ДӘРІС. (Париж классификациясы бойынша)
(Париж классификациясы бойынша)
Әдебиеттер: 1. Медицинская биология и генетика/ Под.редакцией Куандыкова Е.У., Алматы,2004 2. Әбилаев С.А. Молекулалық биология және генетика. Шымкент. 2008, 424 б. 3. Мушкамбаров Н.Н., Кузнецов С.Н. Молекулярная биология. Учебное пособие для студентов медицинских вузов, Москва: Наука, 2003, 544 с. 4. Гинтер Е.К. Медицинская генетика. М., Медицина, 2003. 5. Медицинская биология и генетика/ Кулешова Г.Т.2007. Бақылау сұрақтары: 1. Ядроның құрылысы және қызметі қандай? 2. Эукариоттардың ДНҚ молекуласының 3 түрлі фракциясы? 3. Митоздық хромосомалардың қандай типі және жіктелуі бар? 4. Кариотип дегеніміз не? 5. Эухроматин және гетерохроматиннің айырмашылығы неде? Арағанды қаласының медицина колледжі
Дәріс Тақырыбы:Цитогенетика негіздері. Кариотип туралы түсінік. Адам хромосомасын зерттеудің заманауи молекулалық-генетикалық әдістері Мамандығы:0302000 «Медбикелік іс» Курс:2 Уақыты:90 мин.
ДӘРІСТІҢ ҚҰРЫЛЫМЫ ТАҚЫРЫБЫ:Цитогенетика негіздері. Кариотип туралы түсінік. Адам хромосомасын зерттеудің заманауи молекулалық-генетикалық әдістері МАҚСАТЫ:Ядроның құрылысы және биологиялық маңызын, митоздық хромосомалардың типін және жіктелуін, кариотип туралы түсінікті және адам хромосомасын зерттеудің заманауи молекулалық-генетикалық әдістері білу ДӘРІС ЖОСПАРЫ: 1. Ядроның құрылысы және биологиялық маңызы 2. Хроматин — хромосоманың белсенді — активті күйі. 3. Митоздық хромосомалардың типін және жіктелуі 4. Кариотип туралы түсінік 5. Хромосоманың эухроматин және гетерохроматин бөліктері 6. Адам хромосомасын зерттеудің заманауи молекулалық-генетикалық әдістері
ДӘРІС Ядро — эукариотты жасушалардың ең негізгі құрамдық бөлімдерінің бірі. Оны 1931 жылы ағылшын ғалымы. Г.Броун ашқан. Ол цитоплазмаға қарағаңда тығыздау болып келеді. Оның пішіні жасуша пішініне сәйкес болады, мөлшері 10—25 мкм шамасында. Әрбір жасушада 1, кейде 2 не одан да көп ядролар кездеседі. Ядросыз жасуша болмайды, тек адам эритроциттері мен өсімдіктердің сүзгілі түтіктерінің жасушаларында ядро кездеспейді. Ядроның құрылысы. Ядро екі мембранадан тұратын қабығы арқылы цитоплазмадан шектелген. Оның ішінде ядро шырыны, ядрошық; және хроматин орналасады. Ядроның құрылымы жасуша циклінің әр түрлі кезендерінде өзгеріп отырады. Осыған орай оның интерфаза кезіндегі ядро (яғни ядроның кызметтік күйі) және митоздық ядро күйі белгілі. Ядроның интерфазалық күйінің негізгі бөлігі — хроматин. Ол өте жіңішке, ұзын, шумақталған хроматин жіпшесінен тұрады. Хроматин — хромосоманың белсенді — активті күйі. Хроматин ДНҚ және гистондық ақуыздан тұрады. Ол жіңішке, диаметрі 10—13 нм болатын жіпше. Оның қаңқасын 4 түрлі гистондық ақуыздардың (Н2А, Н2В, НЗ, Н4) молекулаларынан құрылған дөңгелек октомер денешіктер — нуклеосомалар құрайды.
|