Студопедия — Отансүйгiштiк. Әдептiлiк. Бауырмалдық. Қайырымдылық.
Студопедия Главная Случайная страница Обратная связь

Разделы: Автомобили Астрономия Биология География Дом и сад Другие языки Другое Информатика История Культура Литература Логика Математика Медицина Металлургия Механика Образование Охрана труда Педагогика Политика Право Психология Религия Риторика Социология Спорт Строительство Технология Туризм Физика Философия Финансы Химия Черчение Экология Экономика Электроника

Отансүйгiштiк. Әдептiлiк. Бауырмалдық. Қайырымдылық.






Адамгершiлiк – (орысша нравственность) қоғамдық өмiрдiң объективтiк заңдылығына сәйкес, адамдар арасындағы қарым-қатынастарды реттеуге негiз болып табылатын талапқа сай белгiлi бiр имандылық шарттарын бiлдiретiн ұғым. Халыққа бiлiм беру iсiнiң зор қарқынмен дамуы бүгiнде мектептерде жылдан-жылға оқу-тәрбие жұмысын дұрыс жолға қоюды талап етедi.

Ата-бабаларымыз өздерiнiң сан ғасырлар бойғы ұлы тарихында жас ұрпаққа тәрбие берудiң бай тәжiрибесiн жинақтап, өзiндiк салт-сана, әдет-ғұрып, дәстүр рәсiмдерiн қалыптастырған. Әдеттер физиологиялық тұрғыдан ми қабатындағы динамикалық стереотиптiң бiр көрiнiсi. Бұлар ми сыңарларының тек оптимальдық қозуы бар алаптарында ғана емес, сонымен бiрге тежелуге ұшыраған алаптарында да пайда болады. Сондықтан да адамның жеке басында жағымды қасиеттердi тәрбиелеуде әдеттiң ерекше маңызы зор. Ежелгi үндi мақалында былай деген: “Қылық ексең — әдет орасың, әдет ексең – мiнез орасың, мiнез ексең – тағдыр орасың”. Әдет адамның мiнез–құлқының фундаментi болып табылады. Әдет негiзiнде мiнез қалыптасатынын А.С. Макаренко мiнез-құлықта дұрыс әдет қалыптастыру қажет екенiн атап көрсеткен. Әдеп адамның ешбiр күш салуынсыз пайда бола бередi. Әдептердi белгiлi бiр мағынада бiрнеше топқа бөлуге болады. Олар: адамгершiлiк немесе моральдық (әрқашан шын сөйлеу, достарына адал болу, үлкендер тiлiн алу, т.б.). Адамгершiлiкке тәрбиелеу мақсатында жоспарлы түрде әр қилы әрекеттердi ұйымдастыру керек. Дәстүрдi қолданудағы жаттығудың мәнi әрекет пен қылықтарды бiрнеше рет қайталату арқылы жеке бастың адамгершiлiк мотивi мен мiнез- құлқындағы қажеттiлiктi қалыптастыруға әсер етедi. Тәрбие әдiсiн балалардың моральдiк мiнез- құлқын (әдет) механизмдерiн, адамгершiлiк сапаларын стимулдандыру тәсiлi деп түсіндіреді. Оны сұрыптай отырып топтарға жiктеуге болады. Американдық психолог Л.Кольберг адамгершiлiк тәрбиелеудiң басты мақсаты мiнез- құлықты қалыптастыру емес, ұтымды пiкiр айту қабiлетi деп түсiндiредi. Дәстүр туралы мәлiмет беруде түсiндiру, ақыл-кеңес, нұсқау, бағыт- бағдар беру тәсiлдерiн қолдану адамгершiлiктi тұлға қалыптастыруға негiз бола алады. Бұған А.Д.Макаренконың “Адамгершiлiк немесе моральдық саласында қызмет ететiн және моральдық қатынасты бейнелейтiн дәстүрлер” дей келе, ұлттық адамгершiлiк деп отырған ұғымдарымыздың түп төркiнi моральды-этикалық дәстүрдiң сара жолына әкеп тiрейдi. Тәрбиенiң дәстүрмен тығыз байланысты тұңғыш қарастырушы К.Д.Ушинский болды. Ол өз еңбектерiнде тәрбиенiң халықтық сипатына, еңбектiң тәрбиелiк және психикалық сипатына және тәрбиедегi адамгер-шiлiк мәселелерiне көңiл бөле отырып “Тәрбие көзi- халықтық педагогика” деген тұжырымға келген. Осы идеяны қазақ жерiнде жалғас-тырушы педагог Ы. Алтынсарин мынадай адамгершiлiктiң түрлерiн атап көрсетедi, 7 жақсы қасиет:

1: Имандылық. 2: Жоғарғы әдiлдiк. 3: Адалдық, ақкөңiлдiлiк. 4: Сыпайылық, момындық. 5: Адал ниетпен өсиет беру. 6: Жомарттық, қайырымдылық. 7: Дұрыс заңдылық.

Жалпы осы адамгершiлiк мәдениетi мәселесi төңiрегiнде педагогика классиктерi: Я.А.Каменский, Ж.Ж.Руссо, К.Д.Ушинский, Л.Н.Толстой, Н.И.Ильминский, еңбектерi ерекше орын алады. Қазақ зиялы қауымынан: А.Құнанбаев, Ш.Құдайбердиев, А.Байтұрсынов, М.Жұмабаев, Ж.Аймауытов, М.Дулатов, Х.Досмұхамедовтер жалғастырған.

 

 

10. ҒЫЛЫМНЫҢ АКСИОЛОГИЯЛЫҚ СТАТУСЫ. /толық емес!/

Ғылыми танымның аксиологиялық жəне құңдылық мəселелеріне келсек; аксилогиялық принциптердің ішкі жəне сыртқы аксиологиялық негіздері бар. Ішкі – тек сол ғылымға қатысты құңдылықтар мен нормалар: объективтік ақиқат, нақтылық, методологиялығы, дəлділігі, дəлелдемесі, жүйелігі, басқаша «ғылыми зерттеудің нормалары мен идеалдары» деп аталған. Ал сыртқы құңдылықтар ғылым мен сыртқы - яғни қоғам, мəдениет жəне оның əр-түрлі құрылыстар арасындағы қатынастарды меңгереді: практикалық қажеттілік, эффективтілігі, қоғамның интеллектуалдық жəне білім потенциалын көтеру, ғылыми-техникалық, экономикалық жəне əлеуметтік прогресске ықпал ету, қоршаған ортамда адамның адаптивтік мүмкіндіктері.Метатеориялық білімде оның аксиологиялық (құндылықтық) көзқарастарына ерекше маңызды рөл бөлінеді. Егер ғылымның ішкі құндылықтарына білімнің шынайылығы, оның нақтылығы, дәлелділігі, жүйелілігі және т.с.с. жатқызылса, ал сыртқы құндылықтарына алынған білімнің пайдалылығы, тиімділігі, қоғамның зияткерлік

әлеуетінің артуы және т.б. жатады. Аксиология (грек, axios — құнды, logos — ілім) — құндылықтардың табиғаты, олардың әлеуметтік шындықта аталған орны және құндылық әлемінің құрылымы туралы философиялық ілім. Аксиологияның негізгі мәселесі — "Игілік деген не?" деген сұрақты алғашқы болып Сократ қойған. Платон философиясыңда құндылықтар жалпы ізгілікпен байланыстырылып, әмбебапты мәнге ие болды. Мәдениеттануда құндылықтар мәселесі ерекше орын алады, өйткені, мәдениет адамзат жасаған барлық құндылықтардың жиынтығы деген түсінік кең тараған. Құндылықтардың болмыстық жалпы мәнін ашуға бағытталған Аксиологияның философиялық қырынан, оның мәдениеттанулық өлшемі өзгеше болып келеді. Аксиология әртүрлі өркениеттердің жетістіктерін, мәдени құндылықтардың қалыптасуын, нақтылы даму тектерін және бағдарларын айқындайтын білімдердің нақтылы-тарихи жүйесі ретінде көрініс тапты. Бұл әсіресе тарихи мәдениеттануда анық байқалды. Мәдениет — адамдық қарым-қатынастарды реттеудің маңызды тұлғалық әлеуметтік тетігі, ал құндылық — норма, үлгі, мұраттармен қатар осындай реттеу жүйесінің шешуші элементі екендігі белгілі. Сол себепті Аксиология әлеуметтік-мәдени талдаудың маңызды құралына жатады. Қазіргі мәдениеттануда құндылықтардың тарихтан тыс әмбебапты жүйелерінен бас тартып, тарихи әдістеме арқылы тең құқықты құндылықтар жүйелерінің молдығына негізделген мәдени-тарихи релятивизм мектебі (Дильтей, Шпенглер, Тойнби, Сорокин, т.б.) қалыптасты. Салыстырмалы мәдени зерттеулердің дамуы нәтижесінде кез келген мәдениет құрылымының, басымдылықтарының және мазмұнының салыстырмалылығы туралы идеялар (Боас, Риверс, Бенедикт) өрістеді. Сонымен қоса, Аксиологиялық плюрализм концепцияларының тарауы бұрынғы жалпы құндылықтар ілімінің негіздерін шайқалтып, олардың құрамына нақтылы тарихи-мәдени контекст енгізді. Қалыптар мен құндылықтар әрбір мәдениетке өзіндік сипатымен айқындалғандықтан, бүкіл адамзатқа бірдей тұжырымдалған мәдениет кодексін ұсыну мүмкін емес. Алайда, жалпы қоғамдық ынтымақтастық, үйлесімдік пен келісімді де бекерге шығаруға болмайды, яғни, тұлға үшін ортақ мақсаттар да қажет (Клахкон). Аксиологиялық зерттеудің маңызды жақтарына психоанализ (Әсіре-Мен, Құндылық архетиптерін талдау — К.Юнг), құндылықтар сұхбаты (М.Бахтин), т.б. жатады. Қорыта айытқанда, метатеориялық білімнің аксиологиялық пен негіздерін

шектеуге болмайды, құңдылық пен ғылымды ажыратуға, алшақтауға болмайды

 

 

11. ҒЫЛЫМДАҒЫ ТҰЛҒА. Ғылымда тұлға мəселесі. Тұлға, кісі, жетілген, кəмелетке жеткен адам (личность). Жас нəресте де, бала да – адам. Олардың нақты ерекшеліктері бар. Бірақ олар кісі болған жоқ, кəмелетке жетпеген. Кісі деп ер жеткен, бұғанасы қатқан, ақылы толған, өз ісіне өзі жауап бере алатын адамды айтады. Ондай адамның дүниеге көзқарасы бар. Адам əр түрлі: азамат, тəрбиелі, зиялы адам, маскүнем, қылмысқер, ел басшысы да болады. Əр кісінің тарихта алар орны əрқилы. Тұлғаның қалыптасуындағы негізгі рөл əлеуметтік жағдайларға – тəрбиеге, білімге, қоршаған əлеуметтік ортаға, ата – анаға тиесілі екендігін атап өту маңызды. Тəрбиенің рөлі адамның балалық жəне жасөспірімдік кездері қандай моральдық, қоғамдық құндылықтарды игеруімен байланысты. Білім адамға əр алуан ақпаратты жəне ең маңыздысы, өтіп жатқан оқиғаларды талдау мен бағалау қабилетін беріп ойлауды дамытады. Қоршаған əлеуметтік орта – бұл адамның мекен ету əлемі, бұл тұлғаның қалыптасуына тікелей əсер ететін дүниетанымдық, кəсиби, адамгершілік құндылықтар. Тұлға бос кеңістікте емес, ұжымда, қоғамда əрекет ететіндіктен, ол белгілі дəрежеде оларға тəуелді. Мұндағы қоғамның рөлі тұлға пайда болуына жəне оның мүмкіндіктерін жүзеге асыруға қажетті алғышарттар қалыптастырумен қатар, осы жолда кедергілер жасаумен де көрінеді. Тек əрекетте ғана индивид тұлға ретінде орнығады, онсыз ол «өзіндік зат» болып қалар еді. Адамның тарихы дамуы тұрғысында да, онтогенезде де тұлға – индивидтің əлеуметтену нəтижесі. «Тұлға болып туылмайды, тұлға болып қалыптасады» (А.Н. Леонтьев). Əлеуметтену динамикалық сипатта болғандықтан, тұлға – бұл əрқашан да үдеріс, бұл үнемі қалыптасу. Тұлғаның деградациялануы индивидтің өзге ерікке толығымен бағынып жəне оның əрекеті алдын – бағдарланып қойылған жағдайда, яғни əрекет пен таңдау еркіндігіне орын қалмаған жағдайда да кездеседі. Адамды қоғамнан жəне қарым–қатынастан бездіру əрдайым ең қатал жазалардың бірі болып саналады, өйткені ұдайы оқшаулану мен жалғыздық тұлғаның өз мəніне қайшы келеді. Тұлғаның тағы бір маңызды сипаттамасы – оның адамгершілік – рухани мəні. Тұлға мазмұнының жəне бағалануының маңызды компоненті ретінде оның санасының дүниетаным, адамгершілік жəне жауапкершілік денгейімен сипатталатын тұлғалық бағдарлары көрінеді. Адамның бойындағы интеллектуалдық – адамгершілік жəне еріктік қасиеттері неғұрлым айшықты көрінген сайын, оның өмірлік бағдарлары жалпы адамзаттық құндылықтармен сəйкес келеді, тұлғаның өзі де маңызы артып, бұл құндылықтардың орнығуы мен дамуына оң ықпалымен əсер етеді. Бұл тұрғыда ол өз рухы, еркіндігі, шығармашылығы мен қайырымдылығы жақтарымен сипатталады. Тұлғаның ерік – жігері мен рухының күштілігі, оның адамгершілік қайыпымдылығы мен тазалығы тек нақты практикалық əрекетте жəне белгілі бір əлеуметтік жағдайларда ғана бекіп іске асады. Дəл сондай жағдайда ғана, яғни іс нақты қылыққа жеткенде ғана тұлға болудың, еркін болудың, адал, принципиалды болудың жəне т.б. қиын да ауыр екендігі аңғарылады. Тұлғаның еркіндік жағынан сипаттамасы сөзсіз қажет. Еркіндік – тұлға атрибуты, бірақ жауапкершіліксіз еркіндік – бұл шектен тыс бейберекетсіздік. Сондықтан жауапкершіліктің тұлға атрибуты ретіндегі маңызы бір де кем емес, кейде ерікті болғаннан жаупкершілікті болу қиынырақ. Сонымен, тұлға болу қиын. Нағыз тұлға еркіндігі мен жауапкершілігі үнемі шығармашылықты, көніл–күй сілкінісін, уайым–қайғыны талап етеді. Тұлға неғұрлым жоғары жəне маңызды болған сайын, оның өзі мен өзгелер алдындағы жауапкершілік денгейі де жоғары. Ғылымдағы тұлға ретінде адамның мəні – оның əлем мен тарихтағы орны, мəселелеріне тіреледі. Тұлға бұл жерде адамдар əрекеті мен қарым–қатынастарының, қоғамдық қатынастардың, қоғамдық идеалдардың, құндылықтардың индивидуалдық көрінісі жəне субъекті ретінде қарастырылады. Тұлға белгілі бір қоғамдық қатынастар тұсында өмір сүретін адамның негізгі үш жағының;: биогенетикалық нышандарының, əлеуметтік қатынастар əсерінің жəне психоəлеуметтік қасиеттерінің тұтаса бірігуінің нəтижесі. Қазіргі кезде тұлғаның мəні жайында екі негізгі концепциялық көзқарас бар: 1) тұлғаның адамның функциялық (атқаратын роліне қарай) сипаттамасы; 2) тұлғаның əлеуметтік мəніне қарай сипаттамасы.

Тұлға – адамның қоғамдық қатынастары мен қызметінің жеке адам бойында шоғырлануының көрінісі, дүниені танып білудің жəне өзгертудің, құқығы мен міндеттерінің, эстетикалық, этикалық жəне басқа əлеуметтікнормалардың шоғырланған бірлігі. Тұлға - əрдайым əлеуметтік тұрғыда жетілген адам болып табылады. Тұлға – іс-əрекеттің, қарым-қатынастың, сана мен өзіндік сананың, дүниегекөзқарастың субъекті. Адам өзін-өзі басқара білу, өзінің əуесқойлығы мен құмарлықтарын жеңе білу қабілеттеріне ие болғанда ғана тұлға дəрежесіне көтеріле алады. Сонымен бірге, тұлға өзіндік ерік күші жоқ, бет бейнесіз адам деңгейіне дейін құлдырап кетуі де мүмкін. Адамды тұлға жасайтын ең алдымен оның əлеуметтік-психологиялық ерекшеліктері: жылы, ерік күші, байқағыштық, өз пікірін дəлелдей білу, əлеуметтік жағдайы жəне сонымен байланысты əлеуметтік қызметі мен мақсаты, дүниегекөзқарасының сипаты. Қысқарта айтқанда, тұлға ұғымы адамның əлеуметтік-психологиялық мəнін білдіреді.

Тұлғаның айрықша бір белгісі – оның адамгершілігі. Тұлғаның адамгершіліктік мəні көп жағдайда іс жүзінде «тексеріледі». Əлеуметтік жағдайлар адам алдына «былай жүрсе өгіз өледі, былай жүрсе арба сынады» деген сияқты шешуі қиын мəселелерді жиі-жиі қойып отырады. Мұндай кезде адамның өзінің адамгершілік ар-намысына қайшы келетін шешім қабылдап, əлеуметтік күштердің қуыршағына айналып кететін жағдайлар жиі кездеседі. Мұндай кезде адам тұлғасының тұтастығына түзелмейтін зиян келеді. Адамдар өмір сырына түрліше мінез білдіреді: кейбіреулер əлеуметтік соққыға төтеп бере алмай «жүнжіп» кетуі мүмкін, енді біреулер қайтпас-қайсарлық мінез көрсетіп, қатая түседі. Тек адамгершілік қасиеттері жоғары ақылды тұлға ғана өзінің «шарасыздығын» санасымен сезініп, қорлыққа амалсыздан көнгеніне іштей күйіп піседі. Тұлғаның рухани бостандығының өлшемі оның адамгершілік қасиеттерімен анықталады жəне ол адам тұлғасының даму деңгейінің көрсеткіші болып табылады. Сонымен тұлға дегеніміз адамның ішкі адамдық қасиеттерінің

тұтастығының көрсеткіші – ішкі тұтастықсыз тұлға жоқ. Ғылымда басты тұлға - ғалым, зерттеуші. Ғылымдағы тұлғаның тұжырымы нақты болуы қажет. Тек сонда ғана ғылым алдына қойған мақсатына жетеді.

 

12. АНТИКА ЛОГИКАСЫ ЖӘНЕ МАТЕМАТИКАСЫ. Антикалық кезеңде математика ғылымының дамуы өте жоғары деңгейде болды. Гректер Вавилонияда және Египетте жиналған арифметикалық және геометриялық білімдерін қолданды, дегеніменде нақты мәліметтер болған жоқ, Ежелгі Грациядағы математиканың тарихына эллиндік дәуірін қосқанда 4 кезеңге бөлінеді.

Ионийлік кезең (б д д 600-450) Афиндік кезең (б д д 450-300Эллиндік кезең (б д д 300-150) Аяқтаушы кезең (б д д 150-60

Өзіндік дамудың нәтижесінде,сондай-ақ Вавилондықтар және Египеттіктерден қорға жиналған білімнің арқасында математика ғылымы дедуктивті әдіске негізделген ерекше ғылыми бағытқа айналды. Антика дәуіріне келе жатқан мәліметтер бойынша, Фалес бұл процесске бастама берді делінген. Дегенімен де, негізінен математика ғылымының негізінің қалануына Анаксагор және Гиппократ Хиосскийдің еңбегі орасан зор. Демокрит музыкалық аспаптағы ойынды бақылай отырып, аспаптан шыққан дыбыстың жоғары болуы ішектің ұзындығына байланысты болатындығын аңғарған. Осыған негізделе отырып, музыкалық гамманың интервалы қарапайым бүтін сандармен айқындала алатындығын айтып кеткен болатын. Анатомиялық құрылымдық кеңістікке сүйене отырып, ол конус және пирамиданың көлемін анықтайтын формуланы есептеп шығарған болатын. Бұл кезеңнің математикалық ойы геометриялық элементарлық мәліметтерінің жинақталуымен қатар, стереометриялың элементтері, өлшемдер жайлы жалпы ұғымдар пайда болды.

• Афиндік кезең Спецификалық грециядағы математикалық дисциплиналар дамыған. Солардың ішінде геометрия және алгебра ең бастысы болды. Геометризациялық математиканың басты мақсаты болып, тек геометриялық есептеулердің көмегімен алгебралық есептердің (түзу сызықты және квадраттық) шешімін табуға септігін тигізу болып табылды.Иррационалдық өлшемдерді есептеу барысында тығырыққа тірелген математиктерді тығырықтан шығаруға жол табуға негізделген. Кез келген математикалық өлшемдердің қатынастары тек бүтін сандардың қатынасынан тұрады деген тұжырымды жоққа шығарды. Платон және оның шәкірттерінің есептеулеріне сүйене отырып, Феодор Киренский және Теэтет кесінділердің өлшемсіздіктерінің проблеммаларымен айналысса, сол кезде Евдокс Книдский иррационалдық сандарға да қолдануға болатын қатынастардың жалпы теориясын ойлап тауып жатты.

• Эллиндік дәуірде антикалық математика өзінің шарықтау шегіне жетті. Көптеген жүздеген жылдар ішінде басты математикалық зерттеулердің орталығы болып Александр Мусейон болды. Шамамен б.д.д. 325 Евклид «Бастау» (13 кітап) атты кітап жазған болатын. Платонның ізбасары бола отырып, математиканың қосымша аспектілерін қарастырмады. Оған Герон Александр ерекше көңіл бөлді. 17 ғасырдағы батыс Европа ғалымдарының жаңа математикаға қосқан үлестері ғана Архимедтің шексіз кіші өлшемдерді есептеуге қосан үлесінен асып түсті. Ол шексіз кіші өлшемдердің анализіне жақындаған болатын. Физика және механика салаларында математикалық есептеулердің жоғары деңгейде қолданылуы, математика саласының одан ары қарай дамуына септігі тигізді.

13. АЛХИМИЯ, АСТРОЛОГИЯ, МАГИЯ. Ежелгі Шығыс елдері мен Ертедегі Грецияда жаратылыстанымның қалыптасу дәуіріндегі оның ерекшелігі пассивті бақылаумен, пайымдаумен сипатталады. Ертедегі натурфилософтардың пайымдаулары адамдардың күнделікті практикалық өмірдегі бақылауларымен салыстырғанда үлкен аңғарымпаздық болып көрінеді. Бұл жаратылыстанудың сол кездегі жетістігі жаратылыстанымдық ғылыми білімнің алғашқы жүйелік жинағын құрастыру болды. Осындай неғұрлым толық жинақтың бірі Аристотель жүйесі болып табылады. Жануарлар, өсімдіктер, минералдар, аспан денелері және т.б. туралы адамзаттың жинақтаған мәліметтерін бастапқы жіктеу мен жүйелеу тұсында сыртқы әлемді танудың формасы ретінде табиғатқа деген спекулятивті қатынас (латынша speculatіo - ізін табу, қарап шығу) үстемдік етті. Ежелгі ойшылдар табиғаттың қандай да бір құбылыстарын түсіндіру үшін күрделі гипотезалар ойлап шығарды, бірақ олар өздерінің жорамалдарын эксперимент көмегімен практика жүзінде тексерген жоқ. Неге? Өйткені, ертедегі халықтар, оның ішінде гректер де табиғатты қасиеттендіріп, құдірет тұтты. Табиғатты түрлендіру оған эксперимент жасау олардың санасына кіруі мүмкін емес еді. Олай болса, қазіргі эксперименталды жаратылыстану қай кезде пайда болды? Қазіргі жаратылыстанудың пайда болуы үш негізгі факторлардың ықпалымен жүзеге асты. Біріншіден, XІV ғасырдан бастап ортағасырлық Европада өндіргіш күштер, әсіресе техника қарқынды күшпен дами бастады. Жаңа механизмдердің, машиналардың, құралдардың, приборлардың және техникалық жетістіктердің қалыптасуы батыл да күтпеген эксперименттер жүргізу мүмкіндігінің алғышарты болды. Екінші фактор, табиғаттағы заттардың өзара алмасуы туралы шығыс және антикалық философиялық ілімдердің ықпалы өз әсерін тигізді. Алғашқылардың бірі болып кез келген затты алтынға айналдыра алтын құпия "философиялық тасты" (рецепттердің ерекше магиялық жинағы) іздеп табуға ұмтылған алхимия пайда болды. "Философиялық тасты" іздеу барысында алхимиктер мыңдаған тәжірибелер жасап, эксперименталды химияның қалыптасуын бірте-бірте жақындатты. Үшінші фактор христиандық дүниетаным болып табылады. Бұл бастапқы көзқарасқа оғаш көрінуі мүмкін, өйткені дін мен ғылым бір-бірін теріске шығарады. Христиандық шіркеу ірі ғылыми ашылымдарға талай рет қарсы шықты. Алайда христиандықтың рухани бастауды - жаратушы-құдайдың өзінің жаратқан тірі табиғатына қарсы қоятынын ұмытпаған жөн. Мұның өзі табиғатқа эксперимент жасауға тыйым салуды алып тастайды, өйткені, ол құдірет емес, құдіретті жаратушының нәтижесі ғана. Осылайша, терістеудің диалектикалық заңы бойынша христиан діні өзінің бітіспес жауы - эксперименталды жаратылыстанудың пайда болуына ықпал етті. Қазіргі жаратылыстанудың эксперименталдық методтарының ерекшелігі неде? Эксперимент өзінің қазіргі мағынасында пәндік практикалық әрекеттің ерекше түрін білдіреді. Бұл әрекеттің барысында зерттеуші (таным субъекті) зерттеліп отырған жүйенің (таным объекті) өзін қызықтырған сипаттамасын жасанды түрде оқшаулайды және оның өзге сипаттамаларға бағыныштылығын зертейді. Классикалық жаратылыстану (XVІІІ-XІX ғасырдың аяғы) прибор мен таным объекті арасындағы өзара әрекет соңғысын "таза күйінде" бөліп ала алғанымен оның объективті сипаттамаларын өзгерте алмайды деген байламды негізге алды. Классикалық механика, мысалы, дененің массасы зерттеушінің денеге берген жылдамдығына бағынышты емес деп санады. Осы орайда, ғылымның, әсіресе физика мен философияның байланысы жөніндегі сұрақ туындайды. Бір жағынан, бұл ғылымдар ертеден өзара тығыз байланысты болатын. Философия жаратылыстану ғылымдарының жетістіктеріне сүйенеді. Философияның материя, қозғалыс, кеңістік, уақыт сияқты түбегейлі ұғымдары тиісті физикалық ұғымдармен қатар қалыптасып дамыды. Екінші жағынан алғанда нақты ғылымдар философиялық принциптер мен түсініктерге негізделеді.

Ғылым “Адам-Әлем” деген мәселеге сүйенбей ойлау мен болмыс байланысының талдауымен, танудың мүмкіншілігі мен шекарасы туралы, танудың әдістеріне сүйенбей дами алмайды.

Философияның дамуына жаратылыстану ғалымдарының әсері қандай? Айтып кеткен жөн, философия мен физика экспериментальді ғылым ретінде болған жоқ. Ал физикалық құбылыстар жөніндегі білім натурфилософия төңірегінде біріктірілді. Мысалы, Демокриттің атомистік гипотезасы қазіргі кездегі материяның атомдық құрылымы мен қатар дискреттік кеңістік туралы теорияның алдын алды. Ал кейін ғалымның теориясы философиямен ғылымның дамуында жаңа ашылуларға түрткі болды.

Жаратылыстану ғылымдарының қалыптасуымен қатар (XVІІ-XVІІІ) жаңа философияның да қалыптасуы басталды. Ал “Адам-Әлем” деген ғаламды мәселенің, болмыстың ортақ заңдарын танудың әр түрлі жақтарын зерттей бастады. Бірақ философияда материяның табиғаты, құрылымы, уақыты мен кеңістіктің физикалық қасиеттері, яғни қазіргі уақыттағы нақты ғылымдардың пәні болған мәселені шешуге талпынды.

14. ОРТАҒАСЫРЛЫҚ ШЫҒЫС ҒЫЛЫМЫ. Шығыс философиясы грек философиясымен байланысты үзбей, оларды қабылдап, сақтады. Сондай-ақ негізгі мәселесі – Ислам және оның догмалары болды.

Араб философиясының қалыптасуының негізгі бағыттары:

Мутакаллимдер мектебі – Исламның діни қағидаларын негіздеу;

Мутазилиттер мектебі – әлемнің, адамның жаратылуы туралы, тағдыр туралы Ислам қағидаларынан бас тарты, Құдай туралы антроморфты бейнелерден бас тартып, адам ақылы мен күшіне сенді;

суфизм – қоршаған дүниеге қайырымды қарым-қатынас адамның жоғарғы міндеті, аскетизм, өзімен-өзі болу.

әл-Кинди (800-879) – Араб тілді ортағасырлық философияның алғашқы өкілі. Құдай, ақыл мәселелеріне тоқталып, философия мәнін, ғылымды классификациялауға тырысты.

Адам ақыл иесі, ол өзін-өзі ғана емес, қоршаған дүниені, заттар мен құбылыстар себебін, мәнін түсіне алады.

4 түрлі ақылды көрсетті. 1-ші – белсенді; 2-ші – енжар; 3- - жүре пайда болған; 4-ші – көрер көзге ғана арналған ақыл.

Танымның 3 түрлі деңгейін. 1-ші – логикалық-математикалық; 2-ші – табиғи-ғылыми, 3-ші – метафизикалық (философиялық).

әл-Фараби (870-950) – шығыс перипатетизмінің көрнекті өкілі. Аристотель шығармаларының шығыстағы комментаторы. Философиясына болмыс мәнін түсінуге тырысты. Негізгі еңбектері «Бақытқа бастайтын жол» «Азаматтық саясат», «Мемлекет қайраткерлерінің көзқарастыры», «Қайырымды қала тұрғындары» және т.б. бақытқа ұмтылудың себебі – адамның өзін-өзі жетілдіруі мен саясаттың соңғы мақсаты деп түсіндірді.

Ибн-Сина (Авиценна) (980-1037) – ғылымдарды класификациялаған. Философиялық білімді 2-ге бөлді: практикалық және теоретикалық.

Теоретикалық – ақиқатқа жетуге бағытталған ғылымдар, олар: физика, математика, метафизика.

Практикалық – саясат, экономика, этика. Бәрі логиканы пайдаланады, логика – ғылымның құралы, бәріне таным әдістерін ұсынады.

Ибн-Сина философия мен теологияның ерекше статустары туралы айтты, кейін ол Ибн-Рушдтың «екі удайлы ақиқат теориясынан» көрініс тапты.

Ибн-Рушд (Аверроэс) (1126-1198) – Кардова халифатының тұсында Испанияда өмір сүрген араб-испан философы, «фальсафа» (философия) терминін ендірген.

Материалды дүние мәңгілік, бірақ кеңістікте шекті, Құдай мәңгілік, табиғат та мәңгілік.

Ол жанның мәңгілігін теріске шығарды. Индивидтің жаны тәнімен бірге өледі, яғни тән өлгенде оның сезімі, есі тарап жоғалады. Адам әрекеті келесі өмірде шартты түрде, адам өзі жақсылықтар жасауы керек.

«Екі удайлы ақиқат» теориясы – ғылым мен философияны дінен босату керек, бір ғана шындық бар, ол – философиялық шындық деген.

Бұл ғалымдар ежелгі Грекияда қалыптасқан ғылыми таным жетістіктерін сақтап қана қойған жоқ, оны көптеген салаларда толықтырып, дамытты. Шығыста әл-Фарабиді Аристотельден кейінгі «екінші ұстаз» деп таныды. Орта ғасырларда араб елдері мен ислам діні тараған басқа да аймақтарда философия, медицина, эстетика, математика, астрономия, т.б. ғылым салалары қауырт дамып, бұл құбылыс кейін Ислам Ренессансы деп аталды.


 







Дата добавления: 2015-12-04; просмотров: 397. Нарушение авторских прав; Мы поможем в написании вашей работы!



Композиция из абстрактных геометрических фигур Данная композиция состоит из линий, штриховки, абстрактных геометрических форм...

Важнейшие способы обработки и анализа рядов динамики Не во всех случаях эмпирические данные рядов динамики позволяют определить тенденцию изменения явления во времени...

ТЕОРЕТИЧЕСКАЯ МЕХАНИКА Статика является частью теоретической механики, изучающей условия, при ко­торых тело находится под действием заданной системы сил...

Теория усилителей. Схема Основная масса современных аналоговых и аналого-цифровых электронных устройств выполняется на специализированных микросхемах...

Хронометражно-табличная методика определения суточного расхода энергии студента Цель: познакомиться с хронометражно-табличным методом опреде­ления суточного расхода энергии...

ОЧАГОВЫЕ ТЕНИ В ЛЕГКОМ Очаговыми легочными инфильтратами проявляют себя различные по этиологии заболевания, в основе которых лежит бронхо-нодулярный процесс, который при рентгенологическом исследовании дает очагового характера тень, размерами не более 1 см в диаметре...

Примеры решения типовых задач. Пример 1.Степень диссоциации уксусной кислоты в 0,1 М растворе равна 1,32∙10-2   Пример 1.Степень диссоциации уксусной кислоты в 0,1 М растворе равна 1,32∙10-2. Найдите константу диссоциации кислоты и значение рК. Решение. Подставим данные задачи в уравнение закона разбавления К = a2См/(1 –a) =...

Этапы трансляции и их характеристика Трансляция (от лат. translatio — перевод) — процесс синтеза белка из аминокислот на матрице информационной (матричной) РНК (иРНК...

Условия, необходимые для появления жизни История жизни и история Земли неотделимы друг от друга, так как именно в процессах развития нашей планеты как космического тела закладывались определенные физические и химические условия, необходимые для появления и развития жизни...

Метод архитекторов Этот метод является наиболее часто используемым и может применяться в трех модификациях: способ с двумя точками схода, способ с одной точкой схода, способ вертикальной плоскости и опущенного плана...

Studopedia.info - Студопедия - 2014-2024 год . (0.014 сек.) русская версия | украинская версия