Студопедия — Иса Байзақов
Студопедия Главная Случайная страница Обратная связь

Разделы: Автомобили Астрономия Биология География Дом и сад Другие языки Другое Информатика История Культура Литература Логика Математика Медицина Металлургия Механика Образование Охрана труда Педагогика Политика Право Психология Религия Риторика Социология Спорт Строительство Технология Туризм Физика Философия Финансы Химия Черчение Экология Экономика Электроника

Иса Байзақов






(1900 – 1946)

ХХ ғасырдағы қазақ поэзиясының жарық жұлдыздарының бірі Иса Байзақов – ақын, әнші әрі композитор да болған талант иесі. Ол, әсіресе, өлеңді суырып салып шығаратын импровизация өнерінің классигі. Оның “Құралай сұлу”, “Алтай аясында”, “Ақбөпе” секілді көркемдігі жоғары поэмалары – қазақ әдебиеті мен өнерінің тарихына үлкен үлес болып қосылған құнды туындылар. Аталған поэмалар қазақ халқының өмір тұрмысын шынайы бейнелеуімен, ақынның тасқынды, қуатты дарынын танытатын көркемдік деңгейімен бағалы.

Иса қазіргі Павлодар облысы, Ертіс ауданының аумағында дүниеге келген. Ата-анасынан жастайынан жетім қалған Иса өлеңші, әңгімеші әжесі Жанбаланың бауырында өседі. Оның таланты тым ерте байқалып, суырыпсалма ақындық, әншілік, домбырашылық өнерімен көзге түсе бастайды. Алайда тұрмыс тауқыметін ерте тартқан ол он жасынан бастап жалшылыққа түседі. Тіпті Сібір шахталарында жұмыс істейді. Бірақ қай жерде жүрсе де, ақындық өнерін үнемі ұштап, дамытып отырған.

1919-1920 жылдары Бағит, Құдайберген деген ақындармен айтысқа түсуі – Иса шығармашылығын халыққа таныта бастаған кезең. Айтыста екеуін де жеңеді. 1921 ж. Семей қаласына келіп жұмысшы факультетінде оқиды, драма үйірмелеріне қатысады. 1922 ж. ол Орынбор қаласындағы Қазақ халық ағарту институтына оқуға түсіп, аз да болса білім алып, шығармашылық жұмыстарын да одан әрі дамыта түседі. Орынбор қаласында жүрген кезінде түрлі сауық үйірмелеріне, концерт кештеріне белсене араласады. Сөйтіп өз ортасын тауып, ақындығымен, әншілігімен, домбырашылдығымен танылады. Әсіресе оның өнерінің көзге түскен үлкен қыры – суырыпсалма импровизаторлығы. Баспасөз беттерінде өлеңдері тұңғыш рет 1924 ж. жарияланды.

Иса – актерлық дарынымен де көпке танылған өнер иесі. 1926 ж. Қызылорда қаласында қазақтың тұңғыш ұлт театры ашылған кезде Иса Байзақов осы өнер ұжымында актер болып істеген, ол осы өнер ордасындағы М.Әуезовтің “Еңлік-Кебегін” мен “Бәйбіше-тоқал” драмалары бойынша қойылған спектакльдерде басты рольдерді ойнайды. Сахнада ән-термелер де орындап жүреді. Байзақовтың репертуарындағы халық әндерінің көпшілігі “Қыз Жібек”, “Айман-Шолпан”, “Ер Тарғын” операларына енді. “Заулатшы-ай” (1926), “Қалқа” (1927), “Ісмет”, “Назқоңыр” (1927) т.б. 40-тан астам халық әндерінің сөзін ол жаңа заманға, өмір салтына сәйкес қайта жазып шыққан.

Иса Байзақов өлеңді жазып та, ауызекі де шығара беретін болған. Көрермен қауымның қозғаған тақырыбына іркілместен суырып салып шығарғандықтан, “ақын-артист” атанған. Сөйтіп жүріп ол ақындық қырларын дамыта берді, көркемдігі жоғары туындыларды өмірге әкелді. Оның эпикалық шығармалары “Құралай сұлу” (1925), “Қойшының ертегісі” (1926), “Алтай аясында” (1939), “Кавказ” (1941), “Қырмызы Жанай” (1940 аяқталмаған), “Ақбөпе” (1945) поэмалары көркемдік-эстетикалық деңгейінің жоғары болуымен ерекшеленеді. Бұл шығармалардың басты тақырыптары – адамгершілік, махаббат, достық, отансүйгіштік, яғни, патриотизм. Жаңа заман құрылысына арналған шығармаларының қатарында “Неге Алатау шаттанды?” (1929), “Ұлы құрылыс” (1933), “Он бір күн, он бір түн” (1939) поэмалары бар.

1931-1940 жылдары Алматы, Қарағанды, Семей қалалары радиоларында, Қазақстан Жазушылар одағында қызмет етті. Ұлы Отан соғысы жылдары өмір сүріп, қызмет еткен өңірі – Оңтүстік Қазақстан облысы. Соғыс жылдары да ол тыным таппай, шығармашылықпен шұғылдануда болды. Ауыл-ауылдан аралап, үгітшілік қызмет атқарды. Оның сондағы пайдаланған негізгі құралы ән, жыр, терме, өлең болған.

Иса Байзақов қазақтың импровизациялық өнеріне жаңа сипат беріп, замана екпініне ілестіре отырып биік белеске көтере білді. Дарынды ақынның жазба поэзия дәстүрлерімен, бейнелеу тәсілдерімен толыға түскен өлеңді суырып салып айтуы, ақындық импровизация – дүние жүзі әдебиетінде сирек кездесетін құбылыс. Иса Байзақов суырып салып өлең шығару өнерінің бірден-бір оза шауып жүлде алған жүйрігі, ауыз әдебиеті мен жазба әдебиеті дәстүрлерін шебер ұштастырушы.

Өлең–жырды суырып салып шығаруға, әсіресе, кішігірім поэманы суырып салып айту, тез жаттап алу, белгілі әуеннің, қысқа қайырылатын ықшамды әуеннің, регитативтік әуеннің ырғағына келтіріп, домбыраның сүйемелімен айту, міне, бұлар бір-бірімен өте тығыз байланысты болып келеді.

Ол – он бір буынды қара өлең өлшемін қолдана отырып, суырып салып айту тәсілін шегіне жеткізе, жоғары деңгейге көтере алған ақын.

Исаның атақты желдірмелі әуенмен айтқан, шығарған, желдірме деп атаған өлеңдері де, дастандары да он бір буынды қара өлең үлгісімен өрнектелген. Оның шығармашылығының тағы бір ерекшелігі – ол импровизацияны сахна өнерімен ұштастыра білуінде. Өлеңді қолма-қол суырып салып (импровизациямен) айтқандықтан, халық өнерінің дәстүрі бойынша шығарған сөздерін әуендетіп, ән етіп шырқаған.

Иса Байзақовтың қоғамдық өмір шындығын, тарихи шындықты, халықтық мүддені, туған елінің арман-мұраттарын терең ашып беретін суреткерлік дарыны мықты болған.

Исаның берілген тақырыпқа бірден суырып салып өлең шығарарда алдымен өзінің сүйіп айтатын желдірмесін әндетіп, үлкен серпінмен орындап алады екен. Сосын шабыты шарықтап, бойындағы барлық күш-қуатын айтпақ ойларын неғұрлым әсерлі жеткізу үшін ширығып алып отырған.

Исаның композиторлық дарыны да көпке мәлім. Оның атақты “Желдірмелері” (бес желдірме) халық арасына кеңінен тарады.

 

(Бірінші желдірме)

Ал, алқа, келді кезің жайнайтұғын,

Бұлбұлдай бақшадағы сайрайтұғын.

Өнердің қиясына шыққан сайын

Болаттай тастан табан таймайтұғын.

 

Жөнелдім желдірмемен желдей есіп,

Қырандай аспандағы талмайтұғын.

Тізейін өлеңімді меруерттей,

Есінен жұртшылықтың қалмайтұғын.

 

Дыбысы дауылпаздай шарықтаған,

Екпіні самолеттей заулайтұғын.

Талапты жастарымыз үйреніп ал,

Ән еді желдірме атты самғайтұғын.

 

Желдірмені сөзінен де, әуенінен де айқын сезілетін ішкі көркемдік қуаты, ақынның қиялына қанат бітіріп, рухтандыра түсіп отырған. Ақын жырды нөсерлетіп, шалқытып, қарқынмен екпіндетіп айтады екен.

Ол таудан аққан тасқындай шалқитын импровизацияның теңдесі жоқ шебері, көпшілік мойындаған классигі бола алды. Ол жиырмаға жасы жаңа ғана жеткен кезінде суырыпсалма ақындық өнерді әбден меңгерген екен. Ойын-тойларда, жұртшылық бас қосқан кештерде көптің алдында немесе театр сахнасында топ ішінен кенеттен берілген кез келген тақырыпқа іркілмей, табан астында өлең шығарып айтатын болған. Исаның суырыпсалма ақындық өнерін М.Әуезов, Ж.Аймауытов, Қ.Аманжолов, Ж.Сыздықов, Қ.Қуанышбаев, Д.Әбілев, Е.Өмірзақов, С.Бегалин, Қ.Бадыров, Ә.Тәжібаев, Қ.Бекхожин, А.Затаевич, Б.Ерзакович, Л.Хамиди және т.б. жоғары бағалаған.

Мұхтар Әуезов “Иса желпініп, үзілмей соққан сар даланың желі сияқты, сол даладай кең, мол ақындықтың иесі”, – деп жазған. 1938 жылы италиялық жазушы Джерманетто Алматыға келгенде М.Әуезов Исаны шақыртып алыпты. “Виртуоз, виртуоз, – дейді ақынның өнеріне қайран қалған Джерманетто, – мен мұндай ғажапты бүкіл Еуропаны шарлап жүріп көрген емеспін. Ғажап, ғажап! Неткен талант! Ертегіде кездесер мұндай өнер адамы!...” – деп тамсанады.

Сол жерде Иса “Құрметті қонағымыз маған өзі қалауынша тақырып берсін, заказ берсін!” дейді. Сол жерде М.Раскова туралы жырласын деген тілек айтылыпты, сол-ақ екен, Иса атақты ұшқыш қыздың ерлігі туралы қырық-отыз минуттай көсіле жырлап береді. “Он бір күн, он бір түн” деп аталған дастан солай дүниеге келген екен.

Иса ауызша поэзия дәстүрлерімен шектеліп қана қойған жоқ, ол – жазба әдебиеті классиктерінің ойлау, сөйлеу тәсілдерін жақсы меңгеріп, профессионалдық дәрежеге көтерілген ақын. Оның осындай биік профессионалдық ақындық шеберлігі асқан импровизаторлық өнерімен сәтті үйлесім тапқан. Сөйтіп жыршылық пен ақындықты, әншілік пен композиторлық, айтыскерлік пен шешендікті бір бойына тоғысқан Иса Байзақов ерекше өнер иесі ретінде есте қалды. Мысалы, “Алтай аясында” дастанындағы тасқынды өлең үлгісі айқын.

 

Ал десең, аясына алады Алтай,

Көргенде көңілге күй салады Алтай.

Сұлудай торғын киген бұлт жамылып,

Арқаға әлденеше қарады Алтай.

 

Алтайдың ең үстінде Ақтау биік,

Бойына бұлт жете алмай, тартқан күйік.

Аңдары бұғы, марал ойын салып,

Секірген қиясында өршіл киік.

 

Екпіндете, шалқи сөйлейтін ақынның осындағы табиғатты суреттеуі мейлінше көркем.

Исаның ақындық шеберлігі, тапқырлығы, ойының өткірлігі оның “Алтай аясында” поэмасындағы басты кейіпкерлер Еркежан, Балағаз, Құсан сөздерінен айқын сезіледі. “Қырыққа келген қырқылжың болсадағы” Құсан мырза мінезді, сұлу қыз Еркежанды өзіне қаратып алудан үмітті. Бірақ кедей жігіт Балағаздың сұлуды айттырып қойғанын естіген соң жұрт алдында Еркежанды келемеж етпек болады. Ол үшін қызды айтысқа шақырады.

Исаның “Алтай аясында”, “Құралай сұлу” дастандары мен өлең-жырларынан жазба әдебиетінің суреттеу, баяндау тәсілдерін еркін меңгергені анық байқалады. Олардың барлығының дерлік көркемдігі жоғары.

Исаның ақындық мәдениеті, жеткен жетістіктері кейінгі ақындарға, термеші, айтыскер, лирик, дастаншыл жас талапкерлерге таптырмас үлгі өнеге.

Байзақов шығармалары бірнеше рет жеке кітап болып басылды, орыс тілінде де жарияланды. Өзінің ерекше дарынымен халық жадында қалған айтулы ақындарымыздың бірі Иса Байзақовтың таңдаулы шығармалары, өнерпаздық өнегесі халқымыздың игілігіне асып, ұрпақтарға рухани азық бола бермек.

 







Дата добавления: 2015-09-15; просмотров: 2155. Нарушение авторских прав; Мы поможем в написании вашей работы!



Важнейшие способы обработки и анализа рядов динамики Не во всех случаях эмпирические данные рядов динамики позволяют определить тенденцию изменения явления во времени...

ТЕОРЕТИЧЕСКАЯ МЕХАНИКА Статика является частью теоретической механики, изучающей условия, при ко­торых тело находится под действием заданной системы сил...

Теория усилителей. Схема Основная масса современных аналоговых и аналого-цифровых электронных устройств выполняется на специализированных микросхемах...

Логические цифровые микросхемы Более сложные элементы цифровой схемотехники (триггеры, мультиплексоры, декодеры и т.д.) не имеют...

Сосудистый шов (ручной Карреля, механический шов). Операции при ранениях крупных сосудов 1912 г., Каррель – впервые предложил методику сосудистого шва. Сосудистый шов применяется для восстановления магистрального кровотока при лечении...

Трамадол (Маброн, Плазадол, Трамал, Трамалин) Групповая принадлежность · Наркотический анальгетик со смешанным механизмом действия, агонист опиоидных рецепторов...

Мелоксикам (Мовалис) Групповая принадлежность · Нестероидное противовоспалительное средство, преимущественно селективный обратимый ингибитор циклооксигеназы (ЦОГ-2)...

Принципы и методы управления в таможенных органах Под принципами управления понимаются идеи, правила, основные положения и нормы поведения, которыми руководствуются общие, частные и организационно-технологические принципы...

ПРОФЕССИОНАЛЬНОЕ САМОВОСПИТАНИЕ И САМООБРАЗОВАНИЕ ПЕДАГОГА Воспитывать сегодня подрастающее поколение на со­временном уровне требований общества нельзя без по­стоянного обновления и обогащения своего профессио­нального педагогического потенциала...

Эффективность управления. Общие понятия о сущности и критериях эффективности. Эффективность управления – это экономическая категория, отражающая вклад управленческой деятельности в конечный результат работы организации...

Studopedia.info - Студопедия - 2014-2024 год . (0.008 сек.) русская версия | украинская версия