Студопедия — Прозаны оқытудың тиімді жолдары
Студопедия Главная Случайная страница Обратная связь

Разделы: Автомобили Астрономия Биология География Дом и сад Другие языки Другое Информатика История Культура Литература Логика Математика Медицина Металлургия Механика Образование Охрана труда Педагогика Политика Право Психология Религия Риторика Социология Спорт Строительство Технология Туризм Физика Философия Финансы Химия Черчение Экология Экономика Электроника

Прозаны оқытудың тиімді жолдары






Әдебиеттің қисыны – бүгінгі заманның мектептерінде әдебиеттің бөлігі. Ол үшін мұғалімнің өзі әдебиеттің қисынының жүйесін жақсы білуі керектігін айтып өткенбіз.

Әсіресе, прозаны өту үрдісінде шығарманың құрылысын талдамай, оның мұратын ұғыну қиын. Академик К.В. Голубков ол жөнінде былай деген: «Әр пәннен белгілі бір білім меңгертуде ғылыми жүйелерді сақтау керек. Бірақ, бұл басқа ілімдердегідей жүйемен берілу қажет-ақ». (Голубков В.К. Методика преподавания литературы. М., 1962. 202 бет - 203 б). Әйтпеген жағдайда бұл тек формализмге кетеді.

Қисындық ұғымдарды бесінші сыныптарда мынадай жүйемен келтіруге болады:

Әдебиет өнер ретінде және оқу пәні ретінде.

Шығармалар және ақын жазушылар.

Әдебиет қисынының алғашқы ұғымдары, шығарманың кейіпкері, тақырыбы, мұраты, мақсаты жайлы мағлұмат.

Фольклор, ауыз әдебиеті, әдебиет.

Шығарманың құрылым-жүйесі.

Тегі және жанрлары.

Көркем шығарманың құралдары мен тілі.

Өлеңнің өзіндік ерекшелігі.

Мазмұн, эпикалық шығармалардағы қарама-қарсылық, портреттер, шығарманың құрылысы.

Фольклор мен ауыз әдебиетінің түрлері жайлы түсінік.

Мақал, ертегі, жырлар, мысалдар, әңгімелер.

Контекстегі көркем сөз құдіреті.

Өлең сөздің поэтикалы салмағы, ұйқас, шумақ ерекшеліктері, эпитет, метафора, теңеу, кейіптеу, аллегория т.б.

Прозалық шығарма мен поэзияның ерекшеліктері.

Аталған өлшемдер – ол осы бесінші сынып оқушыларының жалпы меңгеретін мемлекеттік қалыптың талабы.

Әдебиетті оқытуда қисындық ұғымдарға мән беріліп, олардың өзара байланысы мен ерекшелігін жіктеп, айқындап отырулары үшін мынадай жүйені ескеру қажет:

1. Фактіні жию, әдеби құбылыстарға мінездеме беру.

2. Бұл құбылыстарға жалпы мінездеме құру.

3. Мінездеменің барлық белгілеріне түсініктің, не нұсқаудың жолдарын анықтау.

4. Түсініктің белгілерінің маңыздылығын бекіту.

5. Талдауда белгілі бір әдеби құбылыстарды қолдану.

6. Түсінікті одан әрі дамыту, оны үнемі жаңа ұғымдармен толықтыру.

Мектепте оқылатын әдебиеттің қисындық құрылым-жүйесі жайлы В.В.Голубков, Н.И.Кудряшов, Г.И.Беленько, М.А.Снежневская, А.Т.Балыбердин, Н.И.Прокерьев, Н.И.Громов, Н.О.Корст, А.В.Дановский, Л.К.Кузнецова, Л.А.Мурач, О.Ю.Богданова т.б. Мынадай кезеңдерге бөліп оқытуды ұсынады:

1) Бірінші табиғи кабылдау кезеңі;

2) Мақсатты дерексіз қабылдау кезеңі;

3) Түсінік-ұғымдарды нақтылау. Г.И.Беленьский «жинақтау мен нақтылаудың бірлігі» деп... (Беленьский Г.И. Әдебиет теориясы// Современные проблемы методики преподавания литературы (Отв. ред. Я.А.Рожкович Куйбышев, 1974. С. 46-47).

А.В.Дановский әдеби-қисындық ұғымдарды меңгерту үшін жүйелі-қызметтік дамытпалы тұжырымдаманы құрған. «Жекелеген ұғымдарды меңгерудің қағидалары; аспектісі: өнер мен ақиқатқа адамгершілікті-эстетикалық көзқарас, автордың дүниетанымы мен шығармашылығының арасындағы байланыс, көркем шығарманың стилі мен әдісі, әдебиеттің сыны мен қоғамдық өзгерістер арасындағы қатысымы тарихи – әдеби үрдісі».

Мектеп мұғалімдерінің ішінде әдебиет қисынын оқыту жайлы бір мәмлеге келген тұжырым жоқ. Қанша қазақ тілінде шыққан бұл бағыттағы еңбектер мұғалімнің күнтізбелік жұмысының тірегіне айналмады? Ия, қисынның құрылым-жүйесін жалаң бергенмен, оны мұғалімдер өз істеріне қоса алмайды.

В.П.Иванов көркем әдебиеттің түрі арқылы ашады, «көркемдіктің сыртқы қуаты арқылы ерекшелікті ашу, адамның ішкі рухани жан азығының қалыптасып қалған мәдени деңгейін оқушы түсінігіне жеткізу» (Иванов В.П. Человеческая деятельность - познание - искусство - Киев, 1977. - 207-208).

Өнердің өзіндік үні әр оқырманның қабылдауына тұтасымен әсер етеді.

Өнердің адам санасына жинақталып, түйістеніп беруімен қатар жеке-жеке бөліктерге тарамдалып (эвристика) берілуі де тиімді деген пікірді психологиялық тұрғыда айтқан А.А.Леонтьев. (Леонтьев А.А. Психологический подход к анализу искусства // эмоциональное воздействие массовой коммуникации: Педагогические проблемы. (Материалы семинара). М.,1978. С. 32 // Әдебиеттен оқушының алар ішкі жағымды сезімінің құндылығы басым. Мұның бәрін орыс ғалымдарынан неге алып отырмыз? Себебі бүгінгі күнге дейін қазақ әдебиетін оқытудың әдістемесі жайлы ғылыми әдіснамалық тұжырым жасалған жоқ. Сол себепті тіректік (субстанция) нысаналар ретінде, әдістер мен технологиялардың теориялық зандылықтары мен қағидалары ретінде аталған ғылыми тетіктерді пайдаланып отырмыз. Бұл – бір. Екіншіден, көптеген аудармалар тек аударма ретінде беріледі. Ол материалды өзектендіру, оның мазмұн-құрылымын аталған бір пәннің мазмұн-құрылымына салу дәстүрі кемсін. Ал біздер, бірнеше қисындық тұжырымдардың негізінде нақтылы талдаулардың сипатына негіздеп беріп отырмыз.

(Леонтьев А. А. Искусство как форма общения: к проблеме предмета психологии искусства. Психологические исследования. Тбилиси. 1973. С. 139-140). Ғалым сезінудің өзі адамның санасының көрінісінде бар дейді: «Сезімдік құбылыстарда нақтылы ақиқаттың бейнелері бар. Ол қоршаған әлемді өзінің ішкі жан дүниесімен сезінді. Оның ол ішкі құлқына (субъектісіне) айналды».

А.В.Славин танымдық құрылымда ақиқаттың бейнесін аша отырып, сезім мен логикалық пайым арасындағы байланысты ашқан. Бұл жөнінде сөз бен сезім арақатысының заңдылығын Ж. Аймауытов айқындап берген.

Түсінік-ұғым – адам тұрпатының ең маңызды бөлігі, танымның ең нәзік құралы, бірақ бірыңғай санамен шектелу шындықты тану емес. Оған тек тұжырым жасау жетімсіз. Сол себепті бір жағынан тұжырым мен көрнекіліктің бірлігінде танымдық үрдіс даму деңгейіне жетеді деген.

С.Л.Рубинштейн ақыл-ой, парасат қабілеттерін үйрету арқылы емес, өздерінің жеке ойлау пайымын дамыту үрдісімен машықтандыруға көңіл бөлген (Рубинштейн С. Л. Проблемы общей психологии. М., 1973. С. 234).

С.Л.Рубинштейн бейнелі сездер мен ұғымдарға ерекше мән берген. «Бейнелі сурет (образ) - мазмұнның жиынтығы, оның ауқымынан асып келетін ұғым, өзіндік ерекше реңктері бар, келесі бір адамға оны сол қалпы жеткізуге болмайды. Образды сезінеді, әңгімесі аумайды (Рубинштейн С. Л. Проблема общей психологии. М., Педагогика. 1973. С. 124).

Берілген әдебиеттің өзекті мәселесі тек ұғымдардың тілімен жеткізу емес, яғни логикалы аргументпен ғана шектелмей. бейнелі метафоралардың (айшықтау-құбылту) айшығын тұшыну. Әйтпесе, оқушы сол шығармадағы күйініш-сүйініш, ізгілікті - сұрқия т.б. қарама-қайшылықтағы сезімдік тәлімдерді (дұрысы бар, бұрысы бар) ұмытады.

(Рыбак Л.А. Образное мышление и урок литературы. М., 1966. С. 71, 84). Орта мектептің әдебиеті ұғымдардын өзара байланыстылықты жүйесін құрайды. Ол шығарманың өзіне тән бейнелік-көркемдік ерекшелігінің негізінде меңгеріледі. Мұның өзі барлық курстың басын құрайды.

А.М.Давидов «Дерексіздікті қабылдау қабілеттілікті мазмұнның сананы жаулап алуынан сақтандырады (Давидов А. М. Автор - образ - читатель. Л. 1977. С. 33).

Белгілі бір образдан ұғымның әртүрлі деңгейлігіне өту қайтадан оқушыны әдеби фактілердің құралдары мен ұғымдарын меңгеруге, әдебиеттің жүйесі мен тұжырымының өзектілігін пайымдайтын шешіміне ұмтылдырады.

Әдебиет қисынының (теориясының) ұғымдарымен қарулану қисын мен көркемдегіш бейнелердің арасындағы байланысты меңгертеді, оны жинақтатады, ақыл-ойдың нақтылылығын, ақиқаттылығып және эмоциональдылығын ширатады. Логикалы және бейнелі ойлау қабаттаса, қатарласа дамытылады.

Мұның бәрін теорияландыру, не қисындандыру деп ұққан дұрыс емес. Әр нәрсенің бір зандылығы, кағидасы болу керек. Әдебиетті стихиялы оқыту дұрыс емес. Оны біздер түсінген сияқтымыз. Әдебиетті өнер ретінде таныту адамның эмоциональды қабілеттерін дамытады. Оның даралық тұлғасын дамытуға септігін тигізеді. «Сезім, эмоция, құмарлық, құштарлық әдебиеттің нысаналарында өнер ретінде танылады. Бұл метаморфозаның мәні Выготскийдің пайымдауынша, жеке адамның сезімі жалпы қоғамдық сезімге айналады». (Міне, осыдан жалпы моральдық өлшем, тәртіп заңдылығы шығады).

В.В.Голубков адамның бейнелі, көркем ойлау қабілеті неғұрлым жоғары болса, соғұрлым тұжырымды өзіне лайықтап алу шеберлігі, өмір сүрудегі ұтымды істері айқындалмақ.

(Голубков В. В. Теоретические основы методики литературы в средней школе // Литература в школе. 1946. №1. С. 46-47).

Аталған әдебиеттегі қисындық ұғымдар менбейнелік жайлы мәліметтер мен бағдарлама мен шығармаларда болып келеді. Шығармада жалаң қисындық ұғымдар мен бейнелік құбылыстарды талдау ешқандай нәтижеге жеткізбейді.

Шығарманың құрылым-жүйесі

 

Бесінші сынып оқушыларына шығармалардың құрылым-жүйесі жайлы қарапайым ұғымдар берілуге тиіс. ІІІығарманың мұраты бойынша кейіпкерлердің іс-әрекеттерінің өсу, даму барысына үнемі назар аударып, оның әрбір бөліктеріне ат қойып отырған жөн. Сөйтіп, олар кейіпкерлерді салыстыру арқылы өмірді түсіну ыңғайы ширатылуда. Шығарманың құрылым-жүйесі тек сол шығарманың тұтас табиғатынан шығады. Ол үшін мәтінді мұқият талдау қажет.

Берілген теориялық ұғымдармен образды сабақта оқушының ойлау қабілетін қалай дамытар едік? Ол үшін бағдарламаға жаңадан енгізілген Сәкен серінің «Ақан сері» романынан үзіндісін («Ақырғы бәйге») психологияға салып көрейік.

Оқушыларға шығарманың құрылым-жүйесі жайлы бастауыш ұғым беру үшін мынандай бағыттар беріледі:

1) Үзінді неше бөлімнен тұрады?

2) Әр бөлім неше азаттық жолдан тұрады?

3) Әр бөлімге өздеріңше жеке-жеке ат қойыңдар.

4) Әр бөлімдегі азаттық жолға қысқаша өздеріңнің ой-түйіндеріңді жазып, оны бөлім аттарымен байланыстырыңдар, не шығады?

Міне, жұмыстың ықтимал жауаптары былай болмақ:

- Үзінді сегіз бөлімнен тұрады.

- Атаулары (Атқа сыншының сын айтуы).

- Бәйгеге әзірлік.

- Ақанның батасы.

- Мөңкенің жортуы.

- Құлайкөктің Құлагермен тайталасы (баланы).

- Елдің біресе баранды, біресе қыланды көруі.

- Ақанның қуанышы.

- Құлагерге қастандық.

I. Бұны өз сөзіне айналдырғанда (интерпретация):

- Асқа келгендердің аузында Ақан мен Құлагер.

- Жұрттың Құлагерді тосуы.

- Күреңбайдың кейпі.

- Күреңбайдың сыны (үзеңгі қағыстырып, тізе соғар жылқы баласы әлі бұл өлкеде туған жоқ).

Батыраштың намысы;

- Қайтадан Күреңбайдың сыны (терісі мап-майда, ет пен терінің арасында жылтыраған бір май жоқ, бір жапырақ арам ет жоқ, қаны мол, талыс танау, Оқ жетпестің қайрақ тасындай, быртық бақай, ит жіліншік, тауы тізелі, бөкен санды, сіңірі бура тілерсек, екі бұттың арасынан екі адам жүрелеп өткендей, жібектей күлтеленген майда жал, жеңіл құйрық. Қасқыр жауырын, түлкі төс, қоян жонды, шапқан сайын үдей түсетін, өрге салсаң, өршелене түсер ұшқыр, нағыз құйынның құйыны – Пырақ);

- Батыраштың қарсылығы;

- Күреңбайдың дәлелі (он екі қабырғаның орнына он үш, міне, осыны қалай деп түр);

Қошеметшіл жұрттың пікірі;

- Тағы да Күреңбайдың Құлагер портретін сипаттауы; (бұл қазір бабына келіп, сылап-сипаумен тұрған, сұлы бұлаудан шыққан сұлудай нәзік жануар емес пе. Қолдың уыты тиеді, - деп шаңқылдаған ащы даусымен көшті кейін шегіндіріп, аттың терін жаяды.

- Күреңбайдың Құлагер баптаған иесіне таңдануы; (бір қисық ащы тері бойында қалмапты. Құлағында қоянның көз жасындай бір тамшы су жоқ); (11 абзац).

- Ерейменнің суреті. Құсақ көлінің көз тартар әсем құбылысы (айдынында шомылып, қаздай жүзіп);

- Ат үстіндегі жас баланың өнері;

- Жұрттың балаға деген көтерме сөзі;

- Бұл баланың өнеріне сүйсінген жұрт;

- Тобықтының Қошқарбайының Шашубайы (жас баланың) екені;

- Халықты алаңдату мақсаты (баланың ойыны);

- Баланың жұртты тауға, ат жарысқа шақыруы;

- Жар салу (Алатаудың Аласы, кіші жүздің Қарасы т.б.). (Екінші бөлімде сегіз абзац).

- Жаршының бұйрығын тосып тұрғандар;

- Жұрттың шуылы;

- Жанкүйерлердің демеу сөздері;

III - Құлагердің топқа қосылуы;

- Құлагерге таң қалған жұрт;

- Жаршының бәйге жайлы мәліметі;

- Ақанның Мөңкеге берген бата-тілегі;

(Ыққа түсіп, шаң жұтқызба, жел жағында отыр) (7 абзац)

IV - Бес жүз аттың шет жағын ала Мөңкенің жортуы; (1-ақабзац)

V - Бәйгешілердің шаршы орамалына қарауы;

- Айдаушының орамалды тартып қалуы;

- Құлагер мен Тарбағатайдың Тарланкөзінің, Баянның бурылының т.б. қатарласа шабуы;

- Мөңкенің Құлагерге күдіктенуі;

- Мөңкенің жарты жолға жетуі, оның бұл безілгенінің ерекшелігін түсінуі;

- Мөңкенің көңілінің көтерілуі. Ақан ағасының шалқыма әнінің қуат беруі. (ойша оралуы);

- Құлагердің Құлайкөктен озып кетуі, үстіндегі баланың оны жақтырмауы;

- Төрт аттың да қара терге малынуы;

- Құлайкөк пен Топайкөктің үстіндегі балалардың жымысқы келісімі. Құлагерді ортаға алып қыса беруі;

- Құлайкөктің баласының Мөңкеге зәр шаша қарауы;

- Құлайкөк пен Құлагердің үстіндегі баланың қатарласа шабуы; Құлайкөк үстіндегі баланың жанарындағы сәбиге тән нұрдың қалмауы;

Оның ішкі арам ойы - Мөңкенің де жеңетін өзі-өзіне ішкі сенімі;

- Бес аттың жұбын жазбауы. Төрт аттың терге малшынуы, ал Құлагердің мойнының жаңа терлеуі;

- Екі баланың Мөңкені Құлагерімен ашық қысуы;

- Құлайкөктің үстіндегі баланың Батыраштың баласы болып шығуы;

- Екеуінің сұхбаты;

- Мөңкенің тәуекелі;

- Жермен жексен болған Құлагердің құйындай ұшуы;

- Мөңкенің ат үстіне жабыса түсуі;

- Құлагердің 499 аттың алдына шығып, Көкөзектің сайына екпіндеуі. VІ (19 абзац).

- Елдің дүрлігуі;

- Шаң көрінді;

- Жұрттың қошемет сөздері;

- Жұрттың біресе қылаң, біресе баранды көруі;

- Аканның түймедей қараны тануы; (метонимия) (Ақанның қанаты, Ақанның пырағы) (метафора)

Ақанның екі беті алаулап, көзінен бір тамшы жастың домалап түсуі; (сүйінші)

- Төрт аттың қатарласуы;

- Тағы шаңның көрінуі;

- Терең ойпаттағы қап-қара түтін, аспандағы қызыл шапақ;

- Төрт аттың қайта шығуы, қараның көрінбеуі; (метонимия)

- Жұрттың күмәні;

- Ақанның төрт атты көргенде, арқасынан мұздай тердің шығуы; (теңеу)

- VIII - Тосыннан адамның қосылуы;

- Шылбырыңды жи деп, Құлагерді айбалтамен шабуы; (жауыздық)

- Құлагердің мерт болуы; (шарықтау шегі)

- Ақанның көзінің қарауытуы;

- Құлагерді балалардың жоқтауы;

- Ақанның көзі қарауытып, теңселіп кетуі;

- Құлагердің ішкі ойы, оның жан дәрмен тұрғысы келуі;

- Құлагердің тынысының тарылуы, тұла бойының сіресуі;

- Ақанның Құлагерді ақтық жолға «арулап» жөнелтуі; (ұлттық нақыш) Екеуінің қоштасуы;

- Ақанның жоқтау зары.

Берілген бөлім-бөліммен шығарманың құрылым-жүйесінен оқушыға іздендіретін мынадай тапсырмалар берген жөн:

- Шығарма қандай оқиға көріністерімен басталады?

- Күреңбай сыншы Құлагерді неше мәрте сынап тұр, бұл құбылыстан жазушының қандай ойын, мақсатын аңғарамыз?

- Жалпы асқа келген адамдардың бәйгеге көзқарасы қандай?

- Құлагер сипатынан бейнелікті, көркем суреттілікті байқадыңдар ма? (образдылық)

- Ерейменнің, Құсақ көлінің сұлулығы жайлы автор нені айтпақ?

- «Цирк» деген ұғым жоқ болса да, «цирк» өнерін меңгерген баланық өнерлі екеніне көз жеткіздің бе?

- Жар салу дәстүрінің мәні неде?

- Бәйге қосу алдындағы әзірліктен нені байқадыңдар?

- Ақанның Мөңке мен Құлагерге берген бағасын қалай қабылдадыңдар?

- Неліктен Мөңкенің көңілі көтерілді?

- Балалардың арасындағы егесті қалай түсіндіңдер?

- Құлайкөктің үстіндегі бала жайлы автор ойын аңғардыңдар ма, ондағы құбылысқа мінездеме бер.

- Батыраш пен баласының қандай қаскөйлік іс-әрекеттерін аңғардыңдар? Оған мінездеме беріңдер.

- Құлагердің барлық аттарды басып озуы.

- Елдің қошеметінен Ақан мен Құлагерге деген жылы сезімді аңғаруға бола ма?

- Ақанның қуаныштан толқуы.

- Жұрттың бір аттың жоқ болып кетуіне күмәндәнуін қалай қабылдадыңдар?

- Құлагердің айбалтадан мерт болғанын қандай іс-әрекетіне жатқызасындар?

- Мөңкенің жоқтауынан нені байқадыңдар?

- Құлагердің ішкі ойы арқылы автор нені негізгі нысанаға алған?

- Оқиғаның шешуі немен аяқталды?

Сұрақтарға жауапты мәтінге сүйеніп жазыңдар. Оның бәріне жауап тапқан соң, өз ойларыңды не өлеңмен, не әңгіме түрінде баяндап шығыңдар.

Алдын ала берілген мұндай эмпирикалық тапсырмалар оқушының мәтінді бірден мақсаттылықпен оқуына, қажетті бөліктерін бір-бірімен ұштастыра меңгерулеріне мүмкіндік алады.

Әдебиеттің қисынынан образдылық пен ұғымдар жайлы түсінікті мәтіннен мынадай көріністер арқылы меңгертуге болады:

«...Тегі күн еңкейе самал да басылса керек. Ат тұяғынан ұшқан шаң тез сейілмей, жеңіл қоңыр түбіт шәліше ұзақ қалықтап тұр. Оның үстіне құйрық тістесе шапқан он шақты ат та қалар емес. Кейде бастары озып, кейде амал жасағандай кейінден, қалмай келе жатқан кейбір аттардық жобасын да Мөңке таниды.

... Шүңірек қап-қара көзі болмаса бет әлпеті тура әкесінен аумаған Батыраштың ұлының жүзін Мөңке жаңа аңғарды. Батырашта кеткен кегін алмақшы боп, тістене түскен балаға айғай салды:

- Әй, бала, атың болдыра бастапты, қинамасайшы, қараөкпе боп қалмасын.

Бала күреңітіп, үнсіз тістене түсті... Көкөзекке жақындағанда үзіліп шыққан түймедей қараны Ақан жазбай таныды. Талай тойда сан мәртебе жүлде алып, алыстан талай танытқан Құлагердің өзі. Баяғы шабыс, баяғы қарқын. Үдей-үдей соғады. Жалтыр мұздың үстінен сырғаната жіберген... кенейдей зулап келе жатқан сол... Аспанға көтере салған тәтті әндей, тұла бойды шымырлатып, шырқап келеді. Жыландай шұбатылған шуда шаң Көкөзекке құлап көрінбей кетті. Екі беті алаулаған серінің көзінен бір тамшы мөлдір шық домалап түсті».

Аталған көріністен екі баланың екі түрлі қарама-қарсы мінез-құлқын оқушы аңғаруға тиісті. Эстетикалық талғам, мінез тек жақсы, ізгі кұбылыстармен тәрбиеленбейді, керісінше, оның қарсы мәністерін байқап отырғанда, оңтайлы істерді ажыратады. Бейнелі көріністер мен қисындық ұғымдар жайлы оқушының тұтастықта қабылдау ыңғайларын мәтіндегі нысаналар арқылы дамыту ұтымды. Пәнді оқытудың өзектілігі де осында. Ойымызды нақтылай түсу үшін тағы да бірер көріністерді мысалға келтіріп өтелік:

«...Құлагер қамшылар жағынан ұшыртып, жанамалай келіп қосылған қара қасқа атты біреуді көзі шалып қалды. Әлібектің қарабедеуіндей ұшқыр неме екен. Жер астынан шыққандай тосын тоспадай пайда болған аузы-мұрны тұмшаланған сұсты адамнан Құлагер үріккен жоқ. Орта жолда белгі алуға тұрған біреу шығар деп ойлады (аттың монологы).

- Шылбырыңды көтер, шылбырыңды жина, шылбырыңды, - деп әлгі адамның мыңқылдағанын ашық естіді.

О ғажап! Жат адам қатарласа шауып, қолын шылбырға соза берген.

Созылған қол - адамның қолы емес, айбалта құсап кетті Құлагерге. Жарқ еткен айбалта аспанға көтеріле бергендей болып еді, құлақ шекесінен бірдеме сарт етті. Басы шың етіп, көзінің алды жарқ етіп, есі ауып қалай омақаса түскенін білмей қалды. Бел омыртқасы да кілт еткендей болды. Ғұмырында бірінші рет сүрінуі, бірінші рет құлауы. Ағындап келе жатқан бойы аяғы оқыс шалысып, мойны қайырыла оңбай түсті. Мөңке қайда? Аман ба екен о байғұс? (монолог)

Құлагер жан дәрменде дүр сілкініп атып тұрды. Қалай кісінеп жібергенін аңғармай қалды. Жалбарынған ащы үнге кең өзек жаңғырықты. Анадай жерде домаланған Мөңке де сүйретіле тұрып жатып қолтығы дірілдеп, балаға қарай тізгіні шұбатылып аттай беріп еді, тағы құлады. Басы зеңіп, астындағы жер дөңбекшіп, өзін шыр көбелек айналдырып әкетіп барады. Үрейлі кезіне Есілдің мұзындай көгілдір аспан түсіп, үстіне жақындап қалғандай болып еді, енді алаулап жанып, қып-қызыл қанға айналып кетті. Шекесінен шып-шып аққан жылымшы қан көзіне құйыла берді. Тынысы тарылып, көмейінен өзі бұрын естімеген қырыл шықты. Кеңсірігі бітеліп, танауы желп-желп ететіні несі... Ақпанның қызыл шұнақ аязындай тер қатқандай, тұла бойы жыбырлап, дірілдеп барады ғой...

Құлагердің тынысы тарылып, демі таусылып, қарылдап, қырылдай бастады. Қап-қара бұлт төніп селдете өткен қатты жауын көзіне ұйыған қанды шайып, караңғы аспанға соңғы рет қарады. Иесін іздеп соңғы рет кісінегісі келді. Бірақ ерні ғана жыбырлап, дыбысы шықпады... (Құлагердің мерт болуы, оның ішкі жан дүниесі ізгілікті иесінің пырағымен бірге құлазуы еді).

Осы кезде шапқылаған ат дүбірі еміс-еміс естілгендей болды да, іле: «Қарағым! Қанатым!» - деген иесінің дірілдеген даусы дәл құлағының түбінен шықты. Ақтық рет ышқынып, басын көтеріп алған Құлагер сары аттан домалай түсіп, тізерлеп отыра кеткен Ақанның қүшағына жағын төседі. Иесінің үсті де шылқылдаған су екен (Табиғатта жылап тұр). Ағыл-тегіл боп аққан көз жасына малып алғандай. Құлагердің монологы:

«Айдалада жалғыз қалдырмай жеттің бе, үлгердің бе? Менің қазам енді жеткен шығар, ризамын саған, батыл бол!» деп кісінегендей болды. Бірақ, тағы да үні шықпай, ерні жыбырлаған күйі көзі жұмылмай қалды. Оқыс тұяқ серпіп, қинала керілген Құлагердің ашық қалған көзінде мөлтілдеген жас төгілмей тұнып тұр. Ақанның көзінен бір тамшы жас өлі көзге үзіліп гүскенде, жан біткендей дір етті. Ақан аһ ұрып, он жыл серік болған аяулы досының көзін жапты».

Міне, бұл көріністі оқушы тұтас мәнерлеп оқып, мәнісіне түсінуі керек.

Бала мен баланың, Батыраш пен Ақанның арасындағы қайшылықты жұқалап аңғартатын дәрежеге әкелу қажет. Ізгілікті адамның ат баптауы, бәйгеге баласын тәрбиелеуі де ерекше:

1) Қамшыламау;

2) Баптау;

3) Сүю;

4) Бәйге үшін ұстамау;

5) Қарапайым аттың ішкі сезімін өзінің сезімімен ұштастыру, түсініктерінің деңгейлестігін ұштау;

6) Бәйгеде шаңды жақпен жүрмеу. (Тактикалық әдіс)

7) Бәсекелестік сезімді болдырмау т.с.

Әрине, бесінші сыньт оқушысына халқымыздың басынан өткен осындай қайғылы тарихын оқыту қиын. Компьютердің «құлағында» ойнайтын қаланың, кейбір ауылдың балалары үшін кешегі үлкен Асқа жиналған адамдардың арасындағы қақтығыс, іштарлық, көре алмаушылық, қаскөйлік, өнерге деген өштік, ізгіні жоюшылық сияқты жағымсыз әрекеттер туралы білім меңгерту, үйрету әр мұғалімнің қолынан келе бермейді. Тіпті осы жазып отырған әдістемеміздің өзін ғана қолданған мұғалім оқушының жүрегіне жетпейді. Әр ұстаз барлық мәтінді тұтасымен оқып шығуы керек. Өзінің сынып оқушыларының мінез-құлқын, әлеуметтік жағдайын, қатысым, сөйлесім құралдарының деңгейін, қажеті мен қабілетін мұқият зерделеуі көзделеді. Ал бұл әдістемелік құрал тек бағыт-бағдар. Әр ұстаздың сабағы өзінің бойынан шыққан «дастаны», «әні», «романы» т.б.

- Міне, осындай әрекетті іске қосқанда ғана оқушының шығармадан эстетикалық-ассоциативті ойлау қабілеті шыңдалады;

- Әдеби бейнелі, қисындық ұғымдарды түсінетін, оны танитын деңгейге көтереді;

- Эстетикалық анализ жасауға ыңғайлайды. Бұның бәріне тек эвристикалы және эмпирикалы әдістер қол жеткізетінін іздендіретін сұрақтардан байқадыңыздар.

Сәкен серінің Ақан сері психологиясын Құлагердің мерт болғандағы кезімен ұштастыра беруі асқан шеберлік. Мөңке Батыраштың баласынан әлдеқайда тәлімді, тәрбиелі, ізгілікті екенін танытты.

Оқытудың қисыны

Оқыту – ең маңызды және ең тиімді тәсілі. Ортаның ақиқатына қатысты субъектінің санасындағы күрделі де көп қырлы үрдістердің ұтымды көрінісі. Оқыту шұғынасатын үрдіске сәйкес таным, педагогтарды басқару амал-тәсілдері.

Оқыту – қойған мақсатқа жетудің бағыты, қатынасының тәртібі.

Оқыту – танымдылық үрдісін басқарудың, тарихи-қоғамдық тәжірибені меңгерудің, нақтылы әрекетті меңгерудің, тұлғалық дәрежеге жету жолы.

Оқыту үрдісі – ұстаз бен оқушының мақсаттылыққа құрылған қарым-қатынасы. Ол оқушының білім алу үрдісіндегі міндеттерді шешеді.

Жаңа кезеңдегі оқу үрдісі – мақсаттылыққа, өзара қарым-қатынасқа, жүйелілікке құрылған ұстаз бен оқушының әрекеті, қызметі. Мұның өзі білім алу жүйесін қалыптастырады, оған бағыттайды, ғылыми танымның негізін жасайды, еңбек және адамгершілік тәрбиесіне бағыттайды, шығармашыл белсенді, жан-жақты дамыған оқушыны сомдайды.

Оқыту – әр оқушының ғылыми білімінің іскерлігін ширатудың танымдық қызметі. Шығармашылық қабілетін дамытады. Адамгершілікті-эстетикалық дүниетанымын және сенімін алға ұмтылдырады.

Оқыту – білім алу үрдісін ұйымдастырудың тәсілі. Барлық білім алу жүйесінде оқытудың жүйесі оқыту және оқу әрекетінен тұрады.

Оқыту - бұл әрекет мұғалімнің мынандай іс-қимылынан тұрады:

- ақпараттарды жинау;

- оқушылардың оқу-танымдық қызметін ұйымдастыру;

- оқу үрдісіндегі қиындықтарды шешу;

- қызығушылықты марапаттау, оқушының дербес және шығармашылық жұмысын дамыту;

- оқушылардың қол жеткен табыстарын бағалау.

Бір сөзбен айтқанда, оқытудың негізгі мақсаты әр оқушының мағлұмат жию үрдісіндегі ұйымдастырушылық қабілетін ұштастырудағы ұстаздың әдістері, бағалау өлшемдіктері, ынтымақтастық үрдістегі ұстаздың тиімді амалы, жеке дербес жұмысты өздігінен орындау үрдісіндегі өзін-өзі басқару шеберлігін шыңдауы. Оқу – оқушының әрекеті. Ол мынандай іс-қимылдан тұрады:

- ізденіске өзін-өзі ынталандыру, оқу міндетін шешу, өзінің табысын бағалау;

- тұлғалық болмысты түйсіну; мәдени құндылықтың әлеуметтік мәнін ұғу, азаматтық тәжірибешілікті, қоршаған ортаны көре білу.

Оқытудың мақсаты – танымдык қызметті ісіне қосу, әлемдік ортадан жиған мағлұматты саралау.

 








Дата добавления: 2015-06-15; просмотров: 2765. Нарушение авторских прав; Мы поможем в написании вашей работы!



Композиция из абстрактных геометрических фигур Данная композиция состоит из линий, штриховки, абстрактных геометрических форм...

Важнейшие способы обработки и анализа рядов динамики Не во всех случаях эмпирические данные рядов динамики позволяют определить тенденцию изменения явления во времени...

ТЕОРЕТИЧЕСКАЯ МЕХАНИКА Статика является частью теоретической механики, изучающей условия, при ко­торых тело находится под действием заданной системы сил...

Теория усилителей. Схема Основная масса современных аналоговых и аналого-цифровых электронных устройств выполняется на специализированных микросхемах...

Тема: Изучение приспособленности организмов к среде обитания Цель:выяснить механизм образования приспособлений к среде обитания и их относительный характер, сделать вывод о том, что приспособленность – результат действия естественного отбора...

Тема: Изучение фенотипов местных сортов растений Цель: расширить знания о задачах современной селекции. Оборудование:пакетики семян различных сортов томатов...

Тема: Составление цепи питания Цель: расширить знания о биотических факторах среды. Оборудование:гербарные растения...

ОПРЕДЕЛЕНИЕ ЦЕНТРА ТЯЖЕСТИ ПЛОСКОЙ ФИГУРЫ Сила, с которой тело притягивается к Земле, называется силой тяжести...

СПИД: морально-этические проблемы Среди тысяч заболеваний совершенно особое, даже исключительное, место занимает ВИЧ-инфекция...

Понятие массовых мероприятий, их виды Под массовыми мероприятиями следует понимать совокупность действий или явлений социальной жизни с участием большого количества граждан...

Studopedia.info - Студопедия - 2014-2024 год . (0.014 сек.) русская версия | украинская версия