Студопедия — Аббас Қабышұлы
Студопедия Главная Случайная страница Обратная связь

Разделы: Автомобили Астрономия Биология География Дом и сад Другие языки Другое Информатика История Культура Литература Логика Математика Медицина Металлургия Механика Образование Охрана труда Педагогика Политика Право Психология Религия Риторика Социология Спорт Строительство Технология Туризм Физика Философия Финансы Химия Черчение Экология Экономика Электроника

Аббас Қабышұлы






(1935 жылы туған)

 

Қазақтың белгілі сатирик жазушысы, қоғам қайраткері.

1935 жылы көкек айының 9-ы күні Шығыс Қазақстан облысының Ұлан ауданындағы Ұранхай ауылында дүниеге келген. 1956 жылы осы елді мекендегі орта мектепті бітіргенннен кейін, облыстық «Алтай большевигі» газетінің редакциясына жұмысқа орналасады. Шәкірт кезінде осы газетке(ол бүгінде «Дидар» деп аталады) өлең, хабар жазып тұрған. Қазақ мемлекеттік университетінің филология-журналистика факультетін сырттай оқып, білім алады. Аталған газеттегі қызметін қатардағы тілшіліктен бастаған болашақ жазушы редакцияның жауапты хатшылығына дейін өседі. 1966 жылы Алматы қаласына қоныс аударып, республикалық «Қазақ әдебиеті» газетінің редакциясына әдеби қызметкер болып орналасты. Одан сын бөлімінің меңгерушісі лауазымына көтеріледі. Осы қызметте жүрген қаламгер Қазақстан Жазушылар одағы басқармасының шешімі бойынша 1973 жылы КСРО Әдеби қоры Қазақ бөлімінің директоры болып ауыстырылды. 1983 жылы ҚКП Орталық комитетінің бюро шешімімен «Ара-Шмель» журналының бас редакторы қызметіне жіберілді (1983-1987 жылдар). Одан кейін Қазақстан Жазушылар одағына қарасты Көркем аударма алқасының төрағасы, Жазушылар одағы басқармасының екінші хатшысы қызметтерін (1996 жылға дейін) атқарған. Соңғы жұмысынан зейнеткерлікке шыққан («Қазақстанға еңбегі сіңген зейнеткер»).

1949 жылдан комсомол, 1963-1991 жылдары партия мүшесі болды. 1959 жылы КСРО Журналистер одағына мүше болып қабылданған. 1974 жылдан Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі.

Ең алғашқы әдеби еңбегі 1953 жылы баспасөзде жарияланып, одан беріде очерк, өлең, әңгіме, хикаят жанрында жазылған 16 жинағы жарық көрді. Алғашқы қалам ұстаған тырнақалды туындыларынан бастап-ақ, Ғ.Қабышұлы өзінің әзіл-сықақ жанрына бейімділігін байқатты. Сөйтіп алғашқы шағын әңгімелерінен жанр табиғатына тән көркемдік ерекшеліктерін ортақ талаптар тұрғысанан игере білді. Ол – қоғамдағы келеңсіз құбылыстарды сықақ тілімен шеней отырып, оқырманын құр күлдіріп қана қоймай, ойландыру керек екендігін де жете түсінген қаламгер. Өмірде орын алып жатқан әр түрлі оқиғалар мен ситуациялардың көлеңкелі, ұнамсыз жақтарын сәтімен тауып ала қояды да, өзінің көркемдік елегінен өткізе отырып, оқырманға рухани азық болатын шағын шығармаларын өмірге келтіреді.

«Ойландырмаған, иландырмаған сөз ылғал тілеген егістікке апарып төгілген құмдай құнсыз» («Арыңның сөзін айта біл», 3-бет) деп, автордың өзі айтқандай, Ғ.Қабышұлының сатиралық шығармалары ғана емес, ең шағын деген әзіл-оспақтарының өзі күлдіре отырып, оқырманды белгілі бір ойға жетелейді, қоғам мен адам өміріндегі жекелеген келеңсіз мәселелерді шенейді.

Оның сатиралық кейіпкерлерінің қатарында қоғамдық мүлікті жымқырып кетуге құмар жемқорлар, сұғанақтар мен ұры-қарылар, берген уәделерінде, айтқан сөздерінде тұрмайтын өтірікші берекесіздер, жауапты қызметте отырса да, азаматтық жауапкершілік дегеннің не екенін білмейтін жеңілтек жойдасыздар, иманы таяз, адамгершілігі төмен қара ниеттілер, көкайыл, долы әйелдер мен жалқаулығы мен желөкпелігі басым жастар жиі кездеседі. Өмірде ұшырасып қалатын мұндай адамдарды сықақ жанрында жазылған шығармалардың кейіпкерлеріне айналдыра білудің өзіндік ерекшеліктері бар екендігі сөзсіз. Олардың дүниетанымы мен мінез-құлығында болатын теріс көріністерді көркемдеп жеткізудің тәсілдерін Ғ.Қабышұлы сықақшы ретінде жақсы меңгерген. Осындай шығармашылық шетін мәселені игере отырып, ол өз кейіпкерелерінің ішкі әлемінен, жан дүниесінде болып жатқан буырқаныстардан хабар беріп отырады. Бұндай жағымсыз жандарды бейнелеп жеткізу барысында жазушының өзіне тән қалыптасқан шығармашылық машығы оқырман көңілінен қонымды.

Қазақстан Республикасы тәуелсіздік алып, мемлекеттік құрылым империялық орталықтан тыс өз алдына дербес өмір сүре бастаған кезде оның ұтымды жақтарымен бірге ішінара кемшіліктері де көрінбей қалған жоқ. Ғ.Қабышұлы мемлекет пен қоғам өміріндегі, міне, осындай нақты кертартпа қылықтарға, керезулікке сатиралық сөздің өткір ұшын тайсалмай қадай білді. Мысал үшін алғанда, бұндай өткір сипаттар «Да здравстует наш Парламент!», «Су жаңа департамент», «Бір әкімнің бір күні» және т.б. сықақ әңгімелерінің мазмұнынан айқын көрініс тапқан.

«Бір әкімнің бір күні» немесе «Сол әкімнің жиырма бесінші күні» тәрізді сықақ әңгімелерінде қарақан басының қамын көбірек ойлайтын әкімдердің күнделікті өмірін сынай отырып, олардың адамдық, азаматтық болмысындағы кемшіліктердің туындау себептерінің түп-төркініне үңіледі, сөйтіп сықақ жанрына тән қызықты да өткір детальдарды ойната біледі. Әзіл-сықақ жанрының табиғатындағы басты көркемдік ерекшелік өткір де қою тілінде екендігіне Ғ.Қабышұы сықақтарын оқи отырып, тағы бір көз жеткізесіз.

Қоғамда кеңінен орын алып кеткен теріс құбылыстарды сынау үшін тек бірыңғай әзіл-сықақтың шамасы жете бермейтінін ескеріп, сықақшы фельетон жанрына да арқа сүйейтін кездері бар. Кейде белгілі бір есімдерді атап өтіп, олардың мемлекет қаржысын желге ұшырған тұстарын немесе имандылықтан, адамгершіліктен аттап кеткен жерлерін сын садағына іліндіру де – Ғ.Қабышұлының сатираларына тән. Бұл сатирик қаламгердің шығармашылық тұрғыдан тапқырлығы ғана емес, азаматтық батылдығының да нышаны болып табылатындығы сөзсіз.

Сатирик шығармашылығындағы өзіндік сипаттардың бірі – сықақ әңгімелерін ұтымды оқиға, парасатты тартыстарға құра отырып, оқырман есінде сақтап қаларлықтай орнықты образдар жасай алуы деп айтуға болады. Қаламгер шығармашылығының бір парасы – оның басқа халықтардың көрнекті сықақшыларының қазақша сөйлете білуі. Бұл бағыттағы көркемдік ізденістері де өз кезінде оқырман көңілінен шыққанын атап айтуға болады. Әзіл-сықақты бір тілден екінші тілге тәржімалаудың өзіндік ерекшеліктері болатындығын жақсы түсінген сатирикті бұл саладағы еңбектерінің өзі – бірсыпыра. Оның әсіресе түрік халқының атақты сықақшысы Әзиз Несиннен жасаған аудармалары өз кезінде әжептәуір елеулі оқиға болды. Сатира классигінің ойын өткір де көркем тілмен қазақшалай отырып, оның эстетикалық сөлін, көркем бояуларын да жеткізу оңай шаруа емес екендігі белгілі. Ғ.Қабышұлы – осындай үдеден шыға білген қаламгер-аудармашы.

Бүгінгі таңда жазушы – бір жағынан «Қазақ әдебиеті», «Жас алаш», «Қазақстан», «Тасжарған», «Жас қазақ», «Ана тілі», «Жас қазақ үні», «Қазақ» газеттері мен «Жұлдыз», «Жалын», «Таң-Шолпан» журналдарының белсенді тілшісі. Оларда жарық көріп жататын мақалаларының мазмұны негізінен сын сипатты. Тақырыптары: тіл, дін, әдебиет, жастар тәрбиесі, саясат, қоғамның хал-ахуалы, т. б.

Халықаралық әдеби «Алаш» және «Алтынбек Сәрсенбайұлы қоры» сыйлықтарының иегері. Қазақстанның Құрметті журналисі. Төрт бала, сегіз немере сүйіп отыр.

Жарық көрген кітаптарының басты-бастылары мыналар: «Бұл әлгі кім ғой» (1982), «Күлеміз бе, қайтеміз?» (1983), «Халыңыз қалай?» (1986), «Жетім жиналыс» (1997), «Екі хикая» (2000), «Арыңның сөзін айта біл» (2001), «Удай уәде» (2004), «Гүл аңсаған бір құмар» (2005), «Адамның кейбір кездері» (2006), «Тарғыл тірлік» 2006), «Анау-мынау...изация» (2009) және т.б. Әдеби аудармасы – 6 кітап. Олардың ішінде украин әдебиетінің классигі Остап Вишняның әңгімелер жинағы; әлемге танымал түрік қаламгер Әзиз Несиннің әңгімелері мен «Футбол королі» романы; молдова әзіл-сықақшысы Аурелиу Бусуйоктың хикаялары бар.

Қазақ әдебиеті мен мәдениетінің белгілі өкілдері Ілияс Жансүгіров, Сәбит Мұқанов, Әди Шәріпов, Сағат Әшімбаев, Хакім Тілегенұлы (Михаил Иванович) Есенәлиев, Әнуар Әлімжанов жайында естелік кітаптар құрастырып шығарған.

 

 







Дата добавления: 2015-09-15; просмотров: 1136. Нарушение авторских прав; Мы поможем в написании вашей работы!



Вычисление основной дактилоскопической формулы Вычислением основной дактоформулы обычно занимается следователь. Для этого все десять пальцев разбиваются на пять пар...

Расчетные и графические задания Равновесный объем - это объем, определяемый равенством спроса и предложения...

Кардиналистский и ординалистский подходы Кардиналистский (количественный подход) к анализу полезности основан на представлении о возможности измерения различных благ в условных единицах полезности...

Обзор компонентов Multisim Компоненты – это основа любой схемы, это все элементы, из которых она состоит. Multisim оперирует с двумя категориями...

Виды нарушений опорно-двигательного аппарата у детей В общеупотребительном значении нарушение опорно-двигательного аппарата (ОДА) идентифицируется с нарушениями двигательных функций и определенными органическими поражениями (дефектами)...

Особенности массовой коммуникации Развитие средств связи и информации привело к возникновению явления массовой коммуникации...

Тема: Изучение приспособленности организмов к среде обитания Цель:выяснить механизм образования приспособлений к среде обитания и их относительный характер, сделать вывод о том, что приспособленность – результат действия естественного отбора...

Задержки и неисправности пистолета Макарова 1.Что может произойти при стрельбе из пистолета, если загрязнятся пазы на рамке...

Вопрос. Отличие деятельности человека от поведения животных главные отличия деятельности человека от активности животных сводятся к следующему: 1...

Расчет концентрации титрованных растворов с помощью поправочного коэффициента При выполнении серийных анализов ГОСТ или ведомственная инструкция обычно предусматривают применение раствора заданной концентрации или заданного титра...

Studopedia.info - Студопедия - 2014-2024 год . (0.012 сек.) русская версия | украинская версия