Студопедия — Билет - 7
Студопедия Главная Случайная страница Обратная связь

Разделы: Автомобили Астрономия Биология География Дом и сад Другие языки Другое Информатика История Культура Литература Логика Математика Медицина Металлургия Механика Образование Охрана труда Педагогика Политика Право Психология Религия Риторика Социология Спорт Строительство Технология Туризм Физика Философия Финансы Химия Черчение Экология Экономика Электроника

Билет - 7






1. Тканде аминқышқылдарыныњ тағдыры.

2. Мочевинаныњ синтезі, мочевинаныњ клиникалық мањызы.

 

Билет – 8

1. Тікелей емес дезаминдену.

2. Белок алмасуында ЦТК-ніњ, БО-ныњ және тотығудан фосфорланудыњ ролі.

 

Билет – 9

1. Пирожүзім қышқылыныњ тотығудан декарбоксилдену реакциясын жазыњыз.

2. Аминқышқылдарыныњ дезаминденуі.

 

Билет – 10

1. Аммиактыњ тағдыры.

2. Белок алмасуында бауырдыњ ролі.

 

 

1. Тақырыбы: Қанның биохимиясы. Органикалық және неорганикалық құрам бөліктері.

2. Сабақтың мақсаты:Болашақ стоматолог дәрігерлер үшін қан плазмасының химиялық құрамын, қан плазмасындағы органикалық және неорганикалық заттардың қалыпты мөлшерін, белоктардың фракцияларын анықтай білудің клинико-диагностикалық маңызы өте зор.

3. Оқыту мақсаты:

Студенттер қан плазмасының химиялық құрамы, органикалық және неорганикалық құрам бөлігі, қалдық азотты, азотсыз құрам бөліктерінің мөлшері, қасиеттері және белок фракцияларын анықтау тәсілдері жөнінде білімдерін қалыптастырулары керек.

4. Тақырыптың негізгі сұрақтары:

1. Қанның химиялық құрамы және атқаратын қызметтері.

2. Қан плазмасының белоктары, қалыпты мөлшері, маңызы.

3. Белок фракцияларына сипаттама, оларды анықтаудың маңызы.

4. Қанның ферменттері, оларды анықтаудың маңызы.

5. Кинин белоктары және олардың маңызы.

6. Қабынудың жедел фазасының белоктары, диагностикалық маңызы.

7. Қалдық азотты құрайтын заттар, химиялық табиғаты қандай заттардың алмасуының соңғы өнімдері. Қалдық азотты анықтаудың маңызы.

8. Қандағы глюкозаның қалыпты мөлшері. Оның қалыпты мөлшерден ауытқуының себептері.

9. Сүт қышқылы (ПЖК) коэффициентін анықтаудың диагностикалық маңызы.

10. Кетондық денелерді анықтаудың диагностикалық маңызы.

11. Холестерин (ХСН) эфирлер мен бос ХСН-нің коэффициентін анықтаудың диагностикалық маңызы.

12. Липидтер алмасуының бұзылыуын анықтауда биохимиялық әдістермен қанды зерттеу (жалпы липид,этерификацияланбаған май қышқылдары, ХСН, ТАГ, ФЛ, липопротеидтер ЛПЛ-аза және ЛХАТ активтілігі).

13. Қан құрамындағы бейорганикалық заттардың гемостазды сақтаудағы ролі.

14. Қан плазмасындағы негізгі бейорганикалық заттар және олардың маңызы. Қандағы Nа мен К-дің мөлшері.

15. Қышқылдық-сілтілік тұрақтылық (ҚСТ) дегеніміз не? қалыпты рН-тың көрсеткіші қандай? Бұл тұрақтылық қандай жүйелер арқылы сақталады?

16. Қанның негізгі буферлік жүйелерін атаңыз? Олардың әсер ету механизмдері қандай? Бикарбонаты буфердің әсерін мысалға алып түсіндіріңіз.

17. Қышқылдық - сілтілік тұрақтылықтың бұзылуы.

а) ацидоз, түрлері, пайда болу себептері.

б) алкалоз, түрлері, пайда болу себептері.

18. Гемоглобиннің газдарды тасымалдауға қатысуы:

а) Нв-нің О2-ні тасымалдаудағы ролі

б) Нв-нің СО2-ын тасымалдаудағы ролі.

1- тікелей жолы.

2- тікелей емес жолы.

19. Нв-нің физиологиялық туындылары, олардың сіңіру спектрлері

20. Нв-нің патологиялық туындылары, олардың түзілу себептері сіңіру спекторлары.

 

5. Білім берудің және оқытудың әдістері: шағын топтар, есептерді шығару, жұптасып жұмыс істеу.

6. Әдебиет:

Қазақ тілінде

Негізгі:

1. Сейтембетов Т.С., Төлеуов Б.И., Сейтембетова А.Ж. Биологиялық химия Қарағанды.-2007.

2. Тапбергенов С.О Медициналық биохимия.-Павлодар.-2008.

3. Сейтембетова А.Ж., Лиходий С.С., Биологиялық химия, 1994.

Қосымша:

1.Биохимия сұрақтары мен жауаптары. ҚР ҰҒА корр., проф.С.М. Адекеновтің ред. Басшылығымен.- Астана, 2003

2.Сеитов З.С., Биологиялық химия, 2007.

Орыс тілінде

Негізгі:

1.Тапбергенов С.О. Медицинская биохимия, - Астана,2001.

2.Березов Т.Т., Коровкин Б.Ф. Биологическая химия.-М., 2005, 2007.

3.Биохимия, под ред.Чл.-корр. РАН, рпроф. Е.С.Сервина.-М., 2005, 2007.

4.Николаев А.Я. Биологическая.-химия. М.,2004.

Қосымша:

1. Тапбергенов С.О, Тапбергенов Т.С Медицинская и клиническая биохимия. –Павлодар, 2004.

2. Шарманов Т.Ш., Плешкова С.М. Метаболические основы питания с курсом общей биохимии- Алматы, 1998,2008

3. Марри Р., ГренерД., Мейес П., Родуэлл В. Биохимия человека. 2003

4. Кольман Я., Рем К-Г.Наглядная биохимия. М.:Мир, 2004.

5. Биохимия. Тесты и задачи: Учебное пособие для студентов медвузов, под ред. Чл.- корр. РАН, проф. Е.С.Северина.-М.,2005.

6. Биохимия в вопросах и ответах. Под. Ред чл.- корр. НАН РК, д.х.н.,

7. Бақылау: (сұрақтар, тесттер, есептер және т.б.)

Өзіндік жұмысқа арналған жаттығулар

1. Альбумин мен глобулиндердің ұқсастығы мен айырмашылығы.

2. Протеинемия дегеніміз не? түрлері, қай кезде байқалады.

3. Қан сары суындағы глюкозаның қалыпты мөлшері. Глюкозаның мөлшерінің көбеюі немесе азаюы қалай аталады.

4. Глобулиндердің қандай фракцияларын білесіз? Оларды қалай бөлуге болады? Белок фракцияларын анықтаудың маңызы?

5. Қан құрамындағы қалдық азот санының 50% құрайтын қай зат болып табылады, бұл заттың химиялық табиғатын жазыңыз.

6. Кетондық денелер (химиялық табиғаты, түзілуі) қан плазмасындағы қай заттардың тобына кіреді.

7. Зәр қышқылының түзілуі.

8. Судың биологиялық ролі қандай?

9. Организмде су алмасуының реттелуін жазыңыз.

10. Адам организмінің қанының рН-тұрақтылығын түсіндіріңіз. Ацидоз және алколоз дегеніміз не?

11. Ең маңызды буферлік жүйелерді атаңыз, олардың биологиялық маңызы?

12. Қай катион плазмада және қай катион эритроциттерде кездеседі? Схема түрінде көрсетіңіз және калий-натрий насосының механизмін түсіндіріңіз.

13. Na+ биологиялық ролі. Оның қалыпты мөлшері, көбейіп немесе азайған кезде қандай өзгерістер байқалуы мүмкін?

14. Са2+ биологиялық ролі, оның қалыпты мөлшері. Көбейіп немесе азайған кезде организмде қандай өзгерістер байқалады.

15. Тірі организмде фосфордың, Mg2+, Cu2+; Fe3+; CІ-; F-дың және йодтың маңызы. Бұл элементтердің азайып немесе көбейіп кеткен кезде қандай өзгерістер байқалады?

16. СО2 газы қандай қосылыс түрінде қан арқылы тасымалданады?

 

 

Ситуациялық есептер

1. Қан сары суында қалдық азоттық саны: 85 ммоль/л; 150 ммоль/л, 100ммоль/л. Бұл жағдайлар қалай аталады? Сіздің қояр диагнозыңыз?

2. Зерттелген қан сары суына қаныққан күкіртті аммоний тұзы қосылады, нәтижесінде тұнба түзілді. Неге?

3. Операция алдында науқас адамның қалдық азот мөлшері (50ммоль/л) жоғарылаған. Науқасқа операция жасауға болады ма? Неге?

4. Қан сары суында глюкозаның мөлшері 10 ммоль/л. Бұл қай жағдайда байқалады?

5. Қан сары суында белоктарды фракциялау кезінде, жалпы белок саны өзгермеген, басқа белоктардың проценттік мөлшері: альбуминдер-40%, a-глобулиндер-10%, b-глобулиндер-10%, g-глобулиндер-38%. Бұл жағдайда патологиялық ауытқу бар ма?

6. Қан сары суында хлордың саны 65мМоль/л. Қай патология деп түсінуге болады?

7. Қан сары суында Mg2+ және К+ иондарының көбейгені байқалады. Бұл қандай жағдайда болады?

8. Қан сары суында фосфордың саны 0,15 ммоль/л, зәр арқылы бөлінген фосфор 0,48 ммоль/л тәулігінде. Қай витаминнің реттеуші (регуляторлық) қызметі бұзылған?

9. Зерттеліп отырған сұйықтық - 2 сіңірілу спектрін көрсетеді: екі жіңішке қара жолақ, сары - жасыл түс спектрінде. Стокс реактивін қосқан кезде жолақ өзгерген жоқ. Бұл сіңіру спектрі гемоглобиннің қай туындысына тән.

10. Науқастың қан сары суын зерттеген кезде: кальцийдің құрамы 1,2мМоль/л тең болды. Мұндай жағдай қалай аталады? Қай кезде байқалады.

 

Лабораториялық жұмыс

Қанның сары суындағы жалпы белоктың мөлшерін

биурет әдісі бойынша анықтау.

Белоктардың сандық мөлшерін қанда, зәрде анықтау көптеген ауруларға диагноздар қоюға көмектеседі. Ол үшін биохимиялық лабораторияда жалпы белоктардың мөлшерін арнаулы реактив жиынын қолдану арқылы анықтайды. Соның бірі қан сары суындағы белоктардың жалпы мөлшерін биурет әдісімен анықтау.

Принципі: Биурет реакциясын пептидтік -СО-NН- байланысы бар қосылыстар береді. Қан сарысуындағы белоктардың сілтілі ортада СиSO4 пен әрекеттесіп көк түсті комплекс түзуіне негізделген.

Биурет реактиві келесі жолмен дайындалады:

80мл КJ ерітіндісі мен 20мл реактивті қосып араластырамыз. КJ ертіндісі: 0,5г КJ тұзын 100мл 0,2н NаОН ерітіндісінде еріту арқылы дайындалады.

Реактив ерітіндісі; 4,5г сегнет тұзын, 1,5г СиSO4 және 0,5г КJ тұздарын 100мл 0,2н NаОН ерітіндісінде еріту арқылы дайындалады.

Анықтау әдісі:Қанның сары суындағы жалпы белоктың мөлшерін анықтау төмендегі таблица бойынша жүргізіледі:

 

РЕАКТИВТЕР ТӘЖІРИБЕ БАҚЫЛАУ
Қанның сары суы Биурет реактиві 0,9 % NaCІ 0,1 мл 5,0 мл — — 5,0 мл 0,1 мл

Жақсылап көбік шығармай араластырғаннан кейін бөлме температурасында 30 минут инкубациялаймыз. Содан кейін тәжірибе пробиркасының оптикалық тығыздығын жасыл фильтр арқылы (толқын ұзындығы 540-560нм) ФЭК-те бақылауға қарсы өлшейміз. Қан сары суындағы белоктың жалпы мөлшерін калибровты график тұрғызу арқылы білеміз. Ол үшін концентрациялары белгілі бірнеше белок ерітінділерін дайындаймыз. Содан кейін олардың әрқайсысының оптикалық тығыздығын өлшейміз де, график тұрғызамыз. Абсцисса өсіне белгілі белок концентрацияларының мөлшерін, ординат өсіне оптикалық тығыздықтарын саламыз.

 

Қан құрамының құрам бөліктеріне сапалық;,

сандық әдістер.

Рефрактометрлік әдіс бойынша қан құрамындағы жалпы

белокты анықтау.

Жұмыс принципі:

Рефрактометрлік әдіспен қан сары суындағы жалпы белокты зерттейміз. Бұл әдіс арқылы белоктың жалпы санын, яғни концентрациясын анықтаймыз. Рефрактометрдің призмасына қан сары суын тамызып, оны қалыпты жағдайда жауып, белоктың тығыздығын өлшейміз. Яғни призмаға сәуле түсу арқылы, белоктың жалпы санын анықтаймыз.

Жұмыстың әдісі:

Жұмыстың алдында приборды “О”-теңдігінде ұстап рефрактометрді дайындаймыз. Содан соң призмаға 1-2 тамшы дистилденген суды тамызып, қақпасын жайлап жауып, сәуле түсіру арқылы судың тығыздығын өлшейміз. Қалыпты жағдайда судың тығыздығы 1,333. Бұл шкаланы өлшеу арқылы прибор жұмыс істеуге дайын екенін дәлелдейміз. Ары қарай 1-2 тамшы қан сары суын призмаға тамызып, белоктың жалпы санын өлшейміз. Өлшеу жұмысын 3 рет қайталаймыз, содан соң есептеп белоктың жалпы санын анықтаймыз. Содан соң рефрактометрдің призмасын дистилденген сумен тазалап, жауып орнына қоямыз. Жұмыс барысында рефрактометрді жұмыс бағытына лайықтап қоямыз, яғни сәуле түсіп, белок саны анықталынады.

а) Қан сары суындағы белок фракцияларын

А.Е.Гурвич бойынша электрофорез қағазы арқылы анықтау әдісі

Қан сары суындағы белок электрофорез арқылы бірнеше фракцияға бөлінеді (туындыға жіктеледі).

- глобулиндерге, альбуминге.

Жұмыстың мақсаты:

Электрофорез қағазы арқылы қан сары суындағы белок бірнеше бөлімдерге бөліну арқылы өлшенеді. Яғни бұл әдіс арқылы қай белок көптеу немесе қанша есе көбейіп кеткенін анықтауға болады. Арнайы камераға, электрофорезді қағазға арнайы тамызылып алынған заттарды жақсылап кептіріп, содан соң электрофорездік ыдысқа қойып ары қарай белок санын анықтаймыз.

Жұмыстың анықтау әдісі:

Керекті (немесе электрофорездік ыдысқа жақсылап бұрап) бұрандалар мен винттермен камералық ыдысты қақпағын жауып қоямыз. Ыдыстың ішіне буферлі жүйе дайындаймыз. Содан соң хромотографиялық қағазды алып, оны сызғыш пен қалам арқылы екіге бөлеміз. 1-ші бастапқы бөлімі, 2-ші аяқталатын бөлімі. Бұл қағазға, яғни бастапқы бөлімге бірнеше рет, ара қатынас ұстап тұрып қан сары суын тамызамыз (ара қатынасы 2см аспау керек.) 5-6 рет фракция жасаймыз. Бұдан соң бұл қағазды кептіреміз жайлап, кепкеннен соң ыдысқа немесе 150-170 вольтты камераға саламыз 16-18 сағатқа. Қағазды алып 1050С кептіргіш шкафта 20 минут кептіреміз. Белок фракцияларын бір-бірінен ажырату үшін бояулы сұйықтықтарды қолданамыз. Санын анықтау үшін электрофореграмма біткен соң, әр белокты қырқып алып 0,1н NaOH ерітіндісін қосамыз. Альбуминге 30 мл, глобулинге 10мл, 0,1н NaOH ерітіндісін қосып ерітіп 30 минут өткен соң фотоэлектроколориметрде өлшеу арқылы белок санын анықтаймыз.

Қан сары суындағы азот қалдығын анықтау

Жұмыстың мақсаты:

Органикалық заттар СиSО4 ерітіндісі арқылы жанады. Осы реакция арқылы күкіртті аммоний тұзы түзіледі. Сілтілі ортада аммонийлі тұз ыдырайды. Ыдыраған ерітінді Несслер ерітіндісімен сарғыш-сары түске боялады.

Жұмыстың анықтау әдісі:

а) Белок емес ерітінді түзу: центрифугалық пробиркаға 2,8мл 20% үш хлорлы сірке қышқылын, 0,2мл қан алып жақсылап араластырамыз. 10-15 минут өткен соң центрифугада ұстаймыз (центрифурлейміз).

б) Минерализациялау.

Екі бірдей пробирка таңдап аламыз. Бірінші пробиркаға 1мл тәжірибелік центрифугадан алынған сұйықтықты құямыз. Екінші бақылау пробиркасына 1 мл дистилденген суды құямыз. Екі пробиркаға 2 тамшы концентрлі күкірт қышқылын қосып, қыздырамыз (жай жағылған от үстінде) ақ бу түзілгенше (пробиркаларды абайлап ақырын ұстау керек). Суытылғаннан соң 2 тамшы пергидрол сұйықтығын қосып түссіз сұйықтық түзілгенше қыздырамыз.

в) Түрлі-түсті реакция: суытылған сұйықтыққа 6 мл дистилденген суды және 1 тамшы 0,01 метил-қызыл индикаторын және 1н NaOH ерітіндісін қосып сілтілейміз. Сілтіленген сұйықтықтарға 0,5мл Несслер ерітіндісін қосамыз. Тәжірибелі пробирка сарғыш-сары түс түзеді, бақылау пробиркасы ашық сары түс түзеді.

г) Ең соңғы этап азоттың мөлшерін анықтау:

Екі әдіс арқылы анықтауға болады: колориметриялық және титрометриялық әдістер арқылы.

1) Титрлік әдіс. Ақ қағазды қолдана отырып, пробирканың ішіндегі сұйықтықты микробюретка арқылы күкірті аммоний сұйықтығымен титрлейміз. Бұдан соң, бақылау пробиркасындағы сұйықтықтың саны тең 1мл қан сары суындағы азот мөлшеріне тең екенін дәлелдеуге болады.

Есеп мына формула арқылы шығарылады:

Х х 0,05 х 3 х 100

= мг/азот

0,2

Х- жұмсалған стандарт сұйықтықтығының мөлшері (мл).

0,05 – 1 мл стандарт сұйықтығындағы азоттың саны.

3 - 2,8 мл тұнбаға түсірушімен араласқан сұйықтық.

0,2 мл - анализге алынған қан сары суы.

2) Колориметрлік әдіс.

Тәжірибе пробиркасындағы сұйықтықты фотоэлектроколориметрде тығыздығын өлшей отырып, калибрлі қисық арқылы (274 жұмысқа қараңыз): жалпы азот қалдығын анықтаймыз. 100 мл қан сары суындағы қалдық азот мына формуламен есептеледі:

А х 3 х 100

= мг%

0,2

А-1мл центрифугаттағы азот саны мг.

ҚАННЫҢ ОРГАНИКАЛЫҚ ЗАТТАРЫНЫҢ МӨЛШЕРІ.

1. Белок: 65 - 85 г/л

2. Қалдық азот: 14,3 - 2, 8, 6 мм/л.

3. Мочевина: 2,5 - 8,3 мм/л

4. Креатинин: 0,044 - 0,088 мм/л (ж)

0.044 - 0.102 мм/л (м)

5. Глюкоза: 3,3 - 5,6 мм/л

6. Билирубин: 8,5 - 20,5 мкМ/л

7. Жалпы липидтер: 3,5 - 8,0 г/л

Қан сары суындағы кальцийдің мөлшерін комплексонометриялық тәсілмен анықтау

Жұмыстың мақсаты:

Этилендиаминтетрацетат натрий тұзы титрімен қан сары суындағы кальций байланысып комплекс түзеді. Индикатор ретінде мурексид қатысады. Жұмсалған титр мөлшеріне қарай кальцийдың санын есептеп, анықтайды.

Жұмыс әдісі:

Екі пробиркаға 8 мл дистилденген су аламыз. І-ші пробиркаға (тәжірибе) І мл қан сары суын, 2-ші пробиркаға (бақылау) І мл дистилденген суды, екеуіне де І мл 10% үшхлорлы сірке қышқылын қосамыз. Екі пробиркадағы сұйықтықты жақсылап араластырамыз, содан соң 10-15 мин. тыныштықта ұстап сүземіз. Содан соң колбаға 2,5 мл белоксыз қан сары суының сұйықтығын құямыз. Екінші колбаға 2,5 мл тәжірибедегі пробиркадағы сұйықтықты құямыз. Екі колбаға І мл 10% NаОН ерітіндісін және 1-2 тамшы мурексид ерітіндісін қосамыз. Екі колбадағы сұйықтықты 0,005 Н. комплексон ІІІ сұйықтығымен көк-күлгін түс пайда болғанша титрлейміз.







Дата добавления: 2015-12-04; просмотров: 762. Нарушение авторских прав; Мы поможем в написании вашей работы!



Композиция из абстрактных геометрических фигур Данная композиция состоит из линий, штриховки, абстрактных геометрических форм...

Важнейшие способы обработки и анализа рядов динамики Не во всех случаях эмпирические данные рядов динамики позволяют определить тенденцию изменения явления во времени...

ТЕОРЕТИЧЕСКАЯ МЕХАНИКА Статика является частью теоретической механики, изучающей условия, при ко­торых тело находится под действием заданной системы сил...

Теория усилителей. Схема Основная масса современных аналоговых и аналого-цифровых электронных устройств выполняется на специализированных микросхемах...

ПУНКЦИЯ И КАТЕТЕРИЗАЦИЯ ПОДКЛЮЧИЧНОЙ ВЕНЫ   Пункцию и катетеризацию подключичной вены обычно производит хирург или анестезиолог, иногда — специально обученный терапевт...

Ситуация 26. ПРОВЕРЕНО МИНЗДРАВОМ   Станислав Свердлов закончил российско-американский факультет менеджмента Томского государственного университета...

Различия в философии античности, средневековья и Возрождения ♦Венцом античной философии было: Единое Благо, Мировой Ум, Мировая Душа, Космос...

Роль органов чувств в ориентировке слепых Процесс ориентации протекает на основе совместной, интегративной деятельности сохранных анализаторов, каждый из которых при определенных объективных условиях может выступать как ведущий...

Лечебно-охранительный режим, его элементы и значение.   Терапевтическое воздействие на пациента подразумевает не только использование всех видов лечения, но и применение лечебно-охранительного режима – соблюдение условий поведения, способствующих выздоровлению...

Тема: Кинематика поступательного и вращательного движения. 1. Твердое тело начинает вращаться вокруг оси Z с угловой скоростью, проекция которой изменяется со временем 1. Твердое тело начинает вращаться вокруг оси Z с угловой скоростью...

Studopedia.info - Студопедия - 2014-2024 год . (0.013 сек.) русская версия | украинская версия