуметтік-психологиялық заңдылықтары. Коммуникативті барьер (кедергі) мәселесі. Эмпатия феномені. Тілдік этикет. Қарым-қатынас мәдениеті. Жеке адамдар арасындағы конфлик жағдай және оны шешу жолдары. Әңгімелесу-конфликт шешу оны түзету жолы ретінде. Бірге жұмыс істеу (кооперация) және бір-біріне қарсы (конкуренция) өзара әсер ету түрі.

Қарым-қатынас адамзат қоғамының және жеке тұлғаның жарқын өмір сүруінің міндетті шарты. Қарым-қатынас аса үлкен құндылық болып табылады.

Қарым-қатынассыз адамның тек өзін-өзі танып білу, әлеуметтену яғни индивидтің жеке тұлға ретінде дамуы, әлеуметтік тәжірибені адамнан адамға, ұрпақтан ұрпаққа тарату, әлеуметтік топтардың қауымдастықтар мен мемлекеттердің өмір сүруінің өзі, сондай-ақ, индивидтің (дара адамның) психикалық іс-әрекеті де мүмкін емес.

Адамның оны қоршаған ортамен өзара әрекеттесуі қоғамдық өмірде, ең алдымен өндірістік іс-әрекетте адамдар арасында қалыптасатын объективті қатынастар жүйесінде жүзеге асады. Қоғамның негізі ретінде өндірістік қатынастардың мәнін аша отырып К. Маркс былай деп жазды: «Өндірісте адамдар тек табиғатпен ғана қатынасқа түспейді. Олар бірлескен іс-әрекеттерімен өзара алмасу үшін қанадай да бір түрде бірлеспей, бірікпей ештеңе өндіре алмайды. Өндіру үшін адамдар белгілі бір байланыстар менқатынастарға түседі, әрі тек осы қоғамдық байланыстар мен қатынастардың шеңберінде ғана олардың табиғатқа деген қатынасы іске асады».

Объективті қатынастар мен байланыстар (тәуелді болу, бағыну қатынастары, ынтымақтастық, өзара көмек көрсету жәнен т.б.) кез-келген нақты топта сөзсіз және заңды түрде пайда болады. Топ мүшелерінің арасындағы мұндай объективті өзара қатынастардың көрінісі болып әлеуметтік психология зерттейтін субъективті тұлғааралық қатынастар табылады.

Топ ішіндегі тұлғааралық өзараәрекеттесулер мен өзарақатысуларды зерттеудің негізгі жолы – бұл әр түрлі әлеуметтік фактілерді, сондай-ақ аталмыш топтың құрамына енетін адамдардың өзараәрекеттесулерін терең білу.

Сонымен барлық өндіріс адамдардың бірігуін талап етеді. Алайда ешқандай адамзатқауымы егер өз құрамындағы адамдарарасында байланыс орнамаса, олардың арасында өзара түсіністікке қол жетпесе толыққанды бірлескен іс-әрекетті іске асыра алмайды. Мысалы, мұғалім оқушыларға бір нәрсені үйрету үшін қарым-қатынасқа түсуі керек.

Адамның оны қоршаған ортамен өзара әрекеттесуі қоғамдық өмірде, ең алдымен өндірістік іс-әрекетте адамдар арасында қалыптасатын объективті қатынастар жүйесінде жүзеге асады. Қоғамның негізі ретінде өндірістік қатынастардың мәнін аша отырып К. Маркс былай деп жазды: «Өндірісте адамдар тек табиғатпен ғана қатынасқа түспейді. Олар бірлескен іс-әрекеттерімен өзара алмасу үшін қанадай да бір түрде бірлеспей, бірікпей ештеңе өндіре алмайды. Өндіру үшін адамдар белгілі бір байланыстар менқатынастарға түседі, әрі тек осы қоғамдық байланыстар мен қатынастардың шеңберінде ғана олардың табиғатқа деген қатынасы іске асады».

Объективті қатынастар мен байланыстар (тәуелді болу, бағыну қатынастары, ынтымақтастық, өзара көмек көрсету жәнен т.б.) кез-келген нақты топта сөзсіз және заңды түрде пайда болады. Топ мүшелерінің арасындағы мұндай объективті өзара қатынастардың көрінісі болып әлеуметтік психология зерттейтін субъективті тұлғааралық қатынастар табылады.

Топ ішіндегі тұлғааралық өзараәрекеттесулер мен өзарақатысуларды зерттеудің негізгі жолы – бұл әр түрлі әлеуметтік фактілерді, сондай-ақ аталмыш топтың құрамына енетін адамдардың өзараәрекеттесулерін терең білу.

Қарым-қатынас мәдениеті. Жеке адамдар арасындағы конфлик жағдай және оны шешу жолдары. Әңгімелесу-конфликт шешу оны түзету жолы ретінде. Бірге жұмыс істеу (кооперация) және бір-біріне қарсы (конкуренция) өзара әсер ету түрі.

Г.М.Андреева қарым-қатынастың бір-бірімен байланысты үш жағы бар: біріншісі - қарым-қатынастың коммуникативті жағы – адамдар арасындағы ақпарат алмасумен, келесі қарым-қатынастың интерактивті жағы адамдармен өзара әрекеттестік ұйымдастырумен, үшінші - қарым-қатынастың перцептивті жағы – қатынастағы адамдардың өзара ынтымақтастық, түсіністік негізімен белгіленеді.

Ортақтасу барысында адамдар түрлі идеялар мен көңіл күйлермен, сезімдермен, қызығушылығымен алмасып отырады. Осының барлығын ортақтасудағы ақпарат деп қарастыруға болады және оның тұлға аралық коммуникациялық ерекшеліктері бар.

1. Тұлға аралық қатынастағы кері байланыс ортақтасу барысында бір адамнан екінші адамға тек беріліп алынбайды алмасады. Сондықтан ортақтасудағы ақпарат алмасу тікелей алмасу ғана емес, бұл процестің негізгі мақсаты белгілі жағдайдың немесе мәселенің жалпы мағынасын анықтау ортақ келісімге келу. Осы міндетті шешу үшін тұлға аралық ортақтасу барысында кері байланыс механизмі қызмет етеді. Бұл механизмнің мәні: тұлға аралық коммуникацияда ақпарат алмасу екі есе көбейтеді. Коммуникатордан ретципиентке өткен ақпараттың ішкі мағынасы мен қатар реципиент коммуникатордың ақпаратына оның тәртібіне қалай қарайтындығы, қалай бағалайтындығы жөнінде мәліметтерді береді.

Кері байланыс дегеніміз – коммуникатордың әрекетіне ретципиенттің реакциясы. Кері байланыстың мақсаты ортақтасу партнерына оның мінез құлқындағы өзгерістер жағынан қалай қабылдап тұрғанын түсіндіруге көмектесу болып табылады. Кері байланыс түрлері:







Дата добавления: 2015-12-04; просмотров: 341. Нарушение авторских прав; Мы поможем в написании вашей работы!



Аальтернативная стоимость. Кривая производственных возможностей В экономике Буридании есть 100 ед. труда с производительностью 4 м ткани или 2 кг мяса...

Вычисление основной дактилоскопической формулы Вычислением основной дактоформулы обычно занимается следователь. Для этого все десять пальцев разбиваются на пять пар...

Расчетные и графические задания Равновесный объем - это объем, определяемый равенством спроса и предложения...

Кардиналистский и ординалистский подходы Кардиналистский (количественный подход) к анализу полезности основан на представлении о возможности измерения различных благ в условных единицах полезности...

Йодометрия. Характеристика метода Метод йодометрии основан на ОВ-реакциях, связанных с превращением I2 в ионы I- и обратно...

Броматометрия и бромометрия Броматометрический метод основан на окислении вос­становителей броматом калия в кислой среде...

Метод Фольгарда (роданометрия или тиоцианатометрия) Метод Фольгарда основан на применении в качестве осадителя титрованного раствора, содержащего роданид-ионы SCN...

ОПРЕДЕЛЕНИЕ ЦЕНТРА ТЯЖЕСТИ ПЛОСКОЙ ФИГУРЫ Сила, с которой тело притягивается к Земле, называется силой тяжести...

СПИД: морально-этические проблемы Среди тысяч заболеваний совершенно особое, даже исключительное, место занимает ВИЧ-инфекция...

Понятие массовых мероприятий, их виды Под массовыми мероприятиями следует понимать совокупность действий или явлений социальной жизни с участием большого количества граждан...

Studopedia.info - Студопедия - 2014-2024 год . (0.011 сек.) русская версия | украинская версия