Студопедия — Мұхтар Әуезов
Студопедия Главная Случайная страница Обратная связь

Разделы: Автомобили Астрономия Биология География Дом и сад Другие языки Другое Информатика История Культура Литература Логика Математика Медицина Металлургия Механика Образование Охрана труда Педагогика Политика Право Психология Религия Риторика Социология Спорт Строительство Технология Туризм Физика Философия Финансы Химия Черчение Экология Экономика Электроника

Мұхтар Әуезов






(1897 – 1961)

 

Көрнекті жазушы, Лениндік және Мемлекеттік сыйлықтардың лауреаты, Қазақ ССР Ғылым академиясының академигі, филология ғылымдарының докторы, профессор, Қазақ ССР-нің еңбек сіңірген ғылым қайраткері Мұхтар Омарханұлы Әуезов 1897 жылы 28-қыркүйекте бұрынғы Семей уезі, Шыңғыс болысындағы Бөрлі деген жерде дүниеге келді.

Ел ішіндегі ауыздан-ауызға тараған ертегі-жырларды, аңыз-әңгімелерді жатқа айтқан бала жастайынан әдебиетке құмарлығын танытады. Алғашында Семей қаласында медреседе, одан кейін бес сыныптық орыс мектебінде білім алған ол 1915-1919 жылдары мұғалімдер семинариясынан дәріс алды. Осында жүріп халық аңызы негізінде 1917 жылы «Еңлік – Кебек» пьесасын жазды. Оның осы пьесасы драматургиядағы тырнақалдысы болса, 1921 жылы жазған «Қорғансыздың күні» әңгімесі проза жанрындағы тұңғышы еді. Алғашқы қадамын екі жанрда қатар басқан оның жазушылық жолы осылай басталды. Аталған екі шығарма жазушының әдебиетке үлкен дайындықпен келгенін байқатты. «Еңлік – Кебек» пьесасында Еңлік пен Кебек арасындағы үлкен сезімнің трагедиялы жағдайға ұшырауын нанымды бейнелей білген жазушы авторлық ұстанымын Абыздың аузына салуда ұтқырлық танытқан. 1918-1919 жылдары жазылған «Ел ағасы», «Бәйбіше тоқал» пьесалары ел арасына кеңінен тарап, Қазақстанның түкпір-түкпіріндегі жастардың драмалық үйірмелерінің репертуарынан үлкен орын алды. Жазушының прозалық, драмалық шығармаларына сол тұстағы ел ішіндегі толғағы жеткен мәселелер арқау болды. «Қорғансыздың күні» әңгімесінде қазақ арасындағы қайғылы хал суреттелеген. Атқамінерлердің бас иесінен айрылған қаралы шаңырақтың мүшкіл халін көре отырып, бар үміт артар жас періштесіне жасаған айуандығын бейнелеу арқылы сол тұстағы өмір шындығын қазақ әдебиетіне алып келді. Осы шығармалар жазушының қандай тақырыпқа да еркін бара алатынын, өмір шындығын шынайы бейнелейтінін, көркем шығармаға тән талаптарды шебер игере алатындығын байқатты. Болашақ жазушының қадамы осылайша сәтті басталды.

Семейде, Орынборда әртүрлі қоғамдық қызметтер атқарған Мұхтар Әлихан Бөкейханов бастаған Алаш қайраткерлерімен тығыз байланыста болды. 1923-1928 жылдары Ленинград университетінің тіл мен әдебиет факультетін бітірген ол Ташкенттегі Орта Азия университетінің шығыс фольклоры бойынша аспирантураға түседі. Бұл – қазақтың оқыған зиялы азаматтарының Ташкентке топтаса бастаған кезі еді. Әртүрлі саяси айыптармен қудалау көрген ақын 1930-1932 жылдары Алматы қаласында қамауда отырады. Тар қапастан ашық хат жазу арқылы құтылады.

Шығармаларының жинағы 1967-1969 жылдары 12 томдық, 1979-1986 жылдары 20 томдық болып жарық көрсе, 50 томдық академиялық ғылыми жинағын шығару ісі жазушының 100 жылдық мерекесі тұсында қолға алынды.

Жиырмасыншы жылдардан бастап әдебиетке белсене араласқан жазушы қаламынан әртүрлі тақырыптарды арқау еткен неше алуан туындылар туды. «Қорғансыздың күні», «Жетім», «Оқыған азамат», «Қыр суреттері», «Үйлену», «Ескілік көлеңкесінде», «Кінәмшіл бойжеткен», «Қаралы сұлу» әңгімелері мен «Көксерек», «Қараш-Қараш», «Қилы заман» повестерін жазды. Бұл жылдардағы әңгімелеріне жазушы қорғансыздар өмірін, әйел теңдігін, отаршылдық зардаптарын, оқығандар өмірін арқау етті. «Қорғансыздың күні» (1921), «Жетім» (1925) әңгімесі қорғансыз жандардың аянышты өімір-тіршілігіне арналған. «Қорғансыздың күні» бейкүнә Ғазизаның Ақан болыстың қорлауына төзе алмай, өз басын еріксіз өлімге тігуімен аяқталса, «Жетім» әңгімесіне қорғансыз, жетім бала өмірі арқау болған. Әңгіменің негізгі кейіпкері Қасым – жуандардан жапа шегіп, жас өмірін қой соңында өткізіп, ішер тамақ, киер киімге зар болып жүрген бейкүнә жан. Бұл әңгімелердің идеясы – теңдік, бостандық, бақыт. Осы жылдары жазылған әңгімелері мен «Бәйбіше, тоқал», «Қарагөз» сынды драмалық туындыларында жазушы кез келген мәселені типтік дәрежеге көтере алатындығын байқатты. «Бәйбіше, тоқал» драмасы мен «Қарагөз» трагедиясында сол тұстағы аса өзекті мәселенің бірі әйел теңдігі баяндалады.

«Көксерек» – қазақ әдебиетіне қосылған классикалық туындылардың бірі. Жазушы қолда өскен Көксерек деген бөлтіріктің Құрмашқа шабуы арқылы түз тағысын қолға үйретуге болмайтынын, қасқырдың далаға қарап ұлитындығын қызғылықты түрде шынайы бейнеледі.

«Қараш-қараш оқиғасы» повесі тарихи оқиғаға құрылғандықтан, негізгі кейіпкерлері өмірде болған адамдар. Жұматай өмірде болмаған әдеби кейіпкер болса, Жарасбай – Шығыс Талғар болысы Саймасай Үшкемпіров. Ал, Сәлмен – өмірден алынған дерегі бар болыс. Оқиға «Қайран, Тектім-ай!.. Алпамсадай арысым едің… Қаңбақтай жеп-жеңіл боп қаусап қалғаның-ау! Қолыма салмағың білінсеші», – деп ауру жігіттің төсегін ағасы мен жеңгесі жайғап жүргенінен басталады да, Тектіғұлдың: «Кегім… кегім!…» – деген шерінен оқиға өрбиді. Шығармада Тектіғұл жуандардың тепкісінен өледі. Дауылды күні ығып кеткен қойдың артынан шықпадың деп Сәлмен соққыға жығады. Барымтаның құрбаны болған Рысқұл бейнесінен қанаушыларға деген наразылықтың шегіне жетуін көреміз.

М.Әуезов – қазақ драматургиясының қалыптасып, дамуына мол үлес қосқан драматург. Оның қаламынан туған «Бәйбіше тоқал», «Еңлік – Кебек», «Хан Кене», «Айман-Шолпан», «Қарақыпшақ Қобыланды», «Қарагөз», «Түнгі сарын, «Тас түлек», «Тартыс», «Алма бағында», «Шекарада», «Ақан – Зайра», «Бекет», «Дос – Бедел дос» сынды драмалық туындылар қазақ драматургиясын мазмұны мен түрі жағынан байытқан шығармалар. Бірде махаббат, бірде өнер, бірде тарихи тақырыпқа барып, енді бірде бүгінгі замандас бейнесін жасай білген драматург бір-бірін қайталамайтын әр алуан кейіпкерлерді қазақ сахнасына алып келді. “Хан Кене” пьесасында Кенесары бастаған көтерілістің Жетісу өңіріне келіп, Алатау баурайындағы сәті суреттелсе, “Қилы заманда” 1916 жылғы ұлт азаттық көтеріліс тұсындағы ел өмірінің шынайы картинасы жасалды. Жазушының отызыншы жылдары қудалауға түсуіне «Хан Кене» мен «Қилы заман» шығармаларында өмір шындығының бейнеленуі де себепкер болды. Себебі, бұл екеуі де орыс отаршылдығына қарсы жазылған еді. Олардың жариялануына тыйым салынып, «Хан Кене» 1981 жылы шыққан 20 томдыққа енсе, «Қилы заман» повесі алғашқы басылымнан кейін ұзақ жылдар жарияланбады. Тек 1972 жылы “Новый мир” журналында басылып, онан кейін неміс тілінде жарияланған кейін ғана қазақша шығару мүмкіндігіне ие болды. Осындай мысалдар жазушы шығармаларының кеңестік әдебиеттің тарихи тақырыпқа бару, өмір шындығын шынайы бейнелеу талап-тілектерінен шығып кеткендігін байқатса керек.

1916 жылғы халық көтерілісі тақырыбына қаламгер “Түнгі сарын” (1934) атты пьесасында қайта оралды. Жазушы осымен бірге отызыншы жылдары «Қасеннің құбылыстары», «Іздер», «Шатқалаң», «Құм мен Асқар», «Бүркітші» әңгімелермен бірге «Айман – Шолпан», «Тас түлек», «Шекарада» пьесаларын жазды.

Қаламгердің қазақ әдебиетіне сіңірген еңбегінің бір қыры оның зерттеу еңбектерінен байқалады. Қазақ әдебиетінің тарихын жасау сынды іргелі мәселелер де осы есіммен байланысты. Отызыншы жылдары Абай мұрасы шырғалаңға түсіп, кереғар пікірлер айтылып, қызу дау-дамай жүріп жатқанда, ақын мұрасын арашалауға М.Әуезов белсене араласты. Ақын бейнесін қазақ әдебиетіне алып келу мақсатында 1937 жылы «Татьянаның қырдағы әні» мен 1939 жылы Л.Соболевпен бірігіп «Абай» трагедиясын жазып, Мәскеуде бастырып шығарды. Бұлардың қатарын жазушының кейінгі жылдары жазған зерттеулері мен роман эпопеясы, опера либреттосы мен киносценарийі толықтыра түсті. Абайдың Пушкинмен рухани байланысын көрсету мақсатында жазылған «Татьянаның қырдағы әні» көпшілік ықыласына бөленді. Кейін бұл «Абай жолы» атты роман-эпопеяның бір бөлшегі қызметін атқарды. Қазақ жазба поэзиясының негізін қалаушы ұлы ақынның сом тұлғасын жасаудағы қыруар еңбегінің алғашқы екі кітабы үшін КСРО Мемлекеттік сыйлығының, төрт томдық “Абай жолы” роман-эпопеясы үшін Лениндік сыйлықтың лауреаты атанды.

Бала Абайдан дана Абайға көтерілгенге дейінгі аралықтағы ақынның өсу, толығу жолдарын автор сол тұстағы ел өмірімен тығыз бірлікте қарады. Оның тек қана ақын емес, бұқара халықтың қамын ойлаған күрескер, жас өнерпаздарға жол көрсеткен ұлағатты ұстаз болғандығын жазушы әр түрлі оқиғалар үстінде аша түсті. Өмір туралы ой қалыптастыруы, әке ісіне сын көзбен қарауы Қодар өлімі үстінде айқындала түссе, Дәркембай, Базаралы, Дәрмен секілді көп ішінен шыққан қарапайым адамдармен достығы, Павлов, Михайлов, Казанцев, Андреев сынды орыс зиялыларымен қарым-қатынасы Абай бейнесін толықтыра түсті. Ал, Тәкежан, Жиренше, Оразбай сынды болыс-билермен тартысы Абайдың ат төбеліндей шонжарлармен емес, көппен бірге болғандығын дәлелдейтін оқиғалар.

Сол дәуірдің ең өзекті мәселелері жер дауы, жесір дауы үстінде Абай бейнесі даралана түседі. Салиқа, Мәкен сынды қыздар дауының сәтті аяқталуына себепкер де Абай. Жазушы Абай – Тоғжан, Абай – Әйгерім, Балағаз – Керімбала, Дәрмен – Мәкен линиялары арқылы сол тұстағы бір-бірін шынайы сүйген жастар арасындағы махаббат мәселесіне де ерекше көңіл бөлген. Әйелдер бейнесінің ішінде Зере мен Ұлжан ел анасы дәрежесіне дейін көтерілген.

Шығарманың тарихилық сипатын Әбіш, Мағаш, Оспан, Базаралы, Тоғжан, Әйгерім, Ұлжан, Құнанбай, Әзімбай, Тәкежан, Оразбай, Бөжей, Жиренше, Майбасар сынды сол тұста өмір сүрген адамдар бейнесі аңғартса, жазушы жанынан қосылған көркем бейнелер де жетерлік. Оған мысал ретінде Абайдың ақын шәкірттерінің типтік бейнесін жасаған Дәрмен образын атауға болады.

Луи Арагон, Андре Стиль, Николай Погодин, Бенжамен Матип, Николай Тихонов, Александр Фадеев, Альфред Курелла, Константин Федин сынды қаламгерлер тарапынан жоғары бағалануы шығарманың құнын арттыра түсті.

Қазақ халқының этнографиялық тарихын жасаған «Абай жолы» эпопеясы М.Шолохов, Л.Леонов, К.Федин, А.Фадеев, Н.Тихонов, К.Симонов, Айбек, Ғафур Гулям, М.Тұрсын-Заде, А.Тоқомбаев, Т.Сыдықбеков, Ғ.Баширов, Б.Кербабаев, О.Гончар, М.Ибрагимов, Н.Зарьян, Р.Ғамзатов, Мұстай Кәрім сынды қаламгерлердің оң пікірлерімен дүние жүзі әдебиетінің таңдаулы үлгілерінің қатарына енді.

«Абай жолы» арқылы қазақ халқын әлемге танытқан қаламгердің өмірінің соңғы жылдарында жазылған «Өскен өркен» романы – жазушының бүгінгі замандас бейнесін жасай білген кесек туынды.

Жиырмасыншы жылдардан бастап қоғамдық қызметтерге белсене араласқан жазушы ел өміріндегі өзекті мәселелерді мерзімді басылым беттерінде көтере білді. Сонымен бірге ұлттық әдебиеттану ғылымының фольклор, әдебиет тарихы, кеңес дәуіріндегі әдебиет тәрізді жекелеген салаларына да қыруар еңбек сіңірді. Оның «Эпос және қазақ халқының фольклоры» (Л.Соболевпен бірігіп жазған), «Қазақ эпосы және революцияға дейінгі дейінгі фольклор», «Ертегілер», «Қозы Көрпеш – Баян сұлу», «Айтыс» сынды еңбектері – қазақ фольклорына қосылған қомақты дүниелер. 1927 жылы жарық көрген «Әдебиет тарихы» мен «Қазақ әдебиетінің тарихы» (3 том, 6 кітаптан тұратын ұжымдық еңбектің фольклорға арналған І томы) атты іргелі зерттеулері мен Абайдың өмірі мен шығармашылығы туралы еңбектері, қазақ әдебиетіне қомақты үлес қосқан ақын-жазушылардың мұралары жөніндегі тың тұжырымдары – қазақ әдебиеттану ғылымына қосылған соны үлес. «Әдебиет тарихы» ХХ ғасыр басында жазылғандығымен құнды. Зерттеуші мұнда ауыз әдебиеті үлгілерінен бастап ХҮІІІ-ХІХ ғасырдағы қазақ поэзиясына дейінгі аралықтағы қазақ әдебиетіне толық зерттеу жасады. Ауыз әдебиеті үлгілерін мазмұны мен түріне қарап жіктей отырып, Абайға дейінгі қазақ поэзиясындағы дәстүр жалғастыра көрсете білді. Абай Құнанбаевтың көркем бейнесін қазақ әдебиетіне алып келген қаламгер ақын мұрасының зерттелуіне де ерекше үлес қосты. Жиырмасыншы жылдардан бастап жазылған шағын мақалалар легі жинала келіп, үлкен зерттеулерге ұласты. Ғалымның «Абай Құнанбайұлы» монографиясы – қазақ әдебиеттану ғылымында жекелеген ақын-жазушылардың өмірі мен шығармашылығын зерттеудің үлгісін қалыптастырған еңбек.

Ол – қазақ әдебиетін ғана емес, түркі халықтарының мұрасына зор құрметпен қараған білікті әдебиетші. Оның бір мысалы – қырғыз халқының «Манас» жырын зерттеуі. Кеңестік дәуір тұсында екіұдай тартысқа түскен шығарманың бірден-бір жанашыры да, оны арашалаушы да М.Әуезов екендігі тарихтан белгілі.

Қазақ әдебиеті мен қазақ халқын әлемге танытқан дарынды жазушы қаламынан туған озық үлгідегі шығармалар қазақ әдебиетінің ғана емес, әлем әдебиетіне қосылған үлкен қазына.

 







Дата добавления: 2015-09-15; просмотров: 2639. Нарушение авторских прав; Мы поможем в написании вашей работы!



Кардиналистский и ординалистский подходы Кардиналистский (количественный подход) к анализу полезности основан на представлении о возможности измерения различных благ в условных единицах полезности...

Обзор компонентов Multisim Компоненты – это основа любой схемы, это все элементы, из которых она состоит. Multisim оперирует с двумя категориями...

Композиция из абстрактных геометрических фигур Данная композиция состоит из линий, штриховки, абстрактных геометрических форм...

Важнейшие способы обработки и анализа рядов динамики Не во всех случаях эмпирические данные рядов динамики позволяют определить тенденцию изменения явления во времени...

Примеры решения типовых задач. Пример 1.Степень диссоциации уксусной кислоты в 0,1 М растворе равна 1,32∙10-2   Пример 1.Степень диссоциации уксусной кислоты в 0,1 М растворе равна 1,32∙10-2. Найдите константу диссоциации кислоты и значение рК. Решение. Подставим данные задачи в уравнение закона разбавления К = a2См/(1 –a) =...

Экспертная оценка как метод психологического исследования Экспертная оценка – диагностический метод измерения, с помощью которого качественные особенности психических явлений получают свое числовое выражение в форме количественных оценок...

В теории государства и права выделяют два пути возникновения государства: восточный и западный Восточный путь возникновения государства представляет собой плавный переход, перерастание первобытного общества в государство...

Именные части речи, их общие и отличительные признаки Именные части речи в русском языке — это имя существительное, имя прилагательное, имя числительное, местоимение...

Интуитивное мышление Мышление — это пси­хический процесс, обеспечивающий познание сущности предме­тов и явлений и самого субъекта...

Объект, субъект, предмет, цели и задачи управления персоналом Социальная система организации делится на две основные подсистемы: управляющую и управляемую...

Studopedia.info - Студопедия - 2014-2024 год . (0.009 сек.) русская версия | украинская версия