Бірыңғай электронды құжат айналым жүйесі
БЭҚАЖ – бірыңғай электронды құжат айналым жүйесі. Яғни, басқармадағы барлық құжаттар, кіріс – шығыс құжаттарды, азаматтардың өтініштері, АХАТ қызметі бойынша келіп түсетін өтініштер, жылжымайтын мүлік құқықтарын тіркеу, зияткерлік меншік құқық және құқық түсіндіру салалары бойынша сұрау хаттар мен азаматтардың жеке өтініштері және халыққа қызмет көрсету орталығынан келіп түскен барлық құжаттар осы база арқылы тіркеледі және басқарма басшысының қатаң бақылауында болады. Барлық құжаттар осы электронды базада тіркелгендіктен сұрау хаттар мен жеке азаматтардың өтініштері уақытылы, заңда көрсетілген мерзімде орындалады. Сонымен қатар, басқа облыс, аудан және басқа мекемелермен де хат алмасып отыруға және жеке, заңды тұлғалардың электронды тұрде өтініштері мен арыздарын қабылдауға болады. Бірыңғай электронды құжат айналым жүйесі– қазіргі уақыттағы заман талабына сәйкес «электронды үкімет», «электронды портал», электронды түрде халықты құжаттандыру жүйесінің қолайлы, тиімді бір түрі екені іс жүзінде дәлелденуде. «Электрондық үкімет» порталы — мемлекеттік қызметтерді жеке және заңды тұлғаларға онлайн түрде көрсетуге арналған мемлекеттік органдардың ақпараттық жүйелерін біріктіретін жалпы мемлекеттік жүйе. «Электронды үкімет» порталы экономикалық қылмысқа жол бермеуді, алаяқтықты, Қазақстан Республикасы заңнамасының бұзылуын алдын-алуды қамтамасыз етеді. 2007 жылдың аяғына қарай: “электрондық үкіметтің” базалық құрамдас бөліктері құрылатын болады, оған е-үкіметтің порталы мен шлюзі, «төлем шлюзі», ұлттық сәйкестендіру жүйесі, мемлекеттік органдардың біріңғай көліктік ортасы, жүйеқұраушы деректер базасы жатады. ұлттық сәйкестендіру жүйесін құру шеңберінде азаматтың жеке басының куәлігінің нөмірін, салық төлеушінің тіркеу нөмірін, азаматтың әлеуметтік жеке код және басқаларын біріктіретін сәйкестендіру нөмірлері жүйесін қолданысқа енгізуге көшу жүзеге асырылатын болады. Мемлекеттік басқару жүйесін жетілдіру жөніндегі мемлекеттік саясаттың басты бағыты Қазақстан азаматтары үшін мемлекеттік органдардың мемлекеттік қызмет көрсету процедурасын неғұрлым жеңілдету, бюрократизм мен жемқорлықты жою болып табылады. Бүгінгі күні біздің қоғам осы міндеттерді жүзеге асырудағы іс жүзіндегі қадамдардың куәсі болып отыр.
Медициналық көмек саласындағы адам құқықтары: Анықтамалық нұсқаулық медициналық көмек саласында адам құқықтарын қорғау туралы істерді жүргізіп жүрген заңгерлерге арналған практикалық нұсқаулық болып табылады. Осы сериядағы әр басылым емделушімен қатар медициналық қызметкерлердің құқықтары мен міндеттері, сонымен қоса халықаралық, еуропалық және ұлттық деңгейдегі құқықтарды қорғауды қамтамасыз ететін тәртіптер туралы баяндайды. Бұл түрлі конституциялық ережелер, заңдар мен заңға тәуелді актілердің құқық пен міндеттің әр түріне қатысты заңды сақтау, бұзу және тиісті ережелерді қамтамасыз ету бойынша іріктелген материалдардың алғашқысы. Анықтамалық нұсқаулықта сотқа жолданған талап арыздары мен шағымдарды соттан тыс реттеу тәртібі, мысалға адам құқықтары бойынша уәкілге немесе этика бойынша комитетке шағымдану жағдайлары қарастырылады. Анықтамалық құқықтық мәнмәтіні жиі өзгеріп тұратын аймақта қызмет ететін заңгерлер мен өзге де мамандарға пайдалы болады.
|