Студопедия — Абиден Мұстафин
Студопедия Главная Случайная страница Обратная связь

Разделы: Автомобили Астрономия Биология География Дом и сад Другие языки Другое Информатика История Культура Литература Логика Математика Медицина Металлургия Механика Образование Охрана труда Педагогика Политика Право Психология Религия Риторика Социология Спорт Строительство Технология Туризм Физика Философия Финансы Химия Черчение Экология Экономика Электроника

Абиден Мұстафин






(1902-1985)

Қазақстанның халық жазушысы Ғабиден Мұстафин – ХХ ғасырдың аса көрнекті қаламгерлерінің бірі. Оның «Шығанақ», «Миллионер», «Қарағанды», «Дауылдан кейін», «Көз көрген» романдары сол дәуірде қазақ халқы бастан кешкен заманның сырын, адамдардың қоғамдық еңбекке араласып, рухани және азаматтық өсуін бейнелейтін озық шығармалар қатарынан орын алады. Бұл романдар орыс және шетел тілдеріне аударылып, жазушының есімін ғана емес, қазақ халқының өмірін әлемге танытуда үлкен қызмет атқарды.

Ғабиден 1902 жылы Қарағанды облысының Бұқар жырау ауданында (қазіргі Теміртау қаласы тұрған жердегі Жауыр тауының бауырында) туған. Ауыл молдасынан оқып, араб әліпбиімен сауатын ашқан. 1916 жылы Спасск зауытында кісі жалдап бір жылдай орысша үйреніп, содан соң орыс-қазақ мектебінде оқыған. 20-жылдардан бастап ауылдағы Кеңес жұмыстарына араласқан. 1925 жылы білімін көтеру мақсатымен Қызылордаға келіп, оқуға түсе алмай, Жоғарғы сотта іс қағаздарын тіркеуші болып істеген. Түскен шағымдарға сүйеніп, ел ішіндегі заңсыздықтар туралы мақалалар жазуға үйренген. Жазушылыққа ұмтылысы да осы кезден басталады. Алғашқы әңгімесі – «Сәрсен мен Боқаш» (1927) «Жыл құсы» альманахында басылған. Ауыл кедейлерінің сана-сезімінің оянып, теңдік үшін күресу жолын суреттейтін әңгімелері «Ер Шойын және басқа әңгімелер» (1929) деген жинағына кірген. 1930 ж. Қарағандыға қайтып, біраз уақыт шахтада істейді. 1932-1933 ж. «Қарағанды пролетариаты» газетінде, 1933-1938 ж. Новосибирьде шығатын «Қызыл ту» газетінде қызмет істейді. Бірқатар очерктер мен әңгімелер жазады. 1938 жылы Алматыға қайта оралып, «Әдебиет және искусство» журналында, республикалық халық творчествосы үйінде, Жазушылар Одағында әр түрлі қызметтер атқарады. 1941 жылы «Өмір не өлім» романын жариялайды. Ұлы Отан соғысы кезінде проза мен драматургияның шағын үлгілері («Құлаған құз», «Алынған кек», «Басқа пәле тілден») саласында қалам тербейді. Бұдан кейінгі жылдары үлкен прозаға ауысып, «Шығанақ» (1945), «Миллионер» (1948), «Қарағанды» (1952), «Дауылдан кейін» (1957), «Көз көрген» (1963) романдарын жазады. Бұл шығармалар идеялық-көркемдік қуатының молдығымен, тақырыптық жаңалығымен қазақ әдебиетіне зор үлес болып қосылып, жазушыны әдебиетіміздің аса көрнекті өкілдерінің қатарына көтереді. «Шығанақ» романынан бастап Ғабиден шығармалары орыс және шет тілдеріне аударылып тарады, әлемдік баспасөзде зор бағаланды.

Ғ.Мұстафин кітаптары ХХ ғасырдағы қазақ халқы бастан кешкен дүрбелең оқиғалардың легін, қоғам мен елдің жаңаруын, осы жолда ел басынан өткен ауыртпашылқтарды кеңінен суреттеуімен бағалы. Оларда жазушы өзі өмір сүрген дәуірдің панорамалық суреттерін жасап, қиыншылықтарды кеше отырып, ілгері ұмтылған қоғамды, елді жаңартуға жұмылған жаңашыл халық еңбегін көркем бейнелейді. Егер «Көз көргеннен» бастап, «Дауылдан кейін», «Шығанақ», «Миллионер», «Қарағанды» романдарын оқысақ, олардан ХХ ғасырдың басынан бергі жарты ғасырлық мерзім ішінде қазақ халқы бастан кешкен қайшылықты өмірдің кең жасалған суреттері танылады. «Көз көргенде» суреттелетін ХХ ғасыр басындағы отаршылдық пен езгіге қарсы күрес, халықтың рухани оянып, теңдікке ұмтылуы «Дауылдан кейінде» қазан төңкерісінен кейін туған дәуірдің күрделі шындықтарына ұласады. «Шығанақ» пен «Миллионерде» өмірі жермен кәсіп еткен шаруаның тағдыры, ұжымдастыру шындығы мен қазақ ауылының соғыстан кейінгі ізденісі суреттеледі. «Қарағанды» – осы жылдары ашылып, ел экономикасын көтерген өндіріс ошағы мен жаңа туып қалыптаса бастаған техникалық интелигенция туралы роман. Осыларда жазушы заманның қоғам дамуы алға қойған өткір проблемалары мен оны шешу жолындағы адам еңбегі мен қабілетін кең ашады.

Феодалдық-патриархалдық сана мен мешеу тұрмыс жайлаған елдің Кеңес өкіметін, оның саясатын толық түсіне қоймаса да, қабылдауының өзінде үлкен бір заңдылық бар еді. Көшпелі елдің отырықшылыққа бет бұруы, жермен кәсіп етуге үйренуі, жаңа өмір жасауға керек кадрларды езілгендер ортасынан іздеуі, халықты жаппай сауаттандыруға ұмтылыс – бәрі де еңбекші халық тарапынан қолдау тапты. Халық сеніміне ие болып алып, жаңа өкіметтің артынан халықтың өзіне қол салуы – кейінгі мәселе. Өмірге, қоғамдық дамуға оптимистік тұрғыдан қараған жазушының Кеңес өкіметіне сенуі, даму қайшылықтарын көре отырып, жалпы қоғамдық өзгерістерге үмітпен қарауы осыны байқатады. Ол иен далада Қарағанды сияқты алып өндіріс ашып жатқан халық күшін мадақ тұтты, ауылдағы өзгерістерге мұрындық болған Шығанақ сияқты шаруаның жаңа бейнесі жасады, техникалық прогрестің жаңалықтарын қабылдаған миллионер колхоздар болса деп армандады. Революциядан кейінгі ауылды күрес жолына түсірген заманның сырын терең барлады. Көшпелі елді бірден Кеңес жолына түсіріп, отырықшы ету, шаруаларды ортақтастыру саясатының қиыншылықтарын, таптар тартысы саясатының халық басына қаншама ауыртпалық әкелгенін жасырмай жаза білді. Ол өмір шындығын жылтыратып, боямалап, жеңілейтіп көрсетуге бармады. Заманалық суреттерді сол кезеңдерге тән қайшылықты тартыстар арқылы ашты. Оның кітаптарының бағалығы да осында. Оларда ең бастысы – заман қиыншылықтарын кеше отырып, ілгері ұмтылған жаңашыл халық бар, сол халықтың ісі, қызметі, арман-тілегі бар. Бұларда отаршылдық пен езгіге қарсы күресе отырып, халықтың өз билігі, тәуелсіздігі үшін күресі, рухани ізденісі, адамның қоғамдық өзгерістер легінде жаңаруы, өсуі, тағы басқа мәселелер қойылады.

Ғабиден романдарының проблемалық сыпаты күшті. Ол нені, кімді суреттемесін, сол кездің, кейіпкердің тағдырын дәуірдің өзекті мәселелерімен байланысты ашады. Сол арқылы әрқилы тарихи тартыстар фонындағы адамның тіршілік жолы бейнеленеді. Осы тұрғыдан алғанда, Ғабиден романдарының негізгі тақырыбын «Адам және оның еңбегі» деп атау орынды. Ол өзі де еңбекші халық ортасынан шыққан адам еді. Адамды да еңбегінен таныды. Шығанақ арқылы адам мен табиғаттың арасындағы мәңгілік тартыстың еңбек арқылы адамның пайдасына шешілгенін жазды. Шығанақ халықтың ғасырлар бойғы диханшылық тәжірибесін жинақтап, жаңа ортада дамытады. Алпысқа келгенше алты шақырым жерге аты шықпаған Шығанақ есімі әлемге танылады. Адам еңбегінде, оның ізденісінде шек жоқ, заман шаруаның ретін білетін еңбек адамын әрқашан ілгері шығарады, оның рухын көтереді, өмірге жігерлендіреді. Роман осыны паш етті. Бүгінгі біз қайта-қайта сөз етіп жүрген шаруа мен жер проблемасы да осыдан өрбиді. Немесе кезінде бүкіл Кеңес әдебиетіне үлкен жаңалық болып кірген Олжабек бейнесін алыңыз. Бұл да дәуірдің үлкен бір проблемасын көрсетіп тұр. Мұнда шаруа адамының рухани шектелушіліктен шығып, жаңа қоғамдық ортаға икемделуінің, біртіндеп жетілуінің жолы шынайы бейнеленеді.

Ғабиден кейіпкерлерінің жалпы емес, нақтылық сыпаты да оның адамдық бейнелерінің жан-жақты ашылуында. Олардың көбі – жазушының өз құрбылары. Оның өзі сияқты қазақ қоғамы дамуының екі кезеңін де басынан кешкен, олардың жақсы-жаман жақтарын екшеп, ойлап, өлшей білетін ойлы қарттар. Өмірден шегініп қалмай, оған батыл араласып, қоғамдық өзгерістердің басы-қасында жүрген еңбек адамдары. Мұны біз Шығанақ пен Олжабектен ғана емес, Жақып («Миллионер»), Ермек («Қарағанды») бейнелерінен де танимыз.

Осы тәріздес өз замандастарының жарқын бейнесін жасаған Ғабиден солардың көзімен қоғам, тарих сырын үңіле отырып, жаңалықты сезгіш, соған басшы боларлық жас ұрпақтың да жаңа образдарын сомдады. Бүгін Ғабиден кітаптарынан сын айтушылар да табылар. Щербаков оларға жаттанды достықтың куәсі болып та көрінер. Мейрам партия өкілі деп те кінә тағуға болар. Бірақ осы бейнелердің негізінде біз кешкен заманның үлкен тарихи шындығы жатқаны даусыз.

Қарағандының ашылуы кезінде оған Донбасс жұмысшыларының көмегі келіп, оны Горбачев, Костенко деген шахтерлер бастап келгені (Қарағандыда бір кезде Горбачев атында шахта, Костенко атында парк бар еді), жаңа Қарағандыны өркендету ісіне сол кезде елді билеп отырған коммунистік партияның басшылық жасағаны – бәрі де тарихи шындық. Ендеше Щербаков та, Мейрам да ойдан шыққан бейне емес, шындыққа негізделген өмірде болған адамдардың типі. Ғабиден оларды көшіре салмай, жалаң идеяның құлы етіп қоймай, тұтас, тұлғалы дара бейнеге айналдыра білді. Щербаков халықтар достығының символы болуымен бірге адам есебінде де бағалы. Ал Мейрам – үлкен қала, алып өндірісті қайта жасаудың басы-қасында болған ғылыми-техникалық интеллигенцияның өкілі. Ең алдымен – Адам. Ақылы, ойы, ісі бойынан тұтастық тапқан жаңа сапалы Азамат. Біз іздеп таба алмай жүрген, әлі де арман боларлық ұнамды тұлға.

Осы тұрғыда Жомарт образының да тарихи негізі бары даусыз. Колхоз құрылысының ұзақ жолында әрқилы сәтсіздіктердің көп болғанын, оны қайтсек түзетеміз деп тырысушылықтың ол кездердің өзінде аз болмағанын біз тарихтан жақсы білеміз. «Миллионер» Ғабиденнің сол кездегі колхоз тіршілігіне риза болмай, оны өркендетудің жаңа жолы жайындағы бір толғанысын бейнелейді. Ол іс басына арманшыл, қиялшыл жастарды қойып, солардың қолымен жаңа колхоз жасауды армандады. Жақыптардың ісіне қанағаттанбады. Заман өзгерісі, техникалық прогресс шаруа тіршілігін де айналып өтуге тиіс емес екенін көрді.

Бір жақсысы – заман жаңа екен деп, Ғабиден адамдарын да оп-оңай жаңарта салмайды. Оларды өмір талқысынан өткізіп, өсіреді. «Дауылдан кейін» романының басты кейіпкері Аманның, «Көз көргеннің» кейіпкері Сарыбаланың өсу жолын аңдасаңыз, бұған көзіңіз әбден жетеді. Табиғаты адал, мейірімді, мойнындағы адамдық қарызын сезінетін, тапсырылған іске жауапкершілікпен қарай білетін адамдардың заман талабымен қанаттаса ілгері басуы оларды ірі қайраткер дәрежесіне көтереді. Аманға еріп, оң мен солын танып келе жатқан, жаңаның сырын бірден ұға алмай, сүрініп-қабынып, біртіндеп шындыққа бет бұрған кедейлер тобы да осындай.

Осылардың бәрі кезінде Ғабиден творчествосын жаңаны көргіш, қабылдағыш, өмірге батыл араласқан жаңашыл творчество есебінде әйгіледі. Оның кітаптары Одақ, дүниежүзілік көлемде кең талқыланды. Көптеген шет тілдеріне аударылады. Бұл тұрғыда қазақ жазушыларының ішінен Әуезовтен кейін одақтық аренаға танылған кісі Ғабиден болды. Одақтық Жазушылар одағының бас хатшысы Александр Фадеев оның романдарын елімізге ғана емес, шет елдерге барып та мақтады. Ғабиден әдебиет өмірде болған нәрсені ғана тізуші емес, өмірдің өзіне де ой салып отыру қажеттігін қазақ әдебиетінде алғашқылардың бірі боп көтерді. Оның романдарының проблемалығы, жаңашылдығы да осыдан туындайды. А.Гайдардың «Тимур және оның командасы» кітабы өмірде болған фактылардан алынбай, кейін кітап шыққан соң ғана тимуршылар отрядтары құрылғанын ескерсек, жазушы идеясы жалпы әдебиет тәжірибесімен жалғасып жатқанын түсінеміз. Ғабиденнің өмірмен байланысы нық, творчестволық жағынан белсенді жазушы аталуы мен оның өз дәуірінің жыршысы есебінде мойындалуының сырлары да осында.

Жазушы творчествосының осы ерекшеліктері оның атап айтарлық тағы бір сыпатын еске түсіреді. Өз заманының ойшыл жазушысы есебінде Ғабиден ойлары, қоғамдық құбылыс, болмыс туралы сезінулері оның кітаптарында толық көрініс тапты. Ол роман қаһармандарының ойы, сезімі, әрекеті ретінде танылады. Өз құрбыларының бойынан Ғабиденнің өзіне ұқсастық тауып, жастар бейнесінен оның ізденімпаз алғырлығын, ұшқыр ойларын танитынымыз да сондықтан. Жазушы алғашқы қадамынан бастап, өз тақырыбын, өз кейіпкерлерін тапты. Оның шығармашылық жолының табысты өтуі де осымен байланысты болды. М.Әуезов мұны жазушы жолындағы «үлкен бір ырысты сәттілік» деген еді. Ұлы жазушы өзінің тете інісінің еңбектерінен оның өз бойына біткен ойлылықты, ақыл-парасатты, жазушылығына жетекші болған тәлім-тәрбиені көріп қуанды. «Мұнда да өмірден жазушылыққа, жазушылықтан өмірге араласып жатқан қос өрім байқалады. Нақтылап айтпағымыз: жазушының романдарын оқып кеп, өз өмірбаянын аңдап барлағанда, романдардағы кейбір ортада жазушының өзі туып жатқаны сезіледі. Және де жазушының өз өмірі бірталай елеулі үлкен шындығы, талабы, табысымен романдар ішіндегі кейпкерлердің сезіміне, сөзіне, іс-әрекетіне ұдайы араласып жатқандай» – деп жазды.

Бұлардың бәрі Ғабиден творчествосы өмірмен біте қайнасқандығын, онымен тығыз байланыста болғандығын танытады. Сонымен бірге үлкен жазушылықтың ар жағында үлкен Адам, Азамат тұрғанын көреміз. Жазушылығына қоса Ғабиденді халқына құрметті еткен оның осы кесек тұлғасы, азаматтығы еді. Ол сөзіне тұрақты, ісіне берік, бір сөзді адам болатын. Табиғаты әділ адам әділдікті қорғаудан именбейтін.

Қоғам қайраткері есебінде Ғабиден – қоғамдық, әлеуметтік істерге араласып, елдің, ұлттың дамуы жайында көптеген пікірлер айтқан адам. Ол әдебиет дамуының маңызды мәселелерін талқылауға белсенді араласып, өз тәжірибесін жас қаламгерге үлгі етті. Әдебиеттің қоғамдық белсенділігін көтеру, өмірмен байланысын арттыру, көркемдік шеберлікке жетілуі сияқты мәселелер жайындағы ойларын ортаға салды. Сөйтіп өз шығармаларындағы ойларын сыншылдық пікірлерімен толықтырып отырды. «Бір кезде ұлтшылдықпен күресіп едік, енді ұлтсыздықпен күресу керек» дейтін қанатты сөзді де Ғабиден айтқан. «Сыр дәптерінде» жазылған «Қазақ тілінің қайғысы» деген шағын мақаласында да Ғабиден ұлттық тіл тағдырының жай-күйіне қатты алаңдаушылық білдірген. «Өнер алды – қызыл тілді» ұлт болып жасаған. Тілі жоқтың ұлты жоқ. Ұлты жоқтың бойында ұлттық қасиет жоқ. Өз ұлтының қасиеті бойына дарымаса, басқа ұлттікі қалай дариды? Интернационалист болу үшін бойыңда әуелі ұлттық қасиет болу керек. Сонда ғана басқа ұлттардың қасиетін бағалауға болады. Мұнсыз құр интернационалистпін деу – алдау не алдану» – деп жазды ол.

Ол – барша халық мойындаған тіл шебері. Аз сөзге көп мағына сыйғызған, ұтымды, тапқыр, бейнелі сөз үлгісін тудырушы. «Мұралардың ең қымбаты – сөз. Сөз күн шалмас қараңғы көңілді шалады, күн жылытпас суық көңілді жылытады. Сөз құдіреті ақты қара, қараны ақ етуге жетеді. Асыл адам да, асыл нәрсе де тозады, жоғалады. Асыл сөз мәңгі жасайды», – деген ол. Бұдан Ғабиденнің жазушының бірінші құралы тілге қаншалықты мән бергенін көреміз. Оның қаламынан туған қанатты сөздер, мақал-мәтелге айналып, ел арасына сіңіп кеткен афоризмдер тіпті мол.

Осылардың бәрі Ғабиденді ХХ ғасырдың ұлы жазушыларының қатарына қояды. Жазушы тағылымы сан салалы. Одан қалың оқырман ХХ ғасырдағы қазақ халқы өмірінің көркем шежіресін таныса, қаламгер ұрпақ шығармашылық биік талапқа үйренеді. Жазушылық позицияның айқындығы, биік адамгершілік, адамға, оның болашағына сенім кім-кімнің болса да көкірегіне жылылық ұялатады. Ғабиден кейінгілерге осынысымен қымбат.

 







Дата добавления: 2015-09-15; просмотров: 1800. Нарушение авторских прав; Мы поможем в написании вашей работы!



Шрифт зодчего Шрифт зодчего состоит из прописных (заглавных), строчных букв и цифр...

Картограммы и картодиаграммы Картограммы и картодиаграммы применяются для изображения географической характеристики изучаемых явлений...

Практические расчеты на срез и смятие При изучении темы обратите внимание на основные расчетные предпосылки и условности расчета...

Функция спроса населения на данный товар Функция спроса населения на данный товар: Qd=7-Р. Функция предложения: Qs= -5+2Р,где...

Тема: Кинематика поступательного и вращательного движения. 1. Твердое тело начинает вращаться вокруг оси Z с угловой скоростью, проекция которой изменяется со временем 1. Твердое тело начинает вращаться вокруг оси Z с угловой скоростью...

Условия приобретения статуса индивидуального предпринимателя. В соответствии с п. 1 ст. 23 ГК РФ гражданин вправе заниматься предпринимательской деятельностью без образования юридического лица с момента государственной регистрации в качестве индивидуального предпринимателя. Каковы же условия такой регистрации и...

Седалищно-прямокишечная ямка Седалищно-прямокишечная (анальная) ямка, fossa ischiorectalis (ischioanalis) – это парное углубление в области промежности, находящееся по бокам от конечного отдела прямой кишки и седалищных бугров, заполненное жировой клетчаткой, сосудами, нервами и...

Весы настольные циферблатные Весы настольные циферблатные РН-10Ц13 (рис.3.1) выпускаются с наибольшими пределами взвешивания 2...

Хронометражно-табличная методика определения суточного расхода энергии студента Цель: познакомиться с хронометражно-табличным методом опреде­ления суточного расхода энергии...

ОЧАГОВЫЕ ТЕНИ В ЛЕГКОМ Очаговыми легочными инфильтратами проявляют себя различные по этиологии заболевания, в основе которых лежит бронхо-нодулярный процесс, который при рентгенологическом исследовании дает очагового характера тень, размерами не более 1 см в диаметре...

Studopedia.info - Студопедия - 2014-2024 год . (0.014 сек.) русская версия | украинская версия