Ариал» мейрамханасының қаржы - экономикалық көрсеткіштерін талдау
Қоғамдық тамақтандыру кәсіпорынның шаруашылық қызметін сипаттайтын негізгі көрсеткіштердің бірі – ол кәсіпорынның тауар айналымы. Қоғамдық тамақтандыру кәсіпорынның тауарайналымы кәсіпорынның өндірістік және сауда қызметінің көлемін сипаттайды. Мейрамхананың тауарайналымы негізгі екі бөлімнен тұрады: - өзі өндірген өнімді өткізу; - сатып алған тауарларды өткізу. Өзі өндірген өнімнің тауарайналымы мейрамхананың ассортименттік тізімінде қарастырылған өзі өндірген барлық өнімнің сату бағасын анықтау негізінде және өзі өндірген өнімді даярлауға кеткен шикізат шығыны бойынша мәлімет негізінде есептеледі. Кесте 2 - «Ариал» мейрамханасының орташа бір күндік тауар айналымының есебі (2013 ж.)
Кесте 3 - Мейрамхананың жалпы тауарайналымының және жалпы табысының есебі (2013 ж.)
1 күндік жалпы табыс кәсіпорынның үстемесінен салықты алу арқылы анықталады. 1 айлық жалпы табыс = 30 x 1 күндік табыс 1 жылдық жалпы табыс = 360 x 1 күндік табыс 1 айлық тауарайналым = 30 x 1 күндік тауарайналым 1 жылдық тауарайналым = 360 x 1 күндік тауарайналым Еңбек пен жалақы бойынша көрсеткіштердің есебі Қоғамдық тамақтандыру кәсіпорынның адам саны кәсіпорынның қуаттылығы, жағдайы және жұмыс істеу тәртібі негізінде анықталады. Кәсіпорынның штатында әкімгерлік-басқарушылық персонал, өндіріс, зал және өзге де жұмыскерлер қамтылған. Жұмыскерлердің жалақылары мейрамхананың штаттық кестесінің негізінде алынған. Мейрамхананың штаттық кестесі 4-кестеде көрсетілген. Мейрамхананың еңбек көрсеткіштерінің жоспары 6-кестеде көрсетілген. Кесте 4 - Мейрамхананың еңбек көрсеткіштерінің жоспары (2013 ж.)
Өндіріс және айналым шығындарының есебі. Мейрамхананың өндіріс және айналым шығындары техникалық-экономикалық есептеулер әдісі арқылы анықталады. Қоғамдық тамақтандыру өнімін өндіруге, өткізуге және тұтынуды ұйымдастыруға кеткен еңбек, материалдық ресурстар шығындарының жиынтығы өндіріс және айналым шығындарын құрайды. Қоғамдық тамақтандыру кәсіпорындарында шығындар есебі жалпы табыс пен пайданы есепке алу арқылы жүргізіледі. Мейрамхананың өндіріс және айналым шығындарының жоспары 7-кестеде көрсетілген.
Кесте 5 - «Ариал» мейрамханасының өндіріс және айналым шығындарының жоспары (2013 ж.)
Пайда және рентабельдік есебі Өнімді өткізуден түскен пайда жалпы табыс пен өндіріс және айналым шығындарының айырмасы негізінде анықталады. Жалпы пайда кәсіпорынның шаруашылық қызметінің соңғы қаржылық нәтижесін сипаттайды және өнім мен сатып алынған тауарларды өткізуден түскен пайда соммасын көрсетеді.
Кесте 6 - «Ариал» мейрамханасының пайда және рентабельдік есебі (2013ж.).
Экономикалық тиімділік көрсеткіштерінің есебі Капиталдық салымдардың экономикалық тиімділігі коэффициенті (Э) мен өтімділік мерзімі (Т) арқылы сипатталады. Келесі формулалар бойынша анықталады [4]: Э=П/К; Т=К/П Мұндағы П – 1 жылдық пайда; К – капиталдық салымдар соммасы
Негізгі құралдар мен капиталдық салымдардың экономикалық тиімділігінің есебі 7-кестеде көрсетілген. Кесте 7 - Негізгі құралдар мен капиталдық салымдардың экономикалық тиімділігінің есебі (2013 ж.)
«Ариал» мейрамханасының 2012-2013 жылғы шаруашылық қызметінің негізгі көрсеткіштері салыстырмалы түрде көрсетілді.
|