Студопедия — Оқытудың әдістері
Студопедия Главная Случайная страница Обратная связь

Разделы: Автомобили Астрономия Биология География Дом и сад Другие языки Другое Информатика История Культура Литература Логика Математика Медицина Металлургия Механика Образование Охрана труда Педагогика Политика Право Психология Религия Риторика Социология Спорт Строительство Технология Туризм Физика Философия Финансы Химия Черчение Экология Экономика Электроника

Оқытудың әдістері






И.Я. Лернер мен М.Н. Скаткин оқытудың әдістерін зерттеді. Субъектілердің танымдық ойлау қабілетін шамалай отырып, олар төмендегідей маңызды деген әдістерді ұтымды деп сараптан өткізді:

а) түсіндірмелі-иллюстративті немесе ақпаратты-қабылдау (информационно-рецептивный): әңгімелеу, дәріс, түсіндіру, оқулықпен жұмыс, көрсетілімді материалдар, кино, бейне, телефильмдер т.б.;

ә) репродуктивтік: қайталап айтып беру, тура аудармасы – қайталаным;

б) көкейкестілігін мазмұндау, табу;

в) ізденіс, не эвристикалы әдісі;

г) зерттеу әдісі, мұнда әр субъект өзінің алдына танымдық міндеттер қояды, оны өздерінің ойлау бағамымен шешеді.

Қарап отырғанымыздай, бүгінгі «жаңа оқыту» деп жүргеніміздің генезисі әртінде, тереңде жатқанын естен шығармаған дұрыс. Осы желіні ұқпаған адам бірден бүгінгі модернизациялау деңгейіне жетіле, кемелдене алмайды.

Ал Ю.К. Бабанский барлық әдістерді 3 негізгі топқа жіктейді:

а) оқушының біліми-танымдық қызметін ұйымдастырушы және оны жүзеге асырушы әдіс;

ә) субъектінің біліми-танымдық қызметін ынталандыру және оның мақамдарын ашу әдісі;

б) біліми-танымдық қызметтің ұтымдылығын бақылау және дербестілік қалпын сақтай отырып, өзін-өзі бақылау.

Әдістердің неше бір құбылмалы жіктемесін топтамамен зерделеген М.Данилов пен Б. Есипов мынадай әдістерді тізбелейді:

а) жаңа білімді жиюдың әдістері;

ә) іскерлік, икем, дағдыны ширататын әдістер және оның тәжірибеде қолданылымын жүзеге асырудың әдістері;

б) субъектінің меңгерген білімінің сипатын айқындаудың бағалау өлшемдіктерінің әдістері.

Жоғарыда топтамамен тізбеленген әдістерді таңдаудың бірден-бір заңдылығы - оқу еңбегін тәртіптеуді ұйымдастыруда аталған әдістерді тәсілдерге айналдыру.

И. Харламовтың әдістерді жіктеу тәртібі:

а) оқытушының материалды ауызша баяндауы және субъектілердің біліми танымдық қызметін белсенді әрекетке қосудың әдістері: әңгіме, түсіндіру, сұхбат, иллюстрация, көрсетілімді әдістер т.б.;

ә) өтілетін материалды бекіту, жинақтау әдістері: сұхбат, оқулықпен жұмыс;

б) жаңа материалды дербестік қалпын сақтай отырып, өздігінен орындау әдістері: оқулықпен жұмыс, зертханалық жұмыс;

в) алған қисындық білімдерін тәжірибеде қолдану әдістері;

г) іскерлік, қабілет, икем, дағдыларын бағалаудың әдістері: оқушылардың, не басқа субъектілердің күнделікті жұмысын байқау, фронтальді, не жиынтық материалдың алгоритмімен, балл қою, бақылау жұмысы, үй жұмысын тексеру, бағдарламалап тексеру, тестімен бақылау.

20-жылдардың басында түсіндірмелі-иллюстративті әдістің нәтижесінде субъектіге өздігінен дербес жұмыс орындату, білімді жинай алу әдісін дарыту мақсатында педагог-консультант ұғымы пайда болды (жоспар құру, бригадалық әдіс, зертханалық әдіс т.б.).

Сөйтіп, бағдарламалап оқыту әдісіне ойыстық:

- мағлұматты қабылдау әдісіне шақтау;

- межеленген мағлұматты бақылауға алудың тапсырмаларын даярлап, бекіту;

- өзінің білімін тексеру үшін даярлаған жауаптарын күні бұрын беру;

- дұрыс жауаптың көрсеткіштерін ұсыну.

Бағдарламалап оқытудың нәтижесінде, даму үрдісінде алгоритм пайда болды. Мұның бәрі дерлік бүгінгі заманымызда жиі қолданылып жүрген ұғымымыз. Тек бағдарламалап оқыту емес, сол секілді алгоритм, кибернетика әдісіне де тән ұғым. Алгоритм үш қырлы:

- өтілетін материалдың сарынының құбылыстары мен үрдістерінің тәртібі;

- субъектінің ойлау қабілетінің рет тәртібі;

- оқытушының оқу еңбегін ұйымдастыруының рет тәртібі.

Орыс педагогы П.Ф.Каптерев (1849-1922) субъектінің біліми-танымдық қызметінің ішкі мүмкіндігін 3 түрге тізбелеген:

а) догмалық (білімді даяр түрінде жияды);

ә) аналитикалы (мұғалім білімді кіші бөліктерге жіктейді, әр бөліктің мәні мен маңыздылығы айқындалады, соның бәрінің басын қосып, бір формаға келтіреді).

б) генетикалы әдіс. Мұнда шығу тамыры бернеленіп, тұжырым-түйін қорытылады. Бұдан эвристикалы әдіс туады.

Әдістерді таза сырттай зерделегенде, дидактика оған ғылыми жіктеме жасай алмайды. Кейбір авторлар оқытудың әдістерін топтастырады, шығу көздерін зерттейді, міне, осыдан олар әдістерді жіктеп бөледі. Сөйтіп, сөз әдісі, көрнекілік, тәжірибешілік деген әдістер пайда болды. Ал кейбір ғалымдар оқушы мен оқытушының қарым-қатынас деңгейіндегі қызметін деңгейіне ыңғайлы әдістерді сұрыптайды. Мұның өзін біріншіден, мұғалімнің материалды сұрыптау іскерлігі мен оқушының дербес жұмысының қызметтік әрекетіндегі әдістер деп қарастырады. Ал үшінші топтағылар дидактикалық міндеттердің характері мен маңызына негіздеп алатын ғалымдар. Бұл әдістің негізі субъектінің білімді жаңадан жиюы, оны есінде, жадында тұрақтандыруы, соған орай іскерлік икемін үзіліссіз ширатуы, бағалау рейтингісін өзінің жобалап құрастыруы. Мұнымен бірге аталған дидактикалық міндеттердің маңыздысы мен оқушы және оқытушы арасындағы қарым-қатынас үрдісіне орай қолданылатын әдістердің біріктіріліп, комбинаторлы қолданылуы.

Ең соңында проблемалы оқыту әдісіне тоқталып өтелік. Проблема (гректің «қиындық» деген сезі). Мұнда қисындық, тәжірибешілік мән көзделеді. Адам баласының қажеттілігіне қол жеткізу үшін сол желідегі қиындықтың жойылу жолдарын ізденімпаздықпен, зерттеу, зерделеумен шешу дегенді білдіреді.

Бұл дидактикалық жүйе – дидактикалық қисынның бір бөлігі. Мұнда дискретті оқу әдісі жоқ, үзіліссіздік қағидаға жүгінген тәрбие мен білімді дамыту қарастырылады. Оқыту тәжірибешілігі салыстырмалы, аналитикалы тәсілдерге негізделеді. Оқушылардың оқу мүмкіндігіне орай жүргізілуі.

Проблема болған жерде проблемалап оқытудың тапсырмалары құрылуы – даусыз әрекет. Проблемалы тапсырма – оқу үрдісінің бөлігі. Тапсырмада шешілетін міндеттер мен сұрақтар, мақсаттар қабылдау интеллектісіне ыңғайлана тізбеленеді. Бұл қызметті проблемалы ситуация деп атаймыз. Проблемалы тапсырманың негізгі көзі қарастырылатын нысанаға қатысты қайшылық, қарама-қайшылықтан дамуға шығу жолдары. Қоғамдағы қайшылыққа құрылып, ғылыми еңбектерді сол тұстағы философиялық топшылауларға бағындыру бернеленеді. Бағыттары әртүрлі: шаруашылық, экономикалық, басқарушылық, тәрбиелілік, білімилік, ғылымилық т.б. Шешімді құрудың өзі жайланысты сәттерде бола бермейді. Ол оқысынан, шұғыл туатын қайшылықты шешуге бағытталуы әбден мүмкін (күрес көзқарас), болжам (гипотеза), мұрат, пікір, тұжырым, әдістер т.б. Өмір ситуацияларына қатысты оқу үрдісіндегі проблемалы тапсырмалардың кең ауқымда құрылған түрі, тегі болады. Мұны ізденісті-зерттеу сұрақтары арқылы сараптайды.

 

  Сөздік қормен жұмыс, ойлау, пайымдау, көрсетілімді әдіс, талдау, тәжірибе, байқау. Оқылатын мәселенің көкейкестілігі, жоба, дәйекгілігі, дәлдігі, дәл еместігі, түзу еместігі.
Эвристикалы әдіс -өздігінен дербес жұмыс жүргізу үрдісіне бірте-бірте тереңдеуі Көкейкестілік мәселені шешуді дәлелдеу. Қорытынды жасау, факт жию, эвристикалы сұхбат жүргізу, оның жүйесін шығару, сұрақтарын құрастыру. Оқу қызметі әр субъектінің белсенді қатысу тәртібімен дәлелденеді. Сұхбатта әртүрлі амалдарды меңгергенін танытады.
Зерттеу әдісі. Мұнда таза ғылыми әдіске құрылу зандылығы бар. Ғылыми таным, пайым шығармашылық деңгейде жүргізіледі. Білімде динамикалы жүйе қалыптасып, ғылымды саналы бағаммен меңгереді. Зерттеу тапсырыстарының құрылым-жүйесіне орай жақсы білім, не ғылым меңгерудегі қайшылықты шешу әдістері. Өзінің ізденіс-зерттеу еңбегіне орай дербес жұмысын өздігінен орындау үрдісіндегі проблеманы шешу.

 

Проблемалы тапсырма өмірдегі құбылыстарға қисындық негізде құрастырылады. Қисынға құрылған сұрақтар ойлау пайымын белгілі бір бағытта, кәсіпке ыңғайлап дамытуды көздейді. Көбінесе қисындық тезис ретінде болуы мүмкін.

Оқыту қағидасы

Оқыту - өнер. Күрделі, нәзік, сан қырлы және ерекше өнер. Өйткені бұған екі адам: мұғалім мен оқушы қатысады. Оқыту нәтижелері білім оқушының даму дәрежесі ретінде өз бейнесін табады.

Оқыту ісіне мұғалімнің қызметі – оқыту және оқушының қызметі – оқу кіреді. Мұғалімнің балаларға басшылығына мынадай қызметі кіреді: есептеп шығару, есеп шығарудың түрлі варианттарын салыстыру, таңдалып алынған варианттың дұрыстығын дәлелдеу. Кейбіреулері қателеседі, оларды жолдастары түзейді, мұғалім түсінік береді. Ең бастысы ешкім алаңдамауы керек. Оқыту процесі мұғалім де, оқушылар да белсеңді, мақсат көздей жұмыс істеген жағдайда өнімді болады (94.б).

Оқыту – білім алу, шеберлікке, іс-әрекет дағдыларына үйрету мен меңгеру процесі және адамды өмір мен еңбекке бейімді етіп даярлаудың негізгі құрамы. Оқыту процесінің нәтижесінде білім беру мен тәрбие мақсаттары жүзеге асады. Оқытудың мазмұны мен сипаты және мәдени даму дәрежесіне сай белгіленеді. Оқытудың мақсаты мен мазмұны, оны ұйымдастырудың түрлері мен әдістері адамзат қоғамының даму кезеңдеріндегі қоғамдық қатынастар негізінде, жалпы білімге, адамдардың даярлығына қойылған талаптардың сипатына және оқыту жөніндегі педагогикалық идеяларға сай өзгеріп отырды. Қазіргі ғылыми-техникалық прогрестің жағдайында жаңа әлеуметтік талаптарға, оқушылардың мүмкіндіктеріне сай оқытудың мазмұны мен түрлері, әдістерін жетілдіріп, оқыту құрамдарының жаңа түрлерін жасау қажеттілігі туды. Бұл талаптар оқытудың ұйымдастыруында бейнеленді:

а) Оқытудың түрлері мен сатылары арасындағы байланыс;

б) кәсіптік мамаңдық ісінің жалпы білім негізінде жүзеге асуы;

в) оқытудың мазмұнында ғылымның соңғы табыстарына сай теориялық материал көлемінің артуы;

г) оқытудың дамып келе жатқан саласына, оқушылардың танымдық қарыны мен қабілеттілігін жетілдіруге баса назар аударылуы;

д) көпшілік байланыс және қатынас құралдарының (радио, телввизия, мерзімдік басылым) қолдану өрісінің кеңеюі.

Оқыту – оқытушының да, оқушының да іс-әрекетін бірдей және олардың өзара әрекеттестігін бейнелейтін екі жақты процесс. Оқыту мен тәрбие процесінде адамның көзқарасы, адамгершілік қасиеті қалыптасып, қабілеті дамиды.

Оқыту теориясына бірден-бір методологиялық негіз болады. Адам дамуының түрлі кезеңдерінде оқу процесінің сипаты өзгеріп отырады. Оқу процесінде жалпы жас ерекшеліктерімен қатар жеке оқушының ерекшелігі байқалады. Әр оқушының өзіне тән оқу жұмысындағы әдістері, ойлау жолдары, қызығу, бейімділік сияқты ерекшеліктері болады. Жеке адамның жан-жақты дамуы әр оқушының жеке басына тән ерекшеліктерді ашып анықтауды қажет етеді.

Оқыту мақсатын жүзеге асыру үшін түрлі әдістер мен тәсілдер, ұйымдастыру жүйелері мен түрлері қолданады. Оқыту әдістері оқытушы мен оқушының әрекеттеріне қарай белгіленеді: лекция, әнгіме, әнгімелесу, оқулықпен жұмыс, натуралдық объектілерді, тәжірибелерді, еңбек операцияларын, көрнекі құралдарды демонстрациялау, бақылау, жаттығу т.б.

Оқыту әдістерін кейбір авторлар үш топқа бөледі: ауызша, көрнекі және практикалық. Кейбірі оқыту әдістерін дидактикалық міндеттерге сәйкес топтастырады: жаңа білім беру, пысықтау, білім тексеру т.б.

Бұл берілген қисында оқу мен оқыту технологиясының маңызы мен орындалу әрекетіндегі операцияларды жіктеп өттік. Оқу және оқыту үрдісінде әрі тыңдарман, әрі оқытушы субъект болуы керек.







Дата добавления: 2015-06-15; просмотров: 2724. Нарушение авторских прав; Мы поможем в написании вашей работы!



Картограммы и картодиаграммы Картограммы и картодиаграммы применяются для изображения географической характеристики изучаемых явлений...

Практические расчеты на срез и смятие При изучении темы обратите внимание на основные расчетные предпосылки и условности расчета...

Функция спроса населения на данный товар Функция спроса населения на данный товар: Qd=7-Р. Функция предложения: Qs= -5+2Р,где...

Аальтернативная стоимость. Кривая производственных возможностей В экономике Буридании есть 100 ед. труда с производительностью 4 м ткани или 2 кг мяса...

Огоньки» в основной период В основной период смены могут проводиться три вида «огоньков»: «огонек-анализ», тематический «огонек» и «конфликтный» огонек...

Упражнение Джеффа. Это список вопросов или утверждений, отвечая на которые участник может раскрыть свой внутренний мир перед другими участниками и узнать о других участниках больше...

Влияние первой русской революции 1905-1907 гг. на Казахстан. Революция в России (1905-1907 гг.), дала первый толчок политическому пробуждению трудящихся Казахстана, развитию национально-освободительного рабочего движения против гнета. В Казахстане, находившемся далеко от политических центров Российской империи...

Что такое пропорции? Это соотношение частей целого между собой. Что может являться частями в образе или в луке...

Растягивание костей и хрящей. Данные способы применимы в случае закрытых зон роста. Врачи-хирурги выяснили...

ФАКТОРЫ, ВЛИЯЮЩИЕ НА ИЗНОС ДЕТАЛЕЙ, И МЕТОДЫ СНИЖЕНИИ СКОРОСТИ ИЗНАШИВАНИЯ Кроме названных причин разрушений и износов, знание которых можно использовать в системе технического обслуживания и ремонта машин для повышения их долговечности, немаловажное значение имеют знания о причинах разрушения деталей в результате старения...

Studopedia.info - Студопедия - 2014-2024 год . (0.008 сек.) русская версия | украинская версия