Студопедия Главная Случайная страница Обратная связь

Разделы: Автомобили Астрономия Биология География Дом и сад Другие языки Другое Информатика История Культура Литература Логика Математика Медицина Металлургия Механика Образование Охрана труда Педагогика Политика Право Психология Религия Риторика Социология Спорт Строительство Технология Туризм Физика Философия Финансы Химия Черчение Экология Экономика Электроника

Діснамалық сапасы





 

Әрбір кіші және үлкен жүйелердің үрдісіндегі нәтижеге апарар үрдістер және өзара ұштастықта келетін пайымдардың жиыны.

Біздер бұл тұжырымға дейін де әдіснаманың өнімді, өнімсіз болып жіктелетінін айтып өткенбіз. Бұны тек тұжырымдамамыздың дұрыстығын дәйектеу үшін келтіріп отырмыз. Сол секілді ғылыми базаның белгілі бір ғылыми тұжырымға тіректік, анықтама берерлік рөлін аңғарамыз. Ғылымға негіздеу арқылы оқыту мақсатын нәтижелі үрдіске бағыттау. Келесі жүйелілік. Жүйелілік жайлы да көптеген пайымдарды тізбелеп бердік. Г.Селевконың пайымынша, ол мынандай болып келеді:

1) логикалы үрдіс;

2) оның барлық кейіпкерлерінің өзара байланысы;

3) тұтастық қалпы.

Басқарушылық. Мақсаттылық пен істің жүзеге асуын діттейді. Мұнда оқу үрдісін жоспарлау, жобалау, диагностиканы әртүрлі кезеңдерде өткізу, нәтижеге жету жолдарының көпнұсқалығы мен үзіліссіз даму бағытында түзетулер енгізу.

Тиімділігі. Бүгінгі замандағы педагогикалық технология бақталастық, нарықтық заңдылықтар деңгейінде ұйымдасады. Олай болса, нәтижеге тезірек жетудің, аз уақыт ішінде ауқымды, баянды ұтысқа қол жеткізу көзделеді.

Қай өндірушілік сапа. Қол жеткен табыстардың негізгі үрдістеріндегі әдіснамалық жүйені басқа субъектілерге қолдана білу шеберлігі.

Көптеген педагогикалық технологиялар жайлы хабарымыз бар.

Оның негізінде іс-әрекет, қызметімізді нәтижеге бағдарладық бірақ, Г.Селевконың жоғарыда келтірген зерделі зерттеулері көңілге қонымды.

Алгоритммен педагогикалық технологиялардың алға жылжушылық ырғағын дәл осы еңбектен байқап отырмыз. Бұл таза аударма емес. Біздер өзіміздің тұжырым-түйіндерімізді, салыстыру аргументтеріміз бен толғаныстарымызды ашық айттық.

3.3 Студенттер өткенді білсін десек...

 

Еңсегей бойлы Ер Есім тұсында өмір сүрген ханның ел басқарушы биі болған Жиембет Бортоғашұлы /XVII ғ./ толғаулары тарихтың өзі секілді әсер етеді. Егер бір толғауын жаңаша философиялық жүйеге салып, оқушы санасына эмпириялық әдіспен жеткізсек, төмендегідей іс-әрекет құрылым-бағдары шығады:

Еңсегей бойлы Ер Есім, сені есірткен – менің кеңесім, сүйесінім /сүйеніш болдым/, демесінім. Бұл – мәтіннен тұп-тура жыраудың өзінің сөз қолданысы. Бұны оқушылар «Жыраудың көзімен ханның қандай әрекетін байқайсыз?» - деген ізденуге ниеттендіретін іздендіру сұрағы арқылы табады.

Бұл – толғаудағы ханның бір оқыс мінезі. Міне, осы оқыс, астамшылық құлықтың пайда болуына жыраудың әрекеті қосылады. Бірінші құбылыстың кіші айқындауыш құбылыстары бар.

Бір сөзбен айтқанда, «есірткен» деген ханның мінезін туғызуға себеп-салдар болған кіші құбылыстарды мәтіннің өзінен тізбелеп, сұрыптаған жөн. Олар мынадай құбылыстар: менің ерлігім - жолбарыс пенен аюдай, асау тайыңдай, бекіре мен жайыңдай, қарағай менен қайыңдай, садаққа салған бұлыңдай, сатып алған құлыңдай, інің менен ұлыңдай, осы теңеулерден кейін өзінің болмысын салмақтандыратын, Тұлғаның сипатын танытатын тегеурінді жолдар «Мен өлсем құнсыз кетер деме сен, кешегі өзіңнің ұрып өлтірген Тілеуберді құлыңдай!».

Жоғарыда құрылған үлкен құбылыстың кіші құбылыстарына қойылатын іздендіру сұрақтары: «Жырау ханға өзінің мыктылығын қандай теңеулер арқылы танытып тұр?». Аталған сипаттарын қандай жолдармен түйіндеп, байқатып тұр?

Өзінің осал еместігін үдемемен танытудың үшінші құбылысы: құлың мен емес, дегеніңізді қылғансың, қайтарымды білгенсің, сізден естен кеткенмен, біздің естен кеткен жоқ, соқыр бурыл байталға сонда жандақ мінгенсің...

Бұл құбылыста «Құлың» деген сөз үшінші рет кездеседі, біріншіде, адал құлың болдым, екіншіде, тәнімен тиесілі сұрауы жоқ құнсыз Тілеубердідей емеспін, үшіншіде, әсерлі болу үшін Тілеуберді құлыңның дәрежесінде күн кешкен деген ой-түйінін айқындайды.

Келтірілген құбылысқа іздендіру сұрағы:

«Жыраудың өзін танытуын тағы қандай кіші құбылыстар арқылы аңғарасыздар?», «Құлы» деген сез неше рет қайталанады, әр қолданыста қандай мәнде келіп тұр?» - деген сұрақтар келеді.

Үдемемен тереңдей түседі. Оны мына бір құбылыстан аңғарамыз: «Қалмақтың Бөрі ханы келгенде, хандар қалаға қылаған, сұлтандар суға сылаған, қаз мойынды ханша қалада тұрып жылаған...». Бұл құбылысты табу үшін мынадай сұрақ қойылады:

«Жиембет шегініс арқылы ханның қандай осалдығын бетіне басып тұр?». Талдау үрдістің бұл сарыны толғаудың тек бірінші бөлімі. Бірінші болып ханның жағымсыз бір әрекетіне арналған. Ол - есіргені. Есірткен не? Оған Жиембеттің жыраулық, билік құрғандағы әрекеттері бірде теңеу, бірде таныстыру сипатында өрнектеледі.

Енді толғаудың екінші бөлімі басталады. «Тал шарбаққа мал сақтап, Тас қалаға жан сақтап, Тасқан екен мына хан!» деген ханның екінші бір көлеңкелі мінезі Жиембеттің арқауына тіректік мақамда қолданылады. Міне, бұл әрекеттің айқындауышы мыналар: «Арқаға қарай көшермін, Алашыма ұран десермін, Ат құйрығын кесермін, Ат сауырын берермін, Атыста дәурен сүрермін, Қарамасаң, Ханым, қарама, Сенсіз де күнімді көрермін!». Бұл екінші құбылыстың іздендіру сұрағы:

«Жиембет ханның есірген мінезінен басқа тағы да қандай көлеңкелі мінезін бетіне басады?»

Қорыта айтсақ, мұғалімдер, студенттер әдебиетті өздерінің жабайы тілімен мазмұндамай, мәтіннен жүйе тәртібін сақтап, құбылыстар мен әрекет қосынын қатар саралап, сұрыптап, жіктеп алса, эмпириялық әдіс өзекті мәселені жыраудың ұстанған мақсат-мүддесіне жуықтатып шешеді. Өзі аз зерттелген, тіпті зерттелмеген жыраулардың шығармашылық «мектебін» бірден жинақтарда берілген нұсқау, пікір түйіндерімен түсіндіріп кетсек, студенттерді іздендіруге ұмтылдыра алмаймыз. Мәселен, ҚазақССР Ғылым академиясының М.О.Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институты шығарған «Бес ғасыр жырлайды» деген /Алматы. «Жазушы», 1989 ж./ жинағында Жиембет жырауға берілген нұсқау, пікір түйін былай болып келеді: «Кіші жүзде дербес билік құра бастаған Жиембеттің өзі де ханның қаһарына шалынады. Жыраудың інісі Жолымбеттің бір жеңілтек ісін сарайды қорлау деп санаған. Есім бұл мәселеге Жиембеттің өзін де іліктіреді. «Міне, бұл пікір алдымен қозғаушы күштік қызмет атқарса, студенттер осы тұжырымға орала береді. Сондықтан бұл түйін ең соңында қосымша деректік ұғым ретінде жүріп, бірінші түпнұсқадағы құбылыстар мен жыраудың ханға деген көзқарасын айқындайтын әсерлі үрдістер жинақталып, ой шығару стратегиясымен өткені тиімді.

Жаңаша оқытуда пікірді құрастырып алатын субъекті - студенттер. Олар жыраудың ұстаған бағытын, мақсат-мүддесін, тұжырымын мәтіннен жоғарыдағыдай іздендіру сұрақтарының көмегімен табуы керек. Сонда студент кішігірім ғалымдарша пікір туғызатын дәреже мен мәртебеге жетеді.







Дата добавления: 2015-06-15; просмотров: 928. Нарушение авторских прав; Мы поможем в написании вашей работы!




Композиция из абстрактных геометрических фигур Данная композиция состоит из линий, штриховки, абстрактных геометрических форм...


Важнейшие способы обработки и анализа рядов динамики Не во всех случаях эмпирические данные рядов динамики позволяют определить тенденцию изменения явления во времени...


ТЕОРЕТИЧЕСКАЯ МЕХАНИКА Статика является частью теоретической механики, изучающей условия, при ко­торых тело находится под действием заданной системы сил...


Теория усилителей. Схема Основная масса современных аналоговых и аналого-цифровых электронных устройств выполняется на специализированных микросхемах...

Хронометражно-табличная методика определения суточного расхода энергии студента Цель: познакомиться с хронометражно-табличным методом опреде­ления суточного расхода энергии...

ОЧАГОВЫЕ ТЕНИ В ЛЕГКОМ Очаговыми легочными инфильтратами проявляют себя различные по этиологии заболевания, в основе которых лежит бронхо-нодулярный процесс, который при рентгенологическом исследовании дает очагового характера тень, размерами не более 1 см в диаметре...

Примеры решения типовых задач. Пример 1.Степень диссоциации уксусной кислоты в 0,1 М растворе равна 1,32∙10-2   Пример 1.Степень диссоциации уксусной кислоты в 0,1 М растворе равна 1,32∙10-2. Найдите константу диссоциации кислоты и значение рК. Решение. Подставим данные задачи в уравнение закона разбавления К = a2См/(1 –a) =...

Типы конфликтных личностей (Дж. Скотт) Дж. Г. Скотт опирается на типологию Р. М. Брансом, но дополняет её. Они убеждены в своей абсолютной правоте и хотят, чтобы...

Гносеологический оптимизм, скептицизм, агностицизм.разновидности агностицизма Позицию Агностицизм защищает и критический реализм. Один из главных представителей этого направления...

Функциональные обязанности медсестры отделения реанимации · Медсестра отделения реанимации обязана осуществлять лечебно-профилактический и гигиенический уход за пациентами...

Studopedia.info - Студопедия - 2014-2025 год . (0.013 сек.) русская версия | украинская версия