Студопедия Главная Случайная страница Обратная связь

Разделы: Автомобили Астрономия Биология География Дом и сад Другие языки Другое Информатика История Культура Литература Логика Математика Медицина Металлургия Механика Образование Охрана труда Педагогика Политика Право Психология Религия Риторика Социология Спорт Строительство Технология Туризм Физика Философия Финансы Химия Черчение Экология Экономика Электроника

ОРЫТЫНДЫ. Әдістеме ғылымының шығуы әлемдік педагогиканың даму қарқынына тікелей бағынышты





 

Әдістеме ғылымының шығуы әлемдік педагогиканың даму қарқынына тікелей бағынышты. Қоғамдық кезеңдер алдымен жалпы жұртты қауымдастырды. Сол себепті алғашқы қауымдық құрылыста әдістеме ете қарадүрсін, қарапайым, тек тамақ табу мен үстіне лыпа жабу үрдісіндегі әрекет дәрежесіңде көрініс береді;

Рулық формацияда білім мен тәрбие кіріккен формада өмір сүріп, тәрбиенің әдістері приоритет болады.

Құлдық қоғамда мемлекет деңгейінде тәрбие мен білім игеру мүмкіндігі туады. Тәрбие басымдық рөлін жоймайды.

Феодалдық қоғамда білім мен тәрбие қосылып діни тұжырым да болып келеді. Діни жорықтар, діни бағыттағы ұстанымдар ғылыми және прагматикалық, фанаттық деңгейліктерге жіктеліп, алдыңғы қоғамдарға қарағанда, әдістің ішкі доминанты дидактиканың пәлсапалық негіздері осы қоғамда қаланады.

Әдістеменің алғаш рет толыққанды пайда болуы, оның дидактикасының қоғамына, уақыты мен кеңістігіне сәйкес діни жаңа пәлсапалық тұжырымның пайда болуы Джон Локтан басталады. Нақтылап айтсақ, ойлау операциясының жинақтау, топшылау, деректермен дәлелдеу, қорыту, ұғымдардың іліктестігі (бернелеу), нысандарды тұтастықта сақтау, кіші бөліктерді бір тарауға қосу сияқты әрекеттерге ғылыми мән, айқындама беріледі.

Мұнан кейін, еңбегімізде алгоритммен берілген барлық әлемдік педагог-данышпандардың әдістеменің дидактикалық пәлсапасы жайлы ой-түйіндері салыстырмалы, аналитикалы тәсілмен талданады (назар аударыңыз).

Нағыз ұлы дидактиканың ішкі құрылым-жүйесінің заңдылықтары мен қағидаларын зерттеп, тәжірибеге енгізген, әлі күнге дейін әлемдік педагогика сол желіден қол үзіп кете алмай жүрген құдірет иесі – Я.К. Коменский.

Әдебиетті құр технология құрылымына вербальді әдіспен бағдарлап өткізуге болмайды. Ол үшін әдеби нысаналардың құндылық деңгейін, парадигмасын шығарып алу көзделеді. Бір сөзбен айтсақ, әдебиеттің қисынын, әдебиеттің тарихын, әдебиеттің сынын бірлікте алып, дидактикалық пәлсапасының тағылымын сұрыптау қарастырылады. Осы мұратты айқындау мақсатьшда әдебиетті оқытудың дидактикалык пәлсапасы жай әдістерге бағынбайтыны аңғарылады. Олай болса, мұның теориясы – педагогикалық технология мен бүгінгі модернизацияны өмірге әкелуге басты қозғаушы күш.

Аталған тағылым мен қисынның моделі тек әлемдік педагог-даналардың еңбектерінде ғана емес, ол ұғым-пайымдарды, дидактиканың пәлсапалық негізіне бағындыра отырып, өз шығармашылығымен бүкіл әлемге мәшһүр болған, ата Мұра – асыл мұра бабаларымыздың еңбектеріне технология қағидасымен аналитикалы тәсілмен талдау жасалып, әдістемелер мен педагогикалық технологиялар нысаналардың дидактикалық пәлсапасынсыз тұл екеніне оның ешбір мәнінің жоқтығына көзімізді жеткізеді. Былайша айтқанда, субъектінің құр технологиялар мен әдіс-құрамдардың әдістерін прагматикалық (меңгерген теориялық білімін іс-тәжірибесінде қолдану) мақсатта қолданғанымен, нәтижеге жете алмайды. Меңгертуге тиісті пәнін, ілімін оқытушы субъект жан-жақты теориялық тұрғыда өзі меңгерген сәтте және оның дидактикалық пәлсапасы бар ма? - деген сұрақ қою мүддесінде қарастырылғанда ғана сенімді нәтиже болады.

Бүгінгі мен кешегі уақыт пен кеңістікке орай өмірде қолданылған әдіс-тәсілдер мен педагогикалық технологиялардың әдістерге, оқу мен оқытуға қатысты тұстарына талдау жасалып, аналитикалы пайым-тұжырымдар сұрыпталады. Мұнда әрі теорияның, әрі прагматикалық дәйекті дәлелдер сараналады, салыстырылады, кезекті мәселелердің шешу мәселесіндегі зерттеу жобалары мен нақты сараптаудан өткен іс-тәжірибелердің топтамалары беріледі. Олар: педагогикалық технологиялардың теориялық маңызы, тәжірибеде қолданым аясы, тұжырымдардың үлгісі, талдаулардың моделі, мақалалардың жанрлық құбылу мәністері, қабылдаушы субъектінің психологиялық ішкі құбылыстарын айқындайтын жалпы, ұлттық, әлемдік психофизиологиялық үрдістердің пайымға әсерінің болуы жайлы түйіндер т.б.

Еңбегімізде дискретті секірістер жоқ. Түсінікті тілмен айтсақ, бұл нысананың бастауы көзі. «Қазақстан майдангер жазушыларының шығармалары арқылы оқушыларға патриоттық тәрбие беру» тақырыбымен қорғалған кандидаттық диссертация (1995 ж.). Мұнда технология қағидасымен диссертация жазылып, ұлттық патриотизм мен патриотизмнің моделі айқындалды. Осы пайым мен ұсталым дамытыла, жоғары иерархияға бағыттала келіп «Ерлік – елдік туы» деген кітабымызда Бауыржан Момышұлының ерлік жайлы ғылыми тұжырымдары мен ашқан жаңалықтары сұрыпталып, оның классикалық мәні ешқашан өшпейтіні жайлы болжам жасалды.

Аталған екі еңбегіме жетекшілік жасаған, әлі қалыптаспаған пайымдарыма қамқорлық көрсеткен п.ғ.д. профессоры С.Ұзақбаева ханымға профессор М.Мырзахметов мырзаға, профессор Н.Сағындықоваға, жығылғанда сүйеген, торыққанда жұбатқан Бақытжан Момышұлы мырза мен Зейнеп Ахметова ханымға, ф.ғ.к. доцент Балқия Касымова ханымға алғысымды білдіремін.

Кейбір түсініксіз пайымдарды тізбелегеніме қарамай, алға қойған оймен кетіп қалған еңбектерімнің баспадан жарық көруіне ерекше көмегі мен қол ұшын берген баспаларға А.Иасауи атындағы халықаралық қазақ-түрік университеті жанындағы тарих-этнография ғылыми зерттеу орталығына (Ерлік – Елдік туы, 1998 ж.), Алматы қаласының Ы.Алтынсарин атындағы қазақтың білім Академиясының Республикалық баспа кабинетіне (Гимназияда оқу-тәрбие жұмысын басқару, 1998 ж.), Әдебиетті оқытудың кейбір мәселелері, Ата Мұра (бесінші сынып оқулығын оқытудың ғылыми оқу құралы, 2001 ж.) баспаларының алдында бас иемін.

Міне, бұл еңбек аталған кітаптардағы қисындық-прагматикалық желі бұрынғы пайымдарды дамытудың нысаналары. Сол пайымдардан бұл еңбектегі әдебиетті оқытудың қисыны туды демекпін.

 








Дата добавления: 2015-06-15; просмотров: 588. Нарушение авторских прав; Мы поможем в написании вашей работы!




Аальтернативная стоимость. Кривая производственных возможностей В экономике Буридании есть 100 ед. труда с производительностью 4 м ткани или 2 кг мяса...


Вычисление основной дактилоскопической формулы Вычислением основной дактоформулы обычно занимается следователь. Для этого все десять пальцев разбиваются на пять пар...


Расчетные и графические задания Равновесный объем - это объем, определяемый равенством спроса и предложения...


Кардиналистский и ординалистский подходы Кардиналистский (количественный подход) к анализу полезности основан на представлении о возможности измерения различных благ в условных единицах полезности...

Методы анализа финансово-хозяйственной деятельности предприятия   Содержанием анализа финансово-хозяйственной деятельности предприятия является глубокое и всестороннее изучение экономической информации о функционировании анализируемого субъекта хозяйствования с целью принятия оптимальных управленческих...

Образование соседних чисел Фрагмент: Программная задача: показать образование числа 4 и числа 3 друг из друга...

Шрифт зодчего Шрифт зодчего состоит из прописных (заглавных), строчных букв и цифр...

Гидравлический расчёт трубопроводов Пример 3.4. Вентиляционная труба d=0,1м (100 мм) имеет длину l=100 м. Определить давление, которое должен развивать вентилятор, если расход воздуха, подаваемый по трубе, . Давление на выходе . Местных сопротивлений по пути не имеется. Температура...

Огоньки» в основной период В основной период смены могут проводиться три вида «огоньков»: «огонек-анализ», тематический «огонек» и «конфликтный» огонек...

Упражнение Джеффа. Это список вопросов или утверждений, отвечая на которые участник может раскрыть свой внутренний мир перед другими участниками и узнать о других участниках больше...

Studopedia.info - Студопедия - 2014-2025 год . (0.012 сек.) русская версия | украинская версия