ЖАҚПА МАЙЛАР, МАЙЛЫ ЕРІТІНДІЛЕР, ОПОДЕЛЬДОКТАР ЖӘНЕ СЫРТ ДЕНЕГЕ ҚОЛДАНЫЛАТЫН СПИРТТЕР ДАЙЫНДАУ
Жақпа майлар мен майлы ерітінділер Мемлекеттік Фармакопеяның 9 басылымы талаптарына сәйкес жүргізіледі. Гомеопатиялық жақпа майлар негіздері ретінде вазелин және ланолин қолданылады. Гомеопатиялық сұйық майлар ретінде пайдаланатындар: вазелин, өрік, алхоры, зәйтүн, күнбағыс майлары. Жақпа майлар мен сұйық майлар ерітіндісі, егер дәрілік заттар күшті әсер етуші болмаса, концентрациясы негізінен 1: 9 (10 %) есебінен, ал күшті әсерлі заттардан 5 % дайындалады. Бұл ереже келесі дәрілерге таралмайды: 3 % Анис жақпа және сұйық майы 2 % Ацидум бензоикум жақпа майы 3 % Ацидум салициликум жақпа майы 2 % Ацидум карболикум жақпа майы 10 % Ацидум нитрикум жақпа майы (бірінші ондық сұйылтудан дайындалады) 10 % Ацидум Арсеникозум жақпа майы (үшінші ондық сұйылтудан дайындалады) 5 % Акониттің жақпа және сұйық майы 3 % Кантаристің жақпа және сұйық майы 3 % Кротонның жақпа майы 1 % Циннабаристің жақпа майы 10 % Цимицифуги жақпа және сұйық майы ½ % Хлоретон жақпа және сұйық майы 1 % Графит жақпа майы 1 % Гепар Сульфур жақпа майы 5 % Спонтин жақпа және сұйық майы 10 % Сульфур сублиматум жақпа майы 10 % Брионий жақпа және сұйық майы 10 % Фитолакка жақпа майы 10 % Меркуриус коррозивум жақпа майы (3х-тан) 1 % Меркуриус бииодатус жақпа майы
Жақпа майлар қарапайым және күрделі құрамда да дайындалады. Кейбіреулерінің өзіндік аттары бар, мысалы: Плазмин жақпа майы: Календула Ө - 20,0 Фитолакка Ө - 60,0 Брионий Ө - 2,0 Ац. Борикум пульвер. - 182,,0 Ланолин сулы – 400,0 Вазелин – 1400,0 Кориза жақпа майы Ац. Карболикум – 7,5 Натрум Хлоратум – 15,0 Адреналин (1: 1000) – 30,0 Олеум Ментоли – 15,0 Олеум Эвкалипти – 15,0 Вазелин – 1500,0 Альбуминин жақпа майы Гидраргириум Бихлорати – 1,5 Калиум нитрикум – 1,5 Боракс – 1,5 Белок (тауық жұмыртқасы) – 25,0 Ланолини – 150,0 Вазелини – 150,0 Линин жақпа майы Ац. Борикум пульв. – 100,0 Тальк – 200,0 Цинкум оксидат. – 200.0 Вазелин 1500,0 Ментол – 15,0 Тұмау жақпа майы Ментол – 10,0 Олеум Эвкалипти – 10,0 Вазелин 1000,0
Спирттер Сырт ұлпаға қолданылатын спирттер әртүрлі % тұрындыларды 70° спиртпен араластыру арқылы дайындалады, мысалы: Анис спирті – 3 % Арника спирті –10 % Аконит спирті – 5 % Спонгия спирті –10 % Кантарис спирті – 5 %
Лори спирті Рус Ө - 10,0 Брионий Ө - 20,0 Белладонна Ө - 30 Капсикум Ө - 20,0 Ледум Ө - 30,0
С Ұ Й Ы Қ О П Е Д О Л Ь Д Е К Т О Р
Сұйық опедольдок - спиртті линименттің дәрілік қалыпты түрі. Опедольдок дайындау үшін сабында спирттің 2 бөлігі, судың 1 бөлігі және 96° этил спиртінің 1 бөлігі араластырылады. Осылай дайындалған Опедольдок әртүрлі тинктуралармен 3 %, 5 % және 10 % қатынасында араластырылады. Опедольдок концентрациялары жақпа майлар мен майлар концентрацияларына тура келеді. Дайындалған дәрілік қалыптың сигнатурасында «Опедольдок» деген белгі және қандай дәрілік затпен араласқаны көрсетіледі. Мысалы, Опедольдок Брионин және тағы солай.
|