Студопедия — Тұрмағамбет Ізтілеуұлы
Студопедия Главная Случайная страница Обратная связь

Разделы: Автомобили Астрономия Биология География Дом и сад Другие языки Другое Информатика История Культура Литература Логика Математика Медицина Металлургия Механика Образование Охрана труда Педагогика Политика Право Психология Религия Риторика Социология Спорт Строительство Технология Туризм Физика Философия Финансы Химия Черчение Экология Экономика Электроника

Тұрмағамбет Ізтілеуұлы






(1882-1939)

Тұрмағамбет Ізтілеуұлы (1882-1939) – ақын, аудармашы. Қазіргі Қызылорда облысы, Қармақшы ауданының аумағына қарасты Ақтайлақ кезең дейтін жерде өмірге келген. Алғашында ауыл мектебінде сауатын ашқан болашақ ақын кейіннен Бұхара қаласындағы “Мир араб”, “Көкелташ” медреселерінде оқиды. Осы жылдары ол араб, парсы, түркі, шағатай тілдерін де қоса меңгереді. Діни білім мен ғылыми пәндерді ұштастыра игерген білімдар адамдарға берілетін ахун діни дәрежесіне де ие болады. Білім алып келгеннен кейін, көп жыл ауыл мектебінде жұмыс істеп, ұстаздық өмір жолында жүздеген шәкіртті алдынан өткізген. Осы жылдары көптеген өлеңдер шығарып, шығармашылық бағытта жемісті жұмыстар атқарады. Кейін ҚР Халық ағарту комиссариатында ғылыми қызметкер болып еңбек еткен (1936-1937).

Тұрмағамбет ақын тұңғыш өлеңін 14 жасында жазған екен. Ол “Қара қоңыз” атты мысал өлең еді. Осыдан кейін-ақ оның қаламы өлең жазуға төселе бастайды. “Мәрді диқан” атты алғашқы дастанын 18 жасында шығарды. Ақын қаламынан туған дастандар саны оннан астам. Олардың арасында “Данышпан қарт”, “Тұтқын қыз”, “Рауа бану” және т.б. көркемдік бітімі жақсы шығармалары бар. Тәрбиелік мәні үлкен дастандардың жазылу мәнері де, оқиғалары да қызықты. 1916 жылғы ұлт-азаттық қозғалысы жайлы қалам тербеген ақын “Жер жүзін жеті қабат зұлмат басты” деген өлең шығарады.

Тұрмағамбет өлеңдерінің негізгі тақырыбы – ұрпақтар үндестігі, адам өмірі, адамгершілік-имандылық, шариғат, оқу-білім, тәлім-тәрбие және т.б. мәселелер. Атап айтқанда, ондай өлеңдердің қатарында “Орынсыз аға-ініңді өкпелетсең”, “Бәз біреу бақ-дәулетке масығады”, “Туымды ер туралықпен билейді ұлтын”, “Заң азды төресі әділ хан жоғынан”, “Қайратты туған ер болсаң”, “Ет, Алла, ажарымды айдан ашық”, “Отырма уайымсыз ажал барда” және тағы басқа көркемдігі жоғары туындылары бар.

 

Болсаңдар, балаларым, хатқа ұста,

Төрден жай аларсыңдар, тұрмай тыста.

Төр түгіл төменнен де тимейді орын,

Жүрсеңдер жалқаулықпен жазы-қыста,

– деген сыңайдағы насихаттық бағыттағы өлеңдері өз кезінде оқырмандар арасында кеңінен тараған. Кеңес өкіметінің содырлығының салдарынан Тұрмағамбет өмірінің соңғы жылдарында бірнеше рет түрмеге де түскен. Соның ішіндегі ең қиыны – сол кездегі саяси зұлматтың әсерімен «халық жауы» деген жала жабылып, 1937 жылы туған жері Қармақшыда қамауға алынуы.

Ақынның түрмеде жатып шығарған өлеңдері де едәуір. Олардың көпшілігі сақталып қалған. Адам баласы үшін түрмеге түсу, әсіресе жазықсыздан жазықсыз абақтыға қамалу психологиялық-моральдық тұрғыдан өте ауыр болатыны белгілі. Осындай жан төзгісіз ауыр ахуал Тұрмағамбеттің түрмеден жазған өлеңдерінен де анық сезіліп отырады. Мысал үшін алғанда:

 

Кір болып көйлек, ыстан қышындырды,

Бит талап бүргеменен, қысым қылды.

Көнбеске Хақ үкіміне не күшің бар,

Пенде деп баста саған ісім қылды,

 

– деген шумақтан түрме тіршілігінің сорақылығы мен ақынның өз басынан өткізген ауыртпашылығы айқын көрініп тұр. Осы мағыналас өлеңдерде ақын өз басының жеке зарын ғана айтып қоймай, түрмеде құқығы шектеліп жатқан барлық қамалушылардың да ауыр ахуалынан хабар береді.

Жалпы алған кезде ақынның жеке басына қатысты шығарған жырлары тек өз басының ғана мұң-мұқтажын айтумен шектеледі десек, дұрыс түсінбегендік болар еді. Тек өзінің ғана жағдайын тәптіштеп кететін кейбір өлеңдерді айтпағанда, ақынның жырларының мазмұны типтік көріністер мен ортақ обарздарға құрылады. Тек бір басына қатысты мәселелер негізінен Тұрмағамбетте өзінің туыстары мен таныстарына арнап жазған арнау өлеңдерде төбе көрсетіп қалатыны байқалады.

 

Өтебай жолдас, осыны,

Оқып көрші қолға алып.

Жаза алмайды көбейтіп,

Қолы құрғыр қорғанып.

Себебі сақтық етеді

Саясаттың жөнінен

Алғанынша қорланып,

 

– дейтін өлеңі өзінің шығармашылық жағдайының саясатқа бағынып қалғанынан хабардар етеді.

“Күңіренген көз жасын көр көптің, Алла”, “Сабыр түбі сары алтын”, “Тиген соң, апа, бізге жазған хатың”, “Жүсіпбайға”, “Болыңдар, балаларым, сау-саламат” және т.б. өлеңдері, міне, осындай жағдайда туған. Шығармашылығының пісіп-толысқан кезеңі Кеңес өкіметінің тұсында өткендіктен, өзінің бастапқы шығармашылық ұстанымына қайшы келетін пікірлерді айтуға еріксіз мәжбүр болған жағдайлары да бар. Бұл сол заманда өмір сүрген ақын-жазушылардың көпшілігіне тән құбылыстар еді. Тұрмағамбет өз заманында өмірде болып жатқан жаңа өзгерістерге сергектікпен үн қосып отырған ақындардың бірі болды. Атап айтқанда, “Горький жолдас, көркі едің”, “Жасасын, Кеңес келісті”, “Күнің туды, кедейлер”, “Енді жоқ кедей тапқа көру кемдік” тәрізді өлеңдерімен бірге бірсыпыра жырларын Сталинге де арнаған.

Өлеңдерінің мазмұны мен қоса шығарылу формалары да түрлі-түрлі болған. Атап айтқанда, олардың негізгілері – терме, толғау, рубаи, айтыс, мысал, хикая, дастан тәрізді қазақ және шығыс әдебиетіне тән түрлі жанрлар еді. Бір назар аударатыны – ақын өлеңдерді жалаң шығара салмай, өзі жинақтаған білімді де үнемі дерлік қоса пайдаланып отырған. Оның шығармаларында әсіресе шығыс әдебиетінің мазмұндық, көркемдік әсерінің мол екені айқын байқалады. Ол өзінің көркем ойлары көбінесе имандылыққа, ізгілікке және басқа да адамгершілік қасиеттерге апарып тіреуге бейім.

Тұрмағамбет шығармашылығына тән болып келетін ерекшеліктердің бірі – сыршыл лиризм мен философиялық ойларды қатар ұстап, тұжырымды пікірлерін поэзияның көркем тілі арқылы сәтті жеткізе білуі. Ақын шығармалары мазмұны жағынан күнделікті өмірге, жақын болып келеді. Солардың ішінде тұрмыстық өлеңдері де аз емес. Олардың бірсыпырасы арнау өлеңдер. Өмірде болған нақты адамдарға қарата жазған жырларының өзінде үгіт-насихат, моральдық сарын мол болып келеді. Ақын шығармашылығының тағы бір ерекшелігі – айтар ойын көбіне Ислам дінінің негізгі канондарымен байланыстырып отыруы. Адамгершіліктің басты негіздері адалдықта, тазалықта, бір Аллаға деген сенімде жатқаны көркем шумақтар арқылы қайталанып келіп жатады.

Насихаттық сарынның басымдылығы оның мысалдары мен хикаяттарынан айқынырақ көрінеді. Ақынның шығармашылық өсуінің бір қырын көрсететін жанр деп дастандарын айтуға болады.

Т.Ізтілеуұлы шығармашылығының үлкен бір белесі – парсының ұлы ақыны Ә.Фирдоусидің атақты “Шаһнамасын” қазақ тіліне еркін аударма жасауы. “Шаһнама” дастанының бір бөлімін арнайы тапсырыспен дастанның авторы, парсының ұлы шайыры Ә.Фирдоусидың туғанына мың жыл толуына байланысты аударған. Түпнұсқадан еркін аударылған бұл шығарма қазақ оқырмандарының арасына “Рүстем-Дастан” деген атпен тарады. 1962 жылы кітап болып жарық көрген туындыға академик М.Әуезов алғысөз жазған. Сонда ол бұл шығарманы аударма дегеннен гөрі Рүстем-Дастан жөніндегі дастанның қазақша нұсқасы ретінде бағалағанымыз дұрыс деген пікір айтады.

«Рүстем-Дастан» дастаны оқырмандар тарапынан да, әдебиет сыншылары тұрғысынан да жақсы лебізге ие болды.

Ақын шығармалары “Үш ғасыр жырлайды” (1965), “Бес ғасыр жырлайды” (1985) жинақтарына енген. “Шаһнаманың” бір тарауы “Рүстем-Дастан” (1962), “Назым” (1972, 1984) деген атпен жеке кітап болып басылды. Т. Ізтілеуұлының шығармашылығын зерттеушілердің қатарында М.Әуезов, Ә.Қоңыратбаев, М. Ғабдуллин, Ә.Тәжібаев, М.Қаратаев, Р.Бердібай, М.Дүйсенов, М.Байділдаев, Ө.Күмісбаев, Қ.Сыдықов, Т.Тебегенов, Ш.Керім, Б.Жүсіпов, А.Алматов және т.б. ғалымдар бар.

2007 жылы қараша айында Тұрмағамбет Ізтілеуұлының туғанына 125 жыл толуы мерекесі республика көлемінде кеңінен аталып өтті.

 







Дата добавления: 2015-09-15; просмотров: 2205. Нарушение авторских прав; Мы поможем в написании вашей работы!



Кардиналистский и ординалистский подходы Кардиналистский (количественный подход) к анализу полезности основан на представлении о возможности измерения различных благ в условных единицах полезности...

Обзор компонентов Multisim Компоненты – это основа любой схемы, это все элементы, из которых она состоит. Multisim оперирует с двумя категориями...

Композиция из абстрактных геометрических фигур Данная композиция состоит из линий, штриховки, абстрактных геометрических форм...

Важнейшие способы обработки и анализа рядов динамики Не во всех случаях эмпирические данные рядов динамики позволяют определить тенденцию изменения явления во времени...

Патристика и схоластика как этап в средневековой философии Основной задачей теологии является толкование Священного писания, доказательство существования Бога и формулировка догматов Церкви...

Основные симптомы при заболеваниях органов кровообращения При болезнях органов кровообращения больные могут предъявлять различные жалобы: боли в области сердца и за грудиной, одышка, сердцебиение, перебои в сердце, удушье, отеки, цианоз головная боль, увеличение печени, слабость...

Вопрос 1. Коллективные средства защиты: вентиляция, освещение, защита от шума и вибрации Коллективные средства защиты: вентиляция, освещение, защита от шума и вибрации К коллективным средствам защиты относятся: вентиляция, отопление, освещение, защита от шума и вибрации...

Образование соседних чисел Фрагмент: Программная задача: показать образование числа 4 и числа 3 друг из друга...

Шрифт зодчего Шрифт зодчего состоит из прописных (заглавных), строчных букв и цифр...

Краткая психологическая характеристика возрастных периодов.Первый критический период развития ребенка — период новорожденности Психоаналитики говорят, что это первая травма, которую переживает ребенок, и она настолько сильна, что вся последую­щая жизнь проходит под знаком этой травмы...

Studopedia.info - Студопедия - 2014-2024 год . (0.01 сек.) русская версия | украинская версия