Студопедия — Абит Мүсірепов
Студопедия Главная Случайная страница Обратная связь

Разделы: Автомобили Астрономия Биология География Дом и сад Другие языки Другое Информатика История Культура Литература Логика Математика Медицина Металлургия Механика Образование Охрана труда Педагогика Политика Право Психология Религия Риторика Социология Спорт Строительство Технология Туризм Физика Философия Финансы Химия Черчение Экология Экономика Электроника

Абит Мүсірепов






(1902 – 1985)

Ғабит Мүсірепов 1902 жылы 22-наурызда қазіргі Солтүстік Қазақстан облысы, Жамбыл ауданы, «Жаңажол» ауылында дүниеге келген. Тоғыз жасына дейін өз ауылында хат таныған ол 1916 жылы екі сыныптық ауылдық орыс мектепте бір жыл, орыс мектебінде төрт жыл дәріс алады. 1923-1926 жылдары Орынбор қаласындағы жұмысшы факультетінде білім алған ол содан кейін Омбыдағы ауыл шаруашылығы институтында бір жыл оқиды. Еңбек жолын 1927 жылы Бурабай техникумында оқытушылық қызметтен бастаған оның сол жылдардан бастап жаза бастағанына «Тулаған толқында» атты тұңғыш повесі мысал. Баспа, кеңес, партия мекемелерінде әртүрлі жауапты қызметтер атқарған ол Қазақстан Жазушылар одағы басқармасының бірінші хатшысы, КСРО Жазушылар одағы басқармасы хатшыларының бірі, Лениндік және Мемлекеттік сыйлықтар жөніндегі Бүкілодақтық комитеттің мүшелігіне дейін сайланды.

Қазақ КСР Ғылым академиясының академигі, Социалистік Еңбек Ері, Қазақстанның Халық жазушысы Ғабит Мүсірепов – сөз өнерін жете игеріп, көркем сөзбен өрнек салуда шеберлігімен танылған қаламгер. Оның қаламынан туған «Тулаған толқында» (1927), «Қыз Жібек» операсының либреттосы (1935), «Қозы Көрпеш – Баян сұлу» пьесасы (1939) «Қазақ солдаты» («Қазақ батыры», 1945), «Оянған өлке» (1953), «Кездеспей кеткен бір бейне» (1968), «Ұлпан» (1974), «Жат қолында» (1984) сынды көркем туындылары мен «Суреткер парызы» (1970), «Заман және әдебиет» (1982) атты сыншылық, журналистік еңбектері – қазақ әдебиетінің қорына қосылған мол қазына. Қазақ әдебиетінің өсіп-өркендеуіне қомақты үлес қосқан жазушының 100 жылдығы 2002 жылы ЮНЕСКО деңгейінде аталып өтті.

Ол шағын әңгімелерінде ана тұлғасын сомдауға ден қойды. Ана бейнесіне алғашқы әңгімелерінен бастап ерекше көңіл бөліп, бар ыждиғатпен қараған жазушы қайратты, парасатты қазақ анасының образын жасағандығын қазақ әдебиеттанушы ғалымдары айтып келеді. “Адамның анасы”, “Өлімді жеңген ана”, “Ана кесімі айнымайды”, “Ананың анасы”, “Ашынған ана”, “Ананың арашасы” (1933), “Ер ана” (1942), “Ақлима” (1944), “Әмина” әңгімелерінің ішінде алғашқы үшеуі М.Горькийдің “Италия ертегілері” циклінен ықшамдалып алынған көркем аудармалар, кейінгілері жазушының төл туындылары. Жазушы М.Горькийдің “Келді адам өмірге” әңгімесінің атын “Адамның анасы” деп өзгерткенде ана құдіретіне, оның қасиетіне баса назар аударуды көздеген іспеттес. Жазушы бұл мақсатына жетті де.

“Ананың анасы” әңгімесіне арқау болған – Бала бидің батыры Жалпақ балуанның қырық жігітпен Ергенектің елін шабуға аттанған оқиғасы. Тезек теріп жүрген он бестегі қызын алып кеткен шапқыншылардың артынан “Құлыншағымдап” шашын жайған ананы алғаш көргенде-ақ ананың балаға деген махаббатын аңғарамыз. Қызының артынан қуып келіп: “Менің атым әйел, мына қыздың анасымын! Бәрің де анадан тудыңдар! Анамен алыспайды да, атыспайды да,” – деп, шаншып тастамақ болып төніп келгендерді бір ауыз сөзбен тоқтатады. Ананың бұл батылдығына қайран қалған Жалпақ балуан: “Жаным, сен неткен жансың? Сені қазақтың қатыны шығар да, өзімді батыры шығар деп ойлаймын… Жөніңді айтшы!” – дейді әйелге.

“Керей деген ел көрсеңдер, сәлем айт, Жалпақ деген батыр көрсеңдер, сәлем айт!” – деген сөзді естігенде Жалпақ балуан гүрс етіп құлайды. Сөзі де, ісі де батыр ананың бұл сәлемі Жалпақ батырдың төбесінен жай түскендей әсер етеді. Ананың айтып отырған Бала биінің жұмсауымен келген Жалпақ батыр бұл сөзді естігенде жер басып тұра алмады. Ал, ана бұл батырдың Жалпақ екенін білген де жоқ. Жалпақ батырдың ананың бір ауыз сөзімен мерт болуы, біріншіден, ана алдында ұяттан жерге кіруі, екіншіден, иесін тауып айтқан аталы сөздің асқан құдіреті.

“Ашынған ана” әңгімесінде шегініс жасалып, баласы Бақыт үшін он жеті ай түрмеде отырған ана өз басынан өткенін І жақтағы “менмен” баяндайды. Алайда әңгімеде оқиға желісі сақталып, кейіпкер бейнелері жақсы сомдалған. Ана бейнесін аша түсуде көркем тартыс, диалог, баяндау тәсілдерін жазушы дұрыс пайдалана білген. Әңгімедегі көркем тартыс ана мен болыстың, Қара сақалдың арасында өрбиді. Қара сақалдың әрекеттері, баласының көзінше тіл тигізіп мазақ етуі, қорлауы – әңгіменің шарықтау шегі. Баласының алдында абыройсыз ана болғанша, жер басып, өмір сүрудің түкке де қажеті жоқ. Шыдамы таусылған ана осы мазаққа шыдай алмай, Қара сақал мен болысқа пышақ алып ұмтылып, екеуін де жарып тастайды. Әңгіменің шешімі – ананың пышақ жұсауы.

“Ананың арашасы” әңгімесінен Нағима ана мен Жәніш бәйбішенің бейнесін олардың іс-әрекеті, қимылы, жүріс-тұрысы, сөйлеген сөзі даралай түседі. Жәніш бәйбіше де – ана, бірақ, ол Нағима анаға қарсы суреттелген. Оның жүрегі де, істеген ісі де қара басын ғана ойлаған жан екендігін көрсетеді. Екі жерде ғана көрінген Жәніш бәйбішенің образын жазушы нақтылықпен суреттеген. Нағима ана – үлкен жүректі, алғыстан басқа қарғысы жоқ, өзгеге жамандық тілемейтін нәзік жанды адам. Ол отыз өрім қамшыдан арқасы тілімделіп, қанға боялып жатқанда да қарғыс айтып, әуре болмайды. Керісінше, “Бәріңнің де шешелерің бар шығар… Тек, біреуіңнің де шешелерің мынадай ақ топалаңның қолына түсе көрмесін деп, тілеп өлем”, – деп, өзі көрген жауыздық пен қанішерлердің қорлығын басқа ананың көрмеуін тілейді. Бұл – іріліктің, көрегендіктің ізгі жақсылықтың белгісі. Себебі, Нағима ана қанша қорлық көрсе де, өзін өмірдің, тіршіліктің иесі екенін ұмытқан жоқ. Осыдан кейін Антонов отрядының даң-дұң болып екі бөлініп, екі жолмен кетуі де ана құдіретінің, қасиетінің жоғарылығын аңғартады.

1942 жылы жазылған “Ер ана” әңгімесіне Ұлы Отан соғысы жылдарындағы фашист басқыншыларының жаулап алған қала, ондағы ана ерлігі негіз болған. Тіршіліктің тынышын бұзып, өмірге өлім сепкен қанішерлерге деген кегін, лағынетін Наталья ана ісімен көрсетеді. Мектептің іші-сыртына жайғасып, әндетіп жатқан мас фашистердің (партизандар дайындап кеткен жарғышымен) күлін көкке ұшырады. Наталья ананың ерлігі – өмір, тыныштық, бейбітшілік жолындағы ерлік.

“Ақлима” (1944) әңгімесі соғыс жылдарындағы тылдағы аналар өмірінен алынған. Сапар өз анасынан, Ақлима ана өз баласынан айырылғандықтан, Сапарға аналық сезімін ұсынған анадан тіршіліктің, өмірдің иесі екенін аңғару оңай. Ақлима ана, біріншіден, анасыз жетімді бауырына басса, екіншіден, Отан үшін, ел үшін аяғын жауға беріп ерлік көрсеткен халық перзентіне аналық махаббатын сыйламақ. Ақлима ананың хатты оқып отырғандағы күйініш-сүйініші, балаға деген аналық махаббаты, оның кесімді шешімі ана образын толықтыра түскен.

“Әмина” атты шағын әңгімесінің де көтерер жүгі ауыр. Мұндағы Әмина ана өз ісінің маманы ғана емес, қырық екі балаға ана бола білген үлкен жүректі ана екенін аңғартады.

Ғабит Мүсірепов Ұлы Отан соғысы жылдарындағы “Ер ана”, “Ақлима” әңгімелерінде алғашқы әңгімелеріндегі асқақ романтикадан арылды. Бұл әңгімелерде аналардың ішкі сезімі (психологиясы) шынайы көрініс тапты.

Ұлы Отан соғысы жылдарындағы батыр аналардың ерлігін шағын жанрға арқау еткен жазушының «Қазақ батыры» атты кең құлашты шығармасы «Майдан» альманахында жарияланды (1944, №1, №2; 1945, №1). Жазушы повесін Керх майданында көрсеткен ерлігі үшін Совет Одағының Батыры атағын алған Қайырғали Исмағұловтың өз аузынан естіген шындыққа құрды. Әртүрлі сынға ұшыраған повесті автор қайта жазып, кеңейтіп, толықтыра келіп, 1950 жылы кең тынысты «Қазақ солдаты» деген романын ұсынды. Роман іле-шала орыс (Солдат из Казахстана. Роман. Авториз. пер. С.Злобина. М., 1950, 235 стр.) және басқа шет тілдерге аударылып, көп таралыммен тарады. Көркемдік талаптар деңгейінде жазылған бұл шығарманың қазақ прозасы үшін үлкен табыс болғаны анық. Шығарма басқа тілдерге аударылған соң алыс-жақын шет ел ақын-жазушылары, сыншылары мен ғалымдары бұл шығарманың көркемдік жетістіктерін жапа-тармағай жаза бастады.

«Қазақ солдаты» – Ұлы Отан соғысы жылдарындағы соғыс және тыл өмірінің шындығын көркем шындыққа айналдыруда қазақ прозасын мазмұн, түр жағынан байытқан кең тынысты роман. Роман бірінші жақтан жазылған. Негізгі оқиға бас кейіпкер Қайроштың төңірегінде жүріп жатады. Ол – Совет Одағының Батыры Қайырғали Исмағұловтың прототипі. Романның басында берілген: «– Әуелі келісіп алайық: сіз ешнәрсе жасырмаңыз, мен ешнәрсе қоспайын. – Жоқ, сіз ешнәрсе қоспаңыз, мен ешнәрсе жасырмайын...», – деген бас кейіпкер мен автордың келісімінен-ақ жазушының өз жанынан көп ештеңе қоспағаны аңғарылады. Советтер Одағының батыры Қайырғали Исмағұлов пен Ғ.Мүсіреповтің кездесуі қазақ әдебиетіне тың тақырыпқа жазылған жаңа дүниені алып келді.

Романның негізгі идеясы – Отанды жаудан қорғау, жас ұрпақты отаншылдық рухта тәрбиелеу. Автор туған жер тақырыбын жалқыдан жалпыға, жалпыдан жалқыға ұштастырған. Қайрақтыдан басқа да жер барын білмейтін Қайрош «Гурьев» әнін бір сәт те ұмытқан емес. Ол: «Көрінген сонадайдан Гурьевім, көргем жоқ Гурьевтей жер биігін...» деп, қашанда туған жері мен елін жоғары қоя білген. Оның туған жерге деген махаббатын жазушы Қайрақтыдан Гурьевке, Гурьевтен Отанға ұластырып отырған.

Жазушы кең тынысты баяндау, кейіпкер образын сомдау, адам психологиясын аша түсу, майдан шындығын жан-жақты суреттеу жағынан қазақ романын бір саты биікке көтерді. Қан майданның бір шетіндегі жауынгерлердің Отан үшін жан қиған ерлігін суреттейтін бұл шығарма – соғыс және адам, өмір және өлім мәселесін көтерген қазақ романындағы алғашқы туынды.

Алпысыншы жылдары жазушы “Сөз жоқ, соның ізі”, “Өмір жорығы”, “Қыран жыры”, “Айгүл қойшының бір күні”, “Айгүл қойшының түндері”, “Әмина” шығармалары арқылы әңгіме жанрының шебері екенін және бір дәлелдеді. Оның “Сөз жоқ, соның ізі” әңгімесінде жазушы қазақ тарихынан елеулі орын алған 30-жылдардың содырлы ізінің бір көрінісін осы шағын жанрда әдемі бейнелей білді. Әлемдік әдебиетте бар символды автор осы әңгімеде шеберлікпен пайдаланды. Ол бір із арқылы талай сырды ашты.

“Өмір жорығы” мен “Қыран жыры” да – символдық әңгімелер. Өмір, болмыс, тағдыр жайында сыр шерткен бұл әңгімелер – автор ой-тұжырымдарының қорытынды түйіні. Әңгіме жазушының қоғамдық өмірге, табиғатқа көзқарасы тұрғысынан баяндалған. Ол адам, қоғам жайын су асты балық, көк тәңірі қырандар өмірі арқылы жеткізеді. Символмен бейнеленген философиялық бұл туындылар осы жанрды түрі жағынан да байытты.

“Өмір жорығы” әңгімесіндегі су асты балықтар арқылы адамдар өмірін көреріміз анық. Әңгіменің аты айтып тұрғандай, балықтар жорығы – өмір жорығы. Ұрпақ өсіру, ұрпақ алмасу өмірдің, табиғаттың заңы болса, осы заңдылықты балықтар тіршілігінен де байқаймыз. Мұндағы Көкқасқа, Азат-мая, Миногалар (Минго – балық аты) ата-тегі бір, бір нәсіл иелері. Бірақ, олардың істеген істері, арман-мақсаттары, ниет-пиғылдары, көздеген мұраттары әр басқа. Көкқасқа – ұрпақ қамын ойлап, оның болашағы үшін басын өлімге тіккен атабалық. Ол – халық алдында өз борышын абыроймен атқарар ел азаматтарының бейнесі. Ал, Минога – жылпос, зымиян, залым. Көлеңкемен күн көріп, “күріш арқасында күрмек боп су ішіп”, қара бастың құлқынынан басқаны ойламайтындар адамдар арасында да жетерлік. Көкқасқа мен Миного – бір-біріне қарама-қарсы (контраст) бейнелер ретінде бірін-бірі толықтырады. Қақ-соқпен ісі жоқ әділдік пен адалдықты жақтаған адал жандардың бейнесі – Азат-мая. Адамдар секілді балықтарда да күндестік бар, барға мастанумен қатар оларда да жалқау, жайбасар, еріншектер жетерлік. Өмірдің өзі күрестен тұрса, балықтар да өмір сүру үшін күресе біледі екен.

“Қыран жыры” әңгімесінде де автор адамдардың өмір тіршілігін қырандар арқылы көрсеткен. Мұндағы негізгі кейіпкер – Сарбалақ. Ал, Тасқара – “шен беріп, биік тұғырға отырғызсаң, қандай орынға болса да ұялмай-ақ отыра кететін”, тақ, мансап қуып, шен-шекпен іздеген жандардың бейнесі. Тартыс Сарбалақ пен Тасқара арасында өрбиді. Сарбалақтың аңсаған “Бостандық сағынышы, азаттық жыры, аспан жыры өн бойын өртеп бара жатқандай” деп келтірілген бостандығы кешегі Кеңес одағы тұсындағы қазақ халқының егемендікті аңсаған күйіндей елес береді. Сондай-ақ қыранның ыстық пен суыққа төзімді болуын сөз еткенде де автор Азияны тегін атамайтын сияқты. Жас ұрпақтың қамын жеген әке-шеше, ана қыранның қырық күн тапжылмай отыруы адамдар өмірінен алынғандай. Аналықтың балаларына деген аналық махаббаты, әкесінен қызғануы, балаларға әке ызғарының керектігі – бәрі де адам өмірінің бір қыры. “Қанша уақыт бөстегін былғап отыра берген мешеу едік қой. Дауыл көтеріп аспанға шығарды емес пе? Енді осылай шарықтай беретін шығармыз. Арман деген осы да, Қуаныш деген осы да!”[2] – деген кейіпкер ойы – қазақтың кешегісі мен бүгінін көрсетер астарлы ой, сиқырлы сурет. Қорқу, үрку дегенді білмейтін қарлы боран, қара дауылда қанат қаққан балапандар кешегі неше алуан дауылды көріп өмірмен күресе білген аға буын өкілдерін көрсетсе, оларды мақтан тұтқан ата-ана, қоғам, Отан деп түюге де болады. Әңгіменің негізгі идеясы – тіршілік, өмір үшін күрес болса, ұрпақ ауысуы – өмір, табиғат заңдылығы. Ғ.Мүсірепов бұл әңгімелерінде параллелизм мен контрасты шебер пайдалана білді. Бұл – кейіпкер бейнесін сомдауда бірден-бір негізгі қызмет атқарар әдіс-тәсіл.

“Айгүл қойшының бір күні”, “Айгүл қойшының түндері”, “Әмина” әңгімелерінде жаңа дәуірдегі еңбек адамының бейнесін көрсетті. Айгүл – адал еңбегімен ел құрметіне бөленген қойшы. Сүйген ісінің көзін табуы оны халық қалаулылары қатарына дейін көтерсе, ол – “ұлық болсаң, кішік бол” дегендей өте биязы, қарапайым, еңбекқор жан болып суреттеледі. Әңгімеде Айгүлдің бейнесі бір ғана сюжетпен ашылған. Көпшілік тығырыққа тіреліп, қойлардың суға кету қаупі төнгенде, Айгүлдің кеңесімен “Қасқыр сайдан” бір қой шығынға ұшырамай, аман шығады. Ал Әмина балабақшадағы бүлдіршіндер үшін өз жанын қиюға бар, бала тәрбиелеуді аналық махаббатпен игерген жан. Ғ.Мүсірепов өзінің әңгіме жанрының шебері екендігін осы әңгімелерінде және бір дәлелдеді. Мұндағы теңеу, эпитеттерден өзге поэзияға тән эпифора және аз сөзге көп мағына сиғызу, штрихты ұтымды пайдалану жазушы қаламына тән шеберліктің бір қыры ретінде танылады.

Жазушы “Оянған өлке”, “Жат қолында”, “Ұлпан” романдарында он тоғызыншы ғасырдағы қазақ елінің көркем шежіресін жасады. “Жат қолында” романы “Оянған өлкенің” заңды жалғасы болғанмен араға отыз жыл салынып жазылған. Алғашқысы – Қарағанды жеріне Рязанов пен Ушаковтың келген кезін суреттесе, екіншісі – мүлгіген қазақ жерінде кен, шахталарының ашылып, шахтерлар ауылының пайда болғанымен басталады. Бұл романда Ушаков та, Игілік те бар байлықтан баз кешіп, пүшәйман күйге түседі де, енді Кенжеқара сынды халық ұлдары алға шығады. Оның Қарағандының басқарушысы көмір инженері Некрасовқа жайып салған мына ойы да авторлық ұстанымның кейіпкер сөзімен жеткізілуі: «– Қарағанды өңіріндегі өндірістердің бәрі де бүгін болмаса ертең жат қолында кетуге тұрғаны даусыз ғой. Сонда сіздердің бұл күнге дейінгі жөн-жосықтарыңыз өзгермей қала берсе, сол шет елден келетіндер қазақ жұмыскерлерін меңіреу-мылқау мал екен деп ойламас па?.. Келе жатқандар – дүниелік көлемдегі нағыз отаршылдар. Кедей қазақ, малы жоқ, оларға да жалданады… Жат қолына адамды мал ретінде өткізе салсаңыздар, мұны мен елімізге көрсеткен қорлық көремін». Кенжеқараның әке мен жардан тірідей айрылған жетімектер мен қауқарсыз кемпір-шалдардың аянышты күйін көріп, тебіренуі де оның авторының жанын жегідей жеген қасіреттің көркем шығармадағы көрінісі.

Ана туралы шоғырлы әңгімелерінде әйел-ана бейнесін биікке көтерген жазушы «Ұлпан» романында осы тақырыпқа қайта оралды. Қазақ даласы мен баласына Ұлпанмен келген жаңалықты автор оның ісімен де, сөзімен де көрсете білді. «Ел анасына» дейін көтерілген Ұлпанның бар болмысы әкесінің, жарлы-жақыбай ауыл адамдарының, Есенейдің сөздерімен ашыла түскен. Тіршілікке нәр беруші ананың ғана ел анасы дәрежесіне көтеріле алатындығын жазушы аша түсті. Қазақ басына кигізілген тұсаумен алысып, жарлы-жақыбайға қамқор бола білген Ұлпан – өмірден алынған шынайы кейіпкер. Жазушы шығармаларының дені әйел-ана бейнесін сомдау болса, «Ұлпан» – сол тұрғыдағы шоқтығы биік туынды.

Ғабит Мүсірепов – қазақ драматургиясына да біршама үлес қосқан қаламгер. Ол қазақтың лирикалық, батырлық эпостарын “Қыз Жібек”, “Қозы Көрпеш – Баян сұлу”, “Ақан сері – Ақтоқты” атты пьесалары арқылы сахнаға алып келді. “Болашаққа аманат” атты тарихи драмасында автор Сырым Датұлының көркем образын жасады.

«Кездеспей кеткен бір бейне» атты прозамен жазылған поэмасында халқы үшін күрескер бола білген нәзік жанды ақынның бейнесі жасалған.

«Суреткер парызы» атты жинақта жазушының жиырмасыншы жылдардағы алғашқы мақалаларынан бастап, әдебиеттің аға буын өкілі болған шағына дейінгі дүниелері жинақталған. «Қисық сынға әділ төреден» (1924) бастап, «Жалынға» атты ағалық сөзіне дейінгі жарты ғасырға жуық уақыттағы әдеби үдерістің көкейкесті мәселелерін көтерген мақалалардың бүгінгі қазақ әдебиеті үшін берері мол. Оның «Авгейдің ат қорасынан бастайық», «Ана тілін анамыздай ардақтайық» атты мақалалары ұстанған бағыты мен көтерген идеясы арқылы авторының стильдік ерекшелігін аша түсті.

Ана туралы шоғырлы әңгімелері мен «Ұлпан» повесі арқылы ол әйел-ананың сом тұлғасын жасады. Көркем шығарманың құндылығы оның өміршеңдігінде болса, «Қазақ солдаты», «Жат қолында», «Оянған өлке», «Ұлпан» сынды романдары мен “Қыз Жібек”, “Қозы Көрпеш – Баян сұлу”, “Ақан сері – Ақтоқты”, “Болашаққа аманат”, «Аманкелді» тәрізді драмалық туындылары күн өткен сайын оқырмандары мен көрермендерін тәнті етіп келеді. Сол еңбектері үшін халқы оған “Алыптар тобы” қатарынан орын берді.

 







Дата добавления: 2015-09-15; просмотров: 4159. Нарушение авторских прав; Мы поможем в написании вашей работы!



Обзор компонентов Multisim Компоненты – это основа любой схемы, это все элементы, из которых она состоит. Multisim оперирует с двумя категориями...

Композиция из абстрактных геометрических фигур Данная композиция состоит из линий, штриховки, абстрактных геометрических форм...

Важнейшие способы обработки и анализа рядов динамики Не во всех случаях эмпирические данные рядов динамики позволяют определить тенденцию изменения явления во времени...

ТЕОРЕТИЧЕСКАЯ МЕХАНИКА Статика является частью теоретической механики, изучающей условия, при ко­торых тело находится под действием заданной системы сил...

Дизартрии у детей Выделение клинических форм дизартрии у детей является в большой степени условным, так как у них крайне редко бывают локальные поражения мозга, с которыми связаны четко определенные синдромы двигательных нарушений...

Педагогическая структура процесса социализации Характеризуя социализацию как педагогический процессе, следует рассмотреть ее основные компоненты: цель, содержание, средства, функции субъекта и объекта...

Типовые ситуационные задачи. Задача 1. Больной К., 38 лет, шахтер по профессии, во время планового медицинского осмотра предъявил жалобы на появление одышки при значительной физической   Задача 1. Больной К., 38 лет, шахтер по профессии, во время планового медицинского осмотра предъявил жалобы на появление одышки при значительной физической нагрузке. Из медицинской книжки установлено, что он страдает врожденным пороком сердца....

Приложение Г: Особенности заполнение справки формы ву-45   После выполнения полного опробования тормозов, а так же после сокращенного, если предварительно на станции было произведено полное опробование тормозов состава от стационарной установки с автоматической регистрацией параметров или без...

Измерение следующих дефектов: ползун, выщербина, неравномерный прокат, равномерный прокат, кольцевая выработка, откол обода колеса, тонкий гребень, протёртость средней части оси Величину проката определяют с помощью вертикального движка 2 сухаря 3 шаблона 1 по кругу катания...

Неисправности автосцепки, с которыми запрещается постановка вагонов в поезд. Причины саморасцепов ЗАПРЕЩАЕТСЯ: постановка в поезда и следование в них вагонов, у которых автосцепное устройство имеет хотя бы одну из следующих неисправностей: - трещину в корпусе автосцепки, излом деталей механизма...

Studopedia.info - Студопедия - 2014-2024 год . (0.009 сек.) русская версия | украинская версия