Студопедия Главная Случайная страница Обратная связь

Разделы: Автомобили Астрономия Биология География Дом и сад Другие языки Другое Информатика История Культура Литература Логика Математика Медицина Металлургия Механика Образование Охрана труда Педагогика Политика Право Психология Религия Риторика Социология Спорт Строительство Технология Туризм Физика Философия Финансы Химия Черчение Экология Экономика Электроника

Тақырып 14. Басқару шешімдерін қабылдау




 

1.Шешімдер қабылдау үрдісіндегі есептік ақпарат

2.Арнайы зерттеулер: шешімдер қабылдау үшін релевантты шығындарды анықтау

3.Бағаға байланысты шешімдер қабылдау

4.Арнайы тапсырыстың бағасын қалыптастыру

1. "Шығын -өнім шығымы - пайда" талдауы - бұл негізінде шығынның, түсімнің (табыстың), өндіріс көлемінің және пайданың; баскарушылық жоспарлаудың аспабы мен бақылаудың өзара байланысы жататын шығын мінез-кұлқының талдауы болып табылады. Аттары аталған өзара байланыстар қаржылық қызметтің негізгі моделін қалыптастырады. Бұл менеджерге. қысқа мерзімді жоспарлау мен баламалы шешімдерді бағалау үшін,осы модель бойынша талдаудың нәтижесін пайдалануға мүмкіндік береді.

Залалсыздықты талдаудағы мақсат - ұйымның өндірістік қызмет деңгейі (іскерлік белсенділігі) -өзгергенде қаржылық нәтижесінің қандай күйде болатынын белгілеу.

Залалсыздыкты талдау шығындары тұрақты және өзгермелі деп бөлуге негізделгендіктен, бөлудегі нақтылыкқа, яғни бөлудің неғұрлым нақтылығына қарай қабылданған шешім соғұрлым орнықты болады. Мұндай бөлу өзіне тұрақты ретінде де, өзгермелі ретінде кұраушыларды қосатын аралас (жартылай өзгермелі) деп аталатын шығындардың болуын белгілі бір деңгейде қиындатады.

Өндірістің залалсыздығын талдау аз уақыт ішіндегі сату көлемі, шығындар мен пайданың арасындағы өзара байланысты анықтап береді.

Талдау нәтижесі бойынша ұсыыыс берілетін кезеңде өндіріс қуаттылығы шектеулі.

Бұл арада басшылыққа өндіріс көлемінің шиеленіскен ("елі") сәтін, яғни сын көтермейтін осал тұсын анықтауға мүмкіндік тудыратын өнім шығарылымының талдауына баса назар аудартады. Барлық өнімді өткізуден түскен түсімге кәсіпорын шығыны тең болатын өткізу көлемінің мұндай сәті, яғни шйеленіскен сәт деп аталады. Бұл жүйеде пайда да, зиян да болмайды.

Теңестіру әдісін кұрылымдық жылжытудың ыкпалын талдауда колдануға болады. Өткізу - өткізуден түскен түсімнің жалпы сомасындагы өнімнің қатысты үлесін іріктеу ретінде қарастырылады. Егер кұрылым өзгеретін болса, онда түсімнің көлемі міндеттелген шамаға жетеді, ал пайда аз болуы мүмкін. Пайдаға ықпал ету ассортименттің қалай өзгергеніне байланысты - өнімнің аз пайдалылығы немесе жоғары пайдалылығы жағына қарай болады.

Маржиналдық табыс әдісі математикалық әдіске балама болып табылады. Маржиналдық табыстың құрамына пайда мен тұракты шығын кіреді. Кәсіпорын өз өнімін - маржиналдық табысты түрақты шығын сомасына теңестіріп, өткізуі керек. Осы арада тепе-тендік нүктесіне қол жеткізіледі.

Маржиналдық табыс бұл өнім өткізуден түскен түсім мен өзгермелі шығын арасындағы айырмашылық (егер есеп өткізілген өнімнің барлық көлемінде жүргізілетін болса) немесе өнім бірлігінің сату бағасы мен өнім бірлігіне келетін өзгермелі шығынның арасындағы айырмашылық.

Егер маржиналдық табыстан тұрақты шығынды шегеріп тастасақ, онда пайданың шамасын аламыз.

Пайда= Маржиналдық табыс-Тұрақты шьғын.

Маржиналдық тәсілдемені ішкі фирмалык жоспарлау мен шешім кабылдаудың аспабы ретінде карастыруға болады. Ол "шыгын - көлем - пайда" талдауын жүргізу үшін керек. Шығын, шаруашылық қызметтің көлемі және пайданың арасындағы өзара байланысты қарастыруды пайдалылыктың табалдырығы деген анықтаумен жиі аталады (өндіріс көлемінің қиын шегі) немесе залалсыздык нүктесі.

Өнім маржиналдығы - бұл түсімге (бағаға) проценттік қатынаста көрінетін, өнім бірлігіне келетін маржиналдықтабыс.

Алдағы кезендерге шешім кабылдау үшін маржиналдық табыс пен өткізуден түскен түсімнің (яғни, түсім процентінде маржиналдык табысты анықтау) арақатынасындағы есеп пайдалы деп саналады. Бұл үшін мынадай есеп жазылады:

 

Маржиналдық табыс (теңгемен) *100%

Өткізуден түскен түсім (теңгемен)

 

Маржиналдық табыс бағаны қарастырумен, шығарылған өнімнің ассортиментінің өзгеруімен, өнім өткізуді ынталандыруда сыйақының мөлшерін белгілеумен, жарнамалык компанияны өткізумен және басқа да маркетингтік операциялармен байланысты басқарушылық шешімнің негізіне жатады.

Маржиналдык талдау маржиналдық табысты енгізуге және шығындарды тұрақтыға, өзгермеліге топтастыруға негізделген.

Мынаны есте ұстау керек "тұрақты" және "өзгермелі'" ұғымдары өнім бірлігінің шығындарына емес, жиынтык шығынға қатысты. Өнім бірлігіне қолдануда кері сурет байқалады; өндіріс көлемі өзгергенде тұракты шығын өзгеріп, өзгермелі шығын өзгеріссіз калады.

Мұндай топтастыруда кірістер мен шығыстар туралы есеп берудің құрылымы мыналарды ұсынады:

1. Сату көлемі.

2. Өзгермелі шығын.

3. Маржиналдықтабыс (1 т. - 2 т.).

4. Тұрақты шығын.

5. Операциялық пайда (сатудан түскен пайда) (3 т. - 4 т.).

Сонымен, Маржиналдық табыс = Сату көлемі - Өзгермелі шығын;

Операциялық пайда = Маржиналдық табыс - Тұрақты шығын.

Осылайша, есеп беруде екі қаржылық көрсеткіш болады: маржиналдық табыс және пайда.

Кіріс туралы есеп беруде маржиналдык табыс сияқтьі каржы көрсеткішін бөліп көрсету шығарылған өнім пайдалы немесе паидасыз екенін анықтап береді. Өйткені, тұрақты шығын жеке жолмен көрсетілген, оның операциялық пайданы (сатудан түскен пайда) қалыптастыруға ықпалы анық көрінеді.

Маржиналдық тәсілдемені пайдалану барысында сарапшылар мына сандармен жұмыс істейді:

• сату көлемі - 20 млн ақша бірлігімен;

• өзгермелі шығын - 12 млн ақша бірлігімен;

• маржиналдықтабыс- 8 млн акшабірлігімен;

• тұракты шығын- 13 млн ақшабірлігімен;

• операциялык пайда - (-5) млн ақша бірлігімен.

Келтірілген сандар кәсіпорынның өнімді өндіру мен өткізуден 8 млн ақша бірлігінің сомасында табыс түсіргенін, яғни өнімнің пайдалылығын көрсетеді. Алайда, тұрақты шығын, яғни кәсіпорынды функциялаумен байланысты шығын шектен тыс көп және бұл зиян шектіреді. Әлбетте, залалды болдырмау үшін не маржиналдық табысты көтеру керек, не тұракты шығынды кеміту қажет немесе бір мезгілде осы екі міндетті қатарынан шешіп көруге тырысу керек. Мысалы, маржиналдық табысты бағаны көтеру, өзгермелі шығынды кеміту, сатудың физикалық көлемін арттыру және т.б. есебінен көбейтуге болады. Осылайша, келесі шешімдерді қабылдау мен талдаудың мүмкіндіктері принципті түрде өседі.

Графикалық әдіс залалсыздық моделінің графикасын құрау негізінде өндіріс көлемінен болатын пайда мен шығынның, өткізуден түсетін жиынтық табыстың теориялық байланысын анықтап береді.

Залалсыздық нүктесін (тепе-теңдік нүктесін) анықтау залалсыздықты талдаудың орталық сәті (теңдей етіп талдау) болып табылады. Әлбетте, осы көлемді көтеру барлық өсу ауқымында пайданың болуын қамтамасыз етеді, ал оны кеміту залалға соқтырады.

Өндіріс көлеміндегі шығынның мінез-құлқы мен пайданың экономикалық моделі кәсіпорыннын, каншалықты және қандай жағдайда өсу үстіндегі шығарылған өнімдерді өткізе алатынын білдіреді. Оның негізінде өндіріс көлемінің артуына, яғни өндіріс көлеміне бағаны кемітудің жағымды немесе жағымсыз әсерін анықтауға болады. Залалсыздық нүктесінің есебі мен оның талдауы тұрақты, өзгермелі шығындарды және өнімнің, жұмыстың, қызметтің өткізу көлемін басқарудың негізгі аспабы болып табылады. Мұндай тәсілдеме кәсіпорын қандай сату көлемінде залалға ұрынбайды, яғни кәсіпорын ақшасынан айырылатын сату көлемін анықтауға мүмкіндік береді.

Залалсыздык нүктесі - бұл кәсіпорын шығынның орнын (ай, тоқсан, жыл) толтыратын жеке уақыт аралығындағы міндеттелген бағамен сатудың физикалык көлем деңгейі; яғни залалсыздық нүктесі - өзін-өзі өтеушілік (самоокупаемость) элементі.

Кәсіпорынның табысы залалсыздық нүктесінің шегінде сатудан пайда болады. Бұл - өзін-өзі қаржыландыру элементі.

Залалсыздық нүктесінің есебі банкрот профилактикасы қажет. Ол кәсіпорынның құрылымында немесе оның қаржы жүйесінде өзгеріс болса қайта есептелуі мүмкін.

2. Басқару есебінің негізгі міндеттерінің біріне дұрыс басқару шешімдерін қабылдау үшін кэсіпорын басқарушылары мен жоғары басшылығына аса қажетті ақпараттарды жинау және қорытындылау жатады.

Басқару шешімдерін қабылдау баламалы нұсқалардың ішінен ең оңтайлысын іріктеп, оларды салыстырып бағалауды білдіреді.

Менеджерлер өткізу бағасы, өзгермелі және тұрақты шығындар, ресурстарды сатып алу және пайдалану туралы шешімдерді ұдайы қабылдауларына тура келеді. Егер оларда анық ақпарат болмаса, онда олардың қызметі залал келтіруі, тіпті күйретуші салдарға ұрындыруы мүмкін. Әдетте бұл шешімдер қысқа мерзімді сипатта болады: қанша бірлік өндіру; канша жұмысшыны жалдау; жарнамаға қанша шығын жұмсау? Алайда жаңа зауыт немесе қүрал-сайман сатып алу сияқты ұзақ мерзімді шешімге де шығындар, өндіріс көлемі мен табыс қатынасы туралы талданған ақпарат керек.

Ұзақ мерзімді және қысқа мерзімді шешімдердін арасындағы елеулі айырмашылық - оның біріншісін өзгерту оңай шаруа емес, ал екіншісі жиі өзгертіледі. Қысқа мерзімді шешімді орындау әрекеті жиі қайталанады, ал олардың кейбіреуі кешірек жузеге асырылуы мүмкін. Мәселен, өткізу бағасын немесе өндірілген тауардың номенклатурасын жылдам өзгертуге болады, ал капитал салудың (күрделі қаржы жұмсалымы) бағытын өзгерту туралы шешімге келсек, оны қысқа мерзімнің ішінде өзгерту оңай болмайды (осының негізінде барлық одан арғы қорытындылар мен түйіндер қысқа мерзімді уақытқа қатысты).

Өнім шығару туралы қысқа мерзімді оңтайлы шешім қабылдау үшін мынаны білу қажет: өткізу бағасын түсіру мен көп сату табысқа қалай ықпал етеді, кәсіпорынды ұлғайтып отырумен және т.б. байланысты қосымша тұрақты шығындардың орнын толтыру үшін сатудың қандай көлемі керек. Осы және басқа сауалдарға сатудан, шығындардан және таза табыстан болатын жиынтық табыстың өзгерісі мен өндіріс көлемінің өзгерісі арасындағы байланыстьі қарастыруды қажет ететін өндірістің залалсыздық нүктесі туралы деректерді талдау арқылы жауап беруге болады. Бұл байланыстардың үлгісін (моделін) құрастыру үшін залалсыздық талдауы фирма қактығысатын нақты жағдайды оңайлатады, өйткені қандай да бір шешімді кабылдау барысында оны бір мезгілде мүмкін еместей көрінеді. Залалсыздықты талдаудағы максат - белгілі бір өндіру деңгейі немесе өндіріс көлемі өзгеретін болса, оның қаржылык нәтижесі кандай болатынын анықтау. Бұл акпарат кәсіпорын басшылығы мен менеджерлері үшін аса маңызды, өйткені бұл ақпараттың негізінде шығарылымның қатерлі деңгейін тіркеп отыруға болады. Мысалы, табыс ең көп шамада болатын деңгей немесе табыс та, залал да болмайтын деңгей.

Залалсыздықты талдау сатудан, шығыннан болатын табыс пен аз уакыттың ішіндегі, яғни өндіріс ресурстарының тұрақты қорына қатысты өндіріс қуаты белгілі бір деңгейде шектелген фирмалардың өнім шығаратын уақыт аралығындағы табыс арасындағы байланысқа негізделген. Мұндай талдау мыналарды аныктау қажет болғанда жүзеге асырылады:

• өткізу бағасын түсірудің табысқа тигізетін ықпалы қандай;

• бұйымды өткізу көлемін ұлғайтудың табысқа тигізетін ықпалы қандай;

• өндірісті ұлғайту туралы топшылауға байланысты қосымша тұрақты шығындардың орнын толтыру үшін сату көлемі қандай болуы керек.

Залалсыздықты талдау кәсіпорын өз шығынының орнын толтыруға қол жеткізетін және оның табысы нөлге тең болатын нүктені анықтайды. Бұл ақпарат кәсіпорынның бәсекелестікке баға белгілеудегі өзінің мүмкіндігін бағалауға, өз қызметінің қауіпсіз шегін белгілеуге, яғни бәсекелестік жағдай мен өндіріс жағдайы өзгеру барысында кәсіпорын өз шығындарын басқара алатын жағдайда мүмкіндік тудырады.

Мәселені шешу процесі кәсіпорын сол немесе басқа нұсқаны тандауына көмек беретін, кәсіпорынның алдында тұрған мақсаттар мен міндеттерді анықтаудан басталады.

Дұрыс шешім қабылдау үшін ең алдымен барлық баламалы нұсқалар бойынша келешекте кездесетін шығындар туралы ақпараттың болуы аса қажет. Кейде есептеу барысында кәсіпорынның жіберіп алған пайдасы ескеріледі.

Бухгалтерлік басқару есебі бастапқы ақпараттарды өңдеуге және қорытындылауға мүмкіндік беретін әдістер мен тәсілдердің тұтас арсеналына ие.

Басқарушылық есептің ақпаратын пайдалану барысында мыналар шешіледі:

1) оперативті міндеттер:

• өндірістің залалсыздығын талдау;

• өнім шығарылымы мен өткізу көлемін және ассортиментін жоспарлау;

• шектеу факторларын ескеріп, кұрылымды анықтау;

• "сатып алу немесе өзімізде өндіру" міндеттерін шешу;

• баға белгілеу бойынша шешім қабылдау.

2) ұзақ мерзімді стратегиялык маңызы бар келешектік сипаттағы міндеттер:

• капитал салу туралы шешім қабылдау;

• бизнесті қайта құрылымдау туралы шешу;

• жаңа өнім өндіру бойынша шешім қабылдау.

Қолдану үшін таңдап алынған баламалы нұсқа бюджетті жасаудың бастапқы нүктесі болып табылады.

Бухгалтерлік басқару есебінің әдістері мен тәсілдері кәсіпорынның алдында тұрған мәселені шешуде дұрыс ұсыныс береді.

Басқарушылық есептің жүйесінде ақпаратты мүдделі тұлғаларға дүрыс шешім қабылдау ушін кәсіпорын ішінде әзірлеп, үсынады. Әдетте шешім келешектегі оқиғаларға қатысты болғандықтан, деректерді алу (жинау) жүйесінде көп назар аударылатын болжалды шығындар мен болашақтағы табыстар туралы толық ақпарат аса кажет. Егер өткен шақтағы және болжанған шығындар мен табыстар бірдей болатын болса, онда шешім қабылдау үшін пайдалы ақпарат алуға болады.

Шешім қабылдау және жоспарлау барысында қолданысқа таңдап алынған баламалы нұскаларды егжей-тегжейлі талдау үшін шығындар мен табыстардың сипаттамасы толық болуы керек. Сондықтан шығындар мен табыстарды жүйелендірудің (жүйеге келтіретін) мынадай мақсатқа лайықты схемасы беріледі:

• өзгермелі, тұрақты;

• бағалау есебіне қабылданатын және қабылданбайтын алдағы кезең шығындары;

• қайтарылмайтын шығындар және аяқталған кезең шығындары;

• жүктелген шығындар (вмененные затраты);

• инкременттік және маржиналдык шығындар;

• маржиналдық табыс;

• жоспарланған және жоспарланбаған шығындар;

• релеванттық және релеванттық емес шығындар;

• өндіріс көлеміне қатысты шығын динамикасы.

1. Өзгермеліге сомасы өндіріс көлеміне байланысты тікелей өзгеретін шығын жатады, яғни ол кәсіпорынның іскер белсенділік деңгейіне тәуелді. Бұл - шикізат және негізгі материал шығындары, негізгі өндіріс жұмысшыларының еңбекақысы. Өнім бірлігінің шығыны - тұракты шама.

2. Тұрақтыға мөлшері (шамасы) өндіріс көлемінің өзгеруіне, яғни кәсіпорынның іскер белсенділігінің деңгейіне тәуелді болмайтын шығындар жатады. Мұндай шығындарга үй-ғимараттарды күтіп үстау, амортизация, жарнама, басқару қызметкерлерінің еңбекақысы және т.б. шығындарды жатқызуға болады. Өнім бірлігіне есептелген тұрақты шығын өндіріс көлеміне қарай өзгереді өндіріс көлемі ұлғайтылғанда (кемітілгенде) кемиді (артады).

Өзгермелі және тұрақты шығындарға нақты шектеу қою, іс жүзінде мүлдем мүмкін емес, өйткені олардың кейбіреуі жартылай тұрақты немесе жартылай өзгермелі болады. Сондықтан олар шарттьі - тұрақты немесе шартты-өзгермелі деп жиі аталады.

Шығындарды тұрақты және өзгермелі деп бөлу өндіріс көлемінің сыни есебі, пайдалылықты талдау, пайдалылығы, бәсекеге жарамдылығы, шығарылған өнімнің ассортименті негізінде болады.

3. Бағалу есебіне қабылданатын және қабылданбайтын алдағы кезең шығындары.

Белгілі бір шешімді әзірлеуде бұл мәселеге шығындар мен табыстардың қандай қатысы барын, яғни есепке не алынатынын, не алынбайтынын анықтап алу қажет.

Есепке алынған шығындар мен табыстар бұл шешім қабылдауға әсерін тигізген алдағы кезеңнің шығындары мен табыстары, ал есепке алынбағаны - қабылданған шешімге катысы болмайды.

М ы с а л ы. Кәсіпорын 100 мың теңгеге шикізат сатып алды, алайда оны келешекте пайдалану немесе өткізу мүмкін болмады. Тек бір сатып алушыдан ғана 250 мың теңгеден артық жоғарылатқысы келмеген баға бойынша осы шикізаттан өндірілген өнімді сатып алуға дайын сұраныс кеп түсті. Шикізатты кайта өндеу мен дайын өнім шығарудың шығыны алдын ала есеп бойынша 200 мың теңгені құрады. Бұл жағдайда шикізат шығынының сомасы шешім қабылдауда ескерілмейді, өйткені ол тапсырыстың қабылданатынына немесе қабылданбайтынына қарамастан өзгеріссіз калады. Шикізатты қайта өңдеу шығыны назарға алынады, өйткені кәсіпорын кызметінің ақырғы нәтижесі соған байланысты болады.

Осылайша, шығындарды ескеру аркылы кәсіпорын 50 мың теңгеге пайда табады, өйткені, егер тапсырыс қабылданбайтын болса, онда кәсіпорынның шегетін зияны 50 мың теңге емес, 100 мың теңге болады екен.

4. Қайтарылмайтын шығындар немесе аяқталған кезең шығындары. Бұл шығындар қандай да бір шешімдердің пайдасы үшін болатын түйін (таңдау, байлам) осы шығынның сомасына ешқандай әсерін тигізе алмайтын, сатып алынған ресурстардың құнын білдіреді. Ол бұрын қабылданған шешімнің нәтижесінде пайда болады және келешекте пайдаланатын шешімдер оны өзгерте алмайды. Талап етілмей (сол күйінше) қалған 100 мың теңге сомасындағы шикізат шығыны қайтарылмайтын шығынның үлгісі бола алады.

5. Жүктелген шығындар (Вмененные затраты). Бұл шығындар басқасынан бас тартуды талап ететін әлдебір баламалы әрекет (қолданыстық) бағамының (курсының) түйінін (тандау, байлам) құрбан етілуі немесе жоғалуы мүмкін сипатын білдіреді. "Жүктелген шығындар" ұғымы тек ресурстар шектеулі болған жағдайда ғана қолданылады. Ресурстар шектеулі болмайтын жерде бірдемені құрбан етудің қажеті болмайды. Мысалы. Кәсіпорынның әзірленуі 200 сағат өңдеуді талап ететін
арнайы бөлшектердің бірқатар партияларын өндіруге келісім-шарт бекітуге мүмкіндігі бар.

Осы сәтте кұрал-сайман 100 мың теңге табыс түсіретін бөлшектерді өңдеп, толық күшінде жұмыс істеп тұр. Келісімшартты бекітуде бұрын өндірілген бөлшектердің шығарылымын кеміту мен шығынды 300 мың теңгеге арттыруға талап койылды.

Егер кәсіпорын бұл келісімшартқа отыратын болса, онда ол 100 мың теңге табысқа зиян келтіреді. Бұл сома жүктелген шығындар болып табылады және шығынның бір бөлігі ретінде ескеруі керек, ал аз уақыттың ішінде пайда түсіруге қабілетті келісімшарттың жалпы сомасы жоқ дегенде 400 мың теңгені (300+100) кұрауы керек.

6. Инкрементті және маржиналдық шығындар мен табыстар. Инкрементті шығындар мен табыстар қосымша болып табылады және өнім бірліктерінің қандай да бір қосымша топтарына дайындау және сату нәтижесінде пайда болады. Ол көп жағынан маржиналдық шығындар мен табыстарға ұқсас. Олардың арасындағы негізгі айырмашылық соңғысы өнім бірлігінің қосымша шығындары мен табыстарын білдірсе, алдыңғысы өз мәнінде қосымша шығын болып, өнім бірлігінің тұтас тобын өндіру көлемін ұлғайтудың, нәтижесі болып табылады.

7. Маржиналдық табыстар бүл өнімді сатудан түскен түсім мен өзгермелі шығындар бойынша есептелген оның толық емес өзіндік құндары арасындағы айырмашылық. Маржиналдық табыстың құрамына кәсіпорынның табысы мен тұрақты шығыны кіреді. Маржиналдық табыстан тұрақты шығынды шегеріп тастағаннан кейін операциялық пайданың көрсеткіші қалыптасады.

8. Жоспарлы бұл нормативтерге, лимиттерге сәйкес өндірістің белгілі бір көлеміне есептелген шығындар. Ол өнімнің жоспарлы өзіндік құнына қосылады.

9. Жоспарланбаған - өнімнің нақты өзіндік кұнында көрсетілетін шығындар.

10. Релеванттық және релеванттық емес шығындар оңтайлы басқару шешімін іріктеуде назарға алынатын шығындар. Мұндай талдауда тек шамасы осы немесе басқа шешімдерге байланысты шығындар ғана ескеріледі. Мұндай шығындар релеванттық деп аталады, яғни елеулі немесе маңызды деп саналады. Шамасы қабылданған шешімге тәуелді болмайтын шығын релеванттық емес (иррелевантты) және нұсқаларды бағалау барысында ескерілмейді.

Релеванттық, әдетте, өзгермелі шығындар болса, ал иррелевантты - тұрақты. Алайда, өзгермелі шығындар иррелевантты ретінде болатын жағдайлар да болуы мүмкін.

М ы с а л ы. Кәсіпорынның басқа өнім өндіруі үшін пайдалануға немесе сатуға жарамайтын бұрын сатып алған материалдары бар делік. Осыған орай осы өнім өндіріле ме, жоқ, өндірілмей қала ма, бұған карамастан материалға кеткен шығын шамасы өзгермейді. Кәсіпорын өндірістік сипаттағы ұйғарым бойынша да уақытша шамадан тыс (аса көп) жұмысшы күшін ұстай тұруға болады, осыған орай, әрине, олардың белгілі бір еңбекақы деңгейін камтамасыз етеді. Егер бұл жұмысшы күшін қандай да бір өнім өндіруге пайдаланатын болса, олардың белгілі бір деңгейге сәйкес еңбекақы шығыны иррелевантты болып табылады, өйткені ол кез-келген жағдайда жүзеге асырылуы ықтимал. Релеванттыққа тек осы деңгейден тыс еңбекақының қосымша шығыны ғана жатады, өйткені өнім өндіруші жұмысшылардың еңбекақысы олардың жай немесе толық емес жұмысбастылығынан жоғары болуы керек.

Сонымен, тұрақты шығындар релеванттық сипатта, яғни қабылданған шешімге байланысты болуы мүмкін.

М ы с а л ы. Фирма өндірістік аланды және (немесе) өндірістік жабдықты жалға алды делік. Жалдык келісімшарттағы мерзімінің ішінде ол өндірістік-қаржылық қызметтің баға, көлем және басқа объектілер бойынша қандай шешім қабылданатынына қарамастан белгілі бір жалдың төлемін жүзеге асыруы қажет, мұндай жағдайда жалдың ақысы релеванттық емес шығынды білдіреді. Алайда, жал-даудың мерзімі біткенде оның шарттары, егер фирма басшылығы жалдың ақысы жалға алынған аланда (жабдықпен) өндірілген өнімді сату көлемінен тым жоғары деп санайтын болса, жалдау объектілерінің саны, алаңдары, жалдық ақы мөлшерлемелерінің бір бөлігі қайта қарастырылуы мүмкін. Әрі-беріден соң, бұл өнімді өндіруден мүлдем бас тарту мақсатқа лайыкты болуы ықтимал. Осылайша, жалдық ақы түріндегі тұрақты шығын басқарушылық шешімнің нұскасына қарай өзгереді.

Шығындарды релеванттық және релеванттық емес деп бөлудін негізінде мына аспектілер талданады:

• әлдеқайда төменгі баға бойынша қосымша тапсырысты қабылдаудың мақсатқа лайықтылығы;

• "сатып алу әлде өндіру" жағдайы;

• шектеу (лимит) факторлары бар кәсіпорынның өндірістік бағдарламасы;

• өндірістің зиян шектіруші элементін (немесе басқаны) таратудың мақсатқа лайықтылығы.

11. Өндіріс көлеміне қатысты шығын динамикасы. Дұрыс шешім қабылдау үшін өндіріс көлеміне қарай шығындардың қалай өзгеретінін білу аса маңызды.

Егер кәсіпорын тауар, қызмет өндірудің көлемін елеулі көтеретін болса, онда тауарларды көптеп өндіруге қажетті ресурстардың да саны артуы керек, ал өндіріс көлемін ұлғайту шығынның өсуіне әкеледі. Алайда, көптеген жағдайларда проценттік өсуде өндіріс көлемінің тиісті өсуіне қарағанда шығын аз болады. Бұл қалай болатынын түсіну үшін тұрақты және өзгермелі шығындар ұғымына үңілеміз. Өзгермелі шығындарға жалпы сомасы өндіріс көлемінің өзгерісіне тікелей үйлесімді (пропорционал) өзгеретін өндіріс шығындары жатады. Мәселен, егер шығарылым 10%-ке артатын болса, өндірістің өзгермелі шығынының жалпы сомасы да 10%-ке өседі.

Тұрақты шығындар - жалпы сомасы өндіріс көлемі өзгерсе де өзгеріссіз қалатын белгілі бір кезеңдегі шығынның бір бөлігі. Үй-жайларды жалдау ақысы, қызмет көрсетуші қызметкердің еңбекақысы және уақыт өткен сайын өсуі мүмкін, бірақ өндіріс көлемінің өзгерісіне тікелей үйлесімді өзгермейтін басқа да шығындар тұрақты шығынның үлгілері бола алады. Залалсыздықты талдаудың тағы бір мәселесі - дайын өнімдердің өзіндік құндарына қосылатын барлық шығындарды іс жүзінде тұрақтыға немесе өзгермеліге нақты бөлу мүмкін емес. Шығынның бір бөлігі жартылай өзгермелі немесе жартылай тұрақты сипатында болады, ал олардың кейбіреуі белгілі бір жағдайда өздерін тұрақты шығындар басқа кезде - өзгермелі ретінде көрсетіледі.

Ішінара өзгермелі шығындар аралас тұрақты және өзгермелі шығынды білдіреді. Ішінара өзгермелі шығынның жалпы сомасы өзгермелі шығын сияқты өзгереді, яғни өндіріс көлемінің өзгерісіне сәйкес болады, бірақ тікелей үйлесімді болмайды.

Тұрақты бөлігінде - телефонды пайдаланғаны үшін абоненттік төлем кіретін, ал өзгермелі бөлігінде - халықаралық байланыстың (сөйлесудің) акысы алынатын телефонды пайдаланудың төлемақысы ішінара өзгермелі шығынның үлгісі бола алады.

Шығынды тұрақтыға және өзгермеліге шектеу, әдетте, өндіріс көлемінің өзгерісі кезінде жиынтык шығындардың өзгерісімен анықталады.

Былай, өндіріске қатысты пайдаланылған негізгі өндірістік материалдар өзгермелі шығын ретінде қарастырылады, өйткені өндіріс көлемінің ұлғаюымен катар негізгі өндірістік материалдардың шығыны үйлесімділігін бұзбай өзгереді. Шаруашылық қызметтің көлемін сипаттау үшін өндіріс көлемінің көрсеткіші пайдаланылады. Саудалық-өткізу шығыны өнім бірлігінің өткізу санына қатысты өзгермелі шығын болып табылады, ал өндіріс көлемінде - ол міндетті болып табылмайды. Өндіріс көлемі мен өткізу көлемі әрдайым бірдей бола бермейді. Тұрпатты өзгермеліге шикізат пен материал қосалқы бөлшектер мен құрастырушы бөлшектер (детальдар) жұмысшы күші және шығындар жатады.

Тұрақты шығынның жалпы сомасы өндіріс көлемі өзгергенде өзгеріссіз калады. Жалдың ақысы, негізгі құрал-жабдықтың амортизациясы, қызметкерлердің еңбекақысы тұрақты шығынның үлгісі болып табылады.

"Тұрақты" және «өзгермелі» үғымдары өнім бірлігінің есебіндегі шығындарға емес, жиынтық шығынға қатысты, ал олардың жаппы саны өндіріс көлемінің өзгерісіне үйлесімділігін бұзбай өзгереді. Өнім бірлігінің тұрақты шығыны өндіріс көлемінің өсу дәрежесіне карай кемиді, ал оның кему дәрежесіне қарай артады. Алайда, жиынтық шығын өзгеріссіз қалады.

Жоспарлау барысында тұрақты шығын жиынтықталған тұрақты шығын ретінде, ал өзгермелі шығын - өнім бірлігінің өзгермелі шығыны ретінде қарастырылады.

Шығындарды тұрактыға және өзгермеліге бөлгенде мынаны есте ұстау қажет: оларды осылайша жіктеу тек белгілі бір шекте ғана болады, немесе былайша айтқанда, түсім мен шығынның арасындағьі ерекше катынас сақталатын тұрақты шығын осы саладағы және осы уақыттағы релеванттыққа тұрақты қатынаста болатын релеванттық саласында ғана жүзеге асырылмақ.

Өндіріс процесі бәрінен бүрын тұрақты және өзгермелі шығындардан тұратын аралас шығындармен сипатталады. Мысалы, көліктік қызмет көрсету, яғни жүк тасымалдаудың шығынын анықтауда тұрақты (көліктік құрал-жабдықтың амортизациясы немесе оларды пайдаланғаны үшін жалдаудың ақысы) және өзгермелі (бензин, машина майы, доңғалақ (шина), жөндеу шығындары) шығындарды ескеру қажет. Тұрақты шығын жүріп өткен жолға тұрақты болады, ал өзгермелі шығын рейс (сапар) санына үйлесімді.

Өндіріс қызметін жоспарлауда "шығын - көлем - пайда" талдауы жиі пайдаланылады. Егер өндіріс көлемі белгіленсе, онда тапсырыс портфеліне сәйкес осы талдаудың арқасында ұйым баланс ретінде де, таза пайда түрінде де табыстың белгілі бір шамасын алу үшін шығын шамасы мен сату бағасын есептейді. Осы талдаудың көмегімен, мысалы, жарнама шығыны, өнім бағасы немесе материал жабдыгы, өндіріс кұрылымы өзгергенде өндірістік бағдарламалардың әр түрлі нұсқаларын оңай санауға болады. Баскаша айтқанда, "шығын - көлем - пайда" талдауы өндірістік процестің бір немесе бірнеше параметрлері өзгеретіндей болса, біз қандай дүниеге ие боп қаламыз дейтін сұрака жауап алуымызға мүмкіндік тудырады.

Нарықты қалыптастыру және оны реттеудің әдісін әзірлеу сұраныс, ұсыныс, баға тәрізді нарықтық элементтердің өзара байланысы мен олардың бір-біріне тәуелділігін аныктайды.

Жүйенің әрбір элементі өндіріс, шығын жэне табыстылық (маржиналдық) факторларының ықпалына тәуелді болып, өзгеріп отырады.

 

Негізгі әдебиеттер:

1. Друри К. Введение в управленческий и производственный учет (Перевод англ.Под ред Н.Д. Эрнашвили) М. Аудит, Юнити, 2002

2 Друри К. Введение в управленческий и производственный учет М.Аудит, 2004

3. Карпова Т.П. Управленческий учет М.Аудит Юнити, 1998

4. Управленческий учет – пособие, разработанные на основе стандартов бухгалтерского учета.Алматы, ЮСАИД КАРАНА, 1999

4. Хорнгрен Ч.Т., Фостер ДЖ. Бухгалтерский учет: Управленческий аспект М.Фин. и статистика 2000

5. Хорнгрен Ч.Т., Фостер ДЖ. Бухгалтерский учет: Управленческий аспект М.Фин и статистика. 2005

Қосымша әдебиеттер:

1. Управленческий учет – пособие, разработанные на основе стандартов бухгалтерского учета.Алматы, ЮСАИД КАРАНА, 2002

2. Хорнгрен Ч.Т., Фостер ДЖ. Бухгалтерский учет: Управленческий аспект М.Фин. и статистика 2002

3. Хорнгрен Ч.Т., Фостер ДЖ. Бухгалтерский учет: Управленческий аспект М.Фин и статистика. 2005


Поможем в написании учебной работы
Поможем с курсовой, контрольной, дипломной, рефератом, отчетом по практике, научно-исследовательской и любой другой работой





Дата добавления: 2015-09-19; просмотров: 4708. Нарушение авторских прав; Мы поможем в написании вашей работы!

Studopedia.info - Студопедия - 2014-2022 год . (0.087 сек.) русская версия | украинская версия
Поможем в написании
> Курсовые, контрольные, дипломные и другие работы со скидкой до 25%
3 569 лучших специалисов, готовы оказать помощь 24/7