Студопедия — Мұхтар Мағауин
Студопедия Главная Случайная страница Обратная связь

Разделы: Автомобили Астрономия Биология География Дом и сад Другие языки Другое Информатика История Культура Литература Логика Математика Медицина Металлургия Механика Образование Охрана труда Педагогика Политика Право Психология Религия Риторика Социология Спорт Строительство Технология Туризм Физика Философия Финансы Химия Черчение Экология Экономика Электроника

Мұхтар Мағауин






(1940 жылы туған)

 

Қазіргі қазақ әдебиеті тарихында нық орын алған көрнекті тұлғалардың бірі. Қазақстаның халық жазушысы (1996 ж.), Түркияның халықаралық «Түркі дүниесіне қызмет» сыйлығының лауреаты (1997 ж.) «Аласапыран» тарихи роман-дилогиясы үшін жазушыға Қазақ КСР-інің Абай атындағы мемлекеттік сыйлығы (1984) берілген.

Мағауин Мұхтар Мұқанұлы 1940 жылдың 2-ақпанында қазіргі Шығыс Қазақстан облысы, Шұбартау ауданында өмірге келген. 1961 жылы Қазақ мемлекеттік университетінің филология факультетін бітіргеннен кейін осы оқу орнының аспирантурасында білімін жалғастырады (1962-1965).

1965-1966 жылдары «Қазақ әдебиеті» газетінде бөлім меңгерушісі, 1967-1971 жж. «Жазушы» баспасында бас редактордың орынбасары қызметін атқарған ол мұнан кейін Қазақ КСР Ғылым академиясының М. Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институтында аға ғылыми қызметкер, Абай атындағы Қазақ педагогикалық институтта доцент, аға ғылыми қызметкер болып істейді. Сонымен қатар Мәскеудегі М.Горький атындағы Әдебиет институтында қазақ фольклоры мен қазақ әдебиеті тарихы бойынша арнайы лекциялық курстар жүргізеді. 1984-1986 жж. «Жазушы» баспасының бас редакторы, 1988-2007 жылдары «Жұлдыз» журналының бас редакторы, Қазақстан Жазушылар одағы басқармасының хатшысы. Бүгінгі таңда шығармашылық қызметте.

Шығармалары орыс тіліне аударылған, шетел тілдерінде басылған.

1967 жылы кандидаттық диссертация қорғаған. Жазушының алғашқы шығармалары да алпысыншы жылдары республикалық баспа беттерінде жариялана бастайды.

Алғаш рет баспасөз бетінде 19 жасында көрінген жас талант араға жылдар емес, айлар сала отырып, жаңа туындыларын бірінен соң бірін ұсынады. Жас жазушының “Жаңылысу”, “Ақша қар”, “Тазының өлімі”, “Көкмұнар” сияқты көркем шығармалары – айналдырған үш-төрт жылдың ішінде-ақ жазылып, ізі суымастан жарық көріп үлгірген дүниелер.

М.Мағауин – алғашқы шығармаларымен-ақ әдеби қауым мен оқырман жұртшылықтың назарын өзіне аудара білген қаламгер. Мысалы, әдебиет тарихы ғылымындағы тұңғыш еңбегі “Қобыз сарыны” кітабы бірден-ақ ғалымдар назарына іліксе, “Ақша қар” атты алғашқы әңгімелер жинағы да сөз қадірін түсініп, көркемдікке сұқтана білетін оқырманды еріксіз өзіне қаратты. Жазушы ұсақ жанрларды игеру барысында да өзіндік көркемдік стилін, жазу машығын жан-жақты ашып көрсете білді. Оған дәлел – қаламгердің шығармашылық жолының бастапқы он жылдығында туған бірнеше әңгімесі. Олардың ішінен әсіресе “Тіленші”, “Кешқұрым”, “Ватерлоо көпірі”, “Алтыбақаннан соң”, “Әйел махаббаты”, “Жаңылысу”, “Тарпаң”, “Күтпеген кездесу”, “Тұлымханның бақыты”, “Менің балаларымның туысқан ағасы”, “Қияндағы қыстау”, “Архив хикаясы”, “Иесіз”, “Алтын тіс”, кейінірек жазылған “Шеше”, “Өткінші”, “Болезнь Боткина”, “Тәртіпті азамат”, “Әбдіғаппар сері”, “Биік үйдегі Бөрібасар”, “Коммунистік реализм” және т.б. әңгімелерінің көркемдік сапасын ерекше атауға болады.

Оқырманның қабылдауына сай белгілі бір көркемдік канонмен дамып келе жатқан сюжеттік желінің аяқталуы М.Мағауин әңгімелерінде қашан да тосын. Автор қалыптасқан идеялық үрдісті бұзып, шығарманың соңындағы көркемдік түйінді бұған дейін оқырман ойына келмеген басқа бір арнаға лып еткізіп аударып жіберуге бейім.

Мәселен, “Тұлымханның бақыты” әңгімесіндегі тосын шешімді, көркемдік ишараны оқырман түсінгенімен, бас кейіпкер Тұлымханның өзі түсінбейді. Шығарма сюжетін шиырықтыруға себеп болып тұрған шағын деталь қара бәтіңке – замандастар өміріндегі беріш боп батқан моральға жат кілтипанның символы.

Өзінің мұрағаттан жиған-тергенін ешкімге көрсетпей, бауырына баса беретін, не онысын өзінің я ғылыми ортаның игілігіне жаратпайтын жүдеу ғалым (“Архив хикаясы”) мен бейшара демагог Күлдәрі бейнелері (“Көк мұнар”) адам қоғамының сүреңсіз жақтарын көрсетіп тұрғандай болады. Автор ғылымға деген әжептәуір қабілетін қайдағы бір түсініксіз қағидаларға қамап, шектеп тастайтын тоғышар жандардың түсінік қалыбын әдейі екіұдай кейіпте сомдайды.

“Менің балаларымның туысқан ағасы” адам баласына тән мейірбандылық сезімінің өз заманындағы көрінісі туралы ой тастайды. Ал “Тәртіпті азамат”, “Әбдіғаппар сері”, “Биік үйдегі Бөрібасар” әңгімелері адам мен қоғам арасындағы кейбір үйлесімсіз жағдайлардан қатардағы қарапайым азаматтардың зардап шегетінін жекелеген эпизодтық көріністер арқылы бейнелеп жеткізуді мақсат етеді.

Жалпы осы арада айта кететін нәрсе – М.Мағауинның көркемдік қырларын шеберлікпен игере отырып, қазақтың әңгіме жанрының дамуына да өзіндік үлес қосқандығы.

Қазақ прозасында көркемдіқ құбылыс болып табылған шығармалары “Тазының өлімі”, “Қара қыз”, «Кекбалақ», «Бір атаның балалары» повестері және т.б. Бас кейіпкері тазы, яғни, ит болғанымен, шығармадағы айтылатын негізгі мәселе – адам тағдыры, халықтық асыл қазынамыз жақсы салт-дәстүрге деген заманалық көзқарас.

“Тазының өлімі” Кеңес дәуірінде жеке адамның күрделі табиғатын ашу үшін өзі өскен ортасы мен жан-жануарлардың тіршілігін байланыстыру үрдісіне сүйенеді. Бас кейіпкер Қазы – аңшылықты ғана емес, өзінің туған жерін, адамға тән жақсы қасиеттердің баршасын сүйетін қарапайым жан. Бұл шығармада күнәсіз хайуанат арқылы адам қауымының ортасындағы күрделі шындықты ашуға деген талпыныс бар. Осынау көркемдік әрекет жолындағы жазушының таңдап алған тәсілі де ұнасымды.

М.Мағауин жануарлар өмірін негіз ете отырып, “Көк кептер” әңгімесін, “Жыланды жаз” повесі мен “Шахан-Шері” романын жазып шықты. Бұлардың қай-қайсысы да қазақтың ұлттық салт-дәстүрін әр қырынан көркемдеп көрсете білумен бірге адамның жан дүниесіндегі күрделі құбылыстарды хайуанаттармен қарым-қатынас арқылы ашуды көздейді. Көзқарастың жітілігі, ойдың сергектігі мен шымырлығы, қиялдың ұшқырлығы, бір сөзбен айтқанда, осы бағыттағы көркемдік ізденістер үлкенді-кішілі көлеміне қарамай, жазушының аталған шығармаларын толымды етіп бере білген.

Әсіресе, көркемдік эффектісінің қуаттылық жағынан “Шахан-Шерінің” орны бөлек. Мұнда адамдарға қастандық жасаған тарғыл терілі жолбарыс тұқымы мен аңшы қаһарман Шаханның қалай айқасқа түскендігі көркемдік шеңберінде әсерлі суреттеледі. Шығармада адам рухының асқақтығы түз перісі жолбарыстың қаһарлы мінезімен астастырыла, шендестіріле суреттелген. Жалпы осы хайуанаттар тақырыбына арналған туындылардың барлығында да адам баласының рухани құбылысы, әсіресе қазақ ұлтына тән жекелеген мінез-құлықтар психологиялық шиеленістер арқылы айқын көрініс тауып отырады.

“Қара қыз” повесі зиялы қауым арасындағы әлеуметтік-моральдық болмысты шынайы суреттеуімен назар аударады. Онда сөз болатын нәрсе – алпысыншы-жетпісінші жылдар аралығында интеллигенцияның, оның ішінде ғалымдар өмірінің кейбір сыр-сипаттары.

Жазушының көркем шығармалары жазылу мәнерімен, айтар ойының тосын да тиянақты болуымен назар аударады. Мысалы, қазақтың киелі домбырасын жан жүрегімен меңгерген ғажайып талант, дәулескер күйші Тоқсаба қарттың күрделі өмір жолына арналған “Көкбалақ”, замандастар тағдырындағы махаббат атты ұлы сезімнің алатын орны жайында сыр толғаған “Өмір жыры” повестері негізінен баяндау тәсілімен жазылса да, сыршыл да көркем дүниелер болып шықты.

“Бір атаның балалары” повесін сыншылар интернационализмді дәріптеген туынды ретінде саясатқа байланыстыра отырып, оң бағалаған болатын. Шынтуайтына келсек, бұл шығарма қазақ халқының кеңпейілділігін, дархандығын көрсете алуымен де ұлт оқырманы үшін қымбат деп есептейміз.

М.Мағауинның алғашқы көлемді туындысы – кезінде сыншылар тарапынан әр түрлі бағаланған “Көк мұнар” романы. Шығарманың бас кейіпкері Едіге – асқан таланты мен күш-қуатын бойына сыйғыза алмай жүрген, өзінің зерттеу объектісі өзі үшін олқы көрінетін арманы асқақ азамат. Ол өзінің елеулі ғылыми жаңалық ашатынына және таяу келешекте қазақ романдарының дүние жүзілік аренаға шығатынына сенімді. Толықсып тұрған осындай күш-жігер шығарма кейіпкеріне белгілі бір дәрежеде романтикалық сипат беретінін жоққа шығаруға болмайды. Тегеуірінді талантымен бірге қиялшыл Едігенің сезімталдылығы көбінесе айналасындағы басқа жұрттың көңіл күйімен, көзқарасымен үйлесе қоймайды. Бұнысы бір жағынан эгоизммен астасып жатқанын мойындау керек. Қалай болған күнде де Едігенің кеңестік қатаң ұстаным мен идеологияның шеңберіне сыймайтын рухани тұлға екендігі сезіледі.

Сонымен бірге “Көк мұнар” романында адам баласының жаратылу және әлеуметтік тұрғыдан даму тарихын, діни ұстанымын баян ететін тараулар бар. Бұл – Кеңестік идеология тұрғысынан алып қарағанда, идеялық қисынсыз принцип болатын. Бірақ автор шығармасын саясатқа емес, жүрек қалауына, көркемдік-эстетикалық принциптерге бағындыра білді.

М.Мағауиннің “Сары қазақ” романындағы бас қаһарманның жандүниесіндегі бұрқаныстар айналасына қым-қуыт әділетсіздік орнықтырған қиянаттан, ұлттық езгіден туындап жатады. Станислав-Стамбектің пайымдауынша, қазақ даласында орын алған отызыншы жылдар дүрбелеңі, түптеп келгенде, екпінінен ызғар ескен отаршылдық саясатының нәтижесі.

Жазушы қазақи өмір салтын, тарихи дәстүр мен этнографиялық ұстанымдарын мейлінше терең білетінін және оның бұл бағыттағы барлық шығармаларынан дерлік көрініс табатынын атап айту қажет. Ұлттық нақыштардың, этнографиялық детальдардың молдығы жазушының әсіресе “Аласапыран”, “Шақан-Шері”, “Сары қазақ” романдары мен “Тазының өлімі”, “Көкбалақ”, “Жыланды жаз” повестерінде басымырақ көрінеді.

Бұл қаламгер туралы өз кезінде Ғабит Мүсіреповтің: “Мұхтар Мағауин ана тіліміздің байлығын, оралымды, астарлы, әрі от-жалынды, әрі нәзік те биязы бояу-сырларын алғашқы адымдарынан бастап-ақ көрсетеді. Тіліміздің оралымдылығын тереңдетуге қосқан үлесі де аз емес”, – деп айтқан пікірі осы тұжырымның дәлелі.

Үлкен прозашы болуымен қатар М.Мағауин – әдебиет тарихын зерттеуші көрнекті ғалым да. 1960 жылдардың аяғына дейінгі кезеңде зерттеушілеріміз қазақ әдебиетінің тарихын ХVІІІ ғасырда өмір сүрген Бұқар жырау Қалқаманұлынан бастап келсе, М.Мағауинның 1969 жарық көрген “Қобыз сарыны” атты зерттеу еңбегі осынау межені кемінде үш ғасыр арыға жылжытты. Сөйтіп ол жан-жақты зерттеушілігі мен жанкешті еңбегінің арқасында әдебиет тарихына Қазтуған жырау, Асан қайғы, Доспамбет, Шалкиіз, Жиембет, Марқасқа сияқты жырауларды да дәлелді түрде әдебиет тарихына енгізуге белсене атсалысты. Мұнан кейін осы бағыттағы зерттеулерін тереңдете түсу нәтижесінде ол құрастырып, түсініктемелерін жазған “Алдаспан”, “Бес ғасыр жырлайды”, “Поэты Казахстана” сияқты кітаптар жарық көріп, халқымыздың рухани игілігіне айналды.

Жазушының өз кезінде назар аударған шығармаларының бірі – екі кітаптан тұратын “Мен” деп аталатын өмірбаяндық хамсасы. Мұнда жазушының бүкіл шығармашылық және ғалымдық ізденіс жолында жасаған еңбектері мен көрген бейнеттері баяндалған. Кейбір жекелеген субъективтік сипаттарының барлығына қарамастан, бұл кітапта қазақтың қалам ұстаған әрбір азаматы үшін танымдық-тағылымдық мәні барлығы даусыз.

М.Мағауин шығармашылығы жайлы шағын ойды шиыра келіп, жазушының қазіргі қазақ әдебиет тарихында белгілі бір орынға ие екендігі туралы тұжырымды пікір түюге болады.

 







Дата добавления: 2015-09-15; просмотров: 3504. Нарушение авторских прав; Мы поможем в написании вашей работы!



Обзор компонентов Multisim Компоненты – это основа любой схемы, это все элементы, из которых она состоит. Multisim оперирует с двумя категориями...

Композиция из абстрактных геометрических фигур Данная композиция состоит из линий, штриховки, абстрактных геометрических форм...

Важнейшие способы обработки и анализа рядов динамики Не во всех случаях эмпирические данные рядов динамики позволяют определить тенденцию изменения явления во времени...

ТЕОРЕТИЧЕСКАЯ МЕХАНИКА Статика является частью теоретической механики, изучающей условия, при ко­торых тело находится под действием заданной системы сил...

Почему важны муниципальные выборы? Туристическая фирма оставляет за собой право, в случае причин непреодолимого характера, вносить некоторые изменения в программу тура без уменьшения общего объема и качества услуг, в том числе предоставлять замену отеля на равнозначный...

Тема 2: Анатомо-топографическое строение полостей зубов верхней и нижней челюстей. Полость зуба — это сложная система разветвлений, имеющая разнообразную конфигурацию...

Виды и жанры театрализованных представлений   Проживание бронируется и оплачивается слушателями самостоятельно...

Деятельность сестер милосердия общин Красного Креста ярко проявилась в период Тритоны – интервалы, в которых содержится три тона. К тритонам относятся увеличенная кварта (ув.4) и уменьшенная квинта (ум.5). Их можно построить на ступенях натурального и гармонического мажора и минора.  ...

Понятие о синдроме нарушения бронхиальной проходимости и его клинические проявления Синдром нарушения бронхиальной проходимости (бронхообструктивный синдром) – это патологическое состояние...

Опухоли яичников в детском и подростковом возрасте Опухоли яичников занимают первое место в структуре опухолей половой системы у девочек и встречаются в возрасте 10 – 16 лет и в период полового созревания...

Studopedia.info - Студопедия - 2014-2024 год . (0.011 сек.) русская версия | украинская версия