Сімдіктегі шырын мөлшерін анықтау
§§ 2 және 3 бойынша дайындау үшін қолданылатын осімдік шырындары мөлшерін анықтау төмендегіше жүргізіледі: Алдымен ұсақталынған өсімдік массасының ылғалдығы 100°С анықталады. Осымен қатар, шырынды өсімдіктерден біраз мөлшерде шырын сығып алады, сүзеді және 100°С кептіріп құрғақ қалдығын анықтайды. Егер анықталған ылғал дәрежесін «а» белгілесе, құрғақ қалдық мөлшерін «б» деп белгілесе, онда өсімдіктегі шырын мөлшері «х» келесі формула бойынша есептелінеді:
Х = 100 а / 100 б
Мысал. Берілгені: өсімдік - 100 бөлік ылғал мөлшері «а» (100 бөлік өсімдікте) шырын мөлшері «х» (100 бөлік өсімдікте) шырындағы құрғақ қалдық мөлшері «б» (100 бөлік шырында) Демек, 1 бөлік шырында бх / 100 құрғаө қалдық бар. Теңдеу құрамыыз: Шырын – құрғақ қалдық = ылғал, немесе
Х – бх / 100 = а
Х = а / б = 100 а / 100 - с; 1 – б / 100
Егер ұсақталынған масса шырышты немесе шырын мөлшері өте аз болып оны тікелей сығу мүмкін бомаса, онда сынақтағы өсімдік мөлшеріне оның массасына тең су қосып, тыңғылықты және екпінді түрде араластырып 24 сағатқа қалдырады, сүзеді. Сүзілген шырында 100°С кептіріп құрғақ қалдығын анықтайды. Егер анықталған құрғақ қалдық мөлшерін «с» деп белгілесе, онда өсімдіктегі шырын мөлшері «х» келесі формула бойынша есептелінеді: Х = 100 (а + с)/ 100 с Жүргізіліп жатқан сынақ кезінде шырын мөлшері өзгермес үшін, сынақтағы массаның салмағының жартысына тең мөлшерде 90° этил спиртін қосады, тыңғылықты араластырады және жарамды ыдысқа көшіреді. Шырынның анықталған нәтижесіне байланысты эссенцияны §§ 2 және 3 бойынша дайындап, этил спиртінің жетпеген мөлшерімен толықтырады, барлығы тағы араластырылады. § 4 ЭТИЛ СПИРТІНІҢ 10 САЛМАҚТЫҚ БӨЛІГІ ЖӘНЕ КЕПТІРІЛГЕН ӨСІМДКТІҢ 1 САЛМАҚТЫҚ БӨЛІГІ НЕМЕСЕ ТІРІ ТІНДЕРДЕН ТҮРЫНДЫ ДАЙЫНДАУ Дәрілік зат мөлшері – 1/10. § 4 бойынша спиртті тұрындылар (тинктура) кептірілген өсімдіктерден және жануарлардың жас ұлпаларынан дайындалады. Спиртті тұрындыларды § 4 бойынша 2 рет мацерация, содан кейін перколяция әдісін қолдану арқылы дайындайы. Осы мақсатта кептірілген өсімдіктерді ірілеу ұнтақтайды. Осы ұнтақтың 1 бөлшегін және этил спиртінің 10 салмақтық (спирт концентрациясы фармакопея нұсқауы бойынша) бөлшегін алады. Алдымен ұнтақтың ыдыстағы 1 бөлігі дайындалған этил спиртінің жартысымен араластырылады және жақсы жабылған ыдыста 2 күнге қалдырылады. Дәрілік шикізатқа спирт толық сіңу үшін, сұйықты жиі шайқап тұру керек. Екі күн өткеннен кейін масса перколяторға көшіріледі және этил спиртінің керекті мөлшерімен малшындырылады. Перколирлеу жылдамдығы 1 минутта 20 тамшы; перколятордағы 1 дәрілік зат бөлшегіне 10 бөлшек спирт мөлшері сәйкес болуын қамтамасыз ету үшін спирт үнемі үстеме қосылып отырады. Егер преколяция әдісін қолдану мүмкін болмаса, онда § 4 бойынша спиртті тұрынды дайындау мацерация әдісімен жүргізіледі. Яғни, ұсақталынған өсімдіктің 1 бөлігі этил спиртінің 10 бөлшегімен малшындырылады, 16°С температурада 8 тәулікке, күнделікті шайқап қалдырады. Содан кейін сұйық бөлігі құйылып алынады, масса пресспен сығылады, сұйықтар қосылып араластырылады, 8 күнге қалдырылады, сүзіледі. § 4 бойынша жануарлар жас ұлпасынан спиртті тинктуралар дайындау үшін, материал фарфор келісінде мұқият жаншылады. Жануар ұлпасының шыны ыдыстағы 1 салмақтық бөлігіне этил спиртінің керекті концентрациялы 10 бөлігін құйып, 14 күн бойына жиі шайқап қалдырады. Содан кейін тұрынды құйылып алынады, қалдық сығындалады, алынған сұйықтар қосылып 8 күн бойы тұндырылады. 8 күннен кейін тұндырылған сұйық сүзіледі. § 4 бойынша дайындалған тинктурадағы дәрілік зат мөлшері – 1: 10, яғни бірінші ондық сұйылтуға сәйкес келеді.
|