Студопедия — Міржақып Дулатұлы
Студопедия Главная Случайная страница Обратная связь

Разделы: Автомобили Астрономия Биология География Дом и сад Другие языки Другое Информатика История Культура Литература Логика Математика Медицина Металлургия Механика Образование Охрана труда Педагогика Политика Право Психология Религия Риторика Социология Спорт Строительство Технология Туризм Физика Философия Финансы Химия Черчение Экология Экономика Электроника

Міржақып Дулатұлы






(1885-1935)

ХХ ғасырдың басында қазақ халқының отаршылдық езгіден құтылып, рухани оянуына үлкен үлес қосқан тұлғалардың бірі – Ахмет Байтұрсынов пен Әлихан Бөкейхановтың серіктесі, саяси-қоғам қайраткері, ақын, жазушы, публицист, ағартушы, ұстаз Міржақып Дулатов болды.

М.Дулатовтың өмірі мен қоғамдық көзқарасының қалыптасуы сол дәуірдің саяси-әлеуметтік жағдайларымен тығыз байланысты. Ол 1885 жылы қараша айында Торғай уезінің, Сарықопа болысының бірінші ауылында (қазіргі Қостанай облысының Жанкелдин ауданы) туған. Екі жасында анадан, он екі жасында әкеден жетім қалған баланы Асқар деген ағасы қамқорлыққа алып, 1897 жылы Торғайдағы екі сыныптық орыс-қазақ мектебіне оқуға береді. Мектепті жақсы бітірген Міржақып одан кейін мұғалімдер дайындайтын курста оқиды. Содан ауыл мектептерінде мұғалімдік қызмет атқарады. Өз бетінше білімін жетілдіріп, орыс жазушылары шығармаларын оқиды, саяси әдебиетпен танысады.

Бұл кезең – патша өкіметінің қазақ елін отарлау саясатының күшейіп, онсыз да жүдеу қазақ шаруалары мен еңбекшілерін тығырыққа тіреген кезі болатын. Патша өкіметі қазақ жерінің байлығын өз еркінше игеріп, ұлттық езгіні күшейтті. Бұл жағдайлар қазақ халқының азын-аулақ оқыған азаматтарына ой салып, олар отаршылдықтан құтылудың, халықтың ұлттық санасын оятудың, надандыққа қарсы күресіп, ел ішіне ағартушылық шаралар жүргізудің жолдарын қарастыра бастады. Ауыл мектебінде мұғалім бола жүріп, қазақ халқының жүдеу тіршілігімен танысқан Міржақып осы қозғалысқа бірден іш тартты. Оған белсенді қатысуға ұмтылды. Осы мақсатпен ол 1904 жылы Омбы қаласында өткен қазақ зиялыларының бас қосуына қатысады. Онда Ахмет Байтұрсыновпен, Әлихан Бөкейхановпен танысады. Ахметпен бірге Қарқаралыға барып, 1905 жылғы патшаның отарлау саясатына қарсы ереуілді көреді. Содан қазақ конституциялық-демократиялық партиясының Орал қаласында болған съезіне барады. Сол съездің делегаты ретінде 1906 жылы Петербургке сапар шегеді.

Ресей астанасында өткен күндер Міржақып үшін үлкен мектеп болғанға ұқсайды. Ондағы төңкерісшіл ой пікірмен танысады. Сонда оқитын озық ойлы қазақ жастарымен кездеседі. Сол тұста Петербургте шыққан “Серке” атты қазақ газетінің бірінші санында Міржақыптың “Жастарға” деген өлеңі жарияланады. Газеттің екінші санына ол “Біздің мақсатымыз” атты мақала бастырады. Алайда газеттің бұл санына патша полициясы тәркілеп, халыққа таратпай жойып жібереді. Осы жылдардан бастап Міржақып ақын ретінде көрініп, ойға түйген, халыққа арналған пікірлерін өлең түрінде таратуға кіріседі. Ол өлеңдер 1909 жылы Қазанда басылған “Оян, қазақ!” атты жинаққа кіреді. Отаршылдықтың сыры мен халықтың қараңғылықтағы күйін енді сезініп түсіне бастаған оқырмандар үшін бұл кітаптың әсері тым күшті болды. Ақын жырлары ел арасына кең тарап, жатталып айтылды. Тиражы тым тез тарап кеткен кітап 1911 жылы екінші рет басылып шықты. Бірақ бұл басылым патша әкімшілігі тарапынан қуғын көріп, оның таралымы жиналып алынды, баспаға үлкен айып салынды, Міржақыптың өзі қуғынға ұшырады, бірнеше қайтара түрмеге жабылды. Өкімет тарапынан ұйымдастырылған мұндай қуғынға қарамастан, Міржақып әдеби-публицистік қызметін жалғастыра берді. “Бақытсыз Жамал” (1910), “Азамат” (1913), “Терме” (1915) атты кітаптар жазды.

“Оян, қазақ!” басылғаннан кейін қуғынға ұшырап, бақылау астында жүрген Міржақыптың бір жерде тұрақтап жұмыс істеуіне мүмкіндік болмаған. Ол әр жерде үзіп-жұлып еңбек етіп күн көрген. Аз уақыт тілмаштық қызмет атқарған, жеке адамдарға жалданып жұмыс істеген, қазақ балаларына орысша сабақ берген. Осындай бір тұста Қызылжарда одан Мағжан Жұмабаев та дәріс алыпты.

1913 жылы Міржақып Орынбор қаласынан тұрақ табады. Онда Ахмет Байтұрсыновпен кездесіп, екеуі “Қазақ” газетін шығарады. Ахмет редакторлық еткен газеттің ішкі жұмысы мен ұйымдастыру шараларын Міржақып жүргізеді. Ол “Қазақ” газеті бетінде қазақ халқының әлеуметтік өмірі мен отаршылдықтағы елдің жай-күйі туралы көптеген мақалалар бастырады. Төңкеріс тұсында Алаш партиясы мен Алашорда үкіметін құру істеріне белсенді араласады. Алашорда тарап, Кеңес өкіметі орныға бастаған тұста ол да Ахметпен бірге жаңа құрылыс жағына шығып, қазақ халқы өмірінің жаңаруы мен мәдениеті өркендеуіне тілектестік білдіреді, өз әлінше үлес қосады. Бұдан кейінгі ақын өмірі “Ақжол”, “Еңбекші қазақ” газеттері редакцияларында журналистік қызметпен өткен. Аз уақыт ұстаздық қызметіне оралған. Сол тұста “Есеп құралы”, “Қирағат кітабы” (хрестоматия) атты оқулықтар дайындап бастырған. “Балқия” атты пьесасы, “Бүркіт кегі” атты поэмасы жарық көрген. Қоғамдық-саяси әдебиетті аударуға қатысқан.

Осындай қазақ халқының жаңа өмір құруы ісіне араласып жүрген кезінде елімізде демократиялық принциптердің бұзылуы тұсында Міржақып жазықсыз жазаға тартылады. 1928 жылы Қазақстанда ірі байларды тәркілеу тұсында “соларға іш тартты, жаңа саясатты қолдамады” деген айыптар тағылып, ол түрмеге жабылады. Алашорданы құру кезіндегі белсенді қызметі қайтадан еске алынады. Сөйтіп, Балтық теңізіндегі Соловки тұтқын лагеріне жер аударылады. Сол жерде 1935 жылы қазанның 5 күні қайтыс болады.

“Оян, қазақ!” – Міржақыптың ең басты кітабы. Ол ХХ ғасыр басында қазақ арасына ең көп тараған және авторының ақындық даңқын көтерген кітап. Оған кітаптың қазақ халқының сол тұстағы отаршылдық езгідегі ауыр өмірін суреттеп, халықты ұйқыдан оятып, білім-ғылым жолына ұмтылуға, надандықпен күреске, қанауға қарсы бой шақырған мазмұны айырықша әсер етті. Оның идеясы – кітаптың атынан-ақ көрініп тұрды. Автор кітаптың беташары ретінде ұсынған өлең жолдары да оны анық танытады.

 

Көзіңді аш, оян қазақ, көтер басты,

Өткізбей қараңғыда бекер жасты.

Жер кетті, дін нашарлап, хал Һарам боп,

Қазағым, енді жату жарамас-ты.

 

Кітап тұтастай алғанда, тағдыр тауқыметін тартқан халықтың кешегі өмірі, елдік, ерлік дәстүрі, бодандыққа ұшыраған қайғылы халі, бейқам тіршілігі жайындағы үлкен ақындық, азаматтық толғанысты бейнелейді. Ақын осы жайларды суреттей отырып, халықты ұйқыдан оянып, бүгінгі күйі жайында ойлануға, келешекке ұмтылысқа жетелейді.

Ақын отаршылдық жағдайындағы қазақ халқының патша әкімшілігінен көрген қысымын әр жағынан алып көрсетеді. “Қазақ жерлері” атты өлеңде ол 1731 жылы қазақтарды “панасына” алған Ресей патшасының 1868 жылы қазақ жерін түгелдей қазына қарамағына өткізгенін, содан бастап, қазақты атамекен жерлерінен ығыстыру басталғанын, ақыры оған орыс мұжықтарын орналастыру жүргенін әңгімелейді. Халықты қасіретке душар еткен осы саясаттың зардаптарын суреттейді.

“Сайлаулар хақында” атты өлеңде Міржақып ел билігін қолға алған патша өкіметінің сайлау жүйесінің әділетсіздігін, оның ел ішіндегі алауыздықты өршіте түскенін, партиягершіліктің, мансапқорлықтың күшейгенін сынайды. Халықтың осы күйден құтылуының жолын Міржақып ел ішіне оқу-білім таратудан, орыс білімін үйреніп, олармен тең тұруға ұмтылудан іздейді.

Мазмұны бай, идеясы анық, халыққа кезінде күшті ықпал еткен кітап бола тұра, “Оян, қазақ!” және оған кірген өлеңдер көркемдігі жағынан біраз ақсаңқырайды. Ондағы ой, негізінен, ашық үгітке, насихатқа шақыру – үндеуге құрылады да, оқиға сурет жолымен емес, баяндау арқылы өрбиді. Автор ойын жеткізу үшін тәптіштеп, қайталап ұғындыруға тырысады. Бейнелі сөз, көркем сурет аз кездеседі. Кітаптың тілі де ауырлау. Ақын араб, парсы, татар тілінен енген бөгде сөздерді көп қолданады. Соған қарамастан, “Оян, қазақ!” ел ішіне кең тараған, халыққа жақын еңбек боп қалды.

“Оян, қазақтың” халық жүрегінен орын алуы, ондағы өлеңдердің жатталып, ауыздан-ауызға тарап кетуі Міржақыпты ақындық жолға жігерлендіреді. Сонымен бірге ол кітаптың көркемдік кемшіліктерін де байқады. “Азамат”, “Терме” жинақтары ақынның осы саладағы жаңа ізденістерінің белгісі сияқты. Жаңа өлеңдерінде халықтың азаттығы идеясын жалғастыра отырып, ол бұрынғыдай баяндау жолымен емес, заман ауыртпашылығын жеке адамның (лирикалық кейіпкердің) көңіл күйін, ішкі сезімін, жан толқыныстарын суреттеу арқылы танытуға тырысады. Лирикалық кейіпкер – өмірін халқының бақыты жолына арнаған күрес адамы, ел мүддесінің жоқшысы. Ол халық тағдырына бейтарап қарай алмайды, әрбір қиыншылыққа күйзеледі, мұңын шағады, оқырманмен жан сырын бөліседі. Саналы өмірін туған халқының азаттығы жолындағы күреске арнаған ол “Шағым” өлеңінде:

 

Мен біткен ойпаң жерге аласа ағаш,

Емеспін жемісі көп тамаша ағаш.

Қалғанша жарты жаңқам мен сенікі,

Пайдалан керегіне жараса, Алаш! –

 

деп, еліне ағынан жарыла сыр шертеді. Өлеңнен оның сыры ел тағдырымен сабақтас екенін, халық қайғысын арқалап, “көзінен жас, қаламынан қара бояу жылап ағатынын” көреміз, сезінеміз. Қажыған қам көңілі көтерілмей, ол жұртына шағымданады. “Мұң”, “Сырым”, “Қажыған көңіл” өлеңдерінде халқының азаттығын көксегені үшін қуғынға түскен азаматтың әр күйдегі көңіл күйі суреттеледі.

Міржақыптың халықтың азаттығы мен ағарту жолындағы күресінде қазақ қоғамындағы әйелдердің жай-күйі, тағдыры елеулі орын алады. Ол жас қыздарды қалың малға сатуға, тең емес адамдарға зорлап қосуға, жесір әйелдерді әмеңгершілік заңымен некеге отырғызуға қарсы екенін алғашқы өлеңдерінен бастап, көптеген шығармаларында, мақалаларында батыл көтерген. Мұны Міржақып адам құқын аяққа басу, қорлау деп түсінген. Жас қызды қалың мал алып шалға сату, көп әйел алушылық, әмеңгершілік сияқты ескі салт ұғымдар талай адамдардың өмірін өксітіп, талай тағдырлардың қайғымен аяқталғанын ол ашық жазған. “Оян, қазақтағы” “Жесір даулары хақында” деп аталатын ұзақ өлең бұған айқын дәлел. Бұл тақырыпты кейін “Бақытсыз Жамал” романында жалғастырып, автор көркем әдебиет арқылы халыққа әсер етуді, жастардың бас бостандығын қолдауды көздеген.

“Бақытсыз Жамал” – қазақтың ұлттық әдебиетінде роман деген атпен басылған алғашқы кітап. Ол 1910 жылы Қазанда басылған. Шығарма, негізінен, проза үлгісінде жазылған. Кейде өлең жолдары араласып келіп отырады. Бұл әлі жазу мәдениеті кеш дамыған әдебиетте көркем прозаның толық қалыптасып үлгермегенін, үйреншікті өлең үлгісі оқырман санасынан шығып болмағанын көрсетеді.

Роман қалың малға сатылып зорлықпен өзіне тең емес, байдың кемтар баласына ұзатылған Жамал деген қыздың сүйген жігітінен айырылып зар шеккенін, ақыры зорлықшылардың қолынан қайғылы қазаға ұшырағанын баяндайды. Оқиға, негізінен, Жамал тағдырына байланысты өрбиді. Оның кейіпкерлері – қазақ ауылының қарапайым адамдары. Олардың іс-әрекеті негізгі оқиғаға байланысты көрініп, шығарманың идеялық-көркемдік бағытына қарай ашылады.

Жамал – өз заманының саналы, оқыған қызы, тең құрбыларының алды. Әкесі Сәрсенбай бір перзентке зар болып жүріп, құдайдан сұрап алған қызын ауыл молдасына беріп, кейін мұғалім жалдап оқытқан. Аз оқыса да өзінің зеректігімен Жамал тез сауатын ашып, хисса-жырларды заулатып оқып, ел-жұртты аузына қаратады. Бұл айтылған артықшылығының үстіне, Жамал сөзге де ұста болып, өз ойынан шығарып өлең де жазатын болды. Олай-бұлай қалжыңмен сөйлескен бозбаланы сөйлетпейтін еді. Ел оны “екінші Сара” атандырады. “Мұнымен айтысарлық Біржан қайдан шығар екен?” – деп лақаптайды.

Осындай ел ілтипатына бөленген сұлу, ақылды қыздың қалың малға сатылып, тағдыры сүймеген, жат адамның қолына берілуі кімді де болса толғандырады. Ескі салт бойынша, қалың мал алып, әкесінің Жамалды Байжан байдың таз баласына ұзатуынан бастап, Жамалдың өміріне өзгеріс кіреді. Ол әуелі әкесіне наразылығын білдіріп, одан қайыр болмайтынын көрген соң, өз бақытын өзі іздейді. Ғалимен танысып, қашып кетеді. Ғалидың үш-ақ күн ауырып, ойда-жоқта өлуі, Жамалдың ұзатылған жеріне барып, зорлық көруі оны өмірден безіндіреді. Ол қараңғы түнде қашып шығып, боранда адасып, үсіп өледі.

Жазушы Жамал бейнесін жанама портрет, мінездеулер арқылы ашады. Оны өзінің замандастарының ой-пікірімен толықтырып отырады. Әкесіне наразы болып айтқан өлеңі, Ғалимен танысуы кезінде кезектесіп айтылатын өлең шумақтары, өлеңмен жазылған хаттар қыздың ақындық қабілетін, ақылдылығын көрсетеді. Бұл өлең жолдарын жазушы кейіпкердің ішкі сезімін, ой дүниесін, мұң-зарын ашуға пайдаланады.

Ғали да өз заманының озық жасы. Ол да оқыған, ақын, әнші, шешен. Ғали мен Жамалдың бірін-бірі толықтырып тұратын, біріне-бірі тең ұқсас жандар екені екеуінің танысу суретінен, кезектесіп өлең айтуы тұсында көрінеді. Ол өлең жолдарында тұрмыстың әлеуметтік мәселелері, жастардың мұң-сыры әңгіме болады. Екеуі бірін-бірі тез түсінеді. Ғалидің сөзге ұстамды, беріктігі танылады.

Сөйтіп, романда Міржақып Жамал мен Ғали арқылы ғасыр басындағы қазақ жастарының алдыңғы қатарлы типін даралайды. Оларды махаббат майданында кездестіріп, бірін-бірі адал сүйген, сол үшін жанын қиған, адамгершілігі мол, әділдік жолындағы күрескер етіп суреттейді.

Қыздың атастырған күйеуі Жұман – осы екеуіне қарама-қарсы бейне. Жамал мен Ғали қаншалықты жарасымды жұп болса, Жұман – соншалықты сүйкімсіз, надан, топас, дөкір. “Таз және ақылсыз”, бай баласы болып санатқа кіріп жүрген ол өзінің жалған намысын қорғауға келгенде, соншалықты батыл және оспадар.

“Бақытсыз Жамалдың” қазақ әдебиетіндегі тұңғыш роман екені айтылды. Бір қарағанда, бүгінгі ірі-ірі романдары бар реалистік әдебиет үшін оның үлкен құбылыс болып көрінбеуі де мүмкін. Алайда туған кезі мен ол кездегі әдебиет дамуы тұрғысынан шығарманың маңызы бар. Автор романды оқиға мен тартысқа құра отырып, сол дәуірдің сыры мен адамдарын тәп-тәуір суреттеп береді. Оқиғаның өрбуі, адамдардың кейіптелуі, бір-біріне сәйкес. Шығарма көлемі шағын. Ол үлкен прозаға тән көп жүйелі, сан тарамды сюжет арқылы дамымағанмен, бір жүйелі сюжетті автор жап-жақсы өрбітіп алып шығады. Әңгімені Жамал тағдырына байланыстыра отырып баяндайды. Баяндау, әңгімелеу сарыны басым да, көркем сурет аз.

Өз бойына шақ белгілерімен “Бақытсыз Жамал” қазақ әдебиеті тарихына роман болып кірді. Міржақып қазақ романының алғашқы үлгісін жасап, онда қазақтың әңгімешілдік дәстүрін, ауыз әдебиетіндегі бейнелеу суреттеу құралдарын пайдаланды. Басты кейіпкерлердің ішкі сезім күйлерін, психологиялық тебіреністерін өлең жолдарымен ашты. Хат жазысу, айтысу, өнер жарыстыру түрлерін қолданды. Диалог арқылы кейіпкерлердің сөз сөйлеу ерекшеліктерін айқындап мінездеді.

“Бақытсыз Жамал” ғасыр басындағы әдеби қозғалыс үшін жаңалық болды.

 







Дата добавления: 2015-09-15; просмотров: 3538. Нарушение авторских прав; Мы поможем в написании вашей работы!



Вычисление основной дактилоскопической формулы Вычислением основной дактоформулы обычно занимается следователь. Для этого все десять пальцев разбиваются на пять пар...

Расчетные и графические задания Равновесный объем - это объем, определяемый равенством спроса и предложения...

Кардиналистский и ординалистский подходы Кардиналистский (количественный подход) к анализу полезности основан на представлении о возможности измерения различных благ в условных единицах полезности...

Обзор компонентов Multisim Компоненты – это основа любой схемы, это все элементы, из которых она состоит. Multisim оперирует с двумя категориями...

Определение трудоемкости работ и затрат машинного времени На основании ведомости объемов работ по объекту и норм времени ГЭСН составляется ведомость подсчёта трудоёмкости, затрат машинного времени, потребности в конструкциях, изделиях и материалах (табл...

Гидравлический расчёт трубопроводов Пример 3.4. Вентиляционная труба d=0,1м (100 мм) имеет длину l=100 м. Определить давление, которое должен развивать вентилятор, если расход воздуха, подаваемый по трубе, . Давление на выходе . Местных сопротивлений по пути не имеется. Температура...

Огоньки» в основной период В основной период смены могут проводиться три вида «огоньков»: «огонек-анализ», тематический «огонек» и «конфликтный» огонек...

Весы настольные циферблатные Весы настольные циферблатные РН-10Ц13 (рис.3.1) выпускаются с наибольшими пределами взвешивания 2...

Хронометражно-табличная методика определения суточного расхода энергии студента Цель: познакомиться с хронометражно-табличным методом опреде­ления суточного расхода энергии...

ОЧАГОВЫЕ ТЕНИ В ЛЕГКОМ Очаговыми легочными инфильтратами проявляют себя различные по этиологии заболевания, в основе которых лежит бронхо-нодулярный процесс, который при рентгенологическом исследовании дает очагового характера тень, размерами не более 1 см в диаметре...

Studopedia.info - Студопедия - 2014-2024 год . (0.009 сек.) русская версия | украинская версия