Студопедия — Биурет реакциясы.
Студопедия Главная Случайная страница Обратная связь

Разделы: Автомобили Астрономия Биология География Дом и сад Другие языки Другое Информатика История Культура Литература Логика Математика Медицина Металлургия Механика Образование Охрана труда Педагогика Политика Право Психология Религия Риторика Социология Спорт Строительство Технология Туризм Физика Философия Финансы Химия Черчение Экология Экономика Электроника

Биурет реакциясы.






Бұл реакция. Белок молекуласында пептидтік байланыстың бар екендігін дәлелдейдтін реакция. Кейбір белок емес заттарға сапалық реакция.

Анықтау әдісі:

5 тамшы 1% жұмыртқа белогына 3 тамшы 10% натрий гидроксидін және 1 тамшы 1% мыс сульфатын қосамыз. Жақсылап араластырамыз, боялу интенсивтілігі тікелей белоктағы пептидті байланыстардың санына тәуелді.

Химизм. Белок молекуласында пептидті байланыс сілтілі ортада мыс сульфатымен комплекс түзеді. Комплекстің түсі белок молекуласындағы пептидтік байланыстың, яғни белоктың концентрациясына байланысты.

Мысалы: пептидтік байланыс көптеу болса, комплекс көк түс, аздау болса пептидті байланыс күлгін-қызғылт немесе қызғылт түсті комплекс түзеді.

Студенттер белоктың құндылығы жөнінде қорытынды шығарады. Белоктарға және аминқышқылдарына түрлі-түсті реакциялар, жасалынған жұмыстардың нәтижесін бірге талдап кестені толтырылады.

 

Реакцияның аты Зерттелген материал Бұл реакция нені ашады Алынған нәтиже түсі немесе тұнба
         

 


ТЕСТ БАҚЫЛАУ

1. Алифатты амин қышқылдарын атаңыз:

а) аспарагин қышқылы, метионин, гистидин, пролин, цистеин

б) глютамин қышқылы, фенилаланин, тирозин, треонин, цистеин

в) глицин, валин, аланин, лейцин, изолейцин

г) лизин, аргинин, гидроксипролин, тирозин, серин

2. Оксиамин қышқылдарын атаңыз;

а) триптофан, фенилаланин

б) серин, треонин

в) аспарагин қышқылы, глютамин қышқылы

г) метиони, цистеин

3. Организмде метил тобының көзі болып табылады:

а) цистеин

б) лейцин

в) валин

г) метионин

4. Қышқыл белоктардың құрамында кездесетін амин қышқылдар:

а) оксиаминқышқылдар

б) циклді аминқышқылдар

в) моноаминомонокарбон қышқылдар

г) моноаминодикарбон қышқылдар

5. Күкірті бар амин қышқылдарды атаңыз:

а) серин, триптофан, лейцин

б) трионин, глютамин қышқылы, аланин

в) метионин, цистеин, цистин

г) изолейцин, лизин, аргинин

6. Белок молекуласының құрамында оттегінің мөлшері:

а) 16 % в) 18 %

б) 21 % г) 46 %

7. Белок молекуласының құрамында сутегінің мөлшері

а) 7 %

б) 10 %

в) 15 %

г) 5 %

8. Диаминомонокарбон қышқылдарын атаңыз:

а) лизин, аргини

б) аспарагин қышқылы, глютамин қышқылы

в) метионин, цистеин

г) фенилаланин, триптофан

9. Моноаминодикарбон қышқылдары:

а) лизин, аргинин

б) метионин, цистеин

в) аспарагин қышқылы, глютамин қышқылы

г) триптофан, фенилаланин

10. Негізгі белоктардың құрамында кездеседі:

а) циклді аминқышқылдар

б) моноаминомонокарбон қышқылдар

в) диаминомонокарбон қышқылдар

г) оксиамин қышқылдар

 

 


ВАРИАНТ

1. Валин, аспарагин қышқылы, фенилаланин және глютамин қышқылынан тұратын тетрапептид құрастырыңыз. Оны атаңыз.

2. Фрагмент ретінде осы тетрапептид бар белок қандай қасиетке ие болады, қышқыл, нейтралды, негізгі?

ВАРИАНТ

1. Лизин, гистидин, аргинин, пролиннен тұратын тетрапептид құрастырыңыз. Оны атаңыз.

2. Фрагмент ретінде осы тетрапептид бар белок қандай қасиетке ие болады, қышқыл, нейтралды, негізгі?

 

ВАРИАНТ

1. Аргинин, тирозин, оксипролин және лизиннен тұратын тетрапептид құрастырыңыз. Оны атаңыз.

2. Фрагмент ретінде осы тетрапептид бар белок қандай қасиеттке ие болады - қышқыл, нейтралды, негізгі?

ВАРИАНТ

1. Метионин, триптофан, аланин, лейциннен тұратын тетрапептид құрастырыңыз. Оны атаңыз.

2. Фрагмент ретінде осы тетрапептид бар белок қандай қасиетке ие болады - қышқыл, нейтралды, негізгі?

ВАРИАНТ

1. Цистеин, изолейцин, глицин, метиониннен тұратын тетрапептид құрастырыңыз. Оны атаңыз.

2. Фрагмент ретінде осы тетрапептид бар белок қандай қасиетке ие болады - қышқыл, нейтралды, негізгі.

ВАРИАНТ

 

1. Глютамин қышқылы, серин, аспарагин қышқылы треониннен тұратын тетрапептид құрастырыңыз. Оны атаңыз.

2. Фрагмент ретінде осы тетрапептид бар белок қандай қасиетке ие болады - қышқыл, нейтралды, негізгі?

 

 

1. Тақырыбы: Ферменттер. Ферменттердің қасиеті. Ферменттер белсенділігінің реттелуі.

2. Мақсаты:Студенттер ферменттердің активтілігінің реттелуі, қанның құрамында ферменттердің сандық мөлшерін анықтау жөніндегі білімдерін қалыптастырулары тиіс.

3. Оқыту мақсаты:Ферменттер универсальды биокатализаторлар болғандықтан тірі организмнің метаболизмін толық қамтиды. Ферменттердің қатысуымен зат алмасу процесстері жүзеге асырылады. Ферменттерді оқып үйрену болашақ стоматолог дәрігерлер үшін өте қажет, себебі әрбір патологиялық процесстердің пайда болуы ферменттердің активтілігінің әртүрлі өзгерістерге ұшырау салдарына тікелей байланысты.

4. Тақырыптың негізгі сұрақтары:

1. Ферменттердің активтілігіне әсер ететін факторлар, атаңыз.

2. Ферменттің активтілігіне температураның әсері, оптимальды температура, ферменттердің қайтымды және қайтымсыз инактивациясы.

3. Ортаның рН-ның фермент активтілігіне әсері, ферменттердің рН- оптимумы.

4. Ферментативті реакцияның жылдамдығына субстрат пен ферменттің концентрациясының әсері.

5. Ферментке эффекторлардың әсері (анықтама беру).

6. Активаторлар, түрлері.

7. Спецификалы активаторлар, түсінік (мысал).

8. Спецификалы емес активаторлар, түсінік (мысал).

9. Спецификалық ингибиторлар, түсінік (мысал).

10. Спецификалық емес ингибиторлар, түсінік (мысал).

11. Конкурентті ингибиторлар, түсінік (мысал).

12. Конкурентті емес ингибиторлар, түсінік (мысал).

13. Қанның құрамындағы ақуыздар мен ферменттердің сандық мөлшерін анықтау.

5. Білім берудің және оқытудың әдістері: шағын топтар, есептерді шығару, жұптасып жұмыс істеу.

6. Әдебиет:

Қазақ тілінде

Негізгі:

1. Сейтембетов Т.С., Төлеуов Б.И., Сейтембетова А.Ж. Биологиялық химия Қарағанды.-2007.

2. Тапбергенов С.О Медициналық биохимия.-Павлодар.-2008.

3. Сейтембетова А.Ж., Лиходий С.С., Биологиялық химия, 1994.

Қосымша:

3. Биохимия сұрақтары мен жауаптары. ҚР ҰҒА корр., проф.С.М. Адекеновтің ред. Басшылығымен.- Астана, 2003

4. Сеитов З.С., Биологиялық химия, 2007.

Орыс тілінде

Негізгі:

5. Тапбергенов С.О. Медицинская биохимия, - Астана,2001.

6. Березов Т.Т., Коровкин Б.Ф. Биологическая химия.-М., 2005, 2007.

7. Биохимия, под ред.Чл.-корр. РАН, рпроф. Е.С.Сервина.-М., 2005, 2007.

8. Николаев А.Я. Биологическая.-химия. М.,2004.

Қосымша:

1. Тапбергенов С.О, Тапбергенов Т.С Медицинская и клиническая биохимия. –Павлодар, 2004.

2. Шарманов Т.Ш., Плешкова С.М. Метаболические основы питания с курсом общей биохимии- Алматы, 1998,2008

3. Марри Р., ГренерД., Мейес П., Родуэлл В. Биохимия человека. 2003

4. Кольман Я., Рем К-Г.Наглядная биохимия. М.:Мир, 2004.

5. Биохимия. Тесты и задачи: Учебное пособие для студентов медвузов, под ред. Чл.- корр. РАН, проф. Е.С.Северина.-М.,2005.

6. Биохимия в вопросах и ответах. Под. Ред чл.- корр. НАН РК, д.х.н.,

7. Бақылау: (сұрақтар, тесттер, есептер және т.б.)

Ферменттердің активтілігіне температураның әсерін бақылау.

а) Сілекей амилазасының активтілігіне температураның әсері.

Жұмыс әдісі. Бес пробиркаға төмендегі келтірілген реактивтер құйылады және әр пробиркаға әр түрлі температуралық жағдай жасалады.

 

N пробиркалар температура          
Сұйықтықтар О0С О0С 240С 450С 100 0С
Сілекей (1:10) 10 тамшы 10 тамшы 10 тамшы 10 тамшы 10 тамшы
10 минут инкубирлейміз
Крахмал ерітіндісі 10 тамшы 10 тамшы 450С 10 тамшы 10 тамшы 10 тамшы 450С
5 минут инкубирлейміз
Люголь реактиві 1 тамшы 1 тамшы 1 тамшы 1 тамшы 1 тамшы
Түсі:          
Гидролизі (+ немесе -)          
Нәтижесі          

Гидролиз нәтижесін кестеге толтырамыз.

б) Фермент активтілігіне рН-ортаның әсерін зерттеу.

Жұмыс әдісі. Үш пробиркаға әрқайсысына сәйкес буферлі ерітінділер аламыз және кестеде келтірілген ерітінділерді қосып амилазаның активтілігінің өзгерістерін бақылаймыз.

Пробиркалар      
рН ортасы 1,5 6,8 9,0
Буферлі ерітінділер 1 мл 1 мл 1 мл
Сілекей (1:10) 10 тамшы 10 тамшы 10 тамшы
10 минут инкубирлейміз
Крахмал ерітіндісі 10 тамшы 10 тамшы 10 тамшы
5 минут инкубирлейміз
Люголь реактиві 1 тамшы 1 тамшы 1 тамшы
Түсі:      
Гидролиз нәтижесі (+ немесе -)      

в) Фермент активтілігіне активаторлармен

парализаторлардың әсері.

Жұмыстың әдісі: Үш пробиркаға келесі сұйықтықтарды алып құямыз да гидролиз нәтижесін салыстырамыз.

 

N пробиркалар      
NаСІ Си SО4 Н2О
NаСІ, Си SО4 Н2О 1 мл 1 мл 1 мл
Сілекей (1:10) 10 тамшы 10 тамшы 10 тамшы
5 минут инкубирлейміз
Крахмал ерітіндісі 10 тамшы 10 тамшы 10 тамшы
10 минут инкубирлейміз
Люголь реактиві 1 тамшы 1 тамшы 1 тамшы
Түсі:      
Гидролизі (+ немесе -)      
Нәтижесі      

 

Тест сұрақтары

 

1. Мына заттың әсерінен пепсиноген пепсинге айналады:

а/ энтерокиназа

б/ тұз қышқылы

в/ өт қышқылдардың тұздары

г/ эмульсиялану

д/ трипсин

2. Профермент дегеніміз:

а/ ферменттің активсіз түрі

б/ ІҮ структурасы бар фермент

в/ аллостерикалық орталығы жоқ фермент

г/ бірнеше активті орталығы бар фермент

д/ ферменттің молекулалық түрі

3. Оптимумды Т° кезінде фермент:

а/ қайтымды инактивацияға ұшырайды

б/ ең төменгі активтілік көрсетеді

в/ тұнбаға түседі

г/ максималды активтілік көрсетеді

д/ қайтымсыз инактивацияға ұшырайды

4. Қайтымсыз инактивацияға ұшырайды

а/ 00С-та б/ -5 0С-та

в/ -40 0С-та г/ +40 0С-та

д/ +100 0С-та

5. Сілекей амилазасының рН оптимумы:

а/ 1,5 б/ 4,7

в/ 6,8 г/ 3,5

д/ 10,5

6. Пепсиннің спецификалық активаторы:

а/ магний ионы

б/ өт қышқылдарының тұздары

в/ энтеропептидазалар

г/ тұз қышқылы

д/ трипсин

7. Трипсиннің спецификалық активаторы:

а/ СО

б/ күшті қышқыл тұздары

в/ энтеропептидаза

г/ НСІ

д/ химотрипсин

8. Барлық ферменттердің арнайы емес ингибиторы ол:

а/ СО

б/ күшті қышқыл тұздары

в/ марганец иондары

г/ гексапептид

д/ ауыр металлдардың тұздары

9. Бәсекелес ингибирлену дегеніміз, егер субстрат пен ингибитор:

а/ құрылысы жағынан ұқсас болып келсе және ингибитор ферменттің активті орталығымен

байланысса

б/ ферменттің аллостерикалық орталығына ұқсас келсе

в/ ферменттің активті орталығына ұқсас келсе

г/ ферменттің құрылысына ұқсас келсе

д/ құрылысы жағынан ферменттің аллостерикалық орталығына ұқсамаса

10. Бәсекелес емес ингибирлену кезінде келесі комплекс түзіледі:

а/ фермент-субстрат б/ фермент- ингибитор

в/ субстрат- ингибитор г/ фермент-субстрат- ингибитор

д/ фермент- реакция өнімі

1.Тақырыбы: Тағам биохимиясы. Витаминдер.

2. Мақсаты:Студенттер витаминдер, олардың жіктелуі, суда және майда еритін витаминдердің химиялық табиғаты, организмдегі ролі туралы өз білімдерін қалыптастырулары тиіс.

3. Оқыту мақсаты:Витаминдер – тағамның негізгі алмастырылмайтын құрам бөлігі бола отырып, жануар организмінде жүріп жатқан биохимиялық және физиологиялық процесстердің қалыпты жүріп отыруын қамтамасыз етеді. Зат алмасудың реттелуінің бұзылуы және әр түрлі патологиялардың дамуы организмге витаминдердің аз мөлшерде түсуі (тағам құрамында аз болуы) немесе мүлдем түспеуі (ас қорыту жолдарында сіңірілудің нашарлауы) себебінен дамиды. Себебі, витаминдер биохимиялық процесстерді катализдейтін ферменттердің коферменттік қызметін атқарады. Сондықтан болашақ дәрігерлер үшін витаминдер туралы білу өте маңызды.

4. Тақырыптың негізгі сұрақтары:

1. Витаминдер, анықтама беріңіз.

2. Гипо-, гипер-, авитаминоз туралы түсінік.

3. Витаминдердің классификациясы, номенклатурасы.

4. Суда еритін витаминдер, негізгі өкілдері.

5. Витаминдердің ферменттер құрамында кездесуі, ролі.

6. В1 витамині, тәуліктік мөлшері, химиялық табиғаты, табиғатта таралуы, биологиялық әсері, авитаминозы.

7. В2 витамині, тәуліктік мөлшері, химиялық табиғаты, табиғатта таралуы, биологиялық әсері, авитаминозы.

8. В3 витамині, тәуліктік мөлшері, химиялық табиғаты, табиғатта таралуы, биологиялық әсері, авитаминозы.

9. В5 витамині, тәуліктік мөлшері, химиялық табиғаты, табиғатта таралуы, биологиялық әсері, авитаминозы.

10. В6 витамині, тәуліктік мөлшері, химиялық табиғаты, табиғатта таралуы, биологиялық әсері, авитаминозы.

11. Вс витамині, тәуліктік мөлшері, химиялық табиғаты, табиғатта таралуы, биологиялық әсері, авитаминозы.

12. В2- витамині мен флавинферменттер арасындағы байланыс.

13. В5 витамині мен пиридинферменттер арасында қандай байланыс бар?

14. В1, В6, Вс, В12, В3 витаминдерінің коферменттік қызметі.

15. Н витамині, биологиялық ролі.

16. Поливитаминдер, антивитаминдер туралы түсінік.

17. Р витамині, биологиялық маңызы.

18. С витамині, табиғатта таралуы, тәуліктік мөлшері, биологиялық ролі.

5. Білім берудің және оқытудың әдістері: құзіреттіліктерді меңгеру бойынша тиімді кері байланыс, шағын топтарда оқыту SGL, мәселелерге/есептелген негізделген оқыту TaskBL

6. Әдебиет:

Орыс тілінде:

Негізгі:

1.Тапбергенов С.О. Медицинская биохимия.- Астана, 2001.

2.Березов Т.Т., Коровкин Б.Ф. Биологическая химия.- М.,2005, 2007.

3.Биохимия, под ред. Чл.-корр. РАН, проф. Е.С. Северина.- М.,2005, 2007.

4. Шарманов Т.Ш., Плешкова С.М. Метаболические основы питания с курсом общей биохимии – Алматы, 1998, 2008

Қосымша:

1.Тапбергенов С.О, Тапбергенов Т.С. Медицинская и клиническая биохимия.-Павлодар,2004.

2.Марри Р., Греннер Д., Мейес П., Родуэлл В. Биохимия человека. 2003

3.Кольман Я., Рем К-Г. Наглядная биохимия.- М.: Мир, 2004.

4.Биохимия. Тесты и задачи: Учебное пособие для студентов медвузов, под ред. Чл.-корр. РАН, проф. Е.С. Северина.- М.,2005.

5.Биохимия в вопросах и ответах. Под. Ред. чл.-корр. НАН РК, д.х.н.,

проф. С.М. Адекенова. -Астана, 2003.

Қазақ тілінде:

Негізгі:

1.Сейтембетов Т.С., Төлеуов Б.И., Сейтембетова А.Ж.. Биологиялық химия.-Қарағанды.-2007.

2. Тапбергенов С.О. Медициналық биохимия.-Павлодар.-2008.

2.Сеитов З.С., Биологиялык химия, 2007

3.Сейтембетова А.Ж.., Лиходий С.С., Биологиялық химия, 1994.

Қосымша:

1.Биохимия сұрақтары мен жауаптары. ҚР ҰҒА корр., проф. С.М. Адекеновтің ред. басшылығымен.-Астана,2003.

Ағылшын тілінде:

1. Lehninger «Principles of biochemistry», Fourth Edition, David L.Nelson, Michael M. Cox, 2005.

2. Murray R.K., Granner D.K., Mayes P.A., Rodwell V.W., Harpers Biochemistry.1988.

3. Saini A.S., Kaur J., Textbook of biochemistry.- New Delhi,1995.

7. Бақылау: (сұрақтар, тесттер, есептер және т.б.)

Өз бетімен атқаратын жұмыстар:

 

1. Витамин жетіспеушілігінің түзілу механизмі және себебі.

2. Триптофанның декарбоксилдену реакциясын жазыңыз. Қай фермент, бұл реакцияны катализдейді? Бұл ферменттің құрамына кіретін витаминді атаңыз.

3. В2 витамині қай ферменттің құрамына кіреді? Ферменттің катализдейтін кез-келген реакциясын жазыңыз.

4. В1 витаминнің авитаминозы кезінде қай ферменттің функциясы бұзылады? Неге? Бұл ферменттердің катализдік әсері.

5. В5 витамині қай ферменттің құрамына кіреді. Бұл ферменттің катализдейтін реакциясын жазыңыз.

6. В6-витаминінің авитаминозы кезінде қай ферменттің функциясы бұзылады? Бұл ферменттердің катализдік әсері.

7. a-кетоглутарқышқылының тотығудан декарбоксилдену реакциясын жазыңыз. Бұл реакцияны жылдамдататын ферменттердің құрамына кіретін витаминдерді атаңыз.

8. Витамин Н қай ферменттің құрамына кіреді және бұл фермент қай класқа жатады.

9. Витамин В12 және Вс авитаминоздары қалай аталады? Бұл жағдайда қай ферменттердің функциясы бұзылады.

10. Витамин С-ң қандай әсері бар?

11. А- витаминінің авитаминозы кезінде неге ксерофтальмия байқалады?

12. Д- витаминінің алмасатын активті формаларын жазыңыз.

13. Қай витамин жетіспеген жағдайда қан ұю процессінің бұзылысы байқалады?

14. Жануар организмінде қандай витаминдер жартылай синтезделуі мүмкін?

Ситуациялық есептер шығару:

1. Балалардың қанының құрамында гемоглобин саны төмен, түрлері боп-боз, ішекте гельминттер кездеседі. Бұл жағдайды қалай түсіндіруге болады?

 

2. Қанның құрамында ПЖҚ-ның саны көбейген, содан соң зәрдің құрамында пирожүзім қышқылы кездеседі. Қай авитаминоз кезінде байқалады?

3. Науқаста психикалық өзгерістер, есте сақтау қабілетінің төмендеуі, елес, тәбетінің төмендеуі, жүрек соғысының жиілеуі, жүрек маңында, нервтер бойында, балтыр бұлшық етінің ауырсынуы байқалады. Науқасқа диагноз қойыңыз. Қандай витаминдермен емдейсіз? Ол витаминнің химиялық табиғаты, биологиялық әсері, тәуліктік мөлшері, табиғатта таралуы.

 

4. Науқаста фоль қышқылымен емдеуге келмейтін дерматит белгілері бар (тері қабынуы). Бұл жағдайда қандай витамин тағайындауға болады және ол витаминнің химиялық табиғатын, биологиялық әсерін, тәуліктік мөлшерін, таралуын түсіндіріңіз.

 

5. Науқаста асқазан сөлінің қышқылдығы жоғарылаған, және фоль қышқылымен емдеуге келмейтін қаназдық байқалса, қандай витаминмен емдер едіңіз? Сол витамин туралы толық мәлімет беріңіз.

 

6. Науқас өте тітіркенгіш, басы айналады, іші өтеді, бет, мойын, қол терілері симметриялы түрде зақымданған. Қандай витамин тағайындар едіңіз?

 

7. Науқас көп мөлшерде сульфаниламидті препараттарды және антибиотиктерді қабылдаған соң, дененің барлық бөлігінің терісінің түлеуі және қызаруымен білінетін дерматит, шаш түсуі, тырнақтарының зақымдануы байқалды. Егер В5 және В6 витаминімен емдеу нәтижесіз болса, қандай витамин тағайындар едіңіз? Витаминнің химиялық табиғаты, биологиялық әсері, тәуліктік мөлшері, табиғатта таралуы.

 

8. Науқастың қаны аз, гемоглобин, эритроцит, лейкоциттер мөлшері азайған. В12 витаминімен емдегенде нәтиже байқалмады. Қандай витаминмен емдеуге болады? Неге?

 

9. Науқастың көру қабілеті нашарлаған. Көздің қасаң қабағы құрғақ. Қандай витаминнің авитаминозы? Осы витаминнің биологиялық әсері, тәуліктік мөлшері, табиғатта таралуы.

 

10. Баланың басы үлкен, еңбегі бітпеген, іші үлкен, тісі кеш шыққан. Науқас баланың диагнозы. Қандай витаминмен емдейсіз? Ол витаминнің химиялық табиғаты, биологиялық әсері, тәуліктік мөлшері, табиғатта таралуы.

 

11. Науқастың іші жиі өтеді және ішінен қан өтеді. Операция кезінде қан көп ағады. Бұл қандай витаминнің авитаминозы? Химиялық табиғаты, биологиялық әсері, табиғатта таралуы.

 

12. Науқастың бұлшық еті әлсізденген, жүкті болса түсік байқалады. Қандай витаминмен емдейсіз? Витаминнің химиялық табиғаты, биологиялық әсері, тәуліктік мөлшері, табиғатта таралуы.

 

13. Науқас жалпы әлсіз, тез шаршайды, қан тамырларының өткізгіштігі жоғарылаған, қан құйылу және қан ағу күшейген. Қандай витаминмен емдейсіз? Витаминнің химиялық табиғаты, биологиялық әсері, тәуліктік мөлшері, табиғатта таралуы.

14. Науқас дене салмағын жоғалтқан, жалпы әлсіз, таңдайы қанталап, қанайды, қан тамырлары өткізгіш және сынғыш келеді. Тері астына майда қан құйылады. Қандай витаминмен емдейсіз? Химиялық табиғаты, Биологиялық әсері, тәуліктік мөлшері, табиғатта таралуы.

Лабораториялық жұмыстар

Суда еритін витаминдер. Тиаминге сапалық реакция

1. Диазореактивімен реакция

Жұмыстың әдісі: Пробиркаға диазореактивті дайындаймыз. Ол үшін 1% сульфанил қышқылынан 5 тамшы және 5%-NaNO2 5 тамшы алып құямыз. Түзілген диазореактивтің үстіне тиамин (порошогын) ұнтағын кішкене қосып және 5% NaСO3 қосып араластырамыз. Жақсылап араластырған соң сұйықтық алдымен сары түске боялады, содан соң қызғылт түске ауысады.

(Тиамин диазореактивімен қоңыр-сары түсті пигмент пайда болады).

 

2. Тиаминнің тотықсыздануы

Жұмыстың әдісі: Екі пробирка аламыз: бірінші пробиркаға 5%-ті тиаминнен 5 тамшы, екінші пробиркаға 5 тамшы дистилденген су алып құямыз. Екі пробиркаға 6 тамшы 10% NаСО3 және 5 тамшы 5%-ті К4Fe (железосинеродистый калий) (СN6) ерітінділерін құямыз. Екі пробиркадағы сұйықтықты араластырып, қыздырған кезде бірінші пробиркада қоңыр-сары түс пайда болады, екінші пробиркада лимон-сары түс пайда болады. Яғни тиаминнің К4Fe (СN6) қатысуымен тотықсызданғанын байқаймыз.

В6 витаминіне феррихлоридті сынама

Жұмыстың барысы: Пробиркаға 5% В6 витамин ерітіндісінен 5 тамшы аламыз. Бұл ерітіндінің үстіне хлорлы темірдің 5% ертіндісінен 1 тамшы қосып, жақсылап араластырамыз, нәтижесінде ерітінді қызыл түске боялады.

Химизмі:хлорлы темірмен В6 витамині әрекеттескен кезде қызыл түсті темірфенолятінің комплексті қосындысы түзіледі.

 

  1. С витаминіне сапалық реакция

Жұмыс барысы:Пробиркаға 1% итмұрын сөлінен 5 тамшы немесе құрамында С витамині бар басқа сұйықтық аламыз. Бұл ерітіндінің үстіне 5% калийферрицианид ерітіндісінен 1 тамшы және 1% хлорлы темір ерітіндісінен 1 тамшы қосамыз. Жақсылап араластырғаннан соң ерітінді жасыл-көк түске боялады және көк түсті Берлин лазурі тұнбаға түседі.

Химизмі:Аскорбин қышқылы дегидроаскорбин қышқылына тотыққан кезде, калий феррицианиді калийферроцианидіне тотықсызданады. Соңғысы хлорлы темірмен әрекеттескен кезде көк түсті Берлин лазурі тұнбаға түседі.

 







Дата добавления: 2015-12-04; просмотров: 1310. Нарушение авторских прав; Мы поможем в написании вашей работы!



Кардиналистский и ординалистский подходы Кардиналистский (количественный подход) к анализу полезности основан на представлении о возможности измерения различных благ в условных единицах полезности...

Обзор компонентов Multisim Компоненты – это основа любой схемы, это все элементы, из которых она состоит. Multisim оперирует с двумя категориями...

Композиция из абстрактных геометрических фигур Данная композиция состоит из линий, штриховки, абстрактных геометрических форм...

Важнейшие способы обработки и анализа рядов динамики Не во всех случаях эмпирические данные рядов динамики позволяют определить тенденцию изменения явления во времени...

Основные разделы работы участкового врача-педиатра Ведущей фигурой в организации внебольничной помощи детям является участковый врач-педиатр детской городской поликлиники...

Ученые, внесшие большой вклад в развитие науки биологии Краткая история развития биологии. Чарльз Дарвин (1809 -1882)- основной труд « О происхождении видов путем естественного отбора или Сохранение благоприятствующих пород в борьбе за жизнь»...

Этапы трансляции и их характеристика Трансляция (от лат. translatio — перевод) — процесс синтеза белка из аминокислот на матрице информационной (матричной) РНК (иРНК...

Характерные черты немецкой классической философии 1. Особое понимание роли философии в истории человечества, в развитии мировой культуры. Классические немецкие философы полагали, что философия призвана быть критической совестью культуры, «душой» культуры. 2. Исследовались не только человеческая...

Обзор компонентов Multisim Компоненты – это основа любой схемы, это все элементы, из которых она состоит...

Кран машиниста усл. № 394 – назначение и устройство Кран машиниста условный номер 394 предназначен для управления тормозами поезда...

Studopedia.info - Студопедия - 2014-2024 год . (0.013 сек.) русская версия | украинская версия