Студопедия — Эссенцияларды, тинктураларды, сұйылтуларды капиллярлы талдау және капиллярлы-люминисцентті талдау
Студопедия Главная Случайная страница Обратная связь

Разделы: Автомобили Астрономия Биология География Дом и сад Другие языки Другое Информатика История Культура Литература Логика Математика Медицина Металлургия Механика Образование Охрана труда Педагогика Политика Право Психология Религия Риторика Социология Спорт Строительство Технология Туризм Физика Философия Финансы Химия Черчение Экология Экономика Электроника

Эссенцияларды, тинктураларды, сұйылтуларды капиллярлы талдау және капиллярлы-люминисцентті талдау






 

Эссенцияларды, тинктураларды, сұйылтуларды капиллярлы талдау «План» әдісі бойынша жүргізеді. Бір сортты сүзгіш қағаздың текстурасына перпендикулярлы ені 2 см ұзындығы 25 см тілім-тілім қиып алады, биіктігі шамамен 5 см, диаметрі 3 см шыны цилиндрге қағаз тілімнің бір шеті ыдыс түбіне тиетіндей етіп іледі. Егер талдау әдісінде ерекше нұсқаулар болмаса ыдысқа 5 мл сынаққа алынған сұйықты құяды. Ыдысты орташа жылы бөлмеге қояды, 24 сағаттан кейін немесе ыдыстағы сұйық қағазға толық сіңгеннен кейін қағазды шығарып кептіреді, содан кейін оны кварц шамынан таралған ультракүлгін немесе күн сәулесі әсерінен пайда болған құбылыстарды бақылайды. Сынауға алынған сұйылтулар дәрежесі жоғары болғанда капиллярлық қағаз тілім ені 2,5 мм аспауы керек.

Ұнтақталған таблеткалар және ысқыланған ұнтақтармен жұмыс істегенде, олардың 5 г массасын этил спиртінің екі еселенген массалық мөлшерімен араластырып, алынған ерітіндіні сұйылтулармен жүргізілген капиллярлы талдау әдісімен сынайды.

Түйіршіктер препараттарын, жоғарыда келтірілген әдіс бойынша талдау әрбір препаратқа, тек арнаулы нұсқау бойынша орындалады.

Капиллярлы құбылыс көрінісін сипаттау үшін оны 2 бөлікке бөліп пайдаланады.

1. Жоғарғы - сулы аумақтан және аумағы дөңес немесе эллиптикалы ойық аумақтан тұратын бөлігі.

2. Төменгі – көпшілігі бірнеше түсті аумақтардан және табанынан (ең төменгі бөлігі) тұратын бөлігі.

Капиллярлы талдау арқылы жүргізілген әдіс бойынша алынған сұйықтың люминисценциясын бақылау үшін келесі бөлшектеу тиімдірек:

1. Жоғарғы бөлігі - ең жоғарғы тар аумағы содан кейін одан төменгі жоғары бөлігі және бірқатар препараттар люминисценциясы анық көрінетін төменгі бөлігі.

2. Төменгі бөлігі – дөңес аумақты немесе шатыр бейнелі, бірнеше аумақтан және аумақ табанынан тұратын тілімі. Тілім төменгі бөлікті толық немесе тек дөңес бетін қамтуы мүмкін.

Белгілі заттарға меншікті люминисценция толық шығуы үшін, капиллярлы талдау нәтижесін аналитикалық шам сәулелерімен бақылау, қағаз кептірілген соң жүргізіледі. Капиллярлы суреттемені ультракүлгін сәулемен бақылағанда қателер жіберілмес үшін, келесі жағдайларға көңіл аудару қажет: бақылауды күн сәулесі болсын, ультракүлгін сәуле көзі (шам) болсын, тек бір түсті фонда жүргізу, қалаулы түс - ақ, мүмкіншілігінше люминисцентті болуы. Бұлардан басқа, сүзгіш қағаздардан да негізінен ақшыл-көгілдір немесе көк-күлгін түсті люминисценция шығады, сонымен қатар кейбір заттар – сүт және құрақ қанты көгілдір түсті люминисценция береді. Аталған қанттардың шарап-спиртті құрамдарға кіруіне байланысты кейбір талдауларға кедергісі бар және этил спиртінің де әлсіз көгілдір түсті люминисценциясы бар. Ары қарай, дистилденген сумен салыстырмалы бақылау мақсатында орындалған тәжірибедегі капиллярлы бейнеде әрқашан тілімнің ең жоғарғы бөлігінде қоңырқай түсті енсіз-тар аумақ көрінуі керек. Бұл аумақ ультракүлгін әсерінен ашық көк түске жарқырайды. Зерттеуді жоғары дәлдікпен жүргізу мақсатында препаратты тиесілі реактивтермен өңдеу нәтижесінде түсті аумақтардың күндізгі жарық әсерінен белгілі сипатта өзгерулерін көруге болады, әсіресе бұл бейне ультракүлгін әсерінен айқындала түседі. Тілім бетіне реактив ерітіндісін шыны немесе көз таяқша көмегімен барлық бетіне мол жағылу керек және тілімді өте жоғары емес температурада кептіреді. Күдікті жағдайда, салыстырмалы бақылау ретінде, тәжірибе сол қағаздағы капиллярлы құбылыс бейнесінен жоғары бөлігінде қайта орындалуы керек.

Егер реактивтер қолдану идентификация дәлелдігіне жеткіліксіз болса, онда төменде келтірілген әдісті қолдануға болады (2-ші капилляризациялау).

Зерттеуші сүзгіш қағазды капиллярлы пробирка ішіне орналастырады, содан кейін пробиркаға капилляр құбылыс суреттемесінің жоғарғы шегіне дейін жететін тиесілі еріткіш құяды, көбіне бұл еріткіш хлороформ.

Хлороформды пайдалану, түсті бейненің жоғарғы бөлігі, еріткішке және онда (еріткіште) еріген заттар миграциясына кедергі болдырмайды. Еріткіш сүзгіш қағаздағы түсті аумақтағы барлық заттарды ерітіп, олармен бірге қағаз бойымен көтеріледі, еріткіш ұшып кеткен соң, еріген заттар жаңа аумақта, пробирканың жоғарғы шегінде тұрақтайды.

Егер осы “жаңа аумақ” көрінісі әлсіз болса, тәжрибені еріткіштің қосымша көлемімен қайталауға болады, бұл әдіс капиллярлы құбылыс суреттеме көрінісін айқындата түседі. Егер бұл аймақта да көрініс өте айқын болмаса, онда еріткішті тағы пайдаланып аумақты айқындата түсуге болады.

Жаңадан алынған, көпкөрім кең аумақ күндізгі жарық және ультракүлгін жарықпен көбінесе тиесілі түс береді. Егер сұйық препараттарда, капилляр көрінісі сияқты ары қарай зерттеу керек болса, онда әртүрлі әдістермен жалғастыруға болады. Ерітінділерді люминесценцияға тікелей тексеруге де болады: ол үшін 1-2 мл ерітіндіні диаметрі 1,5см пробиркаға құйып ультракүлгін жарықта бақылайды. Ерітінді құрамындағы заттар әсерінен туындайтын кедергілерді болдырмау үшін бірнеше тамшы хлорлы сутек қышқылын қосады.

 

Б. Ысқыланған ұнтақтарды зерттеудің жалпылама (ортақ) әдістері.

 

1.Ысқыланған ұнтақтардың қасиеттерінің талапқа сәйкестігін лупа арқылы немесе тікелей сәуле өтінде микроскоп арқылы анықтаған өте тиімді. Дәрілік зат сүт қантында біркелкі таралған болу керек. Түсті, қатты иісті және өткір дәмді бастапқы заттар төменгі сұйылтуларында, олардың сәйкес түсін және өзіндік иісін немесе дәмін сезуге болады.

2. Ысқыланған заттар, өте қаныққан ерітіндіде қайта кристаллдану құбылысын туғызатын болса, онда осы әдіспен дәрінің жазба сұранысына сәйкес дайындалғанын тексеруге болады. Қайта кристаллдану құбылысы жоғары сұйылтуларда да орын алады, мысалы, 5 тен 9-дың ондық ысқылауларда.

Өте қаныққан ерітінділерді дайындау және сынақтар жүргізу төмендегідей:

Өлшенген зат сынамасын ішінде, заттың белгілі түріне есептелініп алынған, су мөлшері бар өлшеу колбасына салады; колбаны кішілеу кристаллизатормен жабады. Затты еріту үшін жабық колбаны қайнап тұрған суға қояды, немесе ашық отта қыздырады.

Колбадағы заттар толық ерігеннен кейін оны 10-15 минут жылы жерде ұстап, одан кейін ауада біртіндеп салқындатады.

а) Егер зат қаныққан ерітінділерде изоморфты кристаллдармен жанасқанда толық кристаллданса, тәжірибе төмендегіше жүргізіледі: кішілеу пипеткамен, абайлап, бірнеше тамшы аса қаныққан ерітіндіні шыны пластинкаға бір тамшыдан тамызады, содан кейін алдын-ала күйдірілген және толық салқындатылған платина шпателімен азғана зерттеуге арналған ысқыланған ұнтақ сынамасын алады (түиіреуіш басы көлеміндей), және оны аса қаныққан ерітіндінің шыныдағы тамшысына қосады. Егер сынамада ең болмағанда бір изоморфты кристалл болса, онда салыстырмалы тез арада, тамшы түгел кристаллданады, нәтижесінде дөрекі кристаллдар беті құрылады және бір мезетте олардың мөлдірлігі жоғалады.

Бұл классқа кіретін заттарға нарий ацетаты және сегнет тұзы жатады.

б) Заттар аса қаныққан ерітіндіде изоморфты кристаллдармен жанасқанда ерітінді кристаллдар түзбей, тек изоморфты кристаллдар іріленсе, онда: шеті мен ішкі жоғарғы бетін пипетка көмегімен абайлап бірнеше миллилитр аса қаныққан ерітіндіні алып резинка тығынмен жабылатын кішкене пробиркаға құяды. Алдын-ала күйдірілген және толық салқындатылған платина қалақшамен ерітіндідегі зерттелуші ысқыланған ұнтақты қосып, пробирканы рәзеңке тығынмен жауып абайлап төңкереді және осы қалыпта бірнеше сағатқа қалдырады. Егер сынамада микроскопиялы ұсақ изоморфты кристаллдар болса, онда бірнеше сағаттардан кейін төменгі қабырғада біраз іріленген кристаллдар немесе әр өлшемді друздер пайда болғанын байқауға болады. Осы классқа жататын заттарға бура және мыс сульфаты жатады.

3. Металлды және көмір ысқыланған ұнтақтары бөлшектерінің өлшемін анықтау үшін олардың микроскопиялы препараттарын келесі түрде дайындайды.

Түссіз, ысқыланған және газдар қоспасынан арылған микроскопияға арналған зат шынысына 0,02 - 0,03 г ұнтақты салады, 1 – 2 тамшы су қосады, және қыздырып сүт қантын ерітеді. Содан кейін, шыныны аздап қыздыра отырып, олифаға ұқсас, тұтқыр қалдық қалғанша буландырады.

Қалдықты жұқа қабатты шынымен жабады және препаратты объективы 200 рет үлкейтілген микроскоппен қарайды, бұлыңғыр, мөлдір емес металл бөлшектері өлшемдерін микрометр көмегімен белгілі әдістер бойынша өлшеп алады.

Ысқыланған ұнтақтарда микрозерттеуге дайындау келесі: 0,02 – 0,03 затты шыныда ұқыпты бір тамшы канада бальзамымен ысқылайды, содан кейін препараттан әлсіз және абайлап ауа көпіршіктерін шығарады. Осыдан кейін препаратты жұқа шынымен жауып, жоғарыда көрсетілгендей, микроскоппен зерттейді.

 

 

 







Дата добавления: 2015-06-12; просмотров: 737. Нарушение авторских прав; Мы поможем в написании вашей работы!



Вычисление основной дактилоскопической формулы Вычислением основной дактоформулы обычно занимается следователь. Для этого все десять пальцев разбиваются на пять пар...

Расчетные и графические задания Равновесный объем - это объем, определяемый равенством спроса и предложения...

Кардиналистский и ординалистский подходы Кардиналистский (количественный подход) к анализу полезности основан на представлении о возможности измерения различных благ в условных единицах полезности...

Обзор компонентов Multisim Компоненты – это основа любой схемы, это все элементы, из которых она состоит. Multisim оперирует с двумя категориями...

Подкожное введение сывороток по методу Безредки. С целью предупреждения развития анафилактического шока и других аллергических реак­ций при введении иммунных сывороток используют метод Безредки для определения реакции больного на введение сыворотки...

Принципы и методы управления в таможенных органах Под принципами управления понимаются идеи, правила, основные положения и нормы поведения, которыми руководствуются общие, частные и организационно-технологические принципы...

ПРОФЕССИОНАЛЬНОЕ САМОВОСПИТАНИЕ И САМООБРАЗОВАНИЕ ПЕДАГОГА Воспитывать сегодня подрастающее поколение на со­временном уровне требований общества нельзя без по­стоянного обновления и обогащения своего профессио­нального педагогического потенциала...

Психолого-педагогическая характеристика студенческой группы   Характеристика группы составляется по 407 группе очного отделения зооинженерного факультета, бакалавриата по направлению «Биология» РГАУ-МСХА имени К...

Общая и профессиональная культура педагога: сущность, специфика, взаимосвязь Педагогическая культура- часть общечеловеческих культуры, в которой запечатлил духовные и материальные ценности образования и воспитания, осуществляя образовательно-воспитательный процесс...

Устройство рабочих органов мясорубки Независимо от марки мясорубки и её технических характеристик, все они имеют принципиально одинаковые устройства...

Studopedia.info - Студопедия - 2014-2024 год . (0.011 сек.) русская версия | украинская версия