Студопедия — Графикалық материалға талаптар
Студопедия Главная Случайная страница Обратная связь

Разделы: Автомобили Астрономия Биология География Дом и сад Другие языки Другое Информатика История Культура Литература Логика Математика Медицина Металлургия Механика Образование Охрана труда Педагогика Политика Право Психология Религия Риторика Социология Спорт Строительство Технология Туризм Физика Философия Финансы Химия Черчение Экология Экономика Электроника

Графикалық материалға талаптар






1) Негізгі ережелер

Дипломдық жұмыстың тақырыбына байланысты графикалық бөлімнің құрамында конструкторлық сызбалар, құрылымдық, функционалды және принципиалды сұлбалар мен демонстрациялық плакаттар болады. Графикалық материал А1(594*841) форматында орындалады. Графикалық беттерді ресімдеу мысалдары М қосымшасында көрсетілген. Беттің міндетті элементі штамп болып табылады. Штамп МЕСТ 2.104-68 сәйкес жасалады. Штамптың графаларын толтыру Н қосымшасында көрсетілген.

ГАК мүшелері үшін графикалық материалдармен қоса, таратылатын демонстрациялық материалдың бірнеше комплекттерін дайындау ұсынылады.

Әрбір таратылатын материалдың комплекті қорғауға шығарылатын графикалық материалдың бірлігі қанша болса, сонша парақ құрамында болады. Барлық беттер А4(210*297) форматында орындалу қажет және нөмірлену керек.

Графикалық материалды ресімдеу

МЕСТ 2.701-84 сәйкес сұлбалардың атауы мен коды олардың түрімен және типімен анықталады.

Сұлбаның коды сұлбаның түрін анықтайтын әріптік бөлімнен және сұлбаның типін анықтайтын цифрлық/сандық бөлімнен тұрады.

Сұлбаның әріппен белгіленуі түрі төменде келтірілген:

- электрлік - Э;

- гидравликалық - Г;

- пневматикалық- П;

- газды (пневматикалықтан басқа) - X;

- кинематикалық - К;

- вакуумдық - В;

- оптикалық - Л;

- энергетикалық - Р;

- бөлу - Е;

- аралас/комбинациялық - С.

Сұлба типінің санмен белгіленуі:

- құрылымдық - 1;

- функционалдық - 2;

- принципиалды (толық) - 3;

- қосу (монтажды) - 4;

- қосылу - 5;

- жалпы - 6;

- орналасу - 7;

- басқалары – 8;

- біріктірілген – 0.

Мысалы, электрлік принципиалды сұлба - ЭЗ; электрлік бөлу сұлбасы - E1; электрлік қоу ж/е ажырату – ЭО.

Басқа да жағдайлар арнайы түрде ресімделеді.

2) конструкторлық сызбаларды орындауға талаптары арнайы құжаттарға [2.004-88 МЕСТ Конструкторлық және технологиялық құжаттарды орындауға қойылған талаптар] сәйкес.

3) құрылымдық, функционалдық және принципиалдық электрлік сұлбаларды орындауға талаптар.

Барлық сұлбалар ЕСКД стандартының 7-біліктілік тобына сәйкес жасалады және ресімделеді. Сұлбаларды орындауға жалпы талаптар 2.701-84 МЕСТ, электрлік сұлбаларды орындау ережелері 2.702-75 МЕСТ, цифрлық есептеу техниканың электрлік сұлбаларды орындау ережелері 2.708-81 МЕСТ анықтайды.

Құрылымдық электрлік сұлбада (шифрі Э1) барлық негізгі функционалды бұйымдар бөлігі мен олардың арасындағы негізгі байланыс көрсетілуі керек. Өзара байланыс жолдарында үрдістің жүру бағытын тілмен көрсету ұсынылады (мысалы, сигналдың бағытын).

Сұлбадағы функционалды бөлік шартты графикалық көрініс ретінде немесе тіктөртбұрыш түрінде көрсетіледі (2.721-74 -2.758-82 МЕСТ), ал олардың атауы, типі, белгіленуі тіктөртбұрыштың ішінде жазылады. Егер функциональды бөліктер саны көп болған жағдайда, оларды реттік нөмірмен белгілейді (көріністің оң немесе үстіңгі жағына, кесте түрінде).

Функциональды электрлік сұлбада (шифрі Э2), барлық функционалды бұйымдар бөлігі (элементтер, құрылғылар мен функционалды топтар) мен олардың арасындағы байланыс көрсетіледі.

Әрбір функционалды бөлігін графикалық шартты белгілеу түрінде, кей жағдайда тіктөртбұрыш түрінде көрсету болады. Әрбір функционалды бөліктің белгіленуі болуы керек. Және графикалық көрініс жанында н/е бос өрісінде оның негізгі техникалық сипаттамаларын көрсетеді (мысалы, сигналдың формасы, жұмыс жиілігі, өшу және т.б).

Сұлбада уақыт бойынша үрдістердің тізбегін анықтаушы кестелер немесе диаграммалар, түсіндіруші жазулар орналастырылады, сонымен қатар сипаттамалық нүктелерде үрдістің параметрлерін көрсетеді.

Принципиалды электрлік сұлбаларда (шифрі Э3) барлық электрлік элементтер немесе құрылғылар және олар арасындағы барлық электрлік байланыстар көрсетіледі және сұлба кіріс/шығыс тізбегімен аяқталуы тиіс. Сұлбада сонымен бірге кіріс және шығыс тізбегінің сипаттамалары орналасады, сонымен қатар өзгертуге болатын параметрлер, мәтіндік нұсқауларды және кестелерді орнатуға ұсынылады.

Сұлбалар ажыратылған бұйымға жасалады. Мұндағы барлық элементтер, құрылғылар және байланыс жолдары шартты графикалық белгілеулер түрінде көрсетіледі.

Бұйымға кіруші және сұлбада көрсетілген әрбір элементтер немесе құрылғылар 2.708-81 МЕСТ сәйкес әріп-сандық позициялы белгілеуі болу керек. Позициялы белгілеулер құрылғының шартты графикалық белгіленуі жанына қойылады.

Элементтер туралы барлық қажетті мәліметтер элементтер тізіміне кірістіріледі. Элементтердің тізімінің формасы мен оны толтыру тәртібі 2.702-75 МЕСТ көрсетілген. Элементтердің тізімін кесте түрінде ресімдейді. Оны негізгі жазудың үстінде сұлбаның бос өрісінде орнастырылады немесе жеке А4(210*297) форматындағы парақта дербес құжат түрінде орындалады. Одан кейін ол түсіндірме жазбахатына қосымша ретінде орналастырылады.

Сұлбаның негізгі жазулары сызбадағыдай 1 форма бойынша, ал элементтер тізімі спецификация тәрізді 2 және 2а форма бойынша орындалады, ол 2.104-68 МЕСТ көрсетілген.

4) Сұлбаларда және жоспарда шартты белгілерді ресімдеуге

талаптар.

Принципиалды және монтажды электрлік сұлбалардың электрорадиоэлементтерінің шартты белгіленуі сызбаларда ЕСКД (МЕСТ 2.721-74) стандартына сәйкес орындалады. Мысалдары О.1 және О.2. суреттерінде көрсетілген.

МЕСТ 21.406-88 стандарты шартты графикалық сымды құрылғылардың белгіленуін орнатады, сонымен бірге сымды хабарлама желілері мен құрылғылар және оларды орналастыру жайларына да қолдануға рұқсат етілген. Ал, жоспар мен сұлбаларда негізгі ж/е қарапайым белгілеулерді қолдануға рұқсат етілмейді. Сонымен қатар, шартты белгілеулердің мөлшерлері регламенттелмейді (көріністің айқындылығын қамтамасыз етуі тиіс).

Бірінші реттік желінің станциялары мен тораптары, тарату желінің пунктері және біріктірілген тораптар мен станциялардың шартты белгілену П.1 кестесінде көрсетілген.

Әр түрлі тарату жүйелеріндегі шеткері және транзиттік станциялар көмегімен байланысты ұйымдастыру сұлбаларындағы элементтердің шартты белгіленуінің нақты мысалдары Р қосымшасында көрсетілген.

Байланысты ұйымдастыруда синхронды цифрлық иерархиялы (тарату жүйелері аппаратурасымен) тарату желісінің шеткері және аралық пункттердің шартты белгіленуінің мысалдары С қосымшасында көрсетілген.

5) Демонстрациялық плакаттарға талаптар

Демонстрациялық плакаттар құрамында зерттеу алгоритмі, аналитикалық өрнектер, бағдарлама блок-сұлбасы, кестелер, диаграммалар және графиктер болуы мүмкін. Плакаттар қорғауда дипломдық жұмыстың материалын баяндау үшін арналған және конструкторлық құжат болып саналмайды. Бірақ диаграммалар мен графиктерді жасау кезінде 2.319-81 МЕСТ жағдайларын есепке алу керек.

Әрбір плакаттың рамкасы болу керек. Егер плакаттың негізгі жазуы 1 форма бойынша орындалса, онда құжат аты графасында оның негізгі мазмұны бойынша плакаттың аты жазылады; бұйымның белгіленуі графасында – дипломдық жұмыс аты жазылады. Бұл жағдайда плакаттың аты парақтың үстінгі бөлігінде жазылмайды. Плакаттың мазмұнына байланысты және жетекшінің қарастыруы бойынша негізгі жазу парақтың үстінгі немесе төменгі бөлігінде орындалу мүмкін.

Барлық конструкторлық сызбалар мен электрлік сұлбаларға дипломдық жұмыстың жетекшісі және авторы қол қояды.

Демонстрациялық плакаттар Microsoft Office Power Point программасының көмегімен орындалған слайдтар түрінде көрсетілуі мүмкін.


8 Қорғауға дайындық;

 

1) Аяқталған дипломдық жұмыс құрамына түсіндірме жазбахат, студенттің өзі қол қойылған титульдық бет және графикалық материалдар кіреді. Жетекші тексеруінен кейін, мақұлданып, титульдық бет пен графикалық материалдарға қол қойылады.

2) Дипломдық жұмыстың жетекшісі пікір жазады.

3) Студент ж/е жетекшінің қолдары қойылған дипломдық жұмыс рецензияға/пікір білдірушіге жіберіледі.

4) Студент дипломдық жұмысын қорғауға алдын ала жазылу керек. МАК жұмыс істеу кестесі дипломдық жұмысты қорғаудан бір ай бұрын бекітіледі.

5) Студент дипломдық жұмысты қорғауға дайындалу кезінде келесіні орындау қажет:

- қорғау баяндамасын құру;

-жұмыс тақырыбы бойынша негізгі пәндердің материалдарын қарастыру;

- қорғау уақытындағы іс-әрекеттің ретін ойластыру және баяндауға жаттығу.

6) Баяндаманың құрылымы түсіндірме жазбахаттың құрылымына сәйкес, бірақ нақтылығымен және мазмұнын қысқа баяндаумен ерекшеленеді.

Кіріспеде (2-3мин.) берілген дипломдық жұмысты орындау қажеттілігін дәлелдеу баяндалады, қарастырылған мәселелердің өзектілігі айтылады, дипломанттың жұмысында алдында қойылған есеп қарастырылады.

Негізгі бөлімде (6-7 мин) қойылған есептердің шешу жолдары, әдістері аналитикалық ж/е сандық есептер, теориялық зерттеулер нәтижесі (экпериментальды нәтижелер-егер орындалса) туралы айтылады.

Қорытындыда (1-2мин.) тәжірибенің қолдану жұмысы бойынша мүмкін болатын ұсыныстар, оның техникалық немесе теориялық деңгейі және орындалған жұмыс қаншалықты жобалық тапсырма талаптарына сәйкес екенін ж/е тәжірбиеде қолдану мүмкіншілігі көрсетіледі.

7) Жетекшінің пікіріне талаптар

Жетекші пікірде диплом шеңберінде қабылданған шешімдер туралы, оның актуалдығының деңгейін, жұмыстың алға қойған мақсаттарға сай орындалу деңгейін көрсетуімен қатар, жұмыстың түпнұсқалылығын, ұсынылған шешімдердің мақсаттылығын қысқаша сипаттау керек.

Негізі ықыласты - дипломдық жұмысының сапасы мен теориялық дайындығы, өзіндік жұмысқа қабілеттілігі, дайындығы, ғылыми-зерттеу жұмысына қабілеттілігі, мақсаттылығы және т.б. қасиеттері бойынша дипломантты болашақ маман ретінде бағалау қажет.

Пікір соңында жұмыстың ғылыми және тәжірибелік құндылығы көрсетіледі және студенттің орындаған жұмысының жалпы бағасы беріледі: өте жақсы, жақсы, қанағаттанарлық. Сонымен қатар, оған академиялық бакалавр дәрежесін иемдену мүмкіндігі туралы қорытынды береді.

Пікір басып шығарылған түрде беріледі ж/е онда жетекшінің жұмыс орны және атағы, ғылыми дәрежесі, қызмет атқаратын лауазымы көрсетіліп, (жақшада жетекшінің тегі, аты-жөні жазылады) жетекшісінің қолы қойылады.

8) Рецензенттің пікіріне талаптар

Сын-пікірде тақырыптың актуалдығын, жобалық есеп пен тақырыбының аты орындалған жұмысқа сәйкестілігі, игеру нысандарына қойылған техникалық талаптарды дәлелдеу, қабылданған техникалық шешімдер мен өткізілген есептердің дұрыстығын, жұмыстың түпнұсқалылығын, прогресивтілігін, сонымен қатар, жазбахат мәтінінің нақты ж/е сауатты жазылуын, жұмысты ресімдеудің сапалылығын бағалау болып табылады.

Ерекше ықылас - рецензент жұмыстың кемшіліктеріне назар аудару керек.

Сын-пікірдің соңында жұмыстың жалпы бағасы болу қажет (өте жақсы, жақсы, бағалау қанағаттанарлық немесе қанағаттанарлық емес). Осында дипломанттың бакалавр академиялық дәрежесін иемдену мүмкіндігі мен мүмкінсіздігі туралы қорытынды жасалу керек (қанағаттанарлықсыз баға қойылған жағдайда).

Дипломдық жұмыс жетекшісінің пікірін ресімдеу қандай болса, сын-пікірді ресімдеу талаптары сол қалыпта болады.








Дата добавления: 2015-08-31; просмотров: 1401. Нарушение авторских прав; Мы поможем в написании вашей работы!



Практические расчеты на срез и смятие При изучении темы обратите внимание на основные расчетные предпосылки и условности расчета...

Функция спроса населения на данный товар Функция спроса населения на данный товар: Qd=7-Р. Функция предложения: Qs= -5+2Р,где...

Аальтернативная стоимость. Кривая производственных возможностей В экономике Буридании есть 100 ед. труда с производительностью 4 м ткани или 2 кг мяса...

Вычисление основной дактилоскопической формулы Вычислением основной дактоформулы обычно занимается следователь. Для этого все десять пальцев разбиваются на пять пар...

Вопрос 1. Коллективные средства защиты: вентиляция, освещение, защита от шума и вибрации Коллективные средства защиты: вентиляция, освещение, защита от шума и вибрации К коллективным средствам защиты относятся: вентиляция, отопление, освещение, защита от шума и вибрации...

Задержки и неисправности пистолета Макарова 1.Что может произойти при стрельбе из пистолета, если загрязнятся пазы на рамке...

Вопрос. Отличие деятельности человека от поведения животных главные отличия деятельности человека от активности животных сводятся к следующему: 1...

Разработка товарной и ценовой стратегии фирмы на российском рынке хлебопродуктов В начале 1994 г. английская фирма МОНО совместно с бельгийской ПЮРАТОС приняла решение о начале совместного проекта на российском рынке. Эти фирмы ведут деятельность в сопредельных сферах производства хлебопродуктов. МОНО – крупнейший в Великобритании...

ОПРЕДЕЛЕНИЕ ЦЕНТРА ТЯЖЕСТИ ПЛОСКОЙ ФИГУРЫ Сила, с которой тело притягивается к Земле, называется силой тяжести...

СПИД: морально-этические проблемы Среди тысяч заболеваний совершенно особое, даже исключительное, место занимает ВИЧ-инфекция...

Studopedia.info - Студопедия - 2014-2024 год . (0.012 сек.) русская версия | украинская версия