Студопедия — Педагогикалық технологияның негізгі тірек көзі, қисыны
Студопедия Главная Случайная страница Обратная связь

Разделы: Автомобили Астрономия Биология География Дом и сад Другие языки Другое Информатика История Культура Литература Логика Математика Медицина Металлургия Механика Образование Охрана труда Педагогика Политика Право Психология Религия Риторика Социология Спорт Строительство Технология Туризм Физика Философия Финансы Химия Черчение Экология Экономика Электроника

Педагогикалық технологияның негізгі тірек көзі, қисыны






(әдебиетті оқыту үрдісінде)

Бүгінгі таңда білім беру жүйесін дамытпалы оқу технологиясына ыңғайлау қажеттілігі туды. Жалпы педагогикалық технология дегеніміз – ұстаздың іс-қимыл үрдісінің қисындық-тәжірибелік қажеттілігін нәтижеге бағдарлау, оны үнемі ширату. Олай болса, оқыту үрдісіндегі жеке тұлғаның білім меңгеруі деңгейліrтердең деңгейліктерге көтерілуі үшін оқулықтарда берілген нысаналар тек мемлекеттік қалыптың қайталаным (I деңгей) мәресінде қалмай, дәстүрлі ұғымда II, III деңгейліктерге ыңғайлы болуы үшін өлшемдіктер мен тапсырмалар берілуі бүгінгі зәрулікті туғызады. Себебі оқулықтарда тек I деңгейге шақталған тапсырмалар (оқулық, хрестоматия, бағдарлама). Сол себепті зерттеу еңбегіміздің мақсатын қайталаным деңгей мен эвристикалы деңгейдің өлшемділіктері мен тапсырмаларын айқындап, ара-жігін ажырату деп аламыз. Қайталаным – оқулық пен хрестоматияда берілген хронометрлік нысаналар мен хрестоматиядағы мәтіндердің хронотобы (құбылыстар мен оқиғалардың көлемін еске сақтау). Мұның өзі оқушының дербестік қалпын сақтап, хрестоматия мен оқулықтан тыс мағлұматтар мен сыни еңбектер және қисындық ұғымдарды бернелеулеріне шектеушілік туғызады. Ал, одан тыс материалдар меңгеруге ұмтылдыру нысанындағы ұсақ детальдарды тұтастықта іліп-іліп, оларды шығарманың құрылым-жүйесіне қарай түсіндіре білу шеберлігіне шыңдайтын эвристикалық тапсырмалар мен өлшемдіктерді пішінге салу арқылы жүзеге асады.

Жоғарыда берілген мақсатты шешу үшін төмендегідей міндеттерді назарда ұстаймыз:

- жаттампаздық пен қайталаушылық дәстүрдегі қалыптасқан ой-түйіндерден бас тартуы. керісінше автордың ажарлы ойынан үлгі алуы, лексикалық қор жиюы;

- әр автордың кейіпкер сомдаудағы типологиялық ұтысын өмірдегі адамдарды тани білуге, прагматикалық іскерлігін шыңдауға пайдалануы;

- таным құрылымын жалқылауға, салыстыруға, жинақтауға, ой түюге бұра алуы;

- қисындық білім қорын өмірде кәдеге жаратуы (сарказм, ирония, суггестив т.б.);

- сөздің тек іс-әрекеттік нәтижеге қызмет етуіне мүмкіндік жасауы;

- оқушының үнемі ізденіс әдісімен шұғылдануы арқылы толғанысқа түсіп, өзін-өзі дербестікте дамытуы.

Міне, осы мәселенің өзектілігін айқындау үшін бірқатар әдістемелік құралдар мен зерттеу еңбектеріне шолу жасап өтелік.

1950 жылдардан бастап әдебиет сабағын оқытудың проблемалық әдістері кеңінен сөз бола бастады. Сабақты проблемалық тәсілмен оқытудың ғылыми-теориялық тәжірибелері жинақталып, мектеп өміріне ене бастады. Осы жылдары «Мектептерде қазақ әдебиетін оқытудың методикасы» жинағы, Ә.Қоңыратбаевтың «Әдебиеггі оқу методикасы», А.Көшімбаевтың «Қазақ әдебиетін орта мектепте оқыту методикасы мәселелері», Т.Ақшолақовтың «Көркем шығарманың эстетикалық табиғатын ашу» тәрізді кітаптары жарыққа шығып, казақ әдебиеті пәнін оқыту ісіне жақсартылуына ықпал тигізген.

1960 жылдары Ә.Дайырованың «Орта мектепте Ілияс Жансүгіровтің өмірі мен шығармаларын оқыту» еңбегі, Ә.Қоңыратбаевтың «Әдебиетті оқыту әдістемесінің очерктері», 1968 жылы «Мектепте қазақ әдебиетін оқыту» жинағы, 1969 жылы А.Көшімбаев «Қазақ әдебиетін оқыту әдістемесі» атты оқу құралы жарыққа шыққан.

1970 жылдары С.Қалиевтің «Мектепте Ғ.Мүсірепов шығармаларын оқыту әдістемесі» атты оқу құралы жарыққа шыққан, 1970 жылдары С.Қалиевтің «Мектепте шығармаларды оқыту жолдары» еңбегі. 1974 жылы Ә.Қасымбековтың «С.Сейфуллин өмірі мен шығармашылығын оқыту жолдары» атты құралы, Қ.Әміровтың «Жоғары кластарда қазақ әдебиетінен тапсырмалар жүйесі» көмекші құралы, Т.Ақшолақовтың «Көркем шығарманың эстетикалық табиғатын таныту» монографиясы, Р.Сүлейменованың «Оқушылардың әдебиеттен өздігінен орындайтын жұмыстарын ұйымдастыру» еңбектері жарияланды. Проблемалық жағдаяттарды проблемалық сұрақтар арқылы талдау барысында байқаймыз. Аталып отырған еңбектердің шыққан уақытыңда өзінше маңызы болды. Дегенмен, қазіргі өмір ағымына сай бүгінгі таңдағы әдебиет пәнін өткізудің, оқытудың мақсаты, ұстанымы мүлде өзгергендіктен, бұл еңбектің оқу құралы ретіндегі рөлі солғындады.

Қазақ әдебиетін оқыту әдістемесі жаңа ғасырға аяқ басқан шақта әдеби шығармаларды оқытуды да жаңа деңгейге жетуде мемлекеттік маңыздылығын айқындап «Адамтану», «Адамды зерттеу» секілді іс-қимылдарға ұмтылдыру көзделеді. Байқағанымыздай, бүгінгі таңға дейін әдебиет оқыту әдістемесінен жүздеген еңбектер жазылды және жазылып жатыр. Олардың авторлары оқушыға көркем мәтінді меңгергудің тиімді жолдарын, амал-тәсілдерін көрсетуде. Оқулықтағы «Ахмет Байтұрсынов» бөлімі «Төлбасы», «Тау сілеміндей мол мұра», «Мысалмен айтқан көп ойлар», «Қаламгердің көсемсөзі», «Тіл тағлымы», «Көп қырлы ғалым» деген тақырыпшаларға бөлінген. Оның бірінде ғалым өмірі жайлы айтылса, енді бірі оның жарық көрген мақалалары жайлы («Бұ заманның соғысы» (1914), «Жәрдем комитеті» (1915), «Закон жобасының баяндамасы» (1914) т.б.) және Ахметті белсенді қоғам қайраткері ретінде көрсетуге арналған. 1926 жылы Қызылордада басылып шыққан «Қартқожа» романы жайлы: «Бақытсыз Жамал», «Қамар сұлу», «Қалың мал», «Қыз көрелік» қатарлас туындыларындағыдай бірде өлең сөз аралас жүретін қойыртпақ стильмен емес, бастан-аяқ салиқалы, сабырлы-ұстамды проза үлгісінде жазылған», -деп субъективті пікір айтады. Аталған шығармалар бұл жанрдағы алғашқы туындылар екенін және олар өз кезеңі үшін, жазушы үшін, әдебиет үшін үлкен жетістік екенін ескерсек, бұл пікірдің қаншалық жаңсақ айтылғанын аңғаруға болады.

«Қазақ әдебиетінде реалистік роман принциптерін алғаш меңгерген қаламгердің бірі – Жүсіпбек. Ол стиль, композиция тәрізді көркемдік құралдарға ерекше көңіл бөлді, әсіресе, казақ тілінің сан алуан байлығын еркін қолдана отырып, Еуропа, орыс әдебиетіндегі бейне жасау, мінездерді даралау, сезім бұрқағын, ой толғауларды керсету дәстүрлерін еркін пайдаланды. Жазушының талант мүмкіндіктері, қабілет ерекшеліктері, әсіресе, оның «Ақбілек» романында айқын керінеді» - дей келіп «Ақбілек» және «Қартқожа» романдарының мазмұнын жазады. Бұл романдардын жалпы мазмұнын оқып алған соң оқушылар шығарманың өзін оқуға асықпауы да ықтимал.

«Жан жүйесі» деген бөлімі Ж.Аймауытовтың «Комплекспен оқыту жолдары» (1929) және «Психология (жан жүйесі) мен өнер таңдау» деп аталатын екі ғылыми еңбегіне арналған. Мұнда автор олар жайлы екі жарым бет келемінде мысалдар келтіре отырып талдау жасайды. Оқулық – ұстазға бағыт-бағдар берер бірден-бір көмекші құрал деген көзқарас тұрғысынан қарайтын болсақ, ол ең алдымен көп қырлы тұлғаларды кім ретінде танитынымыз жайлы бағыт беруі тиіс. Әдебиет оқулығы болған соң А.Байтұрсыновтың немесе Ж.Аймауытовтың ғылымның басқа салаларындағы емес, нақты әдеби мұраларын талдауға ерекше көңіл бөліну керек. Ал аталған еңбектеріне жалпы шолу жасалса да жеткілікті болар еді.

Ілияс Жансүгіровтің «Жолдастар» романынан автордың табиғат суреттері, адамның реалистік бейнесі сомдалды. Юморлық, сатиралық кейіптеулерде көркемдік қуат бар. Жазушының суреткерлік күші барымта, жұт сценаларын, билер дауы, молдалар айтысын жұмысшылар ортасын бейнелеуден жақсы көрінетінін айтқан. «Жолдастар» қазақ әдебиетіндегі әлеуметтік психологиялық роман жазу барысындағы алғашқы сәтті тәжірибелердін бірі, өмірлік мазмұны терең, эстетикалық әсері күшті шығарма деген қорытынды жасайды. «Соғыс кезеңі мен онан кейінгі жылдардағы әдебиет» бөлімінде осы кезең әдебиетіндегі ерекшеліктер:

1. Әдебиет мүлде жаңа тақырыпқа бет бұрды. (соғыс, соғыс философиясы т.б.)

2. Әдебиет саналық, азаматтық жағынан шыңдалды.

3. Қай жанрдағы шығармалар болсын тақырып ортақтығы болады. Осы жылдары поэзия жанрында Ж. Жабаевтың «Өмір мен өлім белдесті», Н. Байғанин «Жанышта жауды, жанышта», «Майданға батыр ұлдарым» т.б. С.Мұқанов, А.Тоқмағамбетов, Т.Жароков, Ә.Сәрсенбаев, Ә.Тәжібаев, Ж.Саин, Д.Әбілев, Қ.Аманжолов, А.Орманов, С.Сейітов, С.Мәуленов өлеңдері азаттық соғысқа аттану, жауды жеңіп, кек алу тақырыбына арналған.

М.Әуезовтің «Қорғансыздың күні» - көркем прозасының басы. «Оқыған азамат», «Қыр әңгімелері», «Үйлену», «Ескілік көлеңкесінде», «Барымта», «Кінәмшіл бойжеткен», «Қаралы сұлу» т.б. әңгімелеріне шолу жасалып, олардың қаламгердің «Абай жолы» романын жазудағы баспалдағы іспеттес екені айтылады. Одан кейінгі бөлімдер «Абай жолы» романының әдебиетіміздің классикалық үлгісі, одан берілген әр халық жазушыларының бағалары жазушы шеберлігімен қатар Абай, Құнанбай бейнелеріне кең тоқталады. «Құнанбай – азулы ғана емес, ақылды, шоқпар мен сойылдың ғана емес, әріден толғайтын ойдың адамы. Көзі дара болғанымен көкірегі сара, көреген...» деп мінездеме бере кетеді....Өзі билік жүргізген атыраптағы қазақты бұқтырып, орысты ықтырып, бәрін өз алдына құрдай жорғалатқан. Құнанбайдың пәлсапасы да, дипломатиясы да бір басына жетерлік. Құнанбай осындай кесек кейіпкер, қия жартастай мықты тұлға болмаса, онымен тартысқа түскені Абайдың ірілігі көрінбеген болар еді» - деп тұжырымдады.

Міне, осының бәрі дерлік қайталаным әдісімен қабылданады. Әдіс мақсатқа жетудің жолы десек, қайталаным - даяр мәлімегті ойлау әрекетінсіз еске сақтау. Көріп отырғанымыздай, кұр даяр білімді меңгерумен білімінің адамға қажетті жерде қызмет етуіне рөлі шамалы. Міне, осы I деңгейден II деңгейге өтудің қажеттілігі де осында.

Эвристикалы әдіс-автор көздеген «жақын алаңға» оқырманның өзінше ой-түйін жасауына қозғаушы күш. Проблемалы зерттеу әдісінің алғашқы башалдағы – эвристикалы әдіс.

1997 жылы Алматыда «Рауан» баспасынан жарық көрген Ұ.Әбділдаұлы, Ә.Дайырова, Р.Батталова құрастырған оқулық-хрестоматияның 1996 жылы Ә.Дайырованың құрастыруымен шыққан оқулық-хрестоматиядан айтарлықтай өзгерістері бар. Егер оқулықтың құрылым жүйесін салыстырар болсақ, соңғы басылым алты бөлімге жіктеліп, әрқайсысы мазмұнына қарай тақырыптармен бекітілгенін көруге болады. Сондай-ақ, мұнда әрбір ақын-жазушының өмірінен қысқа, бірақ оқырман санасында белгілі бір көзқарас қалыптасарлық мәлімет берілген.

Ж.Аймауытов 1996 жылы хрестоматияда «Ақбілек» романынан үзінді берілсе, 1997 жылы оқулықта оның орнына «Қартқожа» романынан үзінді, «Тар жол тайғақ кешу» романы алынған. С.Сейфуллин шығармашылығы жөнінен берілген қысқаша шолуда бұл роман туралы: «Қазан төңкерісі тұсындағы аумалы-төкпелі кезең шежіресі іспеттес өмірбаяңдық «Тар жол тайғақ кешу» романы оның прозалық кесек туындысы болып табылады. Рас, кеңесшіл, коммунист жазушы қаламынан туғандықтан, бүгінгі күн тұрғысынан алғанда, онда дәуір шындығы, жекелеген тарихи тұлғалар туралы субъективті теріс тұжырымдар да бар. Мұндай біржақтылықтар оның социализмді, кеңестік заманды жырлаған шағын өлеңдері мен көлемді шығармаларында да кездеседі. Бірақ, бұл үшін ақынды кінәлаудың керегі жоқ. Өйткені ол заманда оқыған, оқымаған жұрттың бәрі де солай ойлаған» - деп жазған.

Бейімбет Майлин шығармаларының ішінен 1996 жылы шыққан оқулықка тек «Шұғаның белгісі» әңгімесі енсе, 1997 жылғы оқулыққа қазақ әдебиетінің поэзия жанрына типтік образ әкелген «Мырқымбай», «Бер, Мырқымбай, қолыңды», «Ей, Мырқымбай» өлеңдер шоғыры мен «Неке қияр» пьесасы мен «Қара шелек», «Арыстанбайдың Мұқышы» әңгімелері енген.

1. Жансүгіровтің «Күйші» поэмасының орнына «Бұлбұлға», «Ұршық», «Саптаяқ», «Гималай» өлеңдерінен басқа «Құлагер» поэмасынан үзінді берілген.

С. Мұқановтің 1996 жылғы оқулықта «Сұлушаш» поэмасы ықшамдалып берілсе, 1997 жылғы оқулықта «Ботакөз» романынан үзінді берілген.

Ғ. Мүсіреповтың «Оянған өлке» романынан үзінді орнына 1997 жылғы оқулықта «Талпақ танау» және «Ұлпан» повесінен үзінді берілген.

Ғ. Мұстафиннің «Дауылдан кейін» романынан үзінді екі басылымда да бар.

Т. Ахтановтың «Шырағың сөнбесін» романынан үзінді, М.Әлімбаевтың «Ақын», «Қазіргі бұл шағымда», Ғ. Қайырбековтің «Бар ма екен деп ойланам» өлеңдері осы оқулықтағы тың дүниелер болса, Ә. Нұрпейісовтің «Қан мен тер» романынан үзінді бұрынғы басылымда да жарық көрген. 11 сынып оқушылары үшін Ш. Мұртазаның «41-жылғы келіншек» әңгімесі, О. Әубәкіровтің «Бір қап үн» әңгімесі, О. Сүлейменовтің «Арғымақ» өлеңі.

«Түбірі бір түркі тілдеріндегі өрнектер» деп аталатын төртінші бөлімде түркі тілдес халық ақын-жазушыларының шығармалары берілген. Татар ақыны Мұса Жалелдің «Соңғы күз», балкар ақыны Қайсын Құлиевтің «Өлсем егер», «Бесік жыры», өзбек ақыны Айбектің «Азат құс», қарақалпақ ақыны Тілеуберген Жұмамұратовтың «Не жетсін», «Қайтермін» өлеңдері, қырғыз жазушысы Ш.Айтматовтың «Кездесу» әңгімесі енген.

«Аударма үлгілері» деп аталатын бесінші бөлімде парсы ақыны Омар Хайям рубайлары, орыс ақындары А. Блоктың «Скифтер», А. Ахматованың «Қайсарлық», С. Есениннің «Ит туралы жыр» атты өлеңдері берілген.

«Көркемсөздің сырын ашқан» атты алтыншы бөлімде Зейнолла Қабдоловтың жас қаламгер Қ.Ысқақовтың «Қоңыр күз еді» атты повесіне байланысты жазған сыни мақаласы енген.

Қайталаным әдісі - Ж.Аймауытов «Психологиясында» жұлма жадқа тән категория. Ал, эвристикалы әдіс - пәлсапалық жадқа тән категория. Салыстырып қарасақ, бұл – ойлау қабілетін дамытарлық әдіс. Бірақ, қайталаным әдісінсіз эвристикалық әдіс те, деңгей де тумайды. Ал, эвристикалы әдіс пен деңгей болмаса, проблемалы зерттеу әдісі жүзеге аспайды. Түбінде, осының салдарынан, субъектінің өздігінен белгілі шығарманың автор көздеген мұрат-мүддесін, стилін, көркемдегіш құралдарын талдау-жинақтау, жалқылау-жалпылау әдістеріне сала алмайды. Міне, бір әдісті меңгермеудің нәтижесінен не болмақ?

Яғни, ойлау әрекетінің проблеманы зерттеп, оқырманның дербестік қалпын сақтап, тұжырым жасауына үлкен кедергі.

І-деңгей: Мемлекеттік қалыптың деңгейі. Ал мемлекеттік қалып дегеніміз – бағдарлама, оқулық, хрестоматия көлеміндегі білімді меңгеру.

ІІ-деңгей: эвристикалы деңгей – бұл оқытылып отырған әдісті көбінесе метод дейміз. Метод латын тілінде metodos бірдеңеге жетудің жолы. Бұл – тура мағынасы. Былайша айтқанда, жоғарыда сипатталып өткен әдістер бірінсіз-бірі нәтижеге бағдар жасай алмайды.

Эвристикалы әдістің негізгі іс-қимылының құрылым-жүйесі темендегідей:

- Ес;

- Түсініп талдау;

- Белгілі бір тұжырымды өзіңе аудару;

- Қолданым;

- Талдау (әдебиеттің қисыны, сыны);

- Жинақтау (бәрін тақырыпқа түйістеу);

- Бағалау, толғанысқа түсу.

Міне, бұл құрылым-жүйе әдеби нысанадағы автордың айтпақ ойын даяр қабылдап, сол қалпында айтып бермей, өлшемдіктерге орай құрылған тапсырмаларды орындау арқылы оның «жақын алаңына» шығады. Мұның нәтижеге шығар үш фазасы бар: 1) Қызығушылықты ояту; 2) Мағынаны ажырату; 3) Толғанысқа түсу.

Әрине, мұндай ойлау әрекеті, оқушының жеке қабілетінің сыни тағылымын дамытары сөзсіз.

Бұл арада айта кететін бір мәселе – эвристикалы әдісте оқушыға даяр тұжырым бермеу шарты. Себебі, белгілі бір зерттеушінің еңбегін оқып алғаннан кейін, ол нысананы оқушы тек солай қабылдауға ыңғайланады. Сөйтіп, өзінің жанын, рухын дамыта аларлық жағдай мен сәттен айырылып қалады. Бір сөзбен айтқанда, II деңгей арқылы оқушы тәуелсіз ойлауға жетіледі. Ал, үшінші шығармашыпық деңгейде сетті жоспар (сетевой план) құруына болады. Мұнда қосымша материалдар тізбеленеді. Эвристикалы әдіс – технологиялық жүйенің тірегі. Бірақ, оның көлемі стандарт дәрежесінде калады, меңгерген материалын автордың көкейіндегі мүддеге қабыстыруға, оның мақсат-мұратын табуға өзі талпынып, өз деңгейінде тұжырым жасап, оқу еңбегінен махаббат тауып, Рухын, Жанын, Менталитетін көркем шығарманың қуатының нәтижесінде дамытады. Бұндай субъектілер хайуандық, ессіздік, жарыместік, қалыптанған, құлдық психология сапасында қалмайды. Еңбектің өзектілігі осында. Тұлғалық дәреженің алғашқы баспалдағы эвристика әдісі мен деңгейі арқылы қаланады.

Міне, осы тағылымды жүзеге асырудың өлшемдіктерін, тапсырмаларын пішіндеп керелік:

Эвристика (грек сөзі - отыскиваю, открываю) - ғылым, шығармашылық мәтіндермен жұмыс істеу. Оқытуда жаңа ағым табудың амалы, жолы. Эвристикалы әдіс – міндетті шешудің қысқа жолы. Танымдылық, дәйектілік, дәлелдік, ережені сол қалпында меңгеру.

Міндетті шешудің жаңа пішіні. Бұлар мынандай: ізденістің соқыр сезімге құрылуы, қателіктер мен кемшіліктерге негізделуі, лабиринтті пішің (адасу) семантикалы-құрылым пішіні, бұл нысаналар арасындағы қатысымды семантикалы байланысқа бағындырады. Эвристика бір жағынан психологиямен, екінші жағынан физиологиямен, жүйке қызметімен, лингвистикалы құрылыммен, ақпараттық қисынмен байланысгы.

1. Таңдап алған әдістердің пішімсіздігі.

2. Жағдайлардың нәтижеге бағдарланбауы.

3.Уақытты ұтымды пайдаланбау.

Аталған көкейкесті қайшылық – аналитикалық тәсілге тірек. Міне, осы қайшылықтарды шешу үшін эвристикалы әдіс қызмет атқарады. Эвристикалы әдістің негізгі зандылықтары:

1. Мақсат пен міндеттерін автор көздеген жағдайға құру, айқындау. Мақсатқа қатысты міндеттер шешіледі.

2.Оқытудың мазмұны. Бұл алынатын нысанның негізгі буындары мен уақиға иірімдері және кейіпкерлер арасындағы қатынасым құбылыстарына бағынышты.

3. Жас ерекшеліктерін ескеру көзделеді. Әлеуметтік сипат, психологиялық адамгершілік қасиет, шығарманың көркемдік қуаты. Оқушылардың ұғымына үндесетіндей дәрежеде болуы назарда ұсталады.

4. Ұғымның деңгейін қалыптастыру (құбылмалы, ырғақпен, яғни, әр оқушыға ыңғайлы тапсырма даярлау).

5. Жеке тұлғаның ерекшелігін ескеру.

6. Оқудың жағдайы.

7. Оқу құралдары.

8. Оқу мерзімі, уақыты.

1. Оқудың ықтимал нәтижесі.







Дата добавления: 2015-06-15; просмотров: 1576. Нарушение авторских прав; Мы поможем в написании вашей работы!



Композиция из абстрактных геометрических фигур Данная композиция состоит из линий, штриховки, абстрактных геометрических форм...

Важнейшие способы обработки и анализа рядов динамики Не во всех случаях эмпирические данные рядов динамики позволяют определить тенденцию изменения явления во времени...

ТЕОРЕТИЧЕСКАЯ МЕХАНИКА Статика является частью теоретической механики, изучающей условия, при ко­торых тело находится под действием заданной системы сил...

Теория усилителей. Схема Основная масса современных аналоговых и аналого-цифровых электронных устройств выполняется на специализированных микросхемах...

Приготовление дезинфицирующего рабочего раствора хлорамина Задача: рассчитать необходимое количество порошка хлорамина для приготовления 5-ти литров 3% раствора...

Дезинфекция предметов ухода, инструментов однократного и многократного использования   Дезинфекция изделий медицинского назначения проводится с целью уничтожения патогенных и условно-патогенных микроорганизмов - вирусов (в т...

Машины и механизмы для нарезки овощей В зависимости от назначения овощерезательные машины подразделяются на две группы: машины для нарезки сырых и вареных овощей...

Пункты решения командира взвода на организацию боя. уяснение полученной задачи; оценка обстановки; принятие решения; проведение рекогносцировки; отдача боевого приказа; организация взаимодействия...

Что такое пропорции? Это соотношение частей целого между собой. Что может являться частями в образе или в луке...

Растягивание костей и хрящей. Данные способы применимы в случае закрытых зон роста. Врачи-хирурги выяснили...

Studopedia.info - Студопедия - 2014-2024 год . (0.012 сек.) русская версия | украинская версия