Студопедия Главная Случайная страница Обратная связь

Разделы: Автомобили Астрономия Биология География Дом и сад Другие языки Другое Информатика История Культура Литература Логика Математика Медицина Металлургия Механика Образование Охрана труда Педагогика Политика Право Психология Религия Риторика Социология Спорт Строительство Технология Туризм Физика Философия Финансы Химия Черчение Экология Экономика Электроника

Лекция №14. Тербелмелі-станоктың тепе-теңдік принципі. Ұңғыманы қиын жағдайда штангалы сораппен пайдалану?





Өткен тарауда сораптық штанганың балансир басына іліну нүктесіндегі максималды күш анықталған.

Жоғары жүріс кезінде балансир басына түсетін негізгі күш – сұйық бағанасы мен штанга салмағына тең (Рж + Ршт)

Балансир басының төмен жүрісі кезінде, күш тек штангалар салмағына тең болады, себебі айдау клапаны ашылады да, сұйық бағанасынан түсетін салмақ құбырға беріледі. Бұл электроқозғалтқыштың бірқалыпсыз жұмыс жасауына әкеледі.

Кривошиптің айналуының бірінші жартысы үшін (жоғары жүріс), қозғалтқыш (Pш+Pж)S=W1 тең жұмыс жасайды.

Кривошиптің айналуының екінші жартысы үшін (төменгі жүріс), қозғалтқыш ешқандай жұмыс жасамайды, керісінше ол электроэнерияны желіге генерирлеуі мүмкін, өйткені штанганың ауырлық күші әсерінен трансмиссия жүйесіндегі балансир арқылы қозғалтқыш айналып, желіге PшS=W тең энергияны беретін еді. Бұл энергия теріс және кривошиптің толық айналысы үшін мына қосындыға тең жұмыс жасайды:

W1 +W2 = (Pш + Pж) S – Pш S = Pж S

Электроқозғалтқышқа түсетін жүктеменің біркелкі еместігін жою үшін, тербелмелі-станокты сәйкес теңестіру арқылы мүмкін.

Штанганың ауырлық күші Рш балансирдің жоғары жүрісі және төменгі жүрісі кезінде әсер ететіндіктен, ең болмағанда штанга салмағына тең қарсысалмақтарды орнату қажет. Бұл кезде штангалар теңестіріледі, және қозғалтқыш жоғары жүріс кезінде пайдалы (оң) жұмыс жасайды PшS=W1, ал төмен жүріс кезінде нольдік жұмыс жасайды.

Электроқозғалтқышқа түсетін жүктемелер кривошип валындағы айналу моменті жүрістің екі жартысы үшін тұрақты болған шартта тұрақты болады. Жұмыстың жоғары жүріс және төменгі жүрісі үшін теңдігі, тек мына жағдайда ғана іске асады, егер жүрістің бірінші жартысы үшін (j=0-1800 штанга іліну нүктесінің жоғары жүрісі) шатунда созылу күші пайда болады, ал жүрістің екінші жартысы үшін (j=3600-1800 штанга іліну нүктесінің төменгі жүрісі) шатунда сығылу күші Тс пайда болады. Бұл екі күші абсолюттік шамасы бойынша тең болу керек. Көрсетліген шартты бұзбай орындаған кезде, электроқозғалтқыш бірқалыпты жұмыс жасайды.

10-сурет. Тербелмелі-станоктың кинематикалық сұлбасы.

Жоғары және төменгі жүріс кезінде, әсер ететін барлық күштердің жұмыс теңдеуін құрамыз. Жұмыс оң (пайдалы) болып саналады, егер күш бағыты қозғалыс бағытымен сәйкес келсе.

Балансирдің артқы иығында, балансир тірегінен С қашықтықта жүк G орнатамыз, оның шамасын анықтау қажет.

Штанганың жоғары жүрісі кезінде барлық күштер жұмысының қосындысы келесіге тең:

P1 S + Tp 2r + Gh = 0 (1)

мұндағы: Р1 = Рж + Рш – жоғары жүріс кезіндегі жүктеме;

Тр – шатундағы созылу күші.

Штанганың төменгі жүрісі кезінде барлық күштер жұмысының қосындысы

P2 S + Tp 2r - Gh = 0 (2)

мұндағы: Р2 = Рш – төменгі жүріс кезіндегі жүктеме;

Тс – шатундағы сығылу күші.

(1) теңдеуден Тр анықтаймыз.

Tp = (P1 S - Gh)/2r (3)

(2) теңдеуден Тс анықтаймыз.

Tc = (-P2 S + Gh) / 2r (4)

Электроқозғалтқыштың теңестіру шарты бойынша, шатундағы созылу және сығылу күштері тең болу керек, яғни

Tp = Tc , онда (3) және (4) ескергенде

P1 S – Gh = - P2 S + Gh (5)

(5) формуладан G табамыз.

(6) формуладан шығатыны, тең иықты балансир үшін (а=b), егер G жүкті шатунның балансирмен қосылған нүктесінде орнатсақ, онда G контржүктің салмағы, штанга салмағы Рш қосу сұйық бағанасы салмағының жартысына (Рж /2) тең болу керек.

(6) формула тербелмелі-станоктың теңестірілу принципін түсіндіреді.

(6) формуланы шығару кезінде, тербелмелі-станок бөлшектерінің: шатун, кривошип, жоғарғы траверса, балансирдің өзінің теңестірілмеген бөлігі т.б. салмағы ескерілмейді.

Мысалы, екі шатун және көлденең траверсаның салмағы контр жүк сияқты әсер етеді.

Егер олардың жалпы салмағы G тең болса, онда ешқандай қосымша жүк теңестіру үшін қажет бомайтыны анық.

Теңестіруге қажетті G жүкті, тек А нүктесінде ғана емес – траверса мен балансирдің қосылу нүктесі, сонымен бірге В нүктесінде - шатун мен кривошиптің қосылу нүктесінде де шоғырландыру мүмкін. Сонымен қатар, теңестіруші жүкті – рычаг ұзындығының қатынастары сәйкестігін ескере отырып, кривошип бойымен орын ауыстыруға болады.

Жүкті айналу осінен R қашықтықта, кривошип жалғасында орналастыру жағдайында, контржүк салмағын r/R есе азайту қажет және ол мынаған тең:

Осылай, тербелмелі-станоктың теңестірілуін, қажетті контржүкті балансирдің артқы иығында немесе кривошипті орналастыру арқылы қамтамасыз етеді. Сол үшін, балансирлі, кривошипті және аралас теңестіруді ажыратады.

Балансирлі теңестіру - жүк көтерімділігі аз тербелмелі-станокта қолданылады.

Кривошипті теңестіру – жүк көтерімділігі үлкен тербелмелі-станокта қолданылады.

Аралас теңестіру – жүк көтерімділігі орташа тербелмелі-станокта қолданылады.

Балансирлі контржүктер шойын пластиналар түрінде жасалады, олар балансирдің артқы иығына ілінеді.

Кривошипті контржүктер жартылай сопақ шойын құйма-пластиналар түрінде жасалады, олар кривошипке бекітіледі.

Тербелмелі-станокты теңестіру үшін, тербелмелі-станоктың куәлік сипаттамасындағы номограммалар қолданылады.

Бірақ, контржүк салмағын және оның кривошипте немесе балансирде бекіту орнын, форма немесе номограмма көмегімен, есептеу жолмен анықтау - әрқашан тербелмелі-станоктың жақсы теңестірілуін қамтамасыз ете алмайды.

Бұл тербелмелі-станок түйіндерде пайда болатын күштердің барлығын, сонымен қатар, тербелменің (качалка) түйіндерінің тозу дәрежесін, жалпы қондырғының ПӘК-і теоретикалық ескеру мүмкін еместігімен түсіндіріледі. Бұлар теоретикалық формулада ескерілмейді, бірақ тербелмелі-станоктың теңестірілуіне елеулі әсерін тигізеді.

Соңғы теңестіру – балансир басының жоғары және төмен жүріс кезінде, электроқозғалтқыш тұтынатын токты реттеу көмегімен іске асады. Электроқозғалтқышты қоректендіретін электржелісіне қосылған амперметр тілі, жоғары және төмен жүріс кезінде бірдей максималды өлшеулер беруі қажет.







Дата добавления: 2015-12-04; просмотров: 478. Нарушение авторских прав; Мы поможем в написании вашей работы!




Расчетные и графические задания Равновесный объем - это объем, определяемый равенством спроса и предложения...


Кардиналистский и ординалистский подходы Кардиналистский (количественный подход) к анализу полезности основан на представлении о возможности измерения различных благ в условных единицах полезности...


Обзор компонентов Multisim Компоненты – это основа любой схемы, это все элементы, из которых она состоит. Multisim оперирует с двумя категориями...


Композиция из абстрактных геометрических фигур Данная композиция состоит из линий, штриховки, абстрактных геометрических форм...

Типы конфликтных личностей (Дж. Скотт) Дж. Г. Скотт опирается на типологию Р. М. Брансом, но дополняет её. Они убеждены в своей абсолютной правоте и хотят, чтобы...

Гносеологический оптимизм, скептицизм, агностицизм.разновидности агностицизма Позицию Агностицизм защищает и критический реализм. Один из главных представителей этого направления...

Функциональные обязанности медсестры отделения реанимации · Медсестра отделения реанимации обязана осуществлять лечебно-профилактический и гигиенический уход за пациентами...

Объект, субъект, предмет, цели и задачи управления персоналом Социальная система организации делится на две основные подсистемы: управляющую и управляемую...

Законы Генри, Дальтона, Сеченова. Применение этих законов при лечении кессонной болезни, лечении в барокамере и исследовании электролитного состава крови Закон Генри: Количество газа, растворенного при данной температуре в определенном объеме жидкости, при равновесии прямо пропорциональны давлению газа...

Ганглиоблокаторы. Классификация. Механизм действия. Фармакодинамика. Применение.Побочные эфффекты Никотинчувствительные холинорецепторы (н-холинорецепторы) в основном локализованы на постсинаптических мембранах в синапсах скелетной мускулатуры...

Studopedia.info - Студопедия - 2014-2025 год . (0.012 сек.) русская версия | украинская версия