Студопедия — Ілияс Жансүгіров
Студопедия Главная Случайная страница Обратная связь

Разделы: Автомобили Астрономия Биология География Дом и сад Другие языки Другое Информатика История Культура Литература Логика Математика Медицина Металлургия Механика Образование Охрана труда Педагогика Политика Право Психология Религия Риторика Социология Спорт Строительство Технология Туризм Физика Философия Финансы Химия Черчение Экология Экономика Электроника

Ілияс Жансүгіров






(1894-1938)

Жансүгіров Ілияс қазіргі Алматы облысы, Ақсу ауданынның аумағында туған. Қазақтың ұлы ақыны, қазақ кеңес әдебиетінің негізін қалаушылардың бірі. Сол замандағы басқа да ақын-жазушылар сияқты жастайынан өлең, қисса жаттап, ел арасында жасөспірім, бозбала кезден-ақ жыршылығымен, ақындығымен көзге түскен. Өз жанынан өлең шығаруға жастайынан машықтанған ол аздап айтысқа да түсіп жүреді. Ол өз шығармаларын тек ауызша шығарумен шектеліп қалмай, кейінірек жазып шығара бастаған.

1920 ж. Ташкент қаласындағы қысқа мерзімді курсты бітіргеннен кейін, әртүрлі ағарту жұмыстарында қызмет істейді. 1925-1928 жылдары Москва қаласындағы коммунистік журналистика институтында оқып, білімін одан ары толықтырады.

1928-1932 жылдары “Еңбекші қазақ” газетінің редакциясында, 1932-1934 жылдары Қазақстан Жазушылар одағында, 1934 жылдан өмірінің ақырына дейін Қазақстан Мемлекеттік көркем әдебиет баспасында редакторлық қызмет атқарды. Қазақ жазба әдебиетін қалыптастыруға тікелей атсалушылардың бірі. Сол кездегі басқа да жазушылар сияқты Ілияс Жансүгіров те әдебиеттің белгілі бір саласымен шектеліп қалмай, әртүрлі жанрда қатар еңбектенген. Негізгі шығармашылық таланты поэзия саласында жарқырап көрінгенімен, проза, драма жанрларына да қалам тартып, сатира саласында да өнімді еңбек еткен. Сол кездері жаңа қалыптаса бастаған қазақ мектептеріне арнап оқулықтар жазды. Қазақтың тұңғыш күнтізбесін жасаумен, ауыз әдебиеті мұраларын жинап бастырумен, әдеби сынмен және көркем аударма жасаумен де айналысты.

Қаламгердің әр жанрда жазған шығармаларының тақырыбы, идеялық мазмұны көбінесе ортақ болып келеді. Жасырақ кезде жазған өлеңдерінде жастық сезімі, жеке адамның көңіл-күйі басымдау көрінсе, уақыт өте келе, тақырып ауқымы да кеңейе түсті. Өнер-білімді уағыздау арқылы ағартушылық, демократиялық бағытын да айқын көрсетті. Кеңес дәуіріндегі туындыларында туған халқына сүйіспеншілік, еңбек адамдарының жарқын бейнесі жаңа заман рухын жырлау Ілияс Жансүгіров поэзиясының басты тақырыбын құрады. Ауыз әдебиетіне тән дәстүрлі өлең, жыр үлгілерін еркін пайдаланған ол, әсіресе, Абай поэзиясының ықпалында біржола кетіп қалмай, өз шығармашылығының көркемдік бағытын дамытты, дара қолтаңбасын танытты.

Ілияс Жансүгіров поэзиясы мейлінше кестелі түрлі сипаттағы көркем образға бай. Ел өмірінде болып жатқан жаңалықтарды көрсету үшін ақын жаңа бейнелі тіркестер тың көркемдік желілер іздестіріп отырды. Мысалы, көшу, қону сияқты қазақ тұрмысына тән көріністерге жаңаша мазмұн береді. Ол образдарды қазақтың байырғы тілінен, этнографиялық дәстүрлерінен туындатуға шебер. Ескі жұрт пен жаңа қоныстың көрінісі заман сипатына орай өзгере бастағаны “Көші-қон”, “Бүгінгі дала”, т.б. өлеңдерінен айқын байқалады. Жаңа заман қазағы да басқаша. Мысалы, баспаханада “Қыр қазағы” атты өлеңнің мазмұнынан осы ой айқын көрініс тапқан. Ақын творчествосынан берік орын тепкен, тұрақты бейненің үлкені – дала образы. Осы арқылы халық тұлғасын көрсетуі Ілияс Жансүгіров әкелген ірі жаңалықтың бірі болды. “Заводта”, “Отарба” өлеңдерінде оның шығармашылығына жаңа құбылыстың ішкі сырларын халықтың рухани өмірімен қабыстыра, сабақтастырып отыру тән. Бұл бағыттағы нәзік арналарды да ол жақсы меңгерген. Оның бұл көркемдік тәсілі ойды бейнелеп жеткізуі реализм талаптарына нұқсан келтірмейді. Өмір құбылыстарын шынайы қалпында, тапқыр суреттеуге ден қоюы сол кездің өзінде-ақ заман туралы реалистік бейне жасауға мүмкіндік берді.

Ақын қазақ әдебиетіндегі поэма жанрын да дамытты. Жаңа өмірдің шындығынан алып жазылған “Кәмпеске”, “Мәйек”, “Жаңа туған”, “Жорық” поэмаларында ақынның тың тақырыпты еркін игере білді. “Мақпал”, “Көбік шашқан”, “Исатай” сияқты кейбір поэмалары аяқталмай қалған. Ақынның көзі тірісінде жарияланбай қалған шығармалары да бар. Мысалы, “Рүстем қырғыны” (1926), “Байкал” (1937).

Жаңа тақырыпқа сәтті жазылған лиро-эпикалық поэмасы – “Дала”. Ақынның бұл шығармасында халық образы даланың бейнесінде көрінген. “Дала” дастанында ақынның лирикалық көңіл күйі мен эпикалық сарын өзара астасып, үйлесіп отырады. Қазақ халқының басынан кешкен сан-алуан тарихи кезеңдер дәстүрлі дала бейнесі арқылы жанды суреттерге айналған. Көлемді дастанда толғау нышандары да аз емес. Ақын ұзақ тарихтың сырын ашу үшін ұтымды композиция құра отырып, ойын жалаң айтпай, кестелі түрде жеткізеді. Тақырыптың өзектілігі жағынан бұл шығармалары кезінде халық санасын оятуда өз орны болғаны сөзсіз.

Ілияс Жансүгіров жырлаған тақырыптардың бірі – өнер. Ақынның “Күйші”, “Құлагер” поэмалары өз кезінде ірі мәдени оқиға ретінде қабылданған болатын. Олар – 30-жылдардағы қазақ поэма жанрын шырқау биікке көтерген шын мағынасындағы классикалық шығармалар. Бұл поэмаларда Ілияс Жансүгіров өткен ғасырдағы өнер иелерінің тағдыры арқылы үлкен толғаныстарға барған.

Сөз өнері, әншілік-күйшілік туралы шабыттана жырлап келе жатқан ақын 1929 жылы “Күй” поэмасын жазды. “Күйші”, “Құлагер” поэмаларымен көркемдік идеялық бірлікте жазылған шығарманың көркемдік қуаты орасан. Бұл поэмалардың сюжеттік иірімдері мен композициялық желісінде сөз шеберінің қолтаңбасы айқын, ондағы кейпкерлер бейнесі ұмытылмастай әсерлі, романтикалық пафос пен реалистік суреттері де үйлесімді. “Күйші” поэмасында әлеуметтік күрес психологиялық тартыспен қатар өрілген. Хан тұқымы Қарашаштың күйшіні құл ететін, Сапақты әшкерлейтін тұстарында әлеуметтік мәселе тікелей қозғалса, оның өнерпаз күйшіге көңілі құлай ауғандағы ішкі драмасы да әлеуметтік мәселелермен үйлесіп кеткен. Қыздың таптық менмендігі, төрелік тәкаппрлығы өз сезімінен де биік тұр. Сондықтан сезім отына ол ақырында су құйып өшіреді. Қарашаш бейнесі реалистік-романтикалық бағытта жасалған образдардың мифтік дәрежесіне көтерілген.

Күй әуеніне елтіген ақын шығарма оқиғасы лирикалық нәзіктікпен төгілтіп келіп, романтикалық асқақтықпен шалқыта суреттейді. “Құлагер” поэмасының басты кейіпкері – ХІХ-ХХ ғасырларда өмір сүрген атақты композитор, әнші әрі ақын Ақан сері Қорамсаұлы. Шығарма мазмұны Ақан сері өмірінің ең бір трагедиялық сәтін бейнелеуге, жүйрік сәйгүлігі Құлагердің бәйгеден озып келе жатқанда іші тар дұшпанның қолынан мерт болған оқиғасына құрылған. Ақанның кереметтей жақсы көрген жүйрігінің өлімі арқылы ақын әлеуметтік заманның ащы шындығын бейнелейді. Ілиястың “Құлагері жазушы мен оның кейіпкерінің байланысының біте қайнасқан ажырамас тығыздығын, олардың мистикалық қабысуын көрсетеді. Құлагер сайып келгенде, қазақ жігіттерінің қанаты еді. Ақынның бір жүйріктің қазасын екінші мәрте егіліп жоқтауы, қамыға жаны түршігуі – тағдырдың қыл арқаны асау жүректі тұсағанына көнгісі жоқ аза болатын. Құлагерді иесі әнге айналдырып жіберсе, Ілияс оны жануар дәрежесінен арылтып, символға айналдырып жіберді. Психологиялық драма басым болып келетін бұл поэмаларда таптық тартыс та бар. Екі поэмада да өзек болған нәрсе – үстем тап қауымның озбыр күші, жеке адамның бас бостандығы. Адамдар арасындағы күрделі қарым-қатынастың реалистік шындығы психологиялық тартыс үстінде беріледі. Өз кейіпкерлерінің адами қалпын мінез-құлқын даралауда І.Жансүгіров шын мәніндегі шеберлікті көрсетті. Оның шығармаларындағы кейіпкерлердің сыртқы мүсіні, ішкі жан тербелісі, жүрек лүпілі, табиғат сұлулығы – баршасы қоршаған ортамен тікелей байланыста көрінеді. Ақын әрбір құбылысқа, әрбір детальға әр сөздің мағыналық салмағына өте жауапты қарайды. І.Жансүгіров поэзиясында ерекше орын алатын көркемдік тәсіл – эпикалық шығармаға лирикалық өрім, эмоциялық қызу беретін кейіпкердің ішкі монологы. Эпикалық кең құлашты поэмаға ақынның келу жолы оңай болған жоқ. Ол өз туындыларында ішінара фольклорлық дәстүрге көбірек ден қойса, кейде суреттеудің орнына баяндау тәсілдері басым түсіп жатады.

І.Жансүгіров “Дала”, “Күй”, “Құлагер” поэмалары – қазақ поэзиясы әлеміндегі сирек құбылыс. Олар арқылы 30-жылдары қазақ поэмасына жаңа үлгі, тың соқпақ әкелгені анық.

“Гималай” атты тамаша толғау өлеңіндегі құдіретті тау бейнесінде сол кездегі тарихи дүбірдің екпіні бар.

Сатира жанрында да өзіндік беті бар Ілияс адам бойындағы теріс мінез-құлықты әшкерлейтін фельетон, сықақ өлеңдер, әңгімелерді молынан жазды. Мысалы, “Жалаңаштар жиналысы”, “Құқ”, “Сөз Қамысбаевқа”, “Жанды қуыршақ” сияқты шығармалары өткір тілмен, ащы сарказммен оқырманын еріксіз күлкіге кенелтеді. Қаламгердің проза жанрындағы еңбегі де елеулі.

І. Жансүгіров қаламынан туған “Жолдастар” (1935) атты романы 30-жылдардағы қазақ прозасында саяси-әлеуметтік мәселе көтерген іргелі туындылардың қатарынан саналады. Бас бостандығы үшін күрес, таптық күрес, революциялық жеңісті тұрақтандыру идеясы – І.Жансүгіров шығармашылығының басты кредосы. “Кек” (1931), “Түрксіб”, “Исатай – Махамбет” (1936) сияқты драмалық шығармаларында қаламгер өзін жаңа қырынан көрсетті. Сол кезде жаңадан қалыптасып келе жатқан қазақ драматургиясында бұл шығармалардың да өз орны бар. І.Жансүгіров аудармашы ретінде де жақсы танытты. Орыс классиктері В.Маяковский (“Ленинград”), М.Горький (“Дауылпаз”), Н.А.Некрасов (“Темір жол”), М.Ю.Лермантов (“Ақынның өлімі”, “Тұтқын”, “Қанжар”), А.С.Пушкин (“Евгений Онегин”) т.б. ақындардың шығармаларын қазақшаға аударды. Ол түпнұсқаны қазақша ойлау жүйесіне жақындатып, еркін аударуға бейім. Ақынның аудармалары да тіл көркемдігімен ерекшеленеді. Соның жарқын мысалы ол жасаған “Евгений Онегин” романының тұңғыш тәржімасы өте жатық әрі бейнелі шыққан.

Ілияс Жансүгіров – кестелі тілге бай қаламгер. Ақынның елеулі табысы – таза поэтикалық тілі десек те болады. Халықтың ауыз әдебиетін, Абай поэзиясының тілдік бояу-нақыштарын бойына мол сіңірген Ілияс Жансүгіров оларды жаңғыртып, жаңарта, түрлендіре пайдалануда да үлкен жаңашылдық танытты. Өлең жолдарының ішкі үндестігі, жаңа инверсия, аллитерация, ассонанстар, қиыннан қиысқан ұйқастар негізгі айтайын деген ойды беруге айырықша қызмет етеді. Өз ізденістері арқылы ақын қазақтың поэтикалық тіл мәдениетіне елеулі үлес қосқанын атап айтқан жөн.

Бір сөзбен айтқанда, І.Жансүгіров – қазақ әдебиетінің, оның ішінде поэзиясының жарық жұлдыздарының бірі.

 







Дата добавления: 2015-09-15; просмотров: 3897. Нарушение авторских прав; Мы поможем в написании вашей работы!



Вычисление основной дактилоскопической формулы Вычислением основной дактоформулы обычно занимается следователь. Для этого все десять пальцев разбиваются на пять пар...

Расчетные и графические задания Равновесный объем - это объем, определяемый равенством спроса и предложения...

Кардиналистский и ординалистский подходы Кардиналистский (количественный подход) к анализу полезности основан на представлении о возможности измерения различных благ в условных единицах полезности...

Обзор компонентов Multisim Компоненты – это основа любой схемы, это все элементы, из которых она состоит. Multisim оперирует с двумя категориями...

Алгоритм выполнения манипуляции Приемы наружного акушерского исследования. Приемы Леопольда – Левицкого. Цель...

ИГРЫ НА ТАКТИЛЬНОЕ ВЗАИМОДЕЙСТВИЕ Методические рекомендации по проведению игр на тактильное взаимодействие...

Реформы П.А.Столыпина Сегодня уже никто не сомневается в том, что экономическая политика П...

Принципы, критерии и методы оценки и аттестации персонала   Аттестация персонала является одной их важнейших функций управления персоналом...

Пункты решения командира взвода на организацию боя. уяснение полученной задачи; оценка обстановки; принятие решения; проведение рекогносцировки; отдача боевого приказа; организация взаимодействия...

Что такое пропорции? Это соотношение частей целого между собой. Что может являться частями в образе или в луке...

Studopedia.info - Студопедия - 2014-2024 год . (0.01 сек.) русская версия | украинская версия