Студопедия Главная Случайная страница Обратная связь

Разделы: Автомобили Астрономия Биология География Дом и сад Другие языки Другое Информатика История Культура Литература Логика Математика Медицина Металлургия Механика Образование Охрана труда Педагогика Политика Право Психология Религия Риторика Социология Спорт Строительство Технология Туризм Физика Философия Финансы Химия Черчение Экология Экономика Электроника

Сұлтанмахмұт Торайғыров





(1893-1920)

 

Сұлтанмахмұт 1893 жылдың 28 қазанда Омбы уезінің Шағрай болысына қарасты Қарауыл Шабар аулындағы (қазіргі Солтүстің Қазақстан облысы Уәлиханов ауданы) туған. Өз әкесі Шоқпыт атанған (шын аты – Әбубәкір) кедей, момын ақ көңіл адам болған. Шаруасы күйсіз Шоқпыт Қарауыл еліндегі бай жездесін паналап, соның малын баққан. Сонда үйленген. Сұлтанмахмұт сонда туған.

Сұлтанмахмұттың екі жасында шешесі өліп, болашақ ақын жетімдік пен жоқшылықтың тақсыретін бірдей көріп өседі. Әйелі өлгеннен кейін, балаларын алып Шоқпыт та өзінің туған жері Павлодар облысының Баянауыл ауданына көшеді. Сұлтанмахмұттың балалық шағы сонда өтеді.

Әкесінің көмегімен алты жасында хат таныған Сұлтанмахмұт әуелі ауыл молдасынан сабақ алып, 1908 жылы Баянауылдағы Әбдірахман молданың медресесіне түседі. Бірақ оны бітірмей кетіп қалады. Өз үйінде жатып оқыған баланы молда малай орнына жұмсайды, оның үстіне қатал ұстап, әртүрлі сылтаулармен ұрып-соғатын болады. Молданың надандығын, қаталдығын айтып, Сұлтанмахмұт сықақ өлеңдер шығарады. Молда баланы одан әрі жазалап, өлең жазуына тыйым салады. Осындай қаталдыққа шыдамаған Сұлтанмахмұт оқуды тастап кетеді. Жасынан әртүрлі молда алдын көріп, олардан жарытымды білім ала алмаған Сұлтанмахмұттың дін мен молда жайлы көзқарасы осы кезден қалыптаса бастағанға ұқсайды. Ол молдалардың надандығын, ескі діни мектептің балаға ешнәрсе үйрете алмайтын схоластикасы мен қатал тәртібін алғашқы өлеңдерінің өзінде-ақ («Орнымыз медресе оқып жатқан», «Дін», «Соқыр сопы», т.б.) қатты сынға алады.

1911 жылы Сұлтанмахмұт бір қыс бойы Нұрғали деген мұғалімнен сабақ алады. Ол жаңаша оқыған адам екен, оқушыларын пән негіздерімен таныстырып, олардың білімге деген ынтасын ұштайды. Нұрғалидың көмегімен Сұлтанмахмұт қазақ, татар тілдерінде шығатын көркем әдебиет кітаптары мен газет, журналдарды оқуға дағдыланады. Болашақ ақын одан әрі оқуды армандайды.

Осы мақсатпен Сұлтанмахмұт 1912 жылы Троицк қаласына барады. Онда Ахун Рахманқұли деген татардың медресесіне түседі. Бірақ Сұлтанмахмұт мұнда да ұзақ оқи алмайды. Тұрарға үй таппай, әрі қаражаты болмай, көп қиыншылық көрген ол өкпе ауруына шалдығады. Медреседе қыс бойы ғана оқып, жазғытұрым Троицк маңындағы бір ауылға бала оқытуға кетеді. Ондағы ойы – бала оқыта жүріп, денсаулығын көтеріп, қаражат жинап алып, қайта оқу іздеу болады. Мектептен бос кезінде ол өзі ізденіп оқиды, өлеңдер жазады.

Сұлтанмахмұттың бұл кезде жазған өлеңдерінен оқу-білімге деген құмарлық айқын байқалады. Жас ақын халықтың қараңғылықтағы күйден шығуы үшін өнер-білімнің қажет екенін айтар ағартушылық идеяға көтерілді.

 

«Шығамын тірі болсам, адам болып» деген өлеңінде ол:

Шығамын тірі болсам, адам болып,

Жүрмеймін бұл жалғанда жаман болып.

Жатқаным көрде тыныш жақсы емес пе,

Жүргенше өмір сүріп надан болып.

 

Мен – балаң жарық күннен сәуле қуған,

Алуға күнді барып белін буған

Жұлдыз болып көрмеймін елдің бетін

Болмасам толған айдай балқып туған,

 

– деп ақындық, азаматтық бағдарлама ұсынады. Осыдан бастап, ақын өлеңдерінің лирикалық кейіпкерінде шарқ ұрып іздену байқалады. Сол жолда ол нелер қиыншылықты жеңуді ойлайды. «Ендігі бет алыс» өлеңінде:

 

Тұрмысты үмітім көп жеңем деген,

Жеңуге жігеріме сенем деген.

Ырқыма менің жүрер қай дүние,

Көнбесе өз ырқыма өзім денем.

Әрине, шыдар-ақпын өлуге мен,

Баспаспын жаман жолға көнуге мен,

Ақтармын оқып жетіп адам атын,

Басқаға жоқ ықылас бөлуге мен.

– дейді.

Сұлтанмахмұт – тым ерте оянған және халық, ел мұңын ерте түсініп жырлаған ақын. Осы балаң жігіт (19-20 жаста) кезінде жазған өлеңдерінің өзінде ол әлеуметтік теңсіздікті, қазақ халқының қоғамдық өмірінің мешеулігін, ескі ауылды езіп-жанышқан әдеп-ғұрып заңдарының қырсығын жіті көреді. Өз дәуірінің озат ақыны есебінде аталған ауртпашылықтарға ол жаны ауыра қарайды.

1913 жылдың күзінде Сұлтанмахмұт Троицкіде шығатын “Айқап” журналының редакциясына қызметке орналасады. Журнал бетінде бірнеше өлеңдер (осы өлеңдердің көпшілігі сол жылы “Айқапта” басылған) мен “Ауырмай есімнен жаңылғаным” атты әңгімесін, мақалаларын жариялайды. “Қамар сұлу” романын жазуға кіріседі.

“Айқап” редакциясында Сұлтанмахмұт ұзақ істемейді. Сол дәуірдің қайшылықты талас-тартысы мол жағдайында бірбет, қайсар ақын ешкіммен ымыраға келе алмайды. Екі жақты күрес арасында жүріп, ескілік ру таласын қоздырушылар оның соңына түседі. Ойындағысын тіке айтатын, шапшаң мінезді Сұлтанмахмұт ақырында редакциядан кетуге мәжбүр болады.

1914 жылы жазда Сұлтанмахмұт Баянауылға барады. Өз ауылында біраз бала оқытып, қаражат жинап алып, үлкен қалалардың біріне оқуға кетуді ойлайды. Ел жастарын оқуға, мәдениетке бастар мәдени-ағарту ұйымын (өзі оны “Шоң серіктестігі” деп атаған) құруға талап жасайды. Бірақ ол ойы іске аспайды. Тағдырға наразылығын, елдің ауқатты адамдарына сенбейтінін айтып өлеңдер жазады.

“Бір адамға” деген өлеңінде Сұлтанмахмұт қоғамдық теңсіздікті айқынырақ танығанын байқатады. “Шоң серіктестігі” шаруасымен барғанда, ақынға көмектесу орнына Шорманның Садуақасы қонақтарға бұрынғы аталарынан қалған шен-шекпен, асыл бұйымдарды көрсетіп мақтаныпты. Өлеңді Сұлтанмахмұт сол оқиғаға арнап жазған. Ол ақсақал шал көрсеткен “асыл нәрселерді” көріп отырып, мынадай дүниеқоңыз, шен-шекпенге құмартқан “басшы”, “баққан халқын ондырған-ау” деп ойлайды. Шал күміс кесе, алтын аяқтарын көрсеткенде: “Қай момынның малы бар бұл аяқта” деп, шалдың байлығы момындардың еңбегімен жиналғанын мысқыл түрінде білдіреді.

 

Кесені қолыма алып қарай бердім,

Ішінде нақақ көзден жас бар ма деп, –

 

деген жолдардың өзінде қанаудың сырын аңғартарлық үлкен ақындық ой жатыр.

1914 жылдың күзінде Сұлтанмахмұт тағы да оқу іздеп, Семей қаласына барады. Орысша оқуға талап жасайды. Бірақ төменгі дәрежелі оқуға түсуге жасы сәйкес келмейді, жоғарғы дәрежелі мектепке түсуге білімі жетпейді. Өз бетімен кісі жалдап оқуға қаржысы болмайды.

Бұл жағдайлар Сұлтанмахмұтты дағдарысқа түсірген. Ақын ой-арманы іске аспағанына, мақсатына жете алмағанына күйініп, көңіл күйінің әсерімен біраз өлеңдер («Ләпет бұлты шатырлап», «Алты аяқ», т.б.) жазған. Ақырында амалы таусылған ол Алтай бойына (қазіргі Шығыс Қазақстан облысы, Қатонқарағай ауданына) жалданып бала оқытуға кетеді.

Алтайда Сұлтанмахмұт 1916 жылдың күзіне дейін болған. Қатонқарағайда, Зайсанда бала оқытқан. Өзі де аздап білімін көтерген. Өлеңмен «Кім жазықты?» атты роман жазған.

Алтайдан қайтқан Сұлтанмахмұт күзде Томск қаласына барып оқуға түседі. 1916 –1917 жылдың қысында сонда оқып шыққан.

Тұрмыстың қиыншылығын көргенмен, қажырлы Сұлтанмахмұт іздеген оқуына қолы жеткен соң төзімділік көрсеткен. Тіпті бір кез қажып, өмірден торыққан ақынның көңіл күйі де көтеріліп, оның өлеңдерінде оптимистік сарын қайта бой көрсете бастайды. Осы кезде жазған “Шәкірт ойы” өлеңінде ол:

Қараңғы қазақ көгіне

Өрмелеп шығып күн болам.

Қараңғылықтың кегіне

Күн болмағанда кім болам?

 

деген асқақ идея ұсынады.

1917 жылдың наурызында Сұлтанмахмұт Семейге келеді. Бұл кезде Ақпан төңкерісі іске асып, патша тақтан құлаған болатын. Бұл хабарды ол қуана қарсы алады. Семейдегі қазақ комитетінде қызмет істеп, “Сарыарқа” газеті мен “Абай” журналына өлеңдері мен мақалаларын бастырады. Жаңа құрылған Алаш партиясы мен Алашорда өкіметіне тілектес болады.

Бұл тұста Сұлтанмахмұт қаламынан “Алаш ұраны”, “Таныстыру” сияқты шығармалар туады. Алғашқы өлең патшаның құлауы мен елдің тәуелсіз автономия алуына қуанған адамның көңіл күйін сездіреді. Ақын Алаш ісіне адалдықты, оны қолдауды уағыздайды, елді бірлікке, тәуелсіздік үшін күреске үндейді. “Таныстыру” – Алашорда үкіметінің белгілі қайраткерлері мен қазақтың ұлы адамдарын елге таныстыру мақсатында жазылған көлемді шығарма. Онда алдыңғы кезекте қазақтың ұлттық тәуелсіздігі жолына өмірін арнаған ұлдары Әлихан Бөкейхановтың, Ахмет Байтұрсыновтың, Міржақып Дулатовтың өмірі мен ісіне, басқа да қазақтың ұлттық даналарының еңбегіне сипаттама беріледі.

1918 жылдың жазында Сұлтанмахмұт өзінің туған елі – Баянауылға кетеді. Елде біраз тынығып, науқасын емдетеді. Осы тұста ол саяси-әлеуметтік, философиялық әдебиет оқумен көбірек шұғылданады. Таптар тартысы, күрес мәселесі жайында ойланады. Бірсыпыра өлеңдер мен “Кедей”, “Адасқан өмір”, “Айтыс” (аяқталмаған) атты поэмаларын жазады.

Бұл кездегі ақын шығармаларында өзі көрген өмірдің сабақтары мен себебін түсінуге ұмтылыс сарыны күшті. Ол өмір сүру мақсаты – елмен, келешекпен байланыста деп ұғады.

Қоғамдық әділетсіздікті айыптап, әділеттің жолын іздеу, сол жайлы толғаныстар ақынның осы кезде жазған “Адасқан өмір”, “Кедей” поэмаларының мазмұнын құрайды. “Адасқан өмір” поэмасында ол жалпы қазақ ауылындағы әлеуметтік теңсіздіктің шеңберінен шығып, бүкіл капиталистік қоғамға тән әділетсіздіктер жайын қозғайды. Сол қоғамың іріп-шіріп, азғындап бара жатқан белгілерін танып, адам баласының қанаудан құтылып, өз еңбегімен күн көретін, өз талантын халық игілігі жолына жұмсайтын кезін – бақытты өмірді аңсайды. Адам өмірінің кезеңдерін суреттеу арқылы ақын өзі өмір сүрген қоғам жағдайындағы адам тағдыры жайлы философиялық ой түйеді.

“Кедей” поэмасында қазақ кедейінің басынан кешкен ауыр тұрмысын, тіршілік жағдайларын суреттей отырып, оның өз ортасынан бөлінуін көрсетеді. Оны бай баласымен салыстырып, екі адамды екі түрлі теңсіздік жағдайға қойған қоғамды айыптайды. Бұл – ақын кейіпкерінің ескі өмірден безінуі, Сұлтанмахмұттың ескілікпен отасып кете алмайтының белгісі.

1919 жылдың аяғында Колчак үстемдігі құлап, Қазақстанның солтүстік облыстарында Кеңес өкіметі қайта орнаған кезде Сұлтанмахмұт жаңа өкіметке тілектестік білдіріп, оның елдегі шараларына қатысады. Шідерті болысындағы төңкерісшіл Комитеттің төрағасы болып сайланады. Оның бұл істерінде әділдікті алдан күткен үлкен үміт бар еді. Бірақ ол жаңа өкімет жұмыстарының арғы жағын көре алмады. Ауруы асқынып, төсек тартып жатып қалады да, 1920 жылы 21-мамыр күні қайтыс болады.

Сұлтанмахмұт қаламынан шыққан шығармалардың көлемдісі – «Қамар сұлу» романы. Роман тақырыбы мен мазмұны жағынан әлеуметтік туынды. Жазушы қазақ әйелінің теңсіздіктегі жай-күйін роман оқиғасының негізіне алып, сол арқылы өз дәуірінің қоғамдық шындығын әлеуметтік тұрғыда талдайды. Қоғамдық топтардың Қамар тағдыры туралы әртүрлі түсінігін, әрекет тіршілігін жан-жақты суреттей отырып, шығарма идеясын өзі өмір сүрген қоғамның негіздерін сынауға бейімдейді. Қалың малға сатып шалдардың жас қыз алуын, әлділердің әлсіздерге зорлығын, халықтың қараңғыдағы қапас тіршілігін өткір сынайды. Сол негізде феодалдық-патриархалдық салт-сананың күйреуін және оны ұға алмай отырған елдің надан мінез-құлқын әшкерелейді.

Сұлтанмахмұт – адам құқын қорғаушы, азат өмірді аңсаушы. Жастардың теңіне қосылып, білім алуына, халқын өрге сүйрер қатардағы азамат болуына тілекші. Романда жазушы өз ортасынан талпынып, бостандық іздеген осындай жастардың әр қилы кедергілерге кездесіп, ескі салттың құрбаны болғанын тебірене жазады. Сол арқылы аянышты тағдырға ел назарын аударуды, халық сезіміне әсер етуді көздейді.

Романның негізгі идеясын Сұлтанмахмұт әр қилы тағдырлар, адам бейнелері арқылы ашуға ұмтылады. Оның кейіпкерлері көзқарасы әртүрлі адамдардың қақтығыстары негізінде жіктеледі. Қамар, Ахмет және оларды жақтаушы Омар ұнамды кейіпкерлер ретінде танылып, жорға Нұрым, Қалтан қажы, Оспан би, т.б. жаңалыққа қарсы іс-әрекеттерімен көрінеді.

Қамар бейнесінде романтикалық қаһармандарға тән бірбеттілік, айтқанынан қайтпайтын, неге де болса, біржолата құлай берілушілік айқын байқалады. Жазушы романда әуелде кейіпкердің ішкі мінез-құлқының беріктігін бірбетті қайсарлығын, күйініш-сүйінішін суреттеу арқылы көрсетсе, кейін Нұрым үйінде зұлымдықпен бепте-бет кездесу үстінде іс-әрекеті арқылы ашады. Ол неке қимақ болған молдамен айтысып, оны масқаралап жеңеді. Бірақ әділетсіз ортада надан қара күштің қолына түскен Қамар босанып шыға алмайды. Мұңды қызды жынданған, оның басын Ахмет айналдырған деп ұққан қожа-молдалар Қамарды соққыға жығып, төбесін ойып өлтіреді.

Жазушы Қамар бейнесі арқылы қазақ қызының басындағы ауыр халді көрсетіп, “Елдің ең ардақтысы Қамарды осындай ит-қорлықпен өлтіргенде, басқа қыздардың күйі не болмақ?” – деген сұраққа жауап іздейді. Осы мысал негізінде ескі ауылды құрт аурудай жайлап, есеңгіретіп бара жатқан әдет-ғұрып заңын айыптайды. Автордың бұл ойы Қамардың өлердегі сөзінен айқын көрінеді.

Романдағы ұнамсыз бейнелерден аса айқын суреттелген адам – жорға Нұрым. Ол – төре тұқымынан шыққан, болыс, жан-жақты байланысы бар, қазақ ауылының ірі байы, озбыр әкімі. Жазушы жорға Нұрымды өзі жеккөретін ескіліктің жасауылы етіп алады да, бүкіл феодалдық ортаға деген өшпенділігін соған үйіп-төге жазады. Оны бойында ешбір адамгершілік пен гуманистік сезімнің нышаны да жоқ бейне етіп суреттейді.

Романның негізгі тақырыбы қыз тағдыры болғанмен, жазушы онда ХХ ғасыр бас кезіндегі қазақ өмірінің шындығы жан-жақты суреттелген. Жазушы суреттелген оқиғалар негізінде феодалдық салт-дәстүрге қарсы үн көтереді. Халықтың түбіне жетіп отырған қараңғылықты шенейді. Сол қараңғылық пен надандықты ата жолы деп берік ұстап, елді зар жылатуға пайдаланған ел билігіндегі адамдарды әшкерелеумен қатар ол өздерінің келешегін ойламай, ішкен-жегенге мәз болып жүрген елдің қалың надан тобын да сынға алады. Жоққа алданып жүрген қараңғы көпті әрі аяйды, әрі олардың ісін көріп ызаланады. Нұрымның Қамарды алу тойы кезінде өзінше мәз болып «қызықтап» жүрген топты суреттей отырып, Сұлтанмахмұт «бір күн тойса есектер, ми жоқ алдын есептер» дейді. Қамардың аянышты жайы түсінетін, оған жаны ашитын жан таппай күйінеді.

Сондықтан «Қамар сұлу» романының өткен өмірді, ондағы әділетсіздікті реалистікпен суреттей отырып, еңбекші халықты надандыққа, феодалдық кертартпа салт-санаға қарсы күреске үндеуде ерекше маңызы бар.

Сонымен бірге «Қамар сұлу» – қазақтың жазба әдебиетіндегі алғашқы романдардың қатарына қосылады. Сұлтанмахмұт мұнда прозалық елеулі шығарма жасауға талаптанады. Бірақ ақын әдебиетте қалыптасқан поэзия дәстүрінің шеңберінен шыға алмайды. Роман проза мен поэзияның араласуы түрінде жазылған. Онда әсіресе, кейіпкерлерді мінездеу, портрет жасау, қатысушылардың біріне-бірінің айтар сыр-ықыласы, көңіл күйі өлең түрінде беріледі. Қамар мен Ахметтің сырласуын, Нұрымға деген көзқарасын, ойын түгел өлеңмен жеткізеді. Қамардың өлер алдындағы қоштасу сөзі де, молдамен айтысы, бақсы-ишан сарындары – бәрі де өлеңмен айтылады. Бұл, бір жағынан, қалыптасып қалған халықтың поэзия дәстүрінің ырқы болса, екінші жағынан романдағы ауыз әдебиетінің әсерін де байқатады.

Сұлтанмахмұт реализмінің күші – оның өткір сыншылдығында. Ол өз заманының ұнамсыз қылықтарын аяусыз шенеп, оқырманын одан жиіренте, безіндіре суреттейді. Жорға Нұрым мен оның айналасындағы топқа жазушының көзқарасы мұны анық байқатса, оның ұнамды кейіпкерлері оларға барлық жағынан (ақыл-ой, портрет, сезім, т.б.) қарама-қарсы бейнеде жасалады.

Жазушы прозада да ақындық үлгіні сақтайды. Ол қарасөздің өзін желдірмелетіп, ырғақты әуенге құрады.

Романда тұрмыс-салттың жан-жақты жасалған суреттері бар. Олар дәуір шындығын реалистікпен беруде, халықтың рухани күйін танытуда едәуір маңызды. Сұлтанмахмұт сарказмді, иронияны молырақ пайдаланады. Сол арқылы құбылысқа өз позициясын байқатып, елге әсер етуді ойлайды. Қамардың “Ататай, болдым ғашық мұрыныңа” дейтін өлеңі Нұрымды кекету, күлкі ету үшін айтылады. Жазушы енді бірде Нұрымды “Бір олай, бір былай аунақшып, жарыла жаздап, булығып, анда-санда үйелеген өгіз секілді ыңырана түсуден басқаға шамасы келмей, ардақты күйеуіміз Нұрым отырды” деп суреттейді.

Роман өз дәуіріндегі әлеуметтік теңсіздікті батыл суреттеп, ескілікті аяусыз әшкерелеуде үлкен бағалы шығармалардың қатарына қосылады. Оның қазақ әдебиеті тарихындағы және Сұлтанмахмұт шығармашылығындағы орны да үлкен.

 

 







Дата добавления: 2015-09-15; просмотров: 3175. Нарушение авторских прав; Мы поможем в написании вашей работы!




Практические расчеты на срез и смятие При изучении темы обратите внимание на основные расчетные предпосылки и условности расчета...


Функция спроса населения на данный товар Функция спроса населения на данный товар: Qd=7-Р. Функция предложения: Qs= -5+2Р,где...


Аальтернативная стоимость. Кривая производственных возможностей В экономике Буридании есть 100 ед. труда с производительностью 4 м ткани или 2 кг мяса...


Вычисление основной дактилоскопической формулы Вычислением основной дактоформулы обычно занимается следователь. Для этого все десять пальцев разбиваются на пять пар...

Виды сухожильных швов После выделения культи сухожилия и эвакуации гематомы приступают к восстановлению целостности сухожилия...

КОНСТРУКЦИЯ КОЛЕСНОЙ ПАРЫ ВАГОНА Тип колёсной пары определяется типом оси и диаметром колес. Согласно ГОСТ 4835-2006* устанавливаются типы колесных пар для грузовых вагонов с осями РУ1Ш и РВ2Ш и колесами диаметром по кругу катания 957 мм. Номинальный диаметр колеса – 950 мм...

Философские школы эпохи эллинизма (неоплатонизм, эпикуреизм, стоицизм, скептицизм). Эпоха эллинизма со времени походов Александра Македонского, в результате которых была образована гигантская империя от Индии на востоке до Греции и Македонии на западе...

Измерение следующих дефектов: ползун, выщербина, неравномерный прокат, равномерный прокат, кольцевая выработка, откол обода колеса, тонкий гребень, протёртость средней части оси Величину проката определяют с помощью вертикального движка 2 сухаря 3 шаблона 1 по кругу катания...

Неисправности автосцепки, с которыми запрещается постановка вагонов в поезд. Причины саморасцепов ЗАПРЕЩАЕТСЯ: постановка в поезда и следование в них вагонов, у которых автосцепное устройство имеет хотя бы одну из следующих неисправностей: - трещину в корпусе автосцепки, излом деталей механизма...

Понятие метода в психологии. Классификация методов психологии и их характеристика Метод – это путь, способ познания, посредством которого познается предмет науки (С...

Studopedia.info - Студопедия - 2014-2024 год . (0.01 сек.) русская версия | украинская версия