Студопедия — Маржан жырдың мәнін ұқтырған
Студопедия Главная Случайная страница Обратная связь

Разделы: Автомобили Астрономия Биология География Дом и сад Другие языки Другое Информатика История Культура Литература Логика Математика Медицина Металлургия Механика Образование Охрана труда Педагогика Политика Право Психология Религия Риторика Социология Спорт Строительство Технология Туризм Физика Философия Финансы Химия Черчение Экология Экономика Электроника

Маржан жырдың мәнін ұқтырған






Әдебиеттің қисыны – шығармашылықтың мұраты мен тынысын автор көздеген ойды терең ұғынуға жол ашар бағыт. Қай заманда болмасын қисындық білімді игеру онайға соқпай келеді. Әдебиетті ғылыми тұрғыда жүйелеуге ұмтылған ғалымдарымызға көз жүгіртіп қарасақ бастауы - Ахмет Байтұрсынов, одан кейін зерттеген академик Қажым Жұмалиев, академик Зейнолла Қабдолов, мектеп оқушылары мен ұстаздарына арналған еңбек жазған педагог ғалым, Төлеутай Ақшолақов, академик Зәки Ахметов т.б. деп жалғастыруға болады. Ал соңғы жылдары, әсіресе, әр жанрдың стилі мен бейнелілігін, көркемдік қуатын автор көздеген мұрат-мүдде тұрғысында танудың ғылыми үлгісін осындай көрсеткен сындарлы еңбектер де жоқ емес. Міне, осындай деңгейдегі маңызды еңбектің бірі – филология ғылымының докторы, профессор Қуандық Мәшһүр-Жүсіптің «Қазақ лирикасындағы стиль және бейнелілік» атты монографиялық кітабы. Бұл туындыда автор тақырыпқа қатысты әдеби еңбектерге талдау жасап, толық сипаттап етеді. Әлемдік деңгейдегі аты мәлім деген ғалымдардың ілімдерін сала-саласымен жіктеп, оқырмандарға лирика саласындағы ізденістердің ауқымын танытады. Мәселен, XIX ғ. В.Г.Белинский, А.Н.Веселовский, Б.Эйхенбаум, Л.Я.Гинзбург, т.б. сияқты ғалымдардың ашқан жаңалықтары әңгіме болады.

Монографияның «Көркемдік әдіс және бейнелілік» деп аталатын І тарауында қазақ лирикасында реализм, романтизм әдістерінің қалай дамығанын сөз ете отырып, бұрын-соңды мұндай зерттеулер болмағанын атайды. Кешегі қызыл саясаттың қырсығы тиген таптық тұрғыда қараушылық психологиясына бейімделген зерттеушілердің еңбектері бүгінгі көзқарас пен дүниетанымға кереғар қайшы келіп отырғанына автор ерекше мән береді. Қала берсе, кеңестік дәуірде шетқақпай қалып қойған жыр әлемінің ақиықтары Мағжан Жұмабаев, Шәкәрім Құдайбердиев, Мәшһүр Жүсіп Көпеев секілді ақындарсыз лириканы зерттеу бос әурешілік екеніне көзімізді жеткізеді. Бұл еңбектің басты құндылығы реализм мен романтизмнің бір-бірінен ара-жігін айшықтай ажыратып беруінде болса керек. Сөзімді дәлелдеу үшін кітаптан үзінді келтіріп өтейін. Реализм ерекшелігі дегенде, онда белгілі бір кейіпкер арқылы әрі «бірдің», әрі «мыңның»... көзқарасы, сезімі әрі жинақталып, әрі дараланып беріледі дегенді қайталап түсіндіріп келді. Әйтсе де бұлай айту арқылы реализмді романтизмнен бөле алмаймыз. Себебі, жинақтау мен даралау бірлігі романтизмде де бар. Әрине, реализмдегі жинақтау, «даралау» көбіне қатардағы адамның әдеттегі жағдайы тұсында жүзеге асса, романтизмде көбінесе ерекше кесек әрекет иелерінің айрықша жағдайда көрінетіні белгілі».../Қуандық Мәшһүр-Жүсіп. Қазақ лирикасындағы стиль жәпе бейнелілік. ПУБ. 1999. 10-б./

Романтизм мең реализм қоса қабат, өмір сүре беретіндігі жайлы мәлімет, дәйекті ғылыми тұжырымдарды бейнелей отырып, М.Жұмабаевтың лирикасындағы шынайылық, бейнелілік бұрынғы кездестіріп жүрген романтизмнен бөлек екендігін түйген. Ақынның романтизмі «Шындықтан аулақ кету үшін емес, қайта күрделі ақиқатқа мүмкіндік болған. Өзгеше жол іздеу нәтижесінде туғанын ескертуге тиіспіз» /11-бет/.

Әрине, басқа әдебиеттегідей сентиментализм, классицизм, натурализм секілді қисынның әдістері қазақ әдебиетіне де жат емес. Әр кезең, әр туындының арасындағы айырмашылықты негізге алып, дәйекті тұжырым жасау үшін Б.Майлиннің «Шұғаның белгісі» мен Мағауиннің «Медғат-Қасым» шығармаларын алып, өзара салыстыру арқылы поэтикалық туындылардың ерекшеліктерін айқындап береді. Студентке де, жай оқырманның пайымына да қажет осы өлшем.

Қуандық Мәшһүр-Жүсіп лирикалық қаһарман мен лирикалық бейне арасындағы айырмашылықтарды танудың жолдары мен әдістерін тізбелейді. Оны өз сөзімен келтіріп өтелік; «Қамарды ұзатқанда, Ахметтің /С. Торайғыровтың «Қамар сұлуы»/ пәлендей кесек қайрат жасай алмай, шарасыздық түсауында қалуы қарапайым адам мүмкіндігін ескеруден туған. Өйткені, қанша қайратты болса да, жеке адамның «көпке топырақ шаша алмайтыны» анық /12-бет/.

Қасым /Мағауия Абайұлы. «Медғат-Қасым»/ әділдік іздегенге қалтқысыз қамқор болуымен де ерекшеленеді. Мұның бәрі Қасымның романтикалық қаһарман екенін дәлелдейді» /13-бет/.

Автордың ұтысы – Мағауия Абай ұлы шығармашылығындағы романтизмнің бейнелеуші қуатын, өзіндік үнін жіктеп, талдап беруі, стильдік ерекшелігін айқындауы.

Бүгінгі ілімде суггистивті қабылдау /сезімді суретке ойша салу/ деген ұғым жиі айтылып жүр. Міне, осы жаңа ұғымның әдеби қисындағы мағынасы түсіндіріліп, адамға тән поэтикалық сезімнің туындауы, оған көркем шығарманың әсері, жайы тілге тиек болады.

Зерттеуші сезімді бейнелеудің тура және тұспалдап айту және қарапайым лайықты пішінделген өлең өрнектері М.Жұмабаев лирикасына тән дейді. Әсіресе, М.Жұмабаев өлеңдерінде табиғаттың жалаң сипаты берілмей, тек қазақ тұрмысының өзіне тән ерекшілігі өріліп, қазақ жұртының тұрмыс-тіршілігі көз алдымызға өлі сурет бейнесінде емес, жалқы құбылыс кейпінде келетінін ерекше атайды. Мұндай сыйғызу Мағжан Жұмабаевқа тән қасиет екені байқалады. 1912 жылы жазылған «Жазғытұрым» өлеңінен мына бір үзіндіні талдаған;

«Бай ауылы жылқы қамап, қыл күзетер.

Белсенген жылқышыға ноқталатып.

Балалар етек түріп, зыр жүгірер.

Батпаққа бірін-бірі домалатып.

Қырдағы жылқышылар ұйқы көрмес,

Қолынан құлын бие құлындатып.

Май келді, құлпырды, гүлдер жайнап...».

Бұл құбылыс қазақ жұртына қатысты суреттелгенін түсіну қиын емес. Міне, осындай дәйекті ұғымды мысалдар келтіріліп, зерттеуші оқырманға ұтымды бағытта жұмыс жасап отырғанын танытады.

Қуандық Мәшһүр-Жүсіптің зерттеуінде батыл қорытындылар мен тұжырымдарды кездестіреміз. Абай өлеңдеріндегі табиғат суреттері күнделікті кездестіріп жүрген сипат үдерісінде келсе, «Мағжанда әдеттегі суреттермен қатар, оған шарпу тигізерлік ерекше көріністер кейін алынып, аз аңғартылса да, өзінше әсерлі; «Аспанда күн күркіреп, от жарқылдап // жылы жел қара бұлтты тербеп айдап,.. демек, бұл кейінгі суреттер. Мағжан өлеңдерінде табиғатты тыныш, дағдылы қалыпта алу аясында да оқшау көрініске құмарлық туындай бастағанын танытпай қоймайды» /15-бет/.

Зерттеуші лирикалық шығармалардың өзінен казақ елінің ерекшелігін аңғарту жағына ерекше көңіл бөлген.

Әрине, басты ұстанған мақсаты – стиль және бейнелілік мәселесі. Бірақ аталған тақырыпты ашу барысында талдау-жинақтау, зерделеу кезінде адам сезімін Мағжан Жұмабаев шығармаларында нақты қөрсетуден гөрі тұспал, ишарамен аңдату басым екендігін атап өтуді де естен шығармаған.

Тіпті әдебиеттің қисынының ішкі зандылықтарына үңілсек, инабаттық ізгілікті қарым-қатынастың ерекше бейнелілікке ие болғанын ұғуға болады. Бұл түйіңді дәлелдеу үшін автордың өз үніне құлақ салайық: «Мағжан өлеңінде мінез, қылық әрекет өзгешелігі онша болмаса да, оның есесіне сол сезімнің биік деңгейі тәнті етеді. Ақын үшін ең мәндісі белгілі бір сезімнің қандай жағдайда қалай өріс алуы емес, сол сезімнің өзіндік мұнараға көтеріліп, өзіндік әсер тудыруы, сол арқылы оқырманды қайталанбас, дербес сезім тууына бастауы» (20-бет).

Ойымызды тұжырымдасақ, монографияның көлемі өлеңнің маңыздылығымен үндеседі. Тақырыпты ашуда зерделенуге іліккен материал сығылысып, тығыздала, нығарлана жинақталып берілген. Бұл монографияның ауқымы мен хронометраж қуатының құндылығын айғақтайды.

Автордың лирикаға ерекше ден қойып, ақындардың шығармашылық деңгейін зерттеуді мақсат еткенін ерекше атап өту орынды болмақ. Осындай ғылыми құнды еңбектің республика оқырмандары мен ғалымдарына таралуы – әдебиеттің қисынына деген оңтайлы көзқарасты тудыруына қозғаушы күш. Түсінеміз, кім әдебиеттің қисынын меңгергісі келмейді? Бірақ, әдебиеттің қисыны жайлы «тайға таңба басқандай» жүйелі жазылған ұғынықты тілмен, ғылыми тұжырыммен сипатталып берілген еңбектер өкінішке орай саусақпен санарлықтай. Соның бірі – аталған еңбек.

3.5. «СОРОС – Қазақстан» қорының;







Дата добавления: 2015-06-15; просмотров: 752. Нарушение авторских прав; Мы поможем в написании вашей работы!



Практические расчеты на срез и смятие При изучении темы обратите внимание на основные расчетные предпосылки и условности расчета...

Функция спроса населения на данный товар Функция спроса населения на данный товар: Qd=7-Р. Функция предложения: Qs= -5+2Р,где...

Аальтернативная стоимость. Кривая производственных возможностей В экономике Буридании есть 100 ед. труда с производительностью 4 м ткани или 2 кг мяса...

Вычисление основной дактилоскопической формулы Вычислением основной дактоформулы обычно занимается следователь. Для этого все десять пальцев разбиваются на пять пар...

Этические проблемы проведения экспериментов на человеке и животных В настоящее время четко определены новые подходы и требования к биомедицинским исследованиям...

Классификация потерь населения в очагах поражения в военное время Ядерное, химическое и бактериологическое (биологическое) оружие является оружием массового поражения...

Факторы, влияющие на степень электролитической диссоциации Степень диссоциации зависит от природы электролита и растворителя, концентрации раствора, температуры, присутствия одноименного иона и других факторов...

Тема 2: Анатомо-топографическое строение полостей зубов верхней и нижней челюстей. Полость зуба — это сложная система разветвлений, имеющая разнообразную конфигурацию...

Виды и жанры театрализованных представлений   Проживание бронируется и оплачивается слушателями самостоятельно...

Что происходит при встрече с близнецовым пламенем   Если встреча с родственной душой может произойти достаточно спокойно – то встреча с близнецовым пламенем всегда подобна вспышке...

Studopedia.info - Студопедия - 2014-2024 год . (0.008 сек.) русская версия | украинская версия