Ортағасырлық философия
Ортағасырлық философия
Ортағасырлар Еуропа тарихында V ғасырдағы Рим империясының құлауынан XIV-XV ғасырлардағы қайта жаңғыру дәуіріне дейінгі ұзақ кезеңді қамтиды. Ортағасырлық философияның пайда болуын көбінесе Батыс Рим империясының (б.з.д.47 жыл) құлауымен байланыстырады, бірақ мұндай мерзімдеу нақты емес. Бір ойдан екінші ойға көшу лезде пайда болмайды: Римді жаулап алу ғасырлар бойы қалыптасқан әлеуметтік қатынастарды да (себебі грек философиясы антикалық құлиеленушілік дәуіріне, ал ортағасырлық философия феодалдық дәуірге жатады), адамдардың ішкі дүниетанымын да, діни нанымдарын да біржолата өзгерте алмады. Қоғамның жаңа типінің қалыптасуы өте ұзаққа созылды. Б.з. I-IV ғғ. стоиктердің, эпикурліктердің, неоплатондықтардың философиялық ойлары өзара бәсекеге түседі, соның нәтижесінде ортағасырлық философияның негізін құрайтын жаңа сенімдер мен ойлар қалыптасады. Бұл мезгілде қалыптасқан философияның екі негізгі бастауы болған. Бірінші – платондық және аристотельдік дәуірден нәр алған ежелгі грек философиясы. Екінші бастауы – бұл философияны христиандық бағытқа бұрушы қасиетті жазба. Ортағасырлық философияның түп тамыры бірқұдайлық діннен (монотеизм) бастау алады. Мұндай діндерге иудаизм, христиандық, мұсылмандық жатады, және ортағасырлардағы еуропалық философия мен араб философиясының дамуы осы діндермен байланысты. Ортағасырлық философия христиандықпен ажыраусыз байланыста болған, сондықтан мұнда жалпы философиялық және христиандық идеялар байланыс тапқан. Ортағасырлық философияның негізгі идеясы – теоцентризм. Теоцентризм:Орта ғасырларда теоцентризм ұстанымына сәйкес Құдай бүкіл әлемнің орталығында болды. Құдай бүкіл болмыстың, берекенің бастамасы болып табылады, өмірдегі ең негізгі мақсат – ол құдайға құлшылық деп көрсетеді. Орта ғасырларда Құдай мен дін философияның басты объектілері ретінде саналды. Монотеизм:Ортағасырлық философия антикалық көпқұдайлылық – политеизмге қарағанда бір Құдайды ғана мойындады. Құдай адам идеясы:Орта ғасырларда адам енді ғана өзінің ерекшелігін сезіне бастаған еді. Адамның ерекшелігі жайлы идея тек Қайта жаңғыру дәуірінде (антропоцентризм) ғана өзін толық көрсете білді, бірақ оның пайда болуы орта ғасырларға сай келді, және мұндағы басты рольді Евангелие атқарды. Исус Христос құдай, құдайдың ұлы, бірақ ол сонымен қатар, өзінің, әкесіне қарағанда, кәдмгі өмірге жақын адам. Креационизм идеясы Құдайды табиғаттан жоғары ұстайды. Табиғатқа жақын болған антикалық құдайларға қарағанда христиандық Провиденциализм:Тарих «Құдай Патшалығына жол» ретінде түсіндіріледі, әлем тағдыры алдын-ала анықталған және заман ақырмен аяқталады.
|