Студопедия — Біш Кекілбаев
Студопедия Главная Случайная страница Обратная связь

Разделы: Автомобили Астрономия Биология География Дом и сад Другие языки Другое Информатика История Культура Литература Логика Математика Медицина Металлургия Механика Образование Охрана труда Педагогика Политика Право Психология Религия Риторика Социология Спорт Строительство Технология Туризм Физика Философия Финансы Химия Черчение Экология Экономика Электроника

Біш Кекілбаев






(1939 жылы туған)

Әбіш Кекілбаев 1939 жылы 6-желтоқсанда Маңғыстау облысы, Маңғыстау ауданының «Онды» ауылында дүниеге келген. 1962 жылы С.М.Киров атындағы Қазақ мемлекеттік университетінің филология факультетін бітіреді. ҚР Мемлекеттік кеңесшісі (1992-1993), ҚР Жоғарғы Кеңесінің төрағасы (1994-1995), ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты, комитетінің төрағасы (1996) болып қызмет атқарды. 1996-2002 ж.ж. ҚР Мемлекеттік хатшысы, 2002 жылдың ақпанынан ҚР Парламенті Сенатының депутаты. Ол қазақ мәдениеті мен әдебиет салаларында алуан түрлі қызмет жасап, қоғамдық қызметтерге белсене араласып келеді.

1962 жылы шыққан алғашқы өлеңдер жинағы «Алтын шуақтан» бастап, қазақ әдебиетін жиырма шақты кітаппен байытты. Оның туындылары әлем тілдеріне (орыс, болгар, неміс, поляк, чех, венгер) аударылды. 1986 жылы «Үркер», «Елең-алаң» романдары үшін Қазақ ССР мемлекеттік сыйлығының, Абай атындағы сыйлықтың, «Тарлан» сыйлығының (2003) лауреаты атанды.

Орыс классиктерінен А.Чеховтың «Ваня ағай», Л.Толстойдың «Соғыс және бейбітшілік» туындыларын қазақша сөйлетуге үлес қосу, Шекспирдің «Король Лир», «Ромео мен Джулетта» трагедияларын, Г.Мопассанның «Пьер мен Жан», «Өмір» романдарын тәржімәлаудағы еңбегі ересен. Жапон поэзиясымен бірге М.Лермонтов, Э.Капиев, Расул Ғамзатов, Т.Гейнеден аулармалары бар. Карл Гаццидің «Турандот ханшайымын» қазақша сөйлетсе, Г.Ибсен мен И.Буниннің бірқатар туындыларын, О.Сүлейменовтің өлеңдерін де аударуға үлес қосты. Әлем классиктерінің әйгілі туындыларын тәржімалау барысында тәжірибе жинақтаған жазушы өзіне де жоғары талап қою негізінде қазақ прозасына біршама жетістіктер алып келді.

Кез-келген жазушының алғашқы қадамын өлең жазудан бастау себебі – жан сырын лирикамен жеткізу болса, екінші себебі – екі ауыз өлең құрау жыр сүйген қазақтың қанына сіңген өнер. 1962 жылы шыққан «Алтын шуақ», 1999 жылы шықққан «Дүние ғапыл» жыр жинақтарына қарап осы сырды аңғарамыз. Лирикалық өлеңдері қазақ халқының басынан өткен (ХХ ғасырдағы) ірі-ірі тарихи оқиғалар туралы толғаныстардан тұрады. Бірсыпыра өлеңдеріне Ұлы Отан соғысы тұсындағы ел өмірінің ауыр тұрмысын арқау еткен ол елдің де, жердің де жазылмас жан жарасын көркем бейнеледі. 1937-1938 жылдардағы жаппай қуғын-сүргінді еске алуы да заман ауыртпашылығы жайлы ойын толықтыра түседі. «Көрдім мен көзі іскен жылаумен АЛЖИР-лік ана күйігін» деп, арманда кеткен алаш боздақтарының азабын да еске алады.

Ә.Кекілбаевтың проза саласындағы алғашқы қадамы «Бір шөкім бұлт» (1966), «Дала балладалары» (1968) кітаптары арқылы көрініп орнықты. Бірсыпыра әңгімелері мен повестері «Құс қанаты» (1978) кітабына енді. Жазушының әңгіме, повестерінде адамдар арасындағы адамгершілік, моральдық мәселелер көтерілген. Ол тосын орта, тосын оқиға іздеп әуре болмайды, күнделікті өмірде болып жатқан жайттарға терең үңілу нәтижесінде заман, адам, оның тіршілігі жайлы философиялық түйін жасайды. Оның әңгімелерінде Ұлы отан соғысы жылдарындағы тыл өмірі, сол заманнан қалған адам бойындағы тән жарасы мен жан жарасы, қазақ ауылының кешегі тұрмысы, бүгінгі қала қазақтарының тыныс-тіршілігі сынды мәселелер қозғалады. Қазақ ауылы мен оның тұрғындары суреттелетін шығармаларда қазақ даласының исі мен қазақ баласының ұлттық мінез ерекшелігі, өзіне тән әдет-ғұрпы мен салт-дәстүрі анық танылады. Жазушы кейіпкер бейнесін сомдауда психологиялық талдаудың тың жетістіктеріне қол жеткізді.

«Аш бөріге» дәулескер күйшіге тізесін батырған билеуші топ өкілдерінің озбырлығы арқау болса, «Ең бақытты күнде» ата мен ене алдында, әдеп сақтап, ибалығымен көрінген Торғын – қазақ әйелдерінің жиынтық бейнесі ретінді танылды. «Тасбақаның шөбінен» ұлттық әдет-ғұрып заңына сүйенген қазақы мінезді тапсақ, «Міне, кереметтен» бірі қалада, бірі далада тұратын екі жігіттің бір-біріне қызыға қарауынан тоймайтын тоғышарлықты түсінеміз. «Соңғы аялдамадан» кішіпейілдік, ынжықтық, шектен тыс әдептіліктің де зиянды жақтарын көреміз. «Көлденең көк аттыдағы» көкесінен қаралы хабар келгенде, жылға-жылғаға бұқпантайлап тығылып жылайтын бала – сол тұстағы ерте есейген жеткіншектердің жиынтық бейнесі болса, Зайыр – ел басына әңгір таяқ ойнатқан, тіліне тыйымы жоқ жанкешті.

«Бір шөкім бұлт» – жазушының мейірбан жеңгелеріне арнаған ескерткіші. Екі перзенті бар, жанарсыз Тайбағармен шаңырақ көтерген Аққаймақты негізгі кейіпкер ретінде алып, оны қазақ әйелінің типтік бейнесіне көтерген. «Құс қанаты» – бірінші жақтан баяндалған өмірбаяндық хикая. «Күй» повесін автор Абыл күйші аруағына ескерткіш дейді. Шығарманың идеялық пафосы – бейбітшілік пен адамгершілік үшін күрес. Автор оны күй өнерінің құдіретімен шеше білген.

70-80 жылдардағы қазақ прозасында фольклорлық аңыз әңгімелер негізінде лиро-эпикалық стильдің қалыптасқаны қазіргі зерттеулерде айтылып болып жүр. Бұл әсіресе Ә.Кекілбаевтың тарихи тақырыптағы прозасынан анық көрінеді. Ол өткір оқиғалар негізінде кейіпкер болмысына терең үңіле білді. Жазушы кейіпкер психологиясына талдау жасау негізінде философиялық ой түйген. Ол – «кек», «намыс» деп жазықсызға тырнағын батырған жендеттің аруақ түгендейміз деп жүріп, өзінің аруаққа айналғаны, көл-көсір жерге тірісінде сыймай, өзара қырқысқан адамның тағдыры туралы ой. Осының бәрі бір Жөнейттің басынан табылса, ол – сол типтес жуандардың жиынтық бейнесі. Әдебиетте “мәңгүрт” деген ұғымды бірінші қолдануды да Әбіштің осы повесінен көреміз. 1967 жылы “Дала балладалары” кітабына енген бұл повесть Ш.Айтматовтың 1980 жылы шыққан “Ғасырдан да ұзақ күн” романындағы мәңгүрттен ерте жазылғаны жөнінде әдебиеттанушылар біраз зерттеулер де жасады.

“Бәсеке” (1965) повесі де әдебиетшілердің назарына іліккен шығарма. Жазушы бұл повесте де тұрмыс-салт ертегілеріндегі оқиғадан жаңаша шешім жасайды. Ертегі, аңыздардағдай “мұрат-мақсатына жетіпті” деген секілді Ажарды да “жүзден жүйрік” шығар бір төренің алып кететініне сендірген жазушы қалыптасқан фольклорлық дәстүрден өмір, заман талабына сай жаңаша шешім жасайды. Бұл – Ә.Кекілбаевтың түрі жағынан да, мазмұны жағынан да қазақ прозасына қосқан жаңа табысы.

“Ханша-дария хикаясы” (1968) да осы стильмен аңыз негізінде жазылған. Елден елге, кісіден кісіге, тілден тілге ауысып келген аңызға жан бітірген автор жауыздықты, қанішерлікті, тойымсыздықты әшкерелеп, адалдықты, пәктікті, адамдықты үлгі етеді.

“Шыңырау” (1971) повесі “Еңсеп ол күні бұл зымыранға енді қайтып түспейтінін білген жоқ” деп басталып, өткенге шегініс арқылы дамиды. Түрі жағынан бір кейіпкердің ішкі монологына құрылған повесте тартыс, шиеленіс көрінбейді. Бар оқиға бір кейіпкердің өмірі төңірегінде өрбиді. Бірақ, бастан-аяқ басып отырған үрей, қорқыныштың салдары сол кейіпкердің қайғылы өліміне алып келеді. Автор құдықшының өмірі мен өлімі арқылы философиялық ой түйеді. Бар тәжірибесі оның өз басын жұтуы арқылы автор даңғазалық, мақтаншақтық, эгоизмді әшкерелеген. Автордың негізгі айтпақ ойы да осы.

“Бәйгеторы”(1974) шығармасында жазушы тұлпар арқылы адам тағдырын, қоғам шындығының көркем бейнесін жасайды. Тұлпарлар туралы жазылған шығармалардан “Бәйгеторының” өзіндік ерекшелігі – оқиғаның жүйрік жануардың түйсік сезімі арқылы баяндалуында. Кезінде шаң жұқпас жүйрік атанған Бәйгеторының құйрық-жалдан айырылып, селдіреген шөп отауға жарамай қалуы – ащы болса да шындық. Көзден де, құлақтан да қалған жүйріктің трагедиясы – адам трагедиясы. “Шеткері үй” (1978) повесінде Әбіш өмірдің көлеңкелі жағына үңіліп, бүгінгі замандас бейнесін жасады.

“Аңыздың ақыры” (1971) алғаш рет “Махаббат мұнарасы” деген атпен жарияланды. Жазушы: “Мені тарихи тақырыпқа итермелейтін оқиға да, адам да емес, бағзыдан бері шешімін тауып болмаған өзекті әлеуметтік проблема” - дей келіп, “Дала балладалары” атты шоғырлы повестері мен “Аңыздың ақыры” романында “белгілі бір көзқарастан туындаған тұжырымға” сүйенгенін айтады. Бұл – төрт бөлімнен тұратын роман. Романның негізгі кейіпкерлері бар-жоғы үшеу-ақ. Олар – Әмірші, Кіші ханым, шебер. Бұл үшеуінен басқа да Ұлы ханым, күтуші әйел, бас ұста, Ахмет саудагер секілді жанама кейіпкерлер бар. Жазушы жанама кейіпкерлерді де осы үш образды ашу үшін алған. “Аңыздың ақырында” жазушы тарихи тақырыпты игерудегі жаңа қадамын танытты. Ол Алмас ханның болмысын бейнелеу жолында адам жанына үңіліп, психологиялық талдауға ден қойды. Авторлық ұстаным мен кейіпкер ойының, баяндаушы мен қаһарман үнінің кейде қосылып, кейде кезектесіп кететіндігі, “адам психологиясының иірімдерін көрсету, талдау молдығы жағынан” романның әдебиетімізге тың жаңалықтар алып келгеніне әдебиетшілер баса назар аударды.

“Үркер” романы (1981) “Жазушы” баспасынан жеке кітап болып шығып, 1991 жылы “Жалын” баспасынан “Плеяды – созвездиие надежды” деген атпен орыс тілінде басылды. Бұл – төрт бөлімнен тұратын тарихи роман.

Қазақстанның Ресейге қосылуын көркем бейнелейтін бұл екі роман бөліп жаруға келмейді. “Елең-алаң” – “Үркердің” заңды жалғасы. Ондағы кейіпкерлер де, оқиға да ортақ. Романның негізгі бас кейіпкері – Әбілқайыр. Жазушы Әбілқайырды қол бастаған батыр, ел басқарған билеуші, халыққа, оның мүддесіне жақын жан ретінде көрсетуге тырысқан. “Үркер” де, “Елең-алаң” да – реализмі бай шығармалар. Өмірде болған адамдар да, тарихта болған оқиғаларда екшелден сұрыпталған.

Жазушы қазақ халқының басынан өткен ХҮІІІ ғасырдағы тарихи оқиғаны белгілі тұрғыда саясаттандыра суреттейді. Оқиғалардың кейіпкер көзімен баяндалуы олардың психологиялық, эмоционалдық сезімдерін аша түскен. Сондықтан да оны – тарихты әр қырынан зерделеп зерттеген саяси роман деуге болады. Автор қазақ халқы өз еркімен орысқа бодан болды деген ұстанымға сүйеніп, оның әлеуметтік, экономикалық, саяси сан қырлы астарын ашуға тырысты.

Әбіш Кекілбаев драматургия жанрына да біршама үлес қосты. Оның әлем әдебиетінен тәржімалаған драмалық туындылары көпшілік көрерменнің ыстық ықыласына бөленді. Қазақтың М.Әуезов атындағы академиялық драма театрында және басқа театрларда ол аударған Уильям Шекспирдің “Ромео мен Джульетта”, “Кориолан”, “Король Лир”, Валехо Антонио Буэроның “Бүгін мейрам, бүгін той”, Карл Гоццидің “Турандот ханшайым”, А.Чеховтың “Ваня ағай” және Макс Фриштің “Ғылым қуған Дон жуан” сынды драмалары туындылары табыспен жүрді, Генрик Ибсеннің “Үрей” атты үш перделі отбасы оқиғасы Қазақстан Мәдениет, ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің репертуарлық қорына кірген.

Жазушының “Абылай хан” атты халықтық-қаһармандық сахналық дастаны еліміз тәуелсіздік алған тұста жасалды да, сол тәуелсіздік жолында қызмет еткен ел басшыларының көркем бейнесін сомдады. Әйгілі прозашының драматургия жанрын еркін игергеніне осы шығарма дәлел. “Абылай хан” – ақын, сыншы, прозашы, публицист Ә.Кекілбаев шығармашылығының шарықтау биігін танытар туынды.

Алғашында ақын, кейін сыншы болып танылған Ә.Кекілбаев қазақ әдебиеті сынының қалыптасып, дамуына үлес қосты. Оның “Дәуірмен бетпе-бет” (1972), “Әдебиет әлемі, өнер өрісі” (1999) кітаптарына енген сын, рецензия, мақалалары – осы тұрғыдағы еңбегінің жемісі. Сыншының негізгі жетістігінің бірі – ақын-жазушылардың әдеби портретін жасау.

Ә.Кекілбаевтың публицистикалық еңбегінің бір саласы – сапарнамалар. Бұлардың да тілге тиек етерлік өзіндік ерекшеліктері бар. “Ұя мен жебе” (1968) “Тырау-тырау тырналар” (1984), “Ұйқыдағы арудың оянуы” (1975) атты кітаптарының жазылу стилі айқын. Әрбір елдің, жердің бүгінін айту үшін оның тарихына үңіліп, өткені мен бүгінін салыстыруға, жер, су атауларына қатысты аңыздар мен нақты деректердің көзін тауып сөйлету арқылы сол елдің экономикасына, географиясына, мәдениеті мен өнеріне, тарихы мен әлеуметтік жағдайына терең үңілу – сапарнамаларының негізгі ерекшелігі.

 







Дата добавления: 2015-09-15; просмотров: 2482. Нарушение авторских прав; Мы поможем в написании вашей работы!



Шрифт зодчего Шрифт зодчего состоит из прописных (заглавных), строчных букв и цифр...

Картограммы и картодиаграммы Картограммы и картодиаграммы применяются для изображения географической характеристики изучаемых явлений...

Практические расчеты на срез и смятие При изучении темы обратите внимание на основные расчетные предпосылки и условности расчета...

Функция спроса населения на данный товар Функция спроса населения на данный товар: Qd=7-Р. Функция предложения: Qs= -5+2Р,где...

Типология суицида. Феномен суицида (самоубийство или попытка самоубийства) чаще всего связывается с представлением о психологическом кризисе личности...

ОСНОВНЫЕ ТИПЫ МОЗГА ПОЗВОНОЧНЫХ Ихтиопсидный тип мозга характерен для низших позвоночных - рыб и амфибий...

Принципы, критерии и методы оценки и аттестации персонала   Аттестация персонала является одной их важнейших функций управления персоналом...

Мелоксикам (Мовалис) Групповая принадлежность · Нестероидное противовоспалительное средство, преимущественно селективный обратимый ингибитор циклооксигеназы (ЦОГ-2)...

Менадиона натрия бисульфит (Викасол) Групповая принадлежность •Синтетический аналог витамина K, жирорастворимый, коагулянт...

Разновидности сальников для насосов и правильный уход за ними   Сальники, используемые в насосном оборудовании, служат для герметизации пространства образованного кожухом и рабочим валом, выходящим через корпус наружу...

Studopedia.info - Студопедия - 2014-2024 год . (0.012 сек.) русская версия | украинская версия