Студопедия — Прозаны оқытудың қисындық заңдылықтары
Студопедия Главная Случайная страница Обратная связь

Разделы: Автомобили Астрономия Биология География Дом и сад Другие языки Другое Информатика История Культура Литература Логика Математика Медицина Металлургия Механика Образование Охрана труда Педагогика Политика Право Психология Религия Риторика Социология Спорт Строительство Технология Туризм Физика Философия Финансы Химия Черчение Экология Экономика Электроника

Прозаны оқытудың қисындық заңдылықтары






 

Проза жайлы біз І тарауда бірқатар зерттеушілер мен сөздіктерде берілген анықтама-тұжырымдарға тоқталып өттік. Ендігі жерде аталған жанрды оқыту үшін қандай әдістерді қолданған жөн?

1.Бірінші түсіндірмелі-суретті оқыту жүйесіне тоқталып өтелік. Бұл оқыту жүйесінің негізгі мақсаты – тәжірибеде алған білімдерін қолдана білуге ынталандыру. Мұғалім көрнекі құралдардың көмегімен оқу материалын оқушы санасына жеткізуді көздейді. Тәжірибешілік жұмыс жүргізу үрдісінде мұғалім оқушының қайталаным, репродуктивтік қайталаным деңгейін ұйымдастырады.

2. Дамытпалы оқыту жүйесі. Аталған әдістің негізгі атқаратын ролі –оқушының өздігінен ойлау әрекетін дамыту негізінде білімді меңгерту. Білімнің ішіндегі ақиқатты іздеу, өмірдегі күнделікті тіршіліктің ыңғайына кетпейтін тәуелсіздікті ұстану сияқты бағыттарды көздейді. Мұндай оқытудың негізі – оқушылардың өністі ойлау қызметі. «Дамудың жақын ауданын» жүзеге асырады. Жаңадан білім алу үрдісінде «дамудың жақын алаңы» адамның жан дүниесін алға ұмтылдырады.

Мұғалім оқушының ізденісінің үрдісін ұйымдастырушы сапасында қызмет етеді. Мұндай әрекеттестік оқу еңбегінің тек қайталаным деңгейінде тұйықталып қалмауын жүзеге асырады. Бұл әдіс әр оқушының кабылдау белсенділігін арттырып, қиялын, ойлау әрекетінің әртүрлі іс-қимылын түйістендіреді.

3. Проблемалы оқыту. Проблемалап оқыту жүйесін жүзеге асырудың негізі кімнің іліміне қатысты дамыды? Бұл сұраққа С.Л.Рубинштейннің ғылыми тұжырымы мен дәйекті пайымдарына үндесе отырып дамыды деген жауапты ұсынамыз. Психолог-ғалым адамның жеке санасының қабілетін дамыту тек өзіне тән (мамандығына, не жеке мақсатына) өзекті мәселесін шешудегі танымын дамыта аларлық бағдарламаны меңгеруіне орай заңдылықтар мен қағидалардың қажеттілігін жіктеп берген. Оның басты тірегі, субстанңиясы – проблемалы ситуацияны сол өзінің өзекті мәселесіне тиесілі үрдістерге жобалануындағы іскерлігін дамыту. Субъект өзіне қиындық туғызатын міндеттерді ұтымды шешуге ниеттенеді. Бірақ, оған қатысты керек мәліметтер мен фактілер, тұжырымдар жетіспейді.

Мұндай ситуация әр субъектінің психологиялық мүмкіндігін ашады. Ғылыми, біліми берілген тапсырмаларды орындау үрдістеріндегі қайшылықтарды жіктеп, оны шешу үшін жаңа білімді пернелеу мен қызметтік әрекеттерін нәтижеге бағдарлау мәністері өзіне өзінің көңілінің тоқмейілсіп, өнімді еңбегін айқын көруіне мүмкіндіктер, қолайлы сәттер орнығады. Сөйтіп, субъекті ішкі мүмкіндіктерін сапалы танымдық пайым жинауға толық пайдалана алатын дәрежеге жетеді.

Оқытудың бұл әдісі әр студенттің, не оқушының өздігінен дербес жұмысқа халінің келу, келмеуін сараптан өткізіп береді. Проблеманы жоқ жерден жасанды іздегенмен, проблемалап оқыту әдісі шықпайды. Сол себепті белгілі бір көлемді аумақтағы субъектінің жиған жоғары мақсаттағы бағытына тікелей бағынышты екендігін естен шығармауы көзделеді. Айқындап айтсақ, қайшылықты мәселе белгілі бір ғылыми бағытқа қатысты туады, міне, сол қайшылықты шешудің өзектілігін табудың әдісін дұрыс таңдап алу үшін субъектіде жиылған сол саладан алған білімі болуы қажет.

4. Программалап оқыту. Бұл әдісті қазақшалап алсақ, бағдарламалап оқытудың әдісі демекпіз. Мұның негізінде кибернетика немесе оқылатын жүйені құбылту мақсатында құру. Аталған әдістің басқа әдістен ерекшелігі оқытушы тарапынан бұйрық беру сипатында, ал техника жүйесінде компьютерде берілген бағдарламаны шешу.

Бұйрыққа қатысты орындалған тапсырманың шешімін сипаттау ісі -негізгі әрекет. Оқу бағдарламасынан оқушы өзіне қажетті білім алады, мағлұмат жияды. Өзін-өзі бағалауға үйренеді. Бұл оқу жүйесінің кемшілігі – шектен тыс оқушының оқу қызметіне апелляцияның болуы.

5. Модульдеп оқыту. Бұл әдісте мұғалім оқу мағлұматымен, нысанасымен жұмыс жүргізеді. Мұның өзі тарау-тараумен (модульге лайықты) берілген материал болады. Әрбір тараудың негізгі желідегі басты ой-түйіні қорытынды сипатында келеді және дербес жұмыс жүргізуге лайықталған, ыңғайланған дәрежеде тізбеленеді.

Жалпы мұндай тараумен бернеленген нысаналар (ұсақ бөліктері) тұтастық қалыпқа түйістендірілген бейнеде болады. Оқу үрдісінде тақырыптың мұратын ашу үшін немесе барлық оқу қызметінің әрекетін айқындау үшін қолданылады. Мәселен, мақсаттылық деңгейге құрылған тараулар жаңа білім нысандары жайлы түсініктер береді. Оның өзі болып жатқан құбылыстармен байланыстылық заңдылығына сүйене сипатталады.

Екіншісі, мәліметке құрылған тараулар, бөлімдерге жіктелген ең қажетті деген мағлұматтардың жиынының жүйесі. Бұлар: бөлімдер, параграф (кітаптың), компыотер бағдарламалары.

Үшіншісі, операциялы тараулар. Бұл тараудың басты ерекшелігі – тәжірибешілік тапсырмаларды орындауға арнайы құрылуы. Негізгі аталған модуль оқушылардың, не студенттің қисындық біліміне орай жаттығу, тәжірибешілік ыңғайына бейімделіп келеді.

Ең соңғы модуль оқушылардың, не студенттердің жиған білімдерін тексеру үшін (емтихан, сынақ, тест, шығармашылық қабілетті тексеру) құрылған сауалнамалар жүйесінде беріледі.

Модульдеп оқыту - әр субъектінің өзін-өзі дамыта аларлық дербес жұмысын ғылыми тұрғыда ұйымдастыру бағытына қозғаушы күш. Мұның өзі жас ерекшелігіне сай ыңғайланып, межесі қабылдау іскерліктеріне лайықтанып құрылады.

технология субстанциясы – проблемальі зерттеу әдісі

 

Проблемалық оқыту жалаң педагогтық істе, ағымда қолданылмайды. Бұл әдістің ғылыми тұжырымын сомдаған И.Я.Лернер. И.Я.Лернердің зерттеушше проблемалық оқыту мынандай бөліктерден тұрады:

1) материалды проблемалы мазмұндау;

2) проблемалы-ізденіс әрекеті, не эвристикалы әдіс;

3) зерттеу әрекеті.

Бұл жүйені М. И. Скаткин де құптайды.

Ал М.И.Махмұтов бинарлы /қос/ әдістер арқылы жүйелейді:

1) түсіндірмелі - қызығушыпықты оятарлық әрекеті;

2) проблемалы - ізденіс әрекеті;

3) меңгеру - ізденіс әрекеті.

Жалпы И.Я.Лернер проблемалы-ізденіс әдісі проблемалап оқыту жүйесінде қолданылады. Проблемалы-ізденіс әдісін мұғалім тәжірибеде қодданғанда мынандай амалдарды пайдаланады:

- проблемалы жағдайды туғызады /сұрақтарды мазмұн желісімен сұрыптайды, міндет-мақсатын айқындайды, сараптау тапсырмаларын іріктейді/;

- проблемалы жағдайды, оқиға иірімін /текст бойынша/ шешу ағымын ұйымдастыру, оқушылар өз пікірлерін ортаға салады;

- жауаптардың дұрыс-бұрысы жіктеледі;

- даяр проблемалы тапсырмалар ұсынылады;

- оқушылар алдын-ала меңгерген білім деңгейін проблемалы жағдайды шешу үрдісінде сәтті қолдана алу мүмкіндігі туады;

- бұрынғы жиған білімдерін жинақтайды, жүйелейді;

- құбылыстың себеп-салдарын табады;

- оның заңдылығын, қағидаларын, маңызын аша алады. Проблемалы-ізденіс әдісі көбінесе сөз, қатыс /коммуникация құралдары/, көрнекілік, техникалық құралдар, тәжірибешілік әрекеттестіктер нәтижесінде жүзеге асады. Осымен байланысты оқу материалдарын оқушылар проблемалап мазмұндайды, эвристикалы сұхбат жүргізеді, проблемалы-ізденістің типтік көрнекілігінің жүйесін құрады, тәжірибе, тәржіме, зертханалық, зерттеу жұмыстарын жүргізеді.

Оқу жүйесінде өтілетін материалдарды проблемалы әңгімелеу және лекцияны проблемалы негізде құру оқушылардық ойлау әрекетін дамытады, дәлелдікті табуға жөн сілтейді, барлығын жинақтай алуға мүмкіндік береді, жекелеген фактілерді талдауға мұрындық болады, тыңдаушылардың ілесіп отыруын жүзеге асырады. Сөйтіп, оқытушы - оқушылар - оқытушы арасында белсенділік әрекеттестігі мен шығармашыпық өнімді іс болары даусыз.

Проблемалап оқыту әдістері эвристикалы мен проблемалы-ізденіс сұхбатынан тұрады. Мұғалім жұмыс үрдісінде оқушылардың оқу еңбегін /учебный труд/ ұйымдастыру барысында бірінен-бірі туындап отыру реті мен өзара байланыс заңдылығын сақтауға міндетті. Бұл жұмыстың тыңғылықты орындалуына ықпалын тигізеді. Жауап әзірлеуде оқушылар даяр, оқулықтардағы берілген жауаптарды қолданбай, өздігінше ізденіп, ой-түйіндерін саралап, даралап, жинақтай, жеке дербес жіктеп айтуға машықтанады. Белгілі бір қисындық /теория/ берне /ұғым/ құрастырып алған соң, оған дәлелдер іздеуге тірек /субстанния/ сілтемелер, ғылыми бұрын құрылған тұжырымдар тауып, одан өзгеше қорытынды шығарады.

Ғылыми тұжырымдардың өзі кей жағдайда ғалымдар арасында қайшылық туғызады. Оқушы өзіне қажетін таңдап алуда қателеспес үшін, әділ болуы үшін де бұл әдістің берері мол.

Әсіресе, эвристикалы әдісте оқушы бір жүйені тұтас қамтиды. Мысалы: М.Әуезовтің «Абай жолы» эпопеясындағы Абайдың балалық шағына эвристика сұхбатын өткізу үшін темендегідей сұрақтар беріледі:

1) Жиреншенің Абай ауылына келу себебін түсіндір.

2) Жиреншені кім қарсы алды?

3) Жиренше тарғыл тазыны не үшін ертіп келді? Себебін ашып бер.

4) Жиренше мен Абай аңды аулауда қандай сәт, оқиға болды? Оны жіктеп көр. а) қоянды іздеуі;

5) Қодар сынына Жиренше мен Абай неге барды? Өз ойыңды баянда.

6) Жиреншенің Қодар сынын қызықтауға барғанын қалай бағалайсың?

7) Қодардың ауыр жазасы Абайға қалай әсер етті? Оның ішкі жан жарасы мен тебіренісін жазушы қалай суреттеген?

8) Жиреншенің екі сөзіне Абай не себепті назар аударды? Осы сурет арқылы Абай қоғам теңсіздігін, озбырлық пен ауыр жазаның тізгіні әкесінде екенін қандай қалде түсінді?

9) «Мен көк ит болсам, сендер көп итсіңдер... Таларсың да жерсің» - деген Қодар сөзінен заман әділетсіздігін шығаруға бола ма? Әлде бір көрініске қосымша көрініс қызмет ете ме?

10) Абай күйзелісі мен табиғат сабақтастығын жазушы қалай бейнелеген?

11) Абайдың әкеге деген жан тебіренісі, реніші қай керіністер арқылы аңғарылады?

12) Діни адамдардың ішкі бейіндері мен әрекеттері қалай сипатталған? Бұл оқиға арқылы жазушы нені мақсат тұтқан?

13) Абайдың анасы Ұлжан аулына келуі. Анасының бала жүзінен есейгендікті, өзгерісті аңғаруы.

14) Ұлжан мінезін баласымен қарым-қатынас әрекетінде таныту шеберлігі.

15) Әкесінің Абай қабағынан жайсыздықты сезінуі.

16) Жиренше Ұлжан сөзінің астарынан қандай мұңды байқады?

17) Абайдың әкеге деген көзқарасының өзгеруін автор қалай баяндайды?

18) Әжесі Зеренің Абайға берген батасы.

19) Оспанның үйге «бауырымдап» кіріп келуі отырғандарға қалай әсер етті?

20) Оспанның еркелігін қалай қабылдайсың?

21) Абайдың ішкі көңіл-күйінің мүлдем өзгеруі. Оны қалай түсінесің?

22) Әжесінің ертегісі. Оның Абайға әсері.

23) Оның әкесі туралы пікірі.

24) Байкөкше мен Барластың Абайға ықпалы.

25) Жыр-дастандардың Абайға әсері.

26) Қазақ халқының шежіресі Абайдың көзқарасын қалай өзгертті?

27) Абайдың Ұлжанға өтініші. Ұлжанның баласы жайлы іштей ой түюі.

28) Абай өзінің сырқатынан айығуын неге Барлас пен Байкөкшенің келуімен байланыстырады?

29) Зере мен Ұлжан сыйлы қонақтарын қалай аттандырады?

30) Абайдың анасы Ұлжанға деген сүйіспеншілік бейілі қалай суреттелген?

Мұндай эвристикалы алдын-ала /оперативті тапсырма сұрақтары/ берілген сұрақтар арқылы оқушылар белгілі бір материалды, мәтінді /текстіні/ тұтас /целостно/ меңгеруіне, оны сериясымен, жүйесімен түйсінуіне мүмкіндіктер туғызылады.

Проблемалы-ізденіс әдісінің көрнекілікті пайдалану жолы оқушылардың жадын /память/ ширату /делегироватъ/ үшін қызмет етеді. Көрнекіліктің ішінде қисық құрылған /деформированное упражнение/, иллюстрация, схема, тірек схемалары, матрицалар оқушылардың перциптивті қабылдау деңгейліктерін тәрбиелейді.

Жұмыстың мұндай түрі оқушылардың ұғымдарын дамытады. Ж.Аймауытов бұл қағиданы берне мен ұғым деп атайды. Оқушы көрнекілікті өзі құрастыру нәтижесінде талдау жасайды. Талдау қоспалы, күрделі нәрселерді, бернелерді жеке-жеке алып, бөлшектеп тексереді.

Талдау іскерлігінен кейін матрица құруда оқушының іріктеу қабілеті де дамиды. Бұл ішімді бір шумақ нәрселерден, не бернелерден бірнешеуінен біреуін ғана таңдап шығарып алу деп қабылдаған жөн.

Іріктеу қабілетінен кейін ұластыру машығы дамиды. Бөлшектерден оқушылар тұтас жүйе құрайды.

Мұндай жұмыстар жиі жүргізіле берсе, оқушылардың проблемалап оқу жүйесін меңгеру қабілеттіліктері де шыңдала түседі.

Проблемалап оқыту жүйесінің тағы бір бөлігі проблемалы-ізденіс мақамымен құрылған жаттығулар. Бұл әрекет мұғалімнің басшылығымен жүзеге асады. Көбінесе, жұмыстың бұл түрі жаңа білімді игеру ағымында жүргізіледі. Бала өздігінен әрекет етпей, алған әсерді өзіне тоқып алмай бір мазмұнды толық меңгермейді. Жаттығуды баланың өзіне орындату мектеп бағдарламасының зор мақсатының бірі. Орта мектептерде, типтік мектептерде бұл туралы жақсы табыстың бірін өнер ретінде мектепке кіргізу.

Оқушының әрекеттен алған арнаулы әсерін орнықтыру үшін орындалған жаттығудың орындалу сыры, себеп-салдары, ережесі үнемі назарында болады.

Тәжірибе жинақтау үшін жаттығу жұмыстары әлсін-әлсін қайталанып отыруы көзделеді. Мұны Ж.Аймауытов серпінді әсер деп атайды.

Әрбір істің нәтижесі жаңа әсер есебінде түйсіктелетін болғандықтан, шәкірт әрбір халде қайталама әсер алуы пайдалы деп білу керек. Кейбір мұғалімдер балалардың жұмысын бағалап, балаға қайта әсер беретін балл, бағалау тәрізді амалының нәтижесін керсетпей жасырын сақтайды. Ал бала жаттығу жұмысынан қандай баға алғанын білмей сандалады.

Проблемалап оқыту жүйесінің келесі бір құнды түрі – тәжірибешілік зерттеу жұмысы. Зерттеу жұмысы зертханалық ауқымда ұйымдастырылады. Мұнда оқушы пәннен алған қисындық білім көлемін тәжірибе арқылы бекітеді. Оны өзінше зертханалық сараптан өткізеді.

Жұмыстық мұндай түрлері мектебімізде сәтті ұйымдастырылып отырылады. Бірнеше мысалдар келтіріп өтелік:

Ең соңында проблемалап оқыту жүйесі оқушылардың танымдық белсенділігін арттыру іскерлігін дамыту әрекетіне негізделеді. Бұл оқушылардың ой шығару, пікір сомдау, түйін құру, өзінше көзқарас туғызу сияқты әрекеттерге жетелейді. Жұмыстың бұл түрі оқушылардың әрбір пәннен өз бетінше заңдылықтарды іздеуіне, қағидаларды тауып, оған сілтеме жасауына, тірек ұғым мен қосымша бернелерді топтастыруына түрткі жасайды. Егер зерттеудің бұл түрі ұштала берсе, оқушыларымыз ғылым негіздерін пайымдап, өздерінше жаңа ғылыми тұжырым ойлап табу дәрежесіне көтеріледі.







Дата добавления: 2015-06-15; просмотров: 1167. Нарушение авторских прав; Мы поможем в написании вашей работы!



Картограммы и картодиаграммы Картограммы и картодиаграммы применяются для изображения географической характеристики изучаемых явлений...

Практические расчеты на срез и смятие При изучении темы обратите внимание на основные расчетные предпосылки и условности расчета...

Функция спроса населения на данный товар Функция спроса населения на данный товар: Qd=7-Р. Функция предложения: Qs= -5+2Р,где...

Аальтернативная стоимость. Кривая производственных возможностей В экономике Буридании есть 100 ед. труда с производительностью 4 м ткани или 2 кг мяса...

Правила наложения мягкой бинтовой повязки 1. Во время наложения повязки больному (раненому) следует придать удобное положение: он должен удобно сидеть или лежать...

ТЕХНИКА ПОСЕВА, МЕТОДЫ ВЫДЕЛЕНИЯ ЧИСТЫХ КУЛЬТУР И КУЛЬТУРАЛЬНЫЕ СВОЙСТВА МИКРООРГАНИЗМОВ. ОПРЕДЕЛЕНИЕ КОЛИЧЕСТВА БАКТЕРИЙ Цель занятия. Освоить технику посева микроорганизмов на плотные и жидкие питательные среды и методы выделения чис­тых бактериальных культур. Ознакомить студентов с основными культуральными характеристиками микроорганизмов и методами определения...

САНИТАРНО-МИКРОБИОЛОГИЧЕСКОЕ ИССЛЕДОВАНИЕ ВОДЫ, ВОЗДУХА И ПОЧВЫ Цель занятия.Ознакомить студентов с основными методами и показателями...

ИГРЫ НА ТАКТИЛЬНОЕ ВЗАИМОДЕЙСТВИЕ Методические рекомендации по проведению игр на тактильное взаимодействие...

Реформы П.А.Столыпина Сегодня уже никто не сомневается в том, что экономическая политика П...

Виды нарушений опорно-двигательного аппарата у детей В общеупотребительном значении нарушение опорно-двигательного аппарата (ОДА) идентифицируется с нарушениями двигательных функций и определенными органическими поражениями (дефектами)...

Studopedia.info - Студопедия - 2014-2024 год . (0.009 сек.) русская версия | украинская версия