Студопедия — Тақырып № 2. Гигиенаның зерттеу әдістері. Гигиенаның даму тарихы. ҚР гигиенаның замануи даму бағыттары. -1 сағат.
Студопедия Главная Случайная страница Обратная связь

Разделы: Автомобили Астрономия Биология География Дом и сад Другие языки Другое Информатика История Культура Литература Логика Математика Медицина Металлургия Механика Образование Охрана труда Педагогика Политика Право Психология Религия Риторика Социология Спорт Строительство Технология Туризм Физика Философия Финансы Химия Черчение Экология Экономика Электроника

Тақырып № 2. Гигиенаның зерттеу әдістері. Гигиенаның даму тарихы. ҚР гигиенаның замануи даму бағыттары. -1 сағат.






Мақсаты: Гигиенаның зерттеу әдістері жөніндегі білімді қалыптастыру.

Дәрістің жоспары:

· Гигиенаның әдістері

· Гигиенаның даму тарихы.

· ҚР гигиенаның замануи даму бағыттары.

Дәріс тезисі: Гигиена басқа ғылымдармен тығыз байланысты. Қоршаған ортаның факторларын және олардың адам ағзасына әсер етуін зерттеу мақсатында ол іргелі және клиникалық медициналық пәндердің, сондай ақ, климатология, метеорология, агрохимия, топырақтану, агрономия,математика, т.б. сияқты медициналық емес пәндердің мәліметтерін және зерттеу әдістерін қолданады. Сол бір мезгілде гигиена дайындаған нормативтер, ұсыныстар, ережелер емдеу саласындағы дәрігерлердің емдеу алдын алу жұмыстарын тиімді жүргізуі үшін қажетті болып табылады. Өз міндеттерін шешу үшін гигиена өзіне тән зерттеулермен қатар, басқа да медициналық және медициналық емес пәндердің әдістерін де қолданады. Гигиенаның арнайы әдістеріне санитарлық тексеру, эпидемиологиялық, санитарлық сараптама және гигиеналық эксперимент әдістері жатады. Бұл әдістердің бірі қоршщаған ортаның факторларын баға берсе, ал басқалары адам денсаулыған әсерін анықтайды. Осы аталған барлық әдістер арнайы емес, яғни бейспецификалық әдістердің кең спектрін: физикалық, химиялық, биологиялық статистикалық, клиникалық және басқа да әдістерді қолдануға мүмкіндік береді. Гигиенаның көп ғасырлық дамуын 2 кезеңге бөлуге болады: эмприкалық және ғылыми-сараптамалық. Эмприкалық, халық гигиенасының жетекші элементтері болып тұрғын үй, тамақтану, су көздерін пайдалану, ауруларды оңашалау, жеке бас гигиенасын шектеу сипатындағы ұсыныстар болды. Эмприкалық гигиена ары қарай даму кезеңдері ерте Индияда, Қытайда, Египетте, Грецияда, Рим империясында жалғасты. Эмприкалық гигиена туралы алғашқы ойлар ертедегі атақты дәрігер Гиппократтың мына: «ауа, су және жер жайлы» трактатында келтірілген.Сонымен қатар, гигиенаның дамуына үлес қосқан Асклепий, Гален, Демокрит.Орта ғасырда санитарлық жағдай төменгі сипат ала бастаған кезде, араб дәрігері Авиценнаның «Медицина каноны» атты еңбегі бүкіл әлемге белгілі болған. 17-18 ғасырларда гигиена қарқынды дами бастады. Бұл кезде кәсіптік гигиена бойынша Б Рамаццинийдің алғашқы еңбектері мен М.В. Ломоносовтың атақты еңбектері жарық көре бастады. 18-19 жүзжылдықта капитализм қарқынды дами бастаған уақытта ғылыми-сараптамалық медицина пайда болды, оның негізін неміс ғалымы М.Петтенкофер салды. Л.Пастер, Р.Кох, Э.Паркс, М.Петтенкофер, И.Франктың еңбектері алдын алулық медицинаның бірінші рет ғылыми негізге жүгінуге септігін тигізді. Ресейде гигиенаның дамуына көп үлес қосқан ғалым А.П.Доброславин мен Ф.Ф.Эрисман болды, бұлар гигиена кафедрасын алғашқы ұйымдастырушылар болып табылады, экспреминтальды жұмыстарды кеңінен қолданып, гигииена бойынша нұсқаулар жазды. Революциядан кейін алдын алу сөзі денсаулық сақтаудың даму барысында кеңінен орын алды. 1922 жылы санитарлық-эпидемиологиялық қызмет ұйымдастырылды. Бұған үлкен үлес қосқан Н.А.Семашко, З.П.Соловьев, А.Н.Сысин, А.Н.Марзеев және т.б. Гигиенаның мақсаты мен міндеттерінің және мазмұнының кеңеюі коммуналды гигиена,еңбек гигиенасы, тамақтану гигиенасы, балалар мен жасөспірімдер гигиенасы тарауларының өзінше бөлінуіне әкелді. Гигиена ғылымы мен тәжірибенің дамуына ғылыми-институттар мен гигиена кафедраларының құрылуы септігін тигізді. 1932 жылы Республикада бірінші рет Алматы қаласында медициналық институт ашылды. Қазақстандағы санитарлық қызметті ұйымдастырушылардың бірі болған Н.Н.Попов негізін салды. Кафедраларды ұйымдастыру және онда жүргізілген ғылыми зерттеулер гигииенаның негізі болып табылды, осыған байланысты Республикадағы барлық гигиенаның дамуы осы негізгі сүйеніп отырды. Қазіргі уақытта Қазақстанда Е.Алтынбеков, А.А.Лукашев, В.А.Козловский, Е.Н.Сраубаевтардың еңбек гигиенасы бойынша мектептері бар, коммуналдық гигиена бойынша (И.С.Корякин, Б.А.Неменко), тамақтану гигиенасы бойынша (Т.Ш.Шарманов, С.П.Терехин және т.б.), қоршаған орта гигиенасы және экология бойынша (К.Р.Амрин, Ү.И.Кенесариев және т.б.), Еңбек гигиенасы жасаған еңбектерінің негізгі бағыттары өндіріс салалары мен ауыл шаруашылықтарында кеңінен қолданылып келеді. Қоршаған орта гигиенасы мен адам экологиясының еңбектері мұнай газ аймақтарында және ракета-ядролық сынақ аймақтарында қолданылса, ал тамақтану гигиенасының еңбектері Республика аумағында фундаментальды және қолданбалы аспектілерінің негізін салды.

Иллюстративтік материал:мультимедийлік презентация.

Әдебиеттер:

Негізгі:

1. Гигиена под ред. акад. РАМН Г.И.Румянцева.- М.:ГЭОТАР:Медицина, 2005.

2. А.М.Большаков, И.М.Новикова "Общая гигиена", М.: Медицина,2002 г.

3. Мельниченко П.И., Ушаков И.Б., и др. Гигиена: Словарь-справочник– М.: Медицина, 2006.

4. Пивоваров Ю.П., Королик В.В., и др. Гигиена и основы экологии человека. 4е изд., испр. и доп. – Ростов на Дону «Феникс». 2008. -512 стр. 3-16

5. Матвеева Н.А. Гигиена и экология человека. 2-е изд., стер. – М.: Медицина, 2008.

6. Кенесариев У.И., Балмахаева Р.М.,. Бекмагамбетова Ж.Д., Жакашов Н.Ж., Тогузбаева К.К. Гигиена: Учебник для вузов/ Под ред. У.И. Кенесариева.- Алматы: «Самара-Принт», 2009.-688 с., стр.13-35.

Қосымша:

1. Пивоваров Ю.П. и др. Руководство к лабораторным занятиям по гигиене М. Медицина, 2002.

2. Гурова А.И., Горлова О.Е. Практикум по общей гигиене, М. Медицина, Издательство Университета дружбы народов, 1991.

3. Е.И. Гончарук, Ю.И. Кундиев, В.Г. Бардов и др.- Общая гигиена: пропедевтика гигиены: Учеб. для иностр.0-28 студентов 2-е изд.перераб. и доп.- К.: Вища шк., 1999.-С 652., стр.47-97.

Бақылау сұрақтары (кері байланыс):

1. Гигиена медицинада қандай бағытта түсінік береді: алдын алулық па әлде емдік бағытта ма?

2. Денсаулық сақтаудағы алдын алу бағыты немен түсіндіріледі?

3. Гигиенаны оқу пәні не болып табылады?

4. Емдеу саласындағы қызметкер үшін гигиеналық білім не үшін қажет?

5. Ғылыми гигиенаның негізін кім қалады?

6. Гигиеналық алдын алу тәжірибесінде шараларды қандай қызмет іске асырады?

7. Санитарлық заңдылық не үшін қажет?

8. Емдеу саласындағы медициналық қызметкер үшін неге гигиеналық білім қажет?

9. Іс жүзінде гигиеналық шараларды қандай қызмет жүзеге асырады?

10. Сақтық және ағымдағы санитарлық бақылаудың рөлі қандай?

11. Санитарлық заңдылық не үшін қажет?

 







Дата добавления: 2015-09-19; просмотров: 3271. Нарушение авторских прав; Мы поможем в написании вашей работы!



Обзор компонентов Multisim Компоненты – это основа любой схемы, это все элементы, из которых она состоит. Multisim оперирует с двумя категориями...

Композиция из абстрактных геометрических фигур Данная композиция состоит из линий, штриховки, абстрактных геометрических форм...

Важнейшие способы обработки и анализа рядов динамики Не во всех случаях эмпирические данные рядов динамики позволяют определить тенденцию изменения явления во времени...

ТЕОРЕТИЧЕСКАЯ МЕХАНИКА Статика является частью теоретической механики, изучающей условия, при ко­торых тело находится под действием заданной системы сил...

Задержки и неисправности пистолета Макарова 1.Что может произойти при стрельбе из пистолета, если загрязнятся пазы на рамке...

Вопрос. Отличие деятельности человека от поведения животных главные отличия деятельности человека от активности животных сводятся к следующему: 1...

Расчет концентрации титрованных растворов с помощью поправочного коэффициента При выполнении серийных анализов ГОСТ или ведомственная инструкция обычно предусматривают применение раствора заданной концентрации или заданного титра...

Тема: Составление цепи питания Цель: расширить знания о биотических факторах среды. Оборудование:гербарные растения...

В эволюции растений и животных. Цель: выявить ароморфозы и идиоадаптации у растений Цель: выявить ароморфозы и идиоадаптации у растений. Оборудование: гербарные растения, чучела хордовых (рыб, земноводных, птиц, пресмыкающихся, млекопитающих), коллекции насекомых, влажные препараты паразитических червей, мох, хвощ, папоротник...

Типовые примеры и методы их решения. Пример 2.5.1. На вклад начисляются сложные проценты: а) ежегодно; б) ежеквартально; в) ежемесячно Пример 2.5.1. На вклад начисляются сложные проценты: а) ежегодно; б) ежеквартально; в) ежемесячно. Какова должна быть годовая номинальная процентная ставка...

Studopedia.info - Студопедия - 2014-2024 год . (0.011 сек.) русская версия | украинская версия