Гомеопатия тәжірибесінде қолданылатын дәрілік қалыптар
Задачи обучения: научить учащихся описывать (на элементарном уровне) лица, предметы, животных и действия с ними. Коммуникативные намерения: описать...; охарактеризовать...; запросить информацию о... — описать лицо (назвать имя, возраст, национальность, род занятий, место проживания и т.д.), запросить соответствующую информацию о ком-либо; —- описать животное (назвать его, сказать, что оно может делать, какое оно), запросить соответствующую информацию о каком-либо животном; — описать предмет (назвать его, указать его принадлежность, качество, месторасположение), запросить соответствующую информацию о каком-либо предмете; — прокомментировать действия сверстника (что и как он делает); — описать куклу/героя (назвать имя, дать характеристику ее/го внешности, описать ее/его одежду, выразить — на элементарном уровне — свое отношение к ней/нему).
Гомеопатия тәжірибесінде қолданылатын дәрілік қалыптар. (Formae medicamentorum Homeopatical)
Гомеопатия (грек. Homoios – ұқсас, сол, pathos – ауру) - "ұқсасты ұқсаспен емдеу" деген негіз бойынша, ғылыми дәлелденбеген дәрілермен емдеу жүйесі. Гомоеопатия тәжірибесі 3 негізге бейімделген. Бірінші негіз бойынша (- similia similubus curantur) – ауырмаған адамдарға жоғары мөлшерде қолданғанда, аурудың белгілерін тудыратын дәрілердің аз мөлшерімен емдеу. Екінші негіз – ауырмаған адамдарға дәрілік заттың жоғарғы, кейде улы мөлшерге дейін қолданып аурудың белгілерін шығару. Үшінші негіз – дәрілік заттың концентрациясын ерітіндіде немесе сүт қантымен езгілеп сұйылтқан кезде кейбір ерекше күштерінің арқасында дәрілік әсерінің күшеюі (динамизациялануы, потенциялануы) пайда болады- мыс. Осыған байланысты дәрілік құралдар өте аз мөлшерде қолданылады – «төмен доза» заңдылығы). Гомеопатия негізін салушы Самуэль Фридрих Ганеман 1755 жылы Саксонияда туған, Лейпциг университетін бітіріп Германияда дәрігерлік қызмет атқарған. Ганеман өз пациенттерін өзі дайындаған дәрілермен емдеуді тәжірибеге алған, ал бұл көзқарас Германияда қабылданған заңдылықтарға қайшы болу себебі, оның үкіметпен арадағы келіспеушіліктері туып отырған. Ганеман көзқарастарының қалыптасуына Гиппократ, Диоскорид, Корнелиа- Цельс, Гален, Ибн – Сина еңбектерінің әсері болуы мүмкін. Себебі кейбір көне ғұламалар еңбектерінде, ауруды "ұқсастықпен" емдеу негіздері кездесетін. Мысалы, Гиппократ "Ауруды оның табиғаты емдейді", дәрігер ауруды туғызған себептерді соған ұқсас себептермен сауықтыруға көмектесуі тиіс. Гомеопатияның негізгі пікірлерін Ганеман 1796 жылы қалыптастырды, ал 1810 жылы "Органон врачевного искусства" еңбегінде өзінің пікірлерін жүйелі түрде келтірді. Ганеман Лейпциг университетінде приват – доцент ретінде студенттермен дәрігерлерге гомоепатия турасында дәрістер оқыды, 1843 жылы қайтыс болды. Гомоепатия біздің елге көршілес Россия елінен келген. Россияда гомоепатия XIX ғасырдың бірінші ширегінде белгілі бола бастады. Бірақ белгілі орыс ғылымдары Н.Н.Пирогов, А.П.Нелюбин, А.А.Иовский және басқалары гомоепатия негіздеріне үлкен қарсылық көрсетті. Тек КСРО кезінде, 1960 – 70 жылдары гомоепатияға деген көзқарас бейжар бола бастады, КСРО ДС Министрлігі құттаған да тыйым салған да жоқ. 1991 жылдан бері Ресейде гомеопатия құқылы орын ала бастады.
|