Студопедия — Глоссарий. 1. Статикалық қысым- ұзақ тоқтаудан кейін қалыптасқан, ұңғыма түбіндегі қысым.
Студопедия Главная Случайная страница Обратная связь

Разделы: Автомобили Астрономия Биология География Дом и сад Другие языки Другое Информатика История Культура Литература Логика Математика Медицина Металлургия Механика Образование Охрана труда Педагогика Политика Право Психология Религия Риторика Социология Спорт Строительство Технология Туризм Физика Философия Финансы Химия Черчение Экология Экономика Электроника

Глоссарий. 1. Статикалық қысым- ұзақ тоқтаудан кейін қалыптасқан, ұңғыма түбіндегі қысым.






1. Статикалық қысым- ұзақ тоқтаудан кейін қалыптасқан, ұңғыма түбіндегі қысым.

2. Статикалық деңгей- тоқтатудан кейін, ұңғымада қалыптасатын сұйық бағанасының деңгейі, оған атмосфералық қысым әсер ететін шарт кезінде

3. Динамикалық қысым- Ұңғымадан сұйықты немесе газды алу кезінде немесе ұңғымаға сұйықты немесе газды айдау кезінде қалыптасатын, ұңғыма түбіндегі қысым.

4. Сұйықтың динамикалық деңгейі- жұмыс істеп тұрған ұңғымада қалыптасатын сұйық деңгейі, оған атмосфералық қысым әсер ету шарты кезінде

5. Орташа қабат қысымы- бұл орташа өлшенген статикалық қысым

6. Айдау аймағындағы қабат қысымы- айдау ұңғымалары орналасқан аймақтағы орташа өлшенген қабат қысымы

7. Алу аймағындағы қабат қысымы- игеру ұңғымалары аймағында орташа өлшенген қабат қысымы

8. Бастапқы қабат қысымы- игерудің ең басында, барлау ұңғымалар тобы бойынша анықталған, орташа өлшенген қабат қысымы

9. Ағымдағы қабат қысымы- бұл әртүрлі уақыт сәтінде орташа өлшенген қабат қысымы

10. Келтірілген қысым- бұл шартты горизонталь жазықтыққа қатысты есептелген түптік қысым, оның абсолбттік шамасы белгілі

11. Ұңғыма- диаметрі ұзындығынан көп есе кем, цилиндрлі тау кен өндірісі, ол өнімді горизонттың жер бетімен байланысы үшін арналған

12. Ұңғыма кострукциясы- бұл шегендеу құбыры және бұрғыланған бағанаға түсіріліп, онда бекітілетін қосымша түптік құрылғылардың жиынтығы, ол ұңғыманың тағайындалуына байланысты өзгереді және өлшемі бойынша және жасалатын материалы бойынша өзгешеленеді.

13. Бастапқы ашу- өнімді горизонтты долотамен бұрғылау процесі

14. Екінші ашу- ұңғыманың ішкі қуысының өнімді қабатпен байланыс процесі

15. Кольматация- ұңғыманың түп аймағының механикалық бөлшектермен ластану процесі

16. Декольматация- фильтрациялық каналды механикалық бөлшектермен тазарту процесі

17. Дилатансия- тау жыныстары көлемінің өзгеруі

18. Тау жыныстары критикалық тығыздығы-бұл жыныстың кез-келген соңғы жылжуы кезінде, дилатанция нолге тең болатын кездегі тығыздық.

19. Гидродинамикалық жетілген ұңғыма- өнімді қабатты толық толық ашқан ұңғыма, онда кез келген бекіту элементтері болмайды

20. Ашылу дәрежесі бофвнша жетілмеген ұңғыма- бұл өнімді горизонттың барлық қалыңдығын ашпаған ұңғыма

21. Ашылу сипаты бойынша жетілмеген ұңғыма- бұл өнімді қабаттың барлық қалыңдығын ашқан, шегенделген және перфорацияланған ұңғыма.

22. Ұңғыманың гидродинамикалық жетілу коэффициенті-жетілмеген ұңғыма шығымын жетілген ұңғыма шығымына қатынасы

23. Ұңғыманың келтірілген радиусы- бұл фиктивті жетілген ұңғыма радиусы, оның шығымы нақты жетілмеген ұңғы шығымына тең.

24. Түп- бұл өнімді қабатты ашқан ұңғыма бөлігі

25. Фғынды шақыру – тұрып қалған ұңғыма түбінде қарсықысымдарды төиендетудің технологиялық процес, қабатқа репрессияны жою және қабаттан ұңғымаға флюидтің ағуы басталатын депрессияны жасау

26. Ұңғыманы меңгеру- белгілі себеппен тұрып қалған ұңғыманы істеп тұрған ұңғымалар қатарына ауыстыруға бағытталған, технологиялық операциялар және ұйымдастыру шаралар жиынтығы

27. ағынды шақыру және меңгеру мақсаты – арнайы басу сұйығымен толтырылған ұңғымалар түбінде қарсықысымдарды төмендету және жасанды қалпына келтіру немесе сәйкес шығымды немесе қабылдағыштықты алу үшін түпкі аймақтың фильтрациялық сипаттамасын жақсарту

28. Газ саны- берілген термобаралық жағдай кезінде бос газ көлемінің белгіленген геометриялық көлемдегі сұйық көлеміне қатынасы

29. Көлемдік газ құрамы (газқаныққандылық) –берілген термобаралық шарт кезінде, газ көлемінің белгіленген геометриялық көлеміндегі қоспаның жалпы көлеміне қатынасы

30. массалы шығынды газқұрамы- берілген термобаралық шарт кезінде, газ массасы шығынының, қоспа массасы шығына қатынасы

31. Нақты газ құрамы – бос газбен толтырылған, құбырдың көлденең қимасы ауданының, құбырдың көлденең қимасына жалпы ауданына қатынасы

32. Сұйықтағы газдың дисперстігі- сұйық көлемінде таралған газ көпіршіктері өлшемімен сипатталатын, газ фазасының ұсталу дәрежесі

33. Минералдар – жер қыртысында болытын физика- химиялық процесстер нәтижесінде пайда болатын химиялық құрамы және физикалық қасиеттері бойынша біртекті табиғи зат

34. Тау жыныстары – жер қыртысын жасайтын, өзіндік геологиялық денесін түзетін, минералогиялық және химиялық құрамы тұрақты минералды агрегат

35. Атқылаған жыныстар – негізінен кристалды құрылысты, магма деп аталатын сисликат балақыманың жер бетінде немесе жер қырытысы қойнауында қату нәтижесінде пайда болды

36. Шөгінде тау жыныстары – органикалық және неорганикалық заттардың су бассейнінің түбінде және материк бетінде шөгуі нәтижесінде пайда болады

37. Метоморфтық тау жыныстары- шөгінді және атқылаған жыныстардан, оның соңғысы жер қыртысы тереңдігіне батуы кезінде пайда болған

38. Табан- бұл қабатты астынан шектейтін бет

39. Жабын – бұл қабатты үстінен шектейтін бет

40. Нақты қалыңдық немесе қуат- бұл қабаттың жабынының кез-келген нүктесінен табанына дейін түсетін перпендикульяр

41. Горизонталь қалыңдық- бұл горизонталь бойынша жабынның кез-келоген нүкетесінен табанына дейін арақашықтық

42. Вертикаль қалыңдық- бұл вертикаль бойынша, жабынның кез-келген нүктесінен қабат табанына дейін арақашықтық

43. Абсалютті немесе теориялық кеуектілік деп – жыныстағы барлық қуыстардың жалпы көлемі (кеуек, каверна, жарылыс)

44. Кеуектілік коэффиценті – бұл жыныстың жалпы қуыс көлемінің барлық жыныс көлеміне қатынасы

45. Тиімді кеуектілік- деп бір –бірімен өзара байланысатын жыныстағы қуыстар көлемін атайды

46. Өткізгіштік- бұл қысымның өзгерісі кезінде жыныстың сұйықты және газды өткізу қабілеті

47. Коллектор деп – сұйық және газ үшін өткізгішті және олардың сыйымды ыдысы бола алатын кеуекті және жарылымды тау жыныстарын атайды

48. Табиғи резервуар деп – жабыны мен табаны нашар өткізгішті жынысты қабаттан тұратын коллекторды атайды

49. Мұнайгазды кеніштің табаны немесе сумұнайлы бөлімнің беті- мұнай және суды бөлетін бет деп аталады

50. Мұнайлылықтың сыртқы контуры деп –сумұнайлы бөлім бетінің қабат жанымен қиылысу сызығын атайды

51. Мұнайлықтың ішкі контуры су мұнайлы бөлім бетінің қабат табанымен қиылысу сызығы

52. Газ қалпағы- бос газдың мұнай кеніші үстінен жиналуы

53. Мұнайгаз бөлім бетінің қабат жанымен қиылысу сызығы – газдылықтың сыртқы контуры деп аталады

54. Мұнайгаз бөлім бетінің қабат жанымен қиылысу сызығы – газдылықтың сыртқы контуры деп, ал қабат табанымен қиылысу сызығы –газдылықтың ішкі контуры деп аталыды

55. Мұнай және газ кен орыны деп- жер қыртысы қойнауында бір ауданда орналасқан, бір топқа жататын кеніштердің (мысыалы, күмбезді қабаты немесе массивті және т.б.)жиынтығы

56. Мұнай- көміртегі және сутегінің күрделі қосылысы

57. Мұнайдың көміртектік коэффиценті – бұл қабат жағдайындағы мұнай көлемінің, сол мұнайдың дегазациясынан кейін, яғни қалыпты жағдай кезінде көлемге қатынасына тең

58. Эксплуатациялық бағаны – бұл мұнай және газды түптен сағаға көтеру үшін немесе қабат қысымын ұстау мақсатымен өнімді қабатқа суды (газды) айдау ұшін аранлған бағана

59. Қабаттан мұнайдың ағуын шақыру әдістері – бұл қабатқа қарсы қысымдарды айдау әдістері, ағыны белгілі шараларды жүргізу, оның нәтижесінде ұңғыманың гидростатикалық қысымы қабат қысымынан аз болады

60. Су арынды режим – бұл режим кезінде қабатта мұнайдың ұңғымаға қозғалысы, ағатын шекті (контурлы) судың әсерінен жүреді

61. Мұнай бергіштік коэффицент- кеніштен шығарылған мұнай көлемінің бастапқы қорға қатынасы

62. Серпімді су арынды режим деп- негізгі қозғалыс күшін болып, жыныстың және сұйықтың серпімді кеңеюі болатын, мұнай қабатының жұмыс режимі

63. Газ арынды режим – бұл қабаттың жұмыс режимі кезңінде, басым энергия түрі болып газ қалпағында жиналған бос газдың энергиясы әсер етеді

64. Газ факторы 1т шығарылатын мұнайға келетін, қалыпты жағдайға келтірілген газ мөлшері

65. Трапециялық режим – бұл мұнай кешенін дренаждау режимы кезінде, қысым энергиясы ауырлық күші әсерінен пайда болады

66. Индикаторлық қисық деп – депрессиядан сұйықтық сығу тәуелділіг қисығы

67. Контур сырттай суландыру – мұнайлық контуры сыртында орналасқан, айдау ұңғымалар жүйесі арқылы қабатқа әсе ету

68. Контур бойымен суландыру- бұл мұнайлық контурына тікелей жақын немесе мұнайшылықтың сыртқы және ішкі контуры арасында орналасқан, айдау ұңғымалар жүйесі арқылы қабатқа әсер ету

69. Контур беттей суландыру- кеніштің таза мұнайлы бөлігінде орналасқан, айдау ұңғымалар жүйесі арқылы қабатқа әсер ету

70. Блокты жүйе – айдау ұңғымаларын параллельді тік бұрышты қатармен, әдетте құрылымның бойлы өсіне айқастыра орналастырады, игеру ұңғымаларын айдау ұңғымалары арасында қатарын бұрғылайды

71. Ауданды суландыру - өндіру және айдау ұңғымаларын ауданда дұрыс геометриялық тор – квадрат немесе үш бұрыш бойынша біркелкі орналастырылды

72. Таңдаулы суландыру – бұл жүйеде суды айдау үшін ұңғымаларды, кенішті – геофизикалық гидродинамикалық зерттеудің берілгені бойынша ауданды біркелкі тор бойынша бұрғылаудан кейін таңдайды

73. Ошақты суландыру – бұл жүйе кезінде, суды қабатқа бөлек айдау ұңғымалары арқылы айдайды, оларды өндіретін арасында таңдайды немесе арнайы бұрғылайды

74. Сұйық көтерілуі тек қабат энергиясы есебіне, жүретін пайдалану тәсілі фонтанды деп аталады

75. Газлифтті пайдалану тәсілі – бұл тәсіл кезінде, жер бетінен айдалатын немесе қабаттан келетін газ, ұңғыма өнімі ағынына енгізілді.

76. Комперессорсыз газлифт тәсілі – бұл ұңғыма іші газлифт, бұл кезд емұнайды көтеру үшін, осы ұңғыма ашқан газ қабатыэ энергиясын қолданылады

77. Сораптың толу коэффиценті деп- фактолы плунжердің астына келіп түсетін сұйық көлемінің, плунжердің жоғары жүрісі кезінде сызатын көлемге қатынасын айтады

78. Тербелмелі –станок- экетроқозғалтқыш волынының айналмалы қозғалысын, штанганың плунжермен қайтымды- үдемелі қозғалысқа түрлендіретін және сұйықты айдап шығару процессінде жүктемелі қабылдайтын механизм

79. Мұнай және судың араласуы кезінде, осы сұйықтардың қиын бөләінетін қоспасы түзіледі, ол мұнай эмульсия деп аталады

80. Сазқышқыл деп – тұз қышқылы және плавикалы қышқыл қоспасы

81. Судың коагуляциясы – суда асылған ұсақ бөлшектердің ірілеуі

82. Сусыздандыру- судан шала тотықты немесе теміртотықты жою.

 

 







Дата добавления: 2015-12-04; просмотров: 451. Нарушение авторских прав; Мы поможем в написании вашей работы!



Функция спроса населения на данный товар Функция спроса населения на данный товар: Qd=7-Р. Функция предложения: Qs= -5+2Р,где...

Аальтернативная стоимость. Кривая производственных возможностей В экономике Буридании есть 100 ед. труда с производительностью 4 м ткани или 2 кг мяса...

Вычисление основной дактилоскопической формулы Вычислением основной дактоформулы обычно занимается следователь. Для этого все десять пальцев разбиваются на пять пар...

Расчетные и графические задания Равновесный объем - это объем, определяемый равенством спроса и предложения...

Классификация потерь населения в очагах поражения в военное время Ядерное, химическое и бактериологическое (биологическое) оружие является оружием массового поражения...

Факторы, влияющие на степень электролитической диссоциации Степень диссоциации зависит от природы электролита и растворителя, концентрации раствора, температуры, присутствия одноименного иона и других факторов...

Йодометрия. Характеристика метода Метод йодометрии основан на ОВ-реакциях, связанных с превращением I2 в ионы I- и обратно...

Психолого-педагогическая характеристика студенческой группы   Характеристика группы составляется по 407 группе очного отделения зооинженерного факультета, бакалавриата по направлению «Биология» РГАУ-МСХА имени К...

Общая и профессиональная культура педагога: сущность, специфика, взаимосвязь Педагогическая культура- часть общечеловеческих культуры, в которой запечатлил духовные и материальные ценности образования и воспитания, осуществляя образовательно-воспитательный процесс...

Устройство рабочих органов мясорубки Независимо от марки мясорубки и её технических характеристик, все они имеют принципиально одинаковые устройства...

Studopedia.info - Студопедия - 2014-2024 год . (0.007 сек.) русская версия | украинская версия