Денелерді жылжымайтын цилиндрлік топсамен байланыстыру
Бұл денені топсалы байланыстан босату кезінде
мұнда
4.3-сурет. Жылжымайтын топса арқылы байланыс. 4. Денелерді жылжымалы топса арқылы байланыстыру. Жылжымалы топса дененің тіреу жазықтығы бетімен қозғалыс жасауына кедергі келтірмейді және тіреуге перпендикуляр бағытта қозғалысын шектейді. Сондықтан реакция күші топса арқылы өтіп әр уақытта тіреу жазықтығына перпендикуляр бағытталады. 4.4-сурет. Жылыжымалы топсалы байланыс. 5. Денелерді өзектер (стерженьдер) арқылы байланыстыру. Өзектік байланыстар дененің өзек бойындағы екі бағыттағы қозғалысын шектейді және реакция күштері өзек бойымен бағытталады. Реакция күштерінің бағыттарына байланысты өзек созылуға немесе сығылуға қарсы жұмыс істейді. 4.5-сурет. Өзек арқылы байланыс. 6. Қатаң бекініс. Арқалық өзінің бір ұшымен қабырғаға қазықша қадалып бекітілген. Бұл бекітуді қатаң бекініс деп атаймыз. Егер осы арқалыққа белсенді күштер әсер етсе 4.6-сурет. Қатаң бекітілген арқалықтың реакция күштері.
|