Студопедия Главная Случайная страница Обратная связь

Разделы: Автомобили Астрономия Биология География Дом и сад Другие языки Другое Информатика История Культура Литература Логика Математика Медицина Металлургия Механика Образование Охрана труда Педагогика Политика Право Психология Религия Риторика Социология Спорт Строительство Технология Туризм Физика Философия Финансы Химия Черчение Экология Экономика Электроника

Еңбек қатынастарындағы әкімшілік құқық мәселелері


Еңбек қатынастарындағы әкімшілік құқық мәселелері

Жалауова Ш.Ж.

 

Түйін:

Бүгінгі таңдағы зерттеліп отырылған тақырып еңбек құқығы мен әкімшілік құқықты ұштастыра байланыстырып тұр, яки аты атап тұрғандай «Еңбек қатынастарындағы әкімшілік құқық мәселелері» болып табылады. Мәселенің өзектілігі кез келген жұмыс орнындағы жұмыс беруші мен қызметкер арасында туындайтын ішкі тәртіптемелер мен ережелерге байланысты құқықтық қатынастар болып келеді.

Кілт сөздер: еңбек, жұмыс беруші, қызметкер, тәртіп, жаза.

Қазақсатн Республикасының Еңбек Кодексінің 6-тарауы «Еңбек тәртіптемесі. Еңбек тәртібі » деп аталады, оның ішінде 69-бапта «Еңбек тәртіптемесінің ережелері» белгіленген:

1. Жұмыс беруші еңбек тәртіптемесінің ережелерін қызметкерлер өкілдерімен келісе отырып бекітеді.
2. Еңбек тәртіптемесінің ережелерінде қызметкерлердің жұмыс уақыты мен тынығу уақыты, еңбек тәртібін қамтамасыз етудің талаптары, еңбек қатынастарын реттеудің өзге де мәселелері белгіленеді.
3. Қызметкерлердің жекелеген санаттары үшін еңбек тәртіптемесі Қазақстан Республикасының заңдарындабелгіленген тәртіппен бекітілетін жарғыларда және ережелерде реттеледі.
4. Еңбек тәртіптемесінің ережелерін орындау жұмыс берушілер мен қызметкерлер үшін міндетті болып табылады. [2]

Еңбек тәртібін жұмыс беруші жеке және ұжымдық еңбек үшін қажетті ұйымдастырушылық, әлеуметтік және экономикалық жағдайлар жасау, қызметкерлердің еңбекке саналы көзқарасы арқылы, сендіру, адал еңбегі үшін көтермелеу әдістерімен (сыйақы, мүліктік игілік, жұмыстық лауазымын жоғарылату, демалыс орындарына жіберу), сондай-ақ тәртіптік теріс қылық жасаған қызметкерлерге тәртіптік жаза қолдану (ескерту, сөгіс, қатаң сөгіс, еңбек шартын бұзу) арқылы қамтамасыз етеді. [2], [3], [4].

Тәртіптік жазаларды қолдану және оған шағым жасау тәртібін қарастырмай кеткеніміз дұрыс болмас.

Негізінде жұмыс беруші тәртіптік жазаны өзінің актісін шығару арқылы қолданады. Жұмыс беруші тәртіптік жазаны қолданғанға дейін қызметкерден жазбаша түсініктеме талап етуге міндетті. Қызметкердің жазбаша түсініктеме беруден бас тартуы тәртіптік жаза қолдануға кедергі жасай алмайды, себебі қызметкер жоғарыда аталып кеткен түсініктемені беруден бас тартқан жағдайда тиісті акт жасалады. Жұмыс беруші тәртіптік жазаның түрін айқындау кезінде жасалған тәртіптік теріс қылықтың мазмұнын, сипатын және ауырлығын, оны жасаудың мән-жайларын, қызметкердің оның алдындағы және одан кейінгі тәртібін, еңбекке деген көзқарасын ескеруге тиіс. Әрбір тәртіптік теріс қылығы үшін қызметкерге бір тәртіптік жазадан артық қолданылмайды.

Жұмыс берушінің қызметкерге тәртіптік жаза қолдану туралы актісіне байланысты Қазақстан Республикасы Еңбек Кодексінің 73-бабының 5-тармағына назар аударып кетсек:

1) қызметкердің еңбекке уақытша қабілетсіздігі;

2) қызметкер мемлекеттік немесе қоғамдық міндеттер атқару уақытына жұмыстан босатылған;

3) қызметкер демалыста немесе вахтааралық демалыста болған;

4) қызметкер іссапарда болған кезеңде шығарылмайды. [2].

Еңбек заңнамаларына сәйкес тәртіптік жаза қолдану туралы акт ол шығарылған күнінен бастап үш жұмыс күні ішінде тәртіптік жазаға тартылған қызметкерге қолын қойғызып хабарлануы тиіс. Қызметкер жұмыс берушінің актісімен танысқанын қол қойып растаудан бас тартса, тәртіптік жаза қолдану туралы актіде бұл туындаған мәселеге байланысты тиісті жазба жасалады. Қызметкерді жұмыс берушінің тәртіптік жаза қолдану туралы актісімен жеке таныстыруға мүмкіндік болмаған жағдайда жұмыс беруші актіні қызметкерге хабарламалы хатпен жіберуге міндетті.

Осы арада тәртіптік жазаларды белгілеу мерзіміне көңіл аударсақ, Қазақстан Республикасы Еңбек Кодексінің Кодекстің 73-бабы 5-тармағына жоғарыда тоқталып кеткен болатынбыз. Сол 73-бап 5-тармағы және Қазақстан Республикасының басқа да заңдарында көзделген жағдайларды қоспағанда, тәртіптік жаза қызметкерге тәртіптік теріс қылық анықталғаннан кейін тікелей, бірақ ол анықталған күннен бастап бір айдан кешіктірілмей қолданылады.
Осы Еңбек Кодексінің 304-бабында көзделген жағдайларда тәртіптік жазалар ереуілді заңсыз деп тану туралы сот шешімі заңды күшіне енген күннен бастап бір айдан кешіктірілмей қолданылады. [2].
Тәртіптік жазаны - тәртіптік теріс қылық жасалған күннен бастап алты айдан асқаннан кейін, ал Қазақстан Республикасының заңдарындабелгіленген немесе ревизия, я болмаса жұмыс берушінің қаржы-шаруашылық қызметін тексеру нәтижелері бойынша тәртіптік теріс қылығы анықталған кездерде қызметкер тәртіптік теріс қылық жасаған күннен бастап бір жылдан асқаннан кейін қолдануға болмайды. Көрсетілген мерзімдерге қылмыстық іс бойынша іс жүргізу уақыты кірмейді.
Қызметкердің еңбекке уақытша қабілетсіздігіне (көбінесе денсаулығына және отбасы мәселелеріне байланысты), мемлекеттік немесе қоғамдық міндеттер орындау үшін жұмыстан босатылуына, демалыста, іссапарда болуына байланысты жұмыста болмаған уақытында тәртіптік жаза қолдану мерзімінің барысы тоқтатыла тұрады. Тәртіптік жазаларды белгілеу мерзімінен кейін тәртіптік жазалардың қолданылу мерзімі өзімен-өзі сұранып тұрғандай. Қазақстан Республикасының Еңбек Кодексінің 72-бабы «Тәртіптік жазалар» 1-тармағының, яғни жұмыс беруші қызметкердің тәртіптік теріс қылық жасағаны үшін 4) тармақшасында көзделген еңбек шартын жұмыс берушінің бастамасы бойынша бұзу түріндегі тәртіптік жазаны қолдану жағдайын қоспағанда, тәртіптік жазаның қолданылу мерзімі ол қолданылған күннен бастап алты айдан аспауға тиіс. Егер осы мерзім ішінде қызметкер жаңа тәртіптік жазаға тартылмаса, оның тәртіптік жазасы жоқ деп есептеледі.
Қызметкерге тәртіптік жаза қолданған жұмыс беруші өзінің бастамасымен, қызметкердің немесе оның тікелей басшысының өтінуімен, қызметкерлер өкілінің өтініші бойынша тәртіптік жазаны мерзімінен бұрын алып тастауға құқылы. [2].

Қызметкер тәртіптік жаза жөнінде Қазақстан Республикасы Конституциясы 12-бабының 1-тармақшасын: «Адам құқықтары мен бостандықтары танылады және оларға кепілдік беріледі», 24-бапты негізге ала отырып Қазақстан Республикасының Азматтық Кодексінде, Еңбек Кодексінде, Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодекстерінде белгіленген тәртіппен басшылыққа құқық қорғау органдарына шағым жасай алады. [1]

Ішкі тәртіп немесе кез келген әрбір құқық саласына байланысты құқық бұзушылық болсын бәрінің де заң жүзінде, қатал тәртіпте қолданылатын сатылары бар. Жұмыс беруші немесе қызметкер, құқық бұзушы мен кез келген ұйым қоғамдағы дәрежесіне байланыссыз сот алдында Ата заңымызға сай тең болуы қажет.

 

 

 




<== предыдущая лекция | следующая лекция ==>
Алексей | Вера Игнатьевна Мухина

Дата добавления: 2015-03-11; просмотров: 733. Нарушение авторских прав; Мы поможем в написании вашей работы!




Функция спроса населения на данный товар Функция спроса населения на данный товар: Qd=7-Р. Функция предложения: Qs= -5+2Р,где...


Аальтернативная стоимость. Кривая производственных возможностей В экономике Буридании есть 100 ед. труда с производительностью 4 м ткани или 2 кг мяса...


Вычисление основной дактилоскопической формулы Вычислением основной дактоформулы обычно занимается следователь. Для этого все десять пальцев разбиваются на пять пар...


Расчетные и графические задания Равновесный объем - это объем, определяемый равенством спроса и предложения...

Уравнение волны. Уравнение плоской гармонической волны. Волновое уравнение. Уравнение сферической волны Уравнением упругой волны называют функцию , которая определяет смещение любой частицы среды с координатами относительно своего положения равновесия в произвольный момент времени t...

Медицинская документация родильного дома Учетные формы родильного дома № 111/у Индивидуальная карта беременной и родильницы № 113/у Обменная карта родильного дома...

Основные разделы работы участкового врача-педиатра Ведущей фигурой в организации внебольничной помощи детям является участковый врач-педиатр детской городской поликлиники...

Плейотропное действие генов. Примеры. Плейотропное действие генов - это зависимость нескольких признаков от одного гена, то есть множественное действие одного гена...

Методика обучения письму и письменной речи на иностранном языке в средней школе. Различают письмо и письменную речь. Письмо – объект овладения графической и орфографической системами иностранного языка для фиксации языкового и речевого материала...

Классификация холодных блюд и закусок. Урок №2 Тема: Холодные блюда и закуски. Значение холодных блюд и закусок. Классификация холодных блюд и закусок. Кулинарная обработка продуктов...

Studopedia.info - Студопедия - 2014-2025 год . (0.013 сек.) русская версия | украинская версия