Студопедия — Рылымдық элементтеріне талаптар
Студопедия Главная Случайная страница Обратная связь

Разделы: Автомобили Астрономия Биология География Дом и сад Другие языки Другое Информатика История Культура Литература Логика Математика Медицина Металлургия Механика Образование Охрана труда Педагогика Политика Право Психология Религия Риторика Социология Спорт Строительство Технология Туризм Физика Философия Финансы Химия Черчение Экология Экономика Электроника

Рылымдық элементтеріне талаптар






 

1)Титуль беті

Титуль беті дипломдық жұмыстың бірінші беті болып саналады. Титуль бетінің бланкісін (Б қосымшасын қараңыз) аға лаборант немесе оқу шебері береді.

2) Дипломдық жұмысқа тапсырма оқу шебері немесе аға лаборант берген арнайы бланкісіне (В қосымшасын қараңыз) жетекші тапсырма беріп толтырады.

3) Жұмыстың (жобаның) ақпартізімі

Ақпартізімде (Г қосымшасын қараңыз) шартты белгілену, түсіндірме жазбахаттың және графикалық жұмыстың бөлімдердің атауы, сонымен қатар, дипломға әр түрлі қосымшалар туралы мәліметтер (мысалы, диск, қосымша бөлек папкада және т.б.) көрсетіледі.

4)Аңдатпа/Түйін

Аңдатпада дипломдық жұмыстың қысқаша мазмұны берілуі тиіс, атап айтқанда, зерттеу объектісі, шешімдер, жұмыстың мақсаты, ендіруге байланысты алынған шешімдер мен ұсыныстар, қолдану ортасы. Түйінді ресімдеу МЕСТ 7.23.80 и ГОСТ 196000.74 сәйкес іске асырылады.

Аңдатпа Мемлекеттік және орыс (ресми) тілдеріне беріледі. Оның көлемі бір беттен аспауы тиіс. Аңдатпа үлгісі Д қосымшасында берілген.

5) Мазмұны

Мазмұны кіріспеден, жұмыстың негізгі бөлімінің барлық бөлімдермен қосымша бөлімдерден пунктілерден (егер атауы болса), қорытындыдан қолданылған әдебиеттер (көздер) тізімінен, қосымшалардан тұрады. Олардың дипломдық жұмыстағы элементтері басталған беттерінің нөмірлері мазмұнының үлгісі Е қосымшасында көрсетілген.

6) Кіріспе

Кіріспенің мақсаты – дипломының өз жұмысындағы шешетін есептеріне байланысты сұрақтарын біртұтастығын көрсету болып табылады.

Кіріспеде дипломдық жұмыс тақырыбының көкейкесті мәселелерді шешуге бағытталғанын көрсетуі тиіс. Мұнда жұмыста қаралатын мәселелердің қазіргі таңдағы жағдайын бағалау және оны ғылым мен техниканың анықталған бір салаларында қолдануының қажеттілігі мен алатын орнын көрсету қажет.

Кіріспенің көлемі 2-3 беттен аспауы тиіс. Кіріспені жұмыс біткеннен соң редакциялау қажет. Оның үлгісі Ж қосымшасында берілген.

7) Негізгі бөлім

Түсіндірмелі жазбахаттың «негізгі бөлімі» бірнеше бөлімдерден тұрады, оның мазмұны мен көлемі таңдалған дипломдық жұмыстың тақырыбына тәуелді болып табылады.

Дипломдық жұмыстағы зерттелетін сұрақтардың жай-күйін сараптау, есебін анықтау, жобалық тапсырманы маңыздандыру сияқты сұрақтары негізгі бөлімінде қаралуы міндетті болып табылады.

Ғылым мен техниканың белгілі бір облысының қазіргі заманғы даму деңгейіне аналитикалық шолу жасауда, жаңа идеялар, мәселелер мен әдістер, аналитикалық шешімдердің жолдары, техникалық іске асыру немесе компьютерлік моделдеу жұмыста қаралып отырған мәселелерге байланысты болуы керек, қолданыстағы аспаптар мен құрылғылар туралы ақпараттар және олардың ерекшеліктері ескерілуі тиіс.

Сонымен қатар, мұнда бұрын жарияланған кітаптардағы, еңбектердегі, баяндамалардағы, есептердегі ескерілген мәліметтерге жалпы шолу жасап қана қоймай, осы жұмыстарда алған нәтижелер бойынша критикалық сараптама жасалуы тиіс. Белгілі әдістердің, алгоритмдер мен программалардың/бағдарламалардың, сонымен қатар жұмыста қаралатын сұрақтарға байланысты аспаптар мен құрылғылардың кемшіліктері мен қасиеттеріне көңіл бөлінуі тиіс.

Жұмыстың есебін белгілеу, жоғарыда көрсетілген аналитикалық шолудың логикалық аяқталуы болып табылады. Мұнда дипломдық жұмыстың мақсаты түзіледі, есептері анықталады, яғни ғылым мен техниканың белгілі бір саласының тәжірибесінде, теориялық бөлімдерінде қолданудың маңыздылығы мен шешілуі қарастырылады.

Жұмыс/жоба тапсырмасын маңыздандыру-жобаланатын жүйенің, құрылғының немесе аспаптың құрастыруының/іске қосуының техникалық талаптарынан тұрады. Сонымен қатар, мұнда аппаратуралар кешенінде жобаланатын объектінің орны, мақсаты, жүйедегі объектінің элементтерімен өзара әсерінің/байланысының ерекшеліктері, объектіге әсер етуші әр түрлі әрекеттер, объектінің техникалық параметрлері мен сипаттамалары қарастырылуы керек. Осы бөлімде таңдалатын аналог (және аналог жоқ болған жағдайда) маңыздандырылуы тиіс.

Негізгі бөлімнің бірнеше бөлімшелерінде дипломдық жұмыс тақырыбының егжей-тегжейіне (спецификасына) сәйкес алға қойылған есептердің шешу әдістерін маңыздандырылуы, қолданудың нәтижелері, параметрлерінің теориялық есептері, жобаланатын құрылғының сипаттамалары, тиімді нұсқаларды таңдау, жобаланатын құрылғының немесе оның бір бөлек торабының сұлбасын жасау/құру сияқты сұрақтар қаралуы тиіс.

Дипломдық жұмыстың түсіндірмелі жазбахатының бөлек бір бөлімінде немесе оның негізгі бөлімінде біркелкі, қарастырылған есептерді шешуге арналған стандартты, болмаса әмбебап компьютерлік бағдарлама (программа) қарастырылуы керек. Атап айтқанда, бағдарламаның қолданылуы маңыздандырылып, нәтижелері көрсетілуі тиіс. Немесе, осы бөлімде/бөлімшесінде дипломанттың есепке сәйкес өзі құрастырған бағдарлама немесе алгоритмі берілуі тиіс.

Сонымен қатар, дипломдық жұмыста міндетті түрде математикалық модельдеу, теориялық есептер, экспериментальды зерттеулер нәтижелері және алынған нәтижелердің салыстырмалы сараптамалары болуы тиіс.

8) Қорытынды

Қорытындының мақсаты - дипломдық жұмыс нәтижесінен алынған баға. Мұнда келесі сұрақтар ескерілуі тиіс:

- Жоба тапсырмасы талаптарына сәйкес жұмыстың орындалуы;

- Жұмыста ұсынылатын шешімнің теориялық және техникалық деңгейі және оның ғылым мен техниканың белгілі бір саласының даму перспективаларына, қазіргі жағдайына сәйкестілігі;

- Жұмысты орындау үрдісінде экспериментальды зерттеулердің алатын ролі;

- Дербес компютер (ДК) көмегімен жұмыста көрсетілген қандай есептер шешілді, сарапталды, модельдеуді және қандай нәтижелер алынды.

- Жұмыстың тәжірибеде қолдану мүмкіндігі жөнінен ұсыныстар;

- Дипломдық жұмыста қарастырылған сұрақтар мен есептердің болашақтағы дамуының негізгі перспективалары.

Жұмыс қорытындысы белгілі және анықталған сипатқа ие болуы тиіс. Оның көлемі 1-2 беттен аспауы керек. Қорытынды үлгісі З қосымшасында көрсетілген.

9) Қолданылған көздер (әдебиеттер) тізімі.

Тізімде (И қосымшасын қараңыз) дипломдық жұмысты орындау барысында қолданылған барлық көздер жайынан толық хабар болуы тиіс. Қолданылған көздер тізімі жұмысты орындау барысында қолданылған қатарға байланысты жасалынады, яғни жұмыста қойылған көздерге сілтемелерге сәйкес болуы тиіс.

10) Қосымшалар

Қосымшаларда дипломдық жұмыспен байланысты, бірақ негізгі бөлімде жариялауға тым үлкен немесе негізі болып саналмайтын материалдар беріледі.

Қосымшаларда көрсетілуі мүмкін материалдар:

- Түсіндірмелі жазбахатты толықтыратын;

- Аралық математикалық дәлелдеулер, формулалар, есептер;

- Цифрлы (санды) қосымша деректердің кестелері;

- Жұмыс барысында зерттеу нәтижесі үрдісінде жасалған ДК орындалатын нұсқаулар, әдістер, программа (бағдарлама) есебі мен алгоритмнің түсіндірмесі;

- қосымша сипатқа ие суреттер, көркемдеулер (иллюстрациялар) және басқа материалдар;

- жұмыс барысында жасалынған эксперименттерге, өлшеулерге және сынауларға қолданылған аппаратуралар мен аспаптардың түсіндірмелері.








Дата добавления: 2015-08-31; просмотров: 642. Нарушение авторских прав; Мы поможем в написании вашей работы!



Аальтернативная стоимость. Кривая производственных возможностей В экономике Буридании есть 100 ед. труда с производительностью 4 м ткани или 2 кг мяса...

Вычисление основной дактилоскопической формулы Вычислением основной дактоформулы обычно занимается следователь. Для этого все десять пальцев разбиваются на пять пар...

Расчетные и графические задания Равновесный объем - это объем, определяемый равенством спроса и предложения...

Кардиналистский и ординалистский подходы Кардиналистский (количественный подход) к анализу полезности основан на представлении о возможности измерения различных благ в условных единицах полезности...

Весы настольные циферблатные Весы настольные циферблатные РН-10Ц13 (рис.3.1) выпускаются с наибольшими пределами взвешивания 2...

Хронометражно-табличная методика определения суточного расхода энергии студента Цель: познакомиться с хронометражно-табличным методом опреде­ления суточного расхода энергии...

ОЧАГОВЫЕ ТЕНИ В ЛЕГКОМ Очаговыми легочными инфильтратами проявляют себя различные по этиологии заболевания, в основе которых лежит бронхо-нодулярный процесс, который при рентгенологическом исследовании дает очагового характера тень, размерами не более 1 см в диаметре...

Обзор компонентов Multisim Компоненты – это основа любой схемы, это все элементы, из которых она состоит...

Кран машиниста усл. № 394 – назначение и устройство Кран машиниста условный номер 394 предназначен для управления тормозами поезда...

Приложение Г: Особенности заполнение справки формы ву-45   После выполнения полного опробования тормозов, а так же после сокращенного, если предварительно на станции было произведено полное опробование тормозов состава от стационарной установки с автоматической регистрацией параметров или без...

Studopedia.info - Студопедия - 2014-2024 год . (0.009 сек.) русская версия | украинская версия