Студопедия — Билет -14
Студопедия Главная Случайная страница Обратная связь

Разделы: Автомобили Астрономия Биология География Дом и сад Другие языки Другое Информатика История Культура Литература Логика Математика Медицина Металлургия Механика Образование Охрана труда Педагогика Политика Право Психология Религия Риторика Социология Спорт Строительство Технология Туризм Физика Философия Финансы Химия Черчение Экология Экономика Электроника

Билет -14






1. Патология кезінде асқазан сөлінің өзгеруі.

2. Белоктардың шіруі кезінде түзілген улы өнімдерді глюкурон қышқылымен усыздандыру.

 

 

1.Тақырыбы: Аммиактың алмасуы мен залалсыдандыру жолдары. Биологиялық сұйықтықтардағы азоттың және липидтік алмасудың көрсеткіштерін анықтау.

2. Мақсаты:Студенттержануарлар организмі ткандеріндегі амин қышқылдарының өзгерістерге ұшырау заңдылықтары туралы, аминқышқылдарының алмасуы өнімдерінің организмге тигізетін физиологиялық әсері туралы, организмдегі белоктар алмасуының кейбір көрсеткіштерін тәжірибе жүзінде анықтау туралы білімдерін қалыптастырулары тиіс.

3. Оқыту мақсаты:Организмде белоктардың ролі мен маңызын бағалау өте қиын. Адам организмінде тоқтаусыз белоктар жаңарып отырады, жаңадан белоктар синтезделеді, белоктар молекуласы өзгереді және қолданылып болған белоктар усыздандырылады. Сол себепті студенттер белок алмасуының метаболизмдерін, бауырдың усыздандырудағы ролін, белок алмасуларының аралық өнімдерін және соңғы өнімдерінің түзілу жолдарын, жақсы игерулері қажет.

4. Тақырыптың негізгі сұрақтары:

1. Амин қышқылдарының дезаминденуі, түрлері, түсінік.

2. Амин қышқылдарының тікелей емес тотығудан дезаминденуі.

3. Аммиактың тағдыры (атап өту).

4. Амидтену және дезаминдену, процесстердің маңызы.

5. Аммиактың түзілуі және усыздану жолдары.

6. Мочевинаның синтезі.

7. Мочевинаны анықтаудың клиникалық маңызы.

8. Амин қышқылдарының азотсыз қалдықтарының тағдыры.

9. Азотсыз баланс дегеніміз не? Оң және теріс азоттық балансқа түсініктеме беріңіз.

10. Гликогенді және кетогенді амин қышқылдары.

11. Жай белоктар алмасуының соңғы өнімдері, олардың түзілуі және бөлінуі.

5. Білім берудің және оқытудың әдістері: құзіреттіліктерді меңгеру бойынша тиімді кері байланыс, шағын топтарда оқыту SGL, мәселелерге/есептелген негізделген оқыту TaskBL

6. Әдебиет:

Орыс тілінде:

Негізгі:

1.Тапбергенов С.О. Медицинская биохимия.- Астана, 2001.

2.Березов Т.Т., Коровкин Б.Ф. Биологическая химия.- М.,2005, 2007.

3.Биохимия, под ред. Чл.-корр. РАН, проф. Е.С. Северина.- М.,2005, 2007.

4. Шарманов Т.Ш., Плешкова С.М. Метаболические основы питания с курсом общей биохимии – Алматы, 1998, 2008

Қосымша:

1.Тапбергенов С.О, Тапбергенов Т.С. Медицинская и клиническая биохимия.-Павлодар,2004.

2.Марри Р., Греннер Д., Мейес П., Родуэлл В. Биохимия человека. 2003

3.Кольман Я., Рем К-Г. Наглядная биохимия.- М.: Мир, 2004.

4.Биохимия. Тесты и задачи: Учебное пособие для студентов медвузов, под ред. Чл.-корр. РАН, проф. Е.С. Северина.- М.,2005.

5.Биохимия в вопросах и ответах. Под. Ред. чл.-корр. НАН РК, д.х.н.,

проф. С.М. Адекенова. -Астана, 2003.

Қазақ тілінде:

Негізгі:

1.Сейтембетов Т.С., Төлеуов Б.И., Сейтембетова А.Ж.. Биологиялық химия.-Қарағанды.-2007.

2. Тапбергенов С.О. Медициналық биохимия.-Павлодар.-2008.

2.Сеитов З.С., Биологиялык химия, 2007

3.Сейтембетова А.Ж.., Лиходий С.С., Биологиялық химия, 1994.

Қосымша:

1. Биохимия сұрақтары мен жауаптары. ҚР ҰҒА корр., проф. С.М. Адекеновтің ред. басшылығымен.-Астана,2003.

Ағылшын тілінде:

1. Lehninger «Principles of biochemistry», Fourth Edition, David L.Nelson, Michael M. Cox, 2005.

2. Murray R.K., Granner D.K., Mayes P.A., Rodwell V.W., Harpers Biochemistry.1988.

3. Saini A.S., Kaur J., Textbook of biochemistry.- New Delhi,1995.

7. Бақылау: (сұрақтар, тесттер, есептер және т.б.)

Өзіндік жұмысқа арналған жаттығулар

1. Қай амин қышқылдары тотығудан дезаминденуге қатысады; а) серин; б) тирозин;

в) гистидин; д) глютамин қышқылы; г) метионин.

2. Аммиактың ең негізгі усыздану реакциясын жазыңыз.

3. Реакцияның нәтижесін жазыңыз, катализдейтін ферменттерін атаңыз.

 

Карбомоилфосфат +?? + Н3РО4

Цитруллин +? аргинин сукцинат

 

4. Аммиак пен глютамин қышқылының әрекеттесу реакциясын жазыңыз. Бұл реакция қайда жүреді? Реакция қалай аталады? Организм үшін қандай маңызы бар? Қайтымды реакция ма?

5. Белок алмасуы кезінде бауырдағы өтетін реакцияларды жазыңыз.

6. Мочевинаның синтезін жазыңыз.

7. Аммиак қай қосылыс түрінде организмнен шығарылады.

8. Мочевинаның синтезіне қатысатын амин қышқылдарын атаңыз.

Ситуациялық есептер

1. Қан сары суында азот мочевинасы 89%, қалдық азот санының барлығы 0,75 г/л тең. Сіздің қояр диагнозыңыз?

2. Науқас адам белок мөлшерінің аз кездесетін диетасында отыр. Зерттеу кезінде қан сары суында мочевинаның мөлшері 11,33 мМоль/л тең екені анықталды. Қандай патологиялық өзгеріс деп ойлауға болады.

Лабораториялық жұмыс

Қан сары суындағы мочевинаның санын анықтау әдісі және зәр құрамындағы мочевинаны түрлі-түсті диацетилмонооксил реакциясы арқылы анықтау.

Жұмыстың принципі:Диацетилмонооксим және тиосемикарбазид, темір тұздарының әсерінен мочевина қышқыл ортада түрлі-түсті комплекс түзеді.

Анықтау әдісі:1) Белоксыз фильтрат алу. Пробиркаға 0,1мл дистилденген су, 0,2мл қан сары суын немесе 1:25, 1:50 сұйылтылған зәр және 1 мл 10%-ті ТХУ (үш хлорлы сірке қышқылын) ерітінділерін құямыз, 15-20 мин. соң фильтрлейміз, сүземіз.

2) Түрлі-түсті реакция үш пробиркаға төменде келтірілген реактивтерді қосамыз.

 

Реактивтер Пробиркалар тәжірибе бақылау стандарт
Белоксыз фильтрат Дистилденген су Мочевинаның стандарты сұйықтығы (100мг%) Түрлі-түсті реактив 0,1мл — —   2мл — 0,1 —   2мл — — 0,1мл   2мл

Пробиркаларды қайнап тұрған сулы моншада 10 минуттай ұстаймыз содан соң, ағып тұрған су ағынының астында ұстап 2-3мин суытамыз. Жасыл светофильтрлі ФЭК-те бақылау пробасына қарама-қарсы қойып тығыздығын өлшейміз. Светофильтрі жасыл.

 

Есептеу мына формуламен жүргізіледі:

Ех х 100

Х= мг%

Ест

Х- қан сары суында мочевинаның концентрациясы мг%

Ех - тәжірибе; Ест- стандарт

100-мочевинаның стандарт сұйықтығындағы концентрациясы мг%

Қалыпты жағдайда қан сары суындағы мочевина мөлшері 15-50мг%

 

2) Тәуліктік зәр құрамындағы мочевинаның өлшемін мына формуламен есептейміз:

Сст х Ех х а х К

Х= г/тәулік

Ест х в х 1000

Х- мочевинаның зәр құрамындағы тәуліктік мөлшері гр.

Ех- анықтау, тәжірибе: Ест- стандарт

Сст- мочевинаның стандарт сынамасындағы мөлшері 0,1мг

а- зәрдің тәуліктік саны мл: в- анықтауға алынған зәрдің мөлшері мл

К- зәрдің сұйылту коэффициентті

1000-мг-нан гр-ға есептеу саны

Қалыпты жағдайда зәр құрамындағы мочевина мөлшері 20-35 гр.

 

Қан сары суындағы және несептегі мочевинаның деңгейін

Мочевина КТ “ДДС” реагенттер жиынтығымен анықтау.

Тәсілдің принципі

Уреаза ферменті мочевинаның аммиак пен көмірқышқыл газына дейін ыдырауын катализдейді. Нитропруссид сілтілі ортада аммиактің салицилат және натрий гипохлоридімен әрекеттесуін катализдейді, нәтижесінде түзілген қосындының түсі мочевинаның концентрациясына тура пропорциональды.

Қалыпты жағдайда қан сары суындағы мочевинаның деңгейі - 330-580 ммоль/тәулік.

Анализді дайындау

Жұмыс реагентін дайындау: 200 мл-лік колбаға 1-реагенттен 100 мл аламыз, оның үстіне 1,0 мл 3-реагентті қосып араластырамыз. Босаған 3-реагенттің флаконын дайындалған ерітіндімен 3-4 рет шайып, жақсылап араластырамыз.

Анализді жүргізу.

Таблица

Ерітінділер Тәжірибелік сынама Калибрлік сынама Бақылау (бос) сынама
Қан сары суы немесе несеп Дистилденген су Калибратор Жұмыс реагенті 0,01 - - 1,0 - - 0,01 1,0 - 0,01 - 1,0

 

Сынамаларды жақсылап араластырып +37°С температурасында немесе бөлме тем-пературасында 5 мин инкубациялаймыз. Тәжірибелік және калибрлік сынамаларды 540 нм ұзындық бойынша ФЭК-те өлшейміз.

Қан сары суындағы мочевинаның деңгейін мына формула бойынша есептейміз:

  С=    


х 8,3
Еоп

Екал

С - зерттелетін сынамадағы мочевинаның концентрациясы ммоль/л

Ео п - тәжірибелік сынаманың тығыздығы

Екал - калибрлік сынаманың тығыздығы

8,3 - калибратордағы мочевинаның деңгейі ммоль/л

 

Несептегі мочевинаның мөлшерін мына формуламен анықтаймыз:

  С=    


х 8,3
Еопх Y x 100

Екал

С - зерттелетін сынамадағы мочевинаның концентрациясы ммоль/тәулік

Ео п - тәжірибелік сынаманың тығыздығы

Екал - калибрлік сынаманың тығыздығы

100 - несепті сұйылту коэффициэнті

Y - бір тәулікте жиналған несеп мөлшері, л.

8,3 - калибратордағы мочевинаның деңгейі







Дата добавления: 2015-12-04; просмотров: 843. Нарушение авторских прав; Мы поможем в написании вашей работы!



Кардиналистский и ординалистский подходы Кардиналистский (количественный подход) к анализу полезности основан на представлении о возможности измерения различных благ в условных единицах полезности...

Обзор компонентов Multisim Компоненты – это основа любой схемы, это все элементы, из которых она состоит. Multisim оперирует с двумя категориями...

Композиция из абстрактных геометрических фигур Данная композиция состоит из линий, штриховки, абстрактных геометрических форм...

Важнейшие способы обработки и анализа рядов динамики Не во всех случаях эмпирические данные рядов динамики позволяют определить тенденцию изменения явления во времени...

Принципы и методы управления в таможенных органах Под принципами управления понимаются идеи, правила, основные положения и нормы поведения, которыми руководствуются общие, частные и организационно-технологические принципы...

ПРОФЕССИОНАЛЬНОЕ САМОВОСПИТАНИЕ И САМООБРАЗОВАНИЕ ПЕДАГОГА Воспитывать сегодня подрастающее поколение на со­временном уровне требований общества нельзя без по­стоянного обновления и обогащения своего профессио­нального педагогического потенциала...

Эффективность управления. Общие понятия о сущности и критериях эффективности. Эффективность управления – это экономическая категория, отражающая вклад управленческой деятельности в конечный результат работы организации...

Основные разделы работы участкового врача-педиатра Ведущей фигурой в организации внебольничной помощи детям является участковый врач-педиатр детской городской поликлиники...

Ученые, внесшие большой вклад в развитие науки биологии Краткая история развития биологии. Чарльз Дарвин (1809 -1882)- основной труд « О происхождении видов путем естественного отбора или Сохранение благоприятствующих пород в борьбе за жизнь»...

Этапы трансляции и их характеристика Трансляция (от лат. translatio — перевод) — процесс синтеза белка из аминокислот на матрице информационной (матричной) РНК (иРНК...

Studopedia.info - Студопедия - 2014-2024 год . (0.007 сек.) русская версия | украинская версия