Студопедия Главная Случайная страница Обратная связь

Разделы: Автомобили Астрономия Биология География Дом и сад Другие языки Другое Информатика История Культура Литература Логика Математика Медицина Металлургия Механика Образование Охрана труда Педагогика Политика Право Психология Религия Риторика Социология Спорт Строительство Технология Туризм Физика Философия Финансы Химия Черчение Экология Экономика Электроника

Сапарғали Бегалин





(1895–1983)

Бегалин Сапарғали Ысқақұлы 1895 жылы 24 қарашада Шығыс Қазақстан облысы, Абай ауданы, Дегелең ауылында дүниеге келген. Жазушы, қазақ балалар әдебиетінің негізін қалаушылардың бірі, 1915 жылы Семей қаласындағы орыс-қазақ учлищесін бітірген. 1916 жылы бірінші дүниежүзілік соғыс майданының қара жұмысына алынған. 1929–35 жылдары Дегелең болыстық атқару комитетінің төрағасы, Қарқаралық уездік атқару комитетінің мүшесі, бөлім меңгерушісінің орынбасары, аудандық халық соттары қызметтерін атқарған. Қазақ егіншілік халық комиссариатында, Түргсіб т. ж. басқармасында жауапты қызметтерде болды. 1935–56 жылары “Темір жолшы” газетінде, Қазақстан Ғылым Академиясының Тіл және әдебиет институтында (қазіргі Әдебиет және өнер институтында), Қазақстан Жазушылар одағында қызмет етті. Бегалин шығармашылық жолын өлең жазудан бастаған. Оның “Қазақ қыз-боз балаларына” деген тұңғыш өлеңі 1914 жылы “Айқап” журналында басылған. 1916 жылы жазған “Азамат арманы”, “Көшер ме тұман серпіліп” деген өлеңдерінде Ресей үкіметі саясатына қарсы ой-пікір білдірген. Кейін бейнелі ай тереңдігімен, лирикалық-романтикалық толғаныстарымен елдегі өзгерістерді, Ұлы Отан соғысында ерлік көрсеткен қаһармандар тұлғасын, туған жердің сұлу көркін шабыттана жырлаған “Қыран кегі” (1943), “Цимлян теңізі” (1953), “Таңдамалы” (1956), “Сырлы қайнар” (1963), т. б. өлеңдер мен поэмалары жарық көрді. Жас ұрпақтың өмір тануына, табиғат сырын ұғынуына ықпал етіп, оларды отанды сүю рухында тәрбиелейтін “Көксегеннің көргендері” (1948), “Ермектің алмасы” (1955, 1985), “Сәтжан” (1947, 1973, 1978), “Жас бұтақ” (1953), “Жеткіншектер” (1960), “Мектеп түлектері” (1961), “Шоқан асулары” (1971), “Қыран туралы аңыз” (1976), 2 томдық таңдамалы шығармалар жинағын (1979), т. б. әңгімелер мен повестер жинақтары, “Замана белгілері” атты романы (1975) жарық көрді. Сонымен қатар, қазақ халқының ауыз әдебиеті үлгілерін жинау, зерттеу саласында да қарымды еңбек жасады. Ғылыми зерттеу жұмыстарымен айналысып, И,Байзақов, Д.Әлімбаев, Ш.Қошқарбаев, Т.Көбдіков сынды халық ақындарының шығармаларын жарыққа шығарып, зерттеу жүргізген. Ж.Жабаевтің өскен ортасы, арғы тегі, алған тағылымы туралы “Жамбылдың ата тегі, өмірі” (1946) атты монография жазды. Тәттімбет, Әміре, Естай, Майра, Қажымұқан, Әбікен, Қалыбек өнерін кейінгі ұрпаққа таныстыруға мол еңбек сіңірді. Т.Г.Шевченко, А.С.Пушкин, М.Ю.Лерментовтың жекелеген өлеңдерін, Л.В.Соловьевтің кейбір әңгімелері мен повестерін қазақ тіліне аударды. “Қарагөз”, “Көктем”, “Бесік жыры”, “Ақ көгершін”, “Сағындым сені, сәулем-ау”, т. б. 50-ге тарта өлеңдеріне ән шығарған. Бегалиннің шығармалары көптеген тілдерге аударылған. Халықтар достығы, 2 рет “Құрмет белгісі” ордендерімен және медальдармен марапатталған.

Ол – халқымыздың ғасырлар бойы ауызша тараған әңгіме-аңыздарын, айтыс-өлеңдерін, шешендік толғауларын жатқа білетін ескінің көзі, оның үстіне этнограф әрі тарихшы.

С.Бегалин – әдебиетіміздің поэзия, проза жанрларында тартымды, толымды шығармалар берген көрнекті суреткер, көп жылдар шаршамай шапқан жүйрік.

Ұзақ творчестволық сапарында суреткер қаламынан жирманың үстінде поэма, оннан астам повест, жүздеген әңгіме, тоғыз песа, бір роман, көптеген естеліктер, зерттеулер, мақалалар туды.

С.Бегалинның өлеңдерін зер салып, көңіл қойып оқыған адам оның сазды лирик, сыршыл ақын екеніне анық көз жеткізеді.

Жинақылық, әдептілік, қарапайымдылық С.Бегалинның балаларға арналған тақпақ, жаңылтпаш, жұмбақ өлеңдеріне тән қасиеттер. Ата мекені Дегелеңге барған бір сапарынан:

Көрістік аман, көңіл шат,

Аттанам бүгін айтып хош,

Көңілге түрлі ойлар сап,

Асықпа ауыл, мені тос!

Мен келемін сан рет

Самалды желді төске ала,

Аунармын талай саған кеп,

Керім иық, кер дала, – деп жырлап қайтқан ақынның лирикасындағы басты сарын, негізгі матив – туған жерге деген махаббат, өмірге, тіршілікке деген құштарлық.

Адамдардың ерлігін, батырлығын мадақтайтын “Алтай аңызы” (Төлеген Тоқтаров туралы), “Қанатты қазақ” (Нұркен Әбдіров туралы) поэмалар – Отан соғысы шындығын сәтті бейнелеген көркем шығармалар. “Абақ арманы”, “Айдос”, “Баян жүрек”, “Қыран кегі”, “Бибі ханым” дастандары халық аңызының негізіне құрылып жазылған идеясы терең, образдары сенімді, сомдап соғылған дүниелер.

С.Бегалин прозасының объектісі – қақаған аяз, дүлей боран, шыжыған ыстық. Небір апта дала төсін жайлаған кесек тұрпатты, ірі мінезді жылқышылар, малшылар, аңшылар.

С.Бегалин елуге жуық өлеңдер тексіне ән жазған. Халық ақындары Иса, Шашубай, Төлеу, Доскей шығармаларын сұрыптап бастырып, олардың тұңғыш өмір баянын жазған. Тәттімбет, Әміре, Естай, Майра, Қажымұқан тұлғасын кейінгі ұрпаққа танытуда мол еңбек сіңірген де Сапарғали Бегалин. С.Бегалин зерттеуші, оқымысты – фольклорист ретіндегі туындылары өз алдына бөлек әңгіме.

Оның елі жайлы ғана емес, елінің ерлері, ардақты ұлдары жайлы да ой-пікірлері мол. Ақынның Абай, Шоқан, Қалыбек, Мұқтар, Қасым туралы арнау өлеңдерін оқып көріңіз. Оларда елін сүйген талантты ардақтау, олардың өлмес өнерін, адамдық еңбегін жырлау идеясы айқын көрінеді. Адам өмірі мен еңбегін еліне сіңірген қызметіне қарай бағалау – С.Бегалинның бұл тұрғыдағы көзқарасының басты принсипі. Сондықтан ол “Елдің жас бала” кезінде оянып, “адам” деп, “ел” деп күңіреніп өткен Абай мен “қазақ көгіне шығып”, “құйрықты жұлдыздай құлап түскен” Шоқан сырына үңіледі. Өз замандастары сахынаның “ақберені”, “алуан қырлы” өнер иесі Қалыбек пен “тұлғасына екі ғасыр сиғызып”, шығармалар мен “Тарих көшін” тірліктен Мұхтардың “Бұлтқа бөлеп, дауыл шайқап тұрғызған” ақын Қасымның көркем бейнелерін жасауға талпынады.

Басында халықтық поэзияның үлгісімен творчестволық қызметін бастаған, халықтың бай тіл өнерінің нәрі мен сөлін еңбектеріне арқау еткен С.Бегалин әдебиетіміздің бірқатар жанрларында қызмет істеді. Оның поэмалары, прозалық шығармалары, халық әдебиеті туындыларын жинау, бастыру ісіндегі еңбектері бірсыпыра. Бұл шығармалардың негізіне де С.Бегалин халық өмірінің өзі көрген екі дәуір шындығының калтрасты бейнесін алады. “Абақ арманы”, “Айдос”, “Бибі ханым”, “Баян жүрек” поэмаларынан біз заман трагедиясын арқалаған ерлердің қатыгез тәртіппен алысып өткен күйін, халық басындағы күйзелісті танимыз. Осы шындық негізінде С.Бегалин ел тағдыры жайлы үлкен толғанысқа барды. Ер мен елдің тұтастығы, бірлігі, Отан сүю, жер сүю, ел сүю идеялары терең қойылары. Адам мен адамшылық жолы жайлы ойланады.

Екінің бірі жазушы бола бермейтіні, оның жаза қояйын деген талаптан емес, талант, өнерді игеру арқылы келетіні түсінікті. Талантқа қоса жазушылық өнер зор өмір тәжірибесін керек етеді. Жазушылық ақылдан, көргендіктен, көпті көрген тәжірибеден туады. Көп көрген, көп байқаған, көп нәрсені сезіммен түйіп, ақыл-оймен қортқан адамның айтары да көп болады. Жазбай тұра алмайтын жағыдайда жазу керек деген қағида да осыдан туған. Жазушы – ­­ойлаушы. Оның ойы – жүректен шыққан сөзі, ой сөзі, жүрек сөзі. Жазушы – елін, халқын сүюші. Оның сөзі елді, халықты қалай сүю керек екенін суреттеуге арналады. Ол бойындағының бәрін де еліне, халқына береді. Сондықтан оның еңбегінің жас ұрпақты тәрбиелеудегі орыны өте маңызды саналады.

С.Бегалинды жастардың, балалардың жазушысы дегендердің негізгі тілге тиек ететіндері осылар. С.Бегалинның шығармалары негізінен, жас ұрпаққа өзі көрген өмір тәжірибесі жайлы айтып беруге құрылады. Сонымен бірге ол, нағыз үлкен әдебиет тәрізді, үлкен-кішіге ортақ дүниелер. С.Бегалинның кітаптарынан кімде кім болса пайдалы нәрсе түйіп қалады, өмірдің алуан түрлі шындығы мен қалтарыс сыры жайлы түсінік алады.

С.Бегалинның Шоқан жайлы повесттерінің бағалы қасиеттері жазушының осы ерекшелігімен байланысты. Оларда автор беймезгіл заманда туып, заманының қыспағына түскен, жарқын талантымен, алғырлығымен қараңғы түнекті жарып өтуге ұмтылған адамның өмірін, балалық, жастық шағын нанымды әңгімелейді. Сол арқылы тарих белестеріне көз жібереді, тарих пен адамның қарым-қатынасына, адам және оның өзін қоршаған ортадағы күресіне назар аударады. Шоқан бойындағы отаншылдық сезімнің туу, қалыптасу жолдарын бейнелейді.

Осы бір тарихшылдық С.Бегалинның бүкіл творчествосына тән. Ол халық тарихын, оның азаттық жолындағы күресін жақсы біледі. Бүгінгі ұрпаққа соны әңгімелейді. Ең соңғы елеулі туындысы – «Замана белестерінде» осы тарихтық еңбектерінде С.Бегалин мемуарлық әдебиеттің сыпатын қоса пайдаланған. «Замана белестері» С.Бегалинның өзі өткен өмір жолының қилы-қилы белестері, певодалдық-патриархалдық ортадан социализмге бірден аяқ басқан қазақ халқының жаңару жолы, өмірі, күресінің тарихы жайлы кітап. Оны С.Бегелин жай әңгімелейді. Сол күреске өмірін арнаған ерлердің бейнесі арқылы көркем суреттейді. Бұл тұрғыда қазақтың белгілі революционері Мұхамедқали Тәтімовтың өмірі мен еңбегі жайлы кітапта берілетін мол мәліметтерді атап айтуға болады. С.Бегалин өзінің жерлесі, досы Мұхамедқали бейнесін өз көргендері мен білгендеріне, тарихи деректерге сүйеніп жасайды. Уақиғаға автордың ылғи қатынасып отыруы, заман сырларын соның ой дүниесінің елегі арқылы өткізе суреттеуі кітапқа мемуарлық сипат береді.

С.Бегалин қоғам шындығының көп жақтарын қозғаған адам. Оның кітаптарында мал тұқымын асылдандыру жолында еңбек етіп жүрген ғалымдар да («Асыл төл»), Отан соғысының батырлары озат адамдары да («Әлия туралы аңыз», «Он алты», «Черкес кегі»), ауылдың озат адамдары да («Шопан даңқы», «Жылқышы қыз»), тіпті сол заманның еңбекшіл, көпшіл үлгілі балалары да («Бала мерген», «Жас бұтақ») көптеп кездеседі. Сол кейіпкерлерімен бірге С.Бегалин да рухани өсіп, творчестволық мүмкіндігін кеңейтті. Оны халық поэзиясының өкілінен Пушкин мен Лерментовты оқып, оларға өлең арнаған, олардың өлеңдерін аударған, Шевченко мен Шиллердің шығармаларын қазақшалаған көрнекті талантқа айналған.

Халық әдебиетін жинап бастыру саласында да С.Бегалин көп пайдалы еңбек істеді. Бір кез Қазақ ССР Ғылым Академиясының тіл және әдебиет институтының қабырғасында ол халық ақындарының өмірі творчествосын зеріттеді. Жамбылдың, Доскейдің, Шашубайдың, Исаның өмірдері туралы мол деректер жинады. Сол деректер негізінде Жамбылдың творчестволық өмірбаяны туралы кітап жазды. Төлеу Көбдіков, Қуат Ткрібаев сияқты ақындарды тауып, шығармаларын жариялап, әдебиет әлеміне алып шыққан да С.Бегалин.

Өзінің «Сырым» деген өлеңінде С.Бегалин былай дейді:

Өмірге түзде туып, қырда өскенмін,

Күңгірт күн күңіренген жылда өскенмін.

Еңбектеп ес білгенше балапандай

Тұңғиық тұман басқан күй кешкенмін.

 

Қарманып, қараңғыда күнді іздедім,

Сырымды сұрапыл жел білгізбеген.

Өкпені өреде өшіріп алқынғанмен,

Тар заман күнгейіне кіргізбеген.

 

... Тозаңға топтан қалмай лескенмін,

Тағдырмен талай рет күрескенмін.

Бәйгесін бостандықтың құрбылармен

Бірге алып, бірге бөліп үлескенмін.

 

Сол бәйгем алтын шоқы айдарымдай,

Заманда адамдықтың майданындай,

Желпілдеп жел естіртіп айдарымнан

Міне, мен жеттім заман айғағындай.

 

Өз өмірінің негізгі кезеңдерін, ізденісін ақын тап басып тауып айтқан, қысқа айтқан, нанымды айтқан. Біз үшін бір бағалысы – сол жолдың бәрін де С.Бегалин өзінің туған халқының бар өзі білген жақсы мінезін, сырын, ақылын, даналығын бойына жинай беріпті, өзін де, өзгені де байытар рухани мол күш жинапты. Оның творчествосына қуат берген де сол күш.

Оның «Қазақ қыз-бозбалаларына» деген тұңғыш өлеңі 1914 жылы «Айқап» журналында басылған. Бұдан кейінгі кейбір өлеңдерінің хронологиялық тізбегіне қарасақ та, оларда заман мен қоғамның маңызды тақырыптары көтерілгенін көреміз. Олар: «Азамат арманы», «Көшер ме тұман серпіліп» (1916), «Жылаған жұрт уанды» (1917), т.б. Поэзия мен проза жанрында қалам тербеген суреткердің ірі туындылары қатарында «Тау сыры» (1938), «Таңсық» (1940), «Қыран кегі» (1943), «Машинист» (1944), «Алтай аңызы» (1947) поэмалары мен «Сәтжан» (1947), «Көксегеннің көргендері» (1948), «Шоқан асулары» (1964) повестері, «Төл басы» (1947), «Крмектің алмасы» (1955), «Бақыт» (1956), «Жеткіншектер» (1960), «Сырлы қайнар» (1963) жинақтары аталады. Зерттеушілер С.Бегалин 25 поэманың, 12 повестің, 9 пьесаның, 50-ге жақын ән өлеңдерінің авторы екенін, әсіресе ол қазақ кеңес балалар әдебиетінің қалыптасып, дамуына ерекше еңбек сіңіргенін атап көрсетеді.

«Қанатты қазақ» поэмасы Ұлы Отан соғысының батыры Нұркен Әбдіровтың ерлігін жырлауға арналып, ұщқыш қыран Нұркеннің самолетіне оқ тиіп, қызыл жалынға оранғанда, сол лаулап жанған ұшақты жау танктері шоғырланған қалың шепке қарай тура бұрып, биіктен сорғалап келіп соғады. Жердегі жаудың тас-талқаны шығады. Батыр ұшқыш туған елі, халқы үшін өз жанын пида етеді. Поэмада Нұркеннің осы ғажайып ерлігі көтеріңкі, асқақ үнмен жырланады. Ерлік қимылдың терең сыры шертіледі. Батыр ұшқышты бұл ғаламат ерлікке бастаған ең басты нәрсе оның жүрегіндегі елі мен жеріне, туған халқына деген ұлы махаббаты, жауға деген ашу-ыза, кеудені кернеген кек – намыс екені айтылады.

«Ажар» поэмасында ел басына ауыр қатер төнген шақта жас әйелдің ер-азаматтардан қалыспай, өзі сұранып, суық қару асынып майданға барып, зулаған оқтан жасқанбай, дұшпанмен қасарыса алысқан ерлігі суреттеледі. Жауынгер әйел Ажардың бойына осыншалық қажыр-қуат берген күш неде? Ол – туған елге деген жүректегі зор махаббат пен бойға сіңген ата-бабалардың ерлік рухы. Осы терең ой поэманың бүкіл әуенінен сезіліп отырады. Қазақтың қос қаһарман қызы – Әлия мен Мәншүк – осы дастан кейіпкерлерінің полтотиптері екенін аңғару қиын емес.

Сапарғали Бегалин – қазақ балалар әдебиетінің ірге тасын қалаушылардың білі. Балаларға арнап жазған өлеңдері мен әңгімелері тілге жеңіл, жүрекке жылы тиеді. Бір шығармаларда жас жеткіншектің жақсы үміті, талабы, әр іске икемділігі, құмарлығы сипатталса; енді бірінде олардың әр түрлі мінез-құлқы мен алуан әрекеттері суреттеледі. Бірсыпыра өлең мен әңгімесі балаға өмір сырларын, табиғат құблыстарын танытуға арналған.

Жазушыныңм жас оқырмандарды қуантқан бағалы туындысының бірі – «Көксегеннің көргендері» повесі. Бұл шығармада автор балаларды дала жануарларының қызықты тіршілігімен таныстырады. Осы кітапты оқып отырғанда, жас оқырман шығарманың басты кейіпкері Көксегенге еріп биік тауларды, ну орманды, сағым ойнаған жазық даланы бірге аралап көргендей болады, жаратылыстың көп-көп тамаша сырына қанады.

Жазушының «Сәтжан» атты повесінде жас азаматтың бойындағы еңбекке, өнерге деген құштарлық, бала жүрегіндегі тәтті арман, мөлдір сезім өте шебер суреттелген. Қазақ балалар әдебиетінің елеулі табысы болған бұл повесть орыс тілінде Мәскеу мен Санкт-Петербургте бірнеше рет көп тиражбен басылып шықты, басқа тілдерге аударылып, шетелдерде де жарық көрді.

С.Бегалин сол тұңғыш өлеңдерінде-ақ өз замандастарын адамгершілікке үндеді. Еңбектен қашып ел кезетін қылжақбастардың теріс мінездерін сықақтай отырып, оларды ардақты еңбекке, оқуға шақырды.

«... Бір шолағың зор болса,

Міне шап жастық шағыңда...

Қызды көрсең қылжаңшыл

Абыройсыз бол тағы да...»

– деп кекей келіп, «Түтін шыққан ауылдың түстігін аңдып телмірме, еңбекке ұмтыл, ерінбе... Жалдан да адал ақша тап, өмірді босқа өткізбей, жас шағыңда оқып бақ!» деген өлең көркемдік жағынан мінсіз болғанымен де, өз кезеңінің талабына сай келіп, ұранына үн қосты.

Қорыта келгенде Сапарғали Бегалин – ХХ ғасырдағы әдебиетіміздің поэзия, проза жанрларында тартымды, толымды шығармалар берген көрнекті суреткер, көп жылдар шаршамай шапқан жүйрік. Қазақ балалар әдебиетінің негізін қалаушылардың бірі.

 







Дата добавления: 2015-09-15; просмотров: 10292. Нарушение авторских прав; Мы поможем в написании вашей работы!




Композиция из абстрактных геометрических фигур Данная композиция состоит из линий, штриховки, абстрактных геометрических форм...


Важнейшие способы обработки и анализа рядов динамики Не во всех случаях эмпирические данные рядов динамики позволяют определить тенденцию изменения явления во времени...


ТЕОРЕТИЧЕСКАЯ МЕХАНИКА Статика является частью теоретической механики, изучающей условия, при ко­торых тело находится под действием заданной системы сил...


Теория усилителей. Схема Основная масса современных аналоговых и аналого-цифровых электронных устройств выполняется на специализированных микросхемах...

Словарная работа в детском саду Словарная работа в детском саду — это планомерное расширение активного словаря детей за счет незнакомых или трудных слов, которое идет одновременно с ознакомлением с окружающей действительностью, воспитанием правильного отношения к окружающему...

Правила наложения мягкой бинтовой повязки 1. Во время наложения повязки больному (раненому) следует придать удобное положение: он должен удобно сидеть или лежать...

ТЕХНИКА ПОСЕВА, МЕТОДЫ ВЫДЕЛЕНИЯ ЧИСТЫХ КУЛЬТУР И КУЛЬТУРАЛЬНЫЕ СВОЙСТВА МИКРООРГАНИЗМОВ. ОПРЕДЕЛЕНИЕ КОЛИЧЕСТВА БАКТЕРИЙ Цель занятия. Освоить технику посева микроорганизмов на плотные и жидкие питательные среды и методы выделения чис­тых бактериальных культур. Ознакомить студентов с основными культуральными характеристиками микроорганизмов и методами определения...

Гидравлический расчёт трубопроводов Пример 3.4. Вентиляционная труба d=0,1м (100 мм) имеет длину l=100 м. Определить давление, которое должен развивать вентилятор, если расход воздуха, подаваемый по трубе, . Давление на выходе . Местных сопротивлений по пути не имеется. Температура...

Огоньки» в основной период В основной период смены могут проводиться три вида «огоньков»: «огонек-анализ», тематический «огонек» и «конфликтный» огонек...

Упражнение Джеффа. Это список вопросов или утверждений, отвечая на которые участник может раскрыть свой внутренний мир перед другими участниками и узнать о других участниках больше...

Studopedia.info - Студопедия - 2014-2024 год . (0.011 сек.) русская версия | украинская версия