Студопедия — Фариза Оңғарсынова
Студопедия Главная Случайная страница Обратная связь

Разделы: Автомобили Астрономия Биология География Дом и сад Другие языки Другое Информатика История Культура Литература Логика Математика Медицина Металлургия Механика Образование Охрана труда Педагогика Политика Право Психология Религия Риторика Социология Спорт Строительство Технология Туризм Физика Философия Финансы Химия Черчение Экология Экономика Электроника

Фариза Оңғарсынова






(1939 жылы туған)

Қазақстанның халық жазушысы Фариза Оңғарсынова 1939 жылы 25-желтоқсанда Атырау облысының Новобогат ауданына қарасты Манаш ауылында туған. Гурьев педагогикалық институтын бітірген (1961), содан соң ауылдық мектептерде сабақ берген. 1966 жылы баспасөз қызметіне ауысқан. Әуелде облыстық «Коммунистік еңбек» газетінде, одан соң «Лениншіл жас» газетінің батыс облыстар бойынша тілшісі (1968-1970) болып істейді. Кейін Алматыға келіп «Қазақстан пионері» (қазіргі «Ұлан») газетінің (1970-1978) және «Пионер» (1978-1995) журналының бас редакторы қызметтерін атқарады. 1995-2004 жылдары Қазақстан Республикасы Парламентінің Мәжілісіне депутат болып сайланған.

Алғашқы өлеңдер жинағы («Сандуғаш») 1966 жылы жарық көрген. Одан кейінгі дәуірде «Маңғыстау маржандары» (1969), «Мазасыз шақ» (1972), «Асау толқын» (1973), «Көгершіндерім» (1974), «Мен сенің жүрегіңдемін» (1975), «Сенің махаббатың» (1977), «Сұхбат» (1983), «Дауа» (1985), т.б. жинақтары басылған. «Шілде» (1978), «Жүрек күнделігі» (1984) атты таңдамалы шығармалары мен екі томдығы (1987) шыққан.

Фариза – поэзияға тән көркемдік нәзік өрнектерін жете меңгерген, ішкі сыры мен иірімдері мол ақын. Оның өлеңдері өмір сүрген ортасынан, айналасындағы тіршілік құбылыстарынан, адамдарымен қарым-қатынасынан туған әсерлер негізінде құралады.

«Өмір сүру дегеніміз – сезіну мен ойлау, қайғыру мен қуану. Басқа өмірдің барлығы өлімге апарады», – деген орыстың ұлы сыншысы В.Г.Белинский. Осы сөз, алдымен, ақын үшін айтылған. Өйткені ақын өмірі – өлең, ал өлең өмірі – сезіну мен ойлау, қайғыру мен қуану. Адам басындағы осы жағдайларды Ф.Оңғарсынова ерекше сергек сезінеді. Ол қуанса – дүние түгел, қайғырса – аспан айналып жерге түседі. Оның сезімталдығы мен ойшылдығы осыдан туады. Бұл – өмірді толық сезінуден, оған деген құштар сезімнен ғана туатын қасиет. Ақынның өлеңсіз тіршілігі жоғы да осы жағынан әбден түсінікті.

Фариза ақындығы – осы шындықтың көрінісі. Оның өлеңдері өз басының тіршілігімен, өзі арқылы туған елінің өмірімен, сол негізде бүкіл адамзаттың арман-тілегімен біте қайнасып жатады. Фариза қуанышы мен ойлары, оның жүрегін жайлаған мұң сарыны ақынның жеке басының күйі емес, жалпы адамзатқа тән шындықтан туады. Онда заманынан, халқынан, соларға арнаған өлеңінен өзгеше өмір жоқ.

Фариза ақындығының өз замандастарынан өзгеше бір ерекшелігі – осында. Оның өлеңдерінен («Қонған екен тағдырдың құсы маған», «Өнер дерті», «Неге осы мен елпілдеп қуанбаймын») ақындық тағдырдың ғажап та қиын тіршілігі, оны мойнына алған таланттық азапты өмірі танылады. Ол жеке басының қызығын күйттемейді, әлемнің мұңы мен қуанышына құлақ тосады, ақын тілімен айтқанда оның жүрегі антеннадай дүниенің әр бұрышындағы қуаныш, қайғыны қабылдайды. Думанды ортада көзіне мұң, қалам ұшына өлең оралып, оңаша ой кешеді. Тыныш ұйықтап, Айды құшса, қуанып, алтын көрсе, көңілі көтерілетін сезім оған жат. Осының бәрі – ақынның тағдыры, одан қашып құтыла алмайды, оны басқаның бақытына ұқсамайтын өз бақытым деп ұғады. Ол ақын жанының күрделілігін, ақын психологиясының сырын, оған әсер еткен заман қайшылығын суреттейді.

Ой деген, Фариза ұғымында, адам арманы. Адамның ұлылығы да – оның арманының биіктігінде. Адам өміріндегі барлық жаңарулар – іске асқан арман. Ақынды аландататын – іске аспаған армандар. Ол бүгін жоғалып бара жатқан адамдық адалдықты, ерлік пен жомарт мінезді іздейді, соны өзіне идеал тұтады.

Фариза – биік сезімнің ақыны. Оның көңіл күй ырқына тез берілетіні, жаны тез жараланатыны да осыдан. Ақын көңілін жайлаған адалдық, әсемдік, жақсылықты ғана мұрат тұтқан арман-тілек күнделікті өмір қайшылықтарымен үйлесімге келмейді де, сезімге кері әсер етеді. Ол ұнамсыздыққа шыдамай, күйінеді. Мұңаюдың, күйректіктің неге апарып соғатынын ақын түсінбейді емес. Кейде ол сезіміне ақылмен тоқтау салғысы келеді. Осыдан барып, оның өлеңдері, көбінесе сезім мен сананың, ойдың арпалысына құрылады. Осындай сезім мен ойдың тартысы «Жыл жаңарды», «Бойым дел-сал», «Жүректі қайрау» өлеңдерінде үлкен суреткерлікпен ашылады.

 

Көңілімде құрсаулы қатпар мұңдар,

Өлеңімде шаттық аз, жатқан бір зар.

Қайран жігер, қайдасың, тілеулес ең,

Тұншықтырған кеудемді батпан зілді ал.

 

Жарасым жоқ жалғанның сәні кемдей,

Анау аспан, күн мен ай – бәрі жердей.

Көз, біткен құдықтай қалды жұртта,

Сезіміме санамның әлі келмей.

 

Ақын «Менің тілім бар» өлеңінде шындық тілі мен көлгірлік тілін қарама-қарсы қоя суреттейді. «Өмір – бұлақта» адам еркін алдап, жастық алып қашып істеткен істердің өкінішін аз етсе, «Кейбіреуге қараймын» өлеңінде дүниенің күйбең тіршілігіне риза еместігін сездіреді. Осының бәрі – «жұмыр жердің» адам тіршілігіне артқан ауыртпашылығы. Фариза – осындай адамның күнделікті тіршілігінің сезім құпиясын, психологиясын еркін игерген ақын. Ақын ұғымында жүрек – тек сезімнің ұйтқысы ғана емес, ақыл-сананың да көзі. Ал, таза сезім – өзімшілдік дертімен уланған дұшпан, тұман-қайғы. Сондықтан ол жүрекке жиі жүгінеді, оны қайратқа жаниды. Өмірдегі қайшылықтардың заңдылығын, жақсылық пен жамандықтың алмасуы шындығын аша біледі. Ой мен сезімнің арпалысында өзін жалғыз сезінетін тұстары да болады. Бірақ ол қоғамнан, халқынан, достарынан безіну емес, оның лирикалық кейіпкері – өз ортасынан ой-санасы биік, оза шыққан адам. Ой-арманын түсіндіре алмай, жалғызсырайды. Бұл – Абай трагедиясы. Фариза соны жалғастырушы. Адамның жеке басының шындықты сезінуінен басқа қоғам мен адам тағдыры, табиғат сыры сияқты тақырыптар болады. Ақынның өз өмірі қанша бай болса да, қоғамсыз, адамзатсыз, өзін қоршаған табиғатсыз оның мазмұны жетімсіз. Шын ақынды Отан, ел тағдыры ойландырмай қоймайды. Өйткені ол туған жерімен, елімен жан-тәнімен байланысқан, матасқан. Тірі адам рухты, жүрегін соқтырып тұрған қанды қоғам өмірінен алады.

Фариза гуманизмі сол Отанын, елін, жерін, адамды сүю сезімдерінен анық көрінеді. Осылар әділетсіздік пен ұнамсыздықпен күрес үстінде ашылады. Бұл тұрғыда ақынның «Жақсылық туралы жыр», «Далам менің», «Туған жер», «Ақ түн», «Қырға кеткім келіп тұр», «Айналайын, ауылдың адамдары-ай», т.б. өлеңдері аса маңызды. Бұл өлеңдердің лирикалық кейіпкері – далада туып-өскен, соның табиғатын (жусанының иісіне дейін) рухани тіршілігіне азық еткен, сезімтал, бауырмал жан. Оған қазақ жерінің бәрі бір. Саумалкөлдің самалы, Оқжетпестің басындағы сағым мұнар, Ұшқараның биігі, даланың ақ түні – бәрі де сезімін қозғап, бойына қуат құяды. Сондықтан қиналған, шаршаған шағында ол қырға шығып, жанына шипа іздейді. Даланың дарқандығы, шуаққа байлығы, ауыл иісі Фариза өлеңдеріне сіңген. Ол ашық күнді көріп қуанады, жаңбырлы аспанға қарап қамығады, көктемде шалқиды, дауылға қарап, бұрқанады. Ақын сезімін күрделі ететін де, оның қиялында ғажайып сезім отын тұтататын да – осылар.

Ақын алдыңғы буынның азаматтық дәстүрін үлгі тұтады. Оны «Қайрымды қайран қарттарым», «Қайыңдай қайсар қарттарым», «Қазығым – алтын қарттарым» өлеңдерінен анық көреміз.

Ақынның әйел тағдырына ерекше көңіл аударуы да заңды. Өзі де соларға қатысты болғандықтан, ол әйел психологиясын, оның сырын көбірек біледі. Ол әйелге тән төзімділікті, өткірлікті, сезім күйлерін, кейде сол сезімге малтығып қалатын әлсіздікті, адал махаббаты, көңіл нәзіктігін терең жырлайды. Әйел сезімінің ойлы, мұңлы күйлеріне көбірек көңіл аударады. Осының бәрінде күшті ақындық рух бар. Жүдеу көңілді осы рух қана жұбатады. («Әйел», «Кейбіреулер мені айтып, етеді үлгі», «Ешнәрсеге, ешкімге алаңдамай», «Шығарып салдың мені», «Айша бибі», «Баба әже», т.б.)

Фариза өлеңі – шын өнер. Шынайы өнерді бірден түсініп, оның сырына бойлау оп-оңай емес. Оны ұғуға ой керек, ақын рухын түсінер білім қажет. Әдемілік көзге жылы ұшырағанымен, оның мән-мағынасын, сырын аңғару екінің бірінің қолынан келе бермейді. Поэзия – ақын рухының ашылуы. Оны сезіммен түйсініп барып, ақылға салу керек. Абайдың да ауыр оқылатыны осыдан. Оны әрбір шынайы әдебиет сияқты қайта-қайта оқу қажет. Сонда ғана ақын рухы біртіндеп бойға сіңеді. Рух пен сана ғана өмірдің өмір екенін түсіндіре алады. Ақын ойшылдығы арқылы сіз де заманмен, оның адамдарымен сырласасыз, табиғаттың құпия сынына ортақ боласыз. Табиғат – өлі дүние, оның бойынан рухты сезе алмайсыз. Ақын өлеңі табиғатты тірі күйінде бейнелеп, сіздің рухыңызды көтереді. Өлең дегеніміз – осы. Әр адам – сезімнің, ойдың, құштарлықтың тұтас бір әлемі. Поэзия оны жеке адам күйінде емес, адамзатқа ортақ сезім арқылы ашады.

Өлең, жыр – Фаризаның өмірі. Ол оны «күндерінің, нала түндерінің серігі» санайды. «Жүрегі сыздаған кезде, жаны мұздаған кезде» сырын соған ашады. Ол – ерлік пен биік рухтың өлеңі, үнінде өрлік, асқақтық бар, дүние танымы кең, ақындық бояуы қанық, қайратты да қайсар Фариза жыры әрқашан жүрегіңе тиеді, сезіміңді қозғайды, жаныңды байытады. Қарапайымдылық пен нақтылық, суреткерлік пен бейнелілік – оның шынайы белгілері. Ол әсіресе қызыл жылтырақтықтан аулақ, оның өлеңі бойында жауынгер қазақтың қаны ағады, қолында Махамбеттің семсері жарқылдайды. Ол жалған сөйлеуді, жалтақтауды, жарамсақтауды білмейді. Оның таланты ешкімге ұқсамайды. Бүгінгі ұлттық поэзиямызда өзінің ойшылдығымен, талғампаздығымен, айналасына, төңірегіне сын көзімен қарайтын биік интеллектуалдық санасымен, мұң мен көңіл-күй әсеріне бөленген сазды жырымен, әнімен ол оқшау тұр.

 







Дата добавления: 2015-09-15; просмотров: 1680. Нарушение авторских прав; Мы поможем в написании вашей работы!



Кардиналистский и ординалистский подходы Кардиналистский (количественный подход) к анализу полезности основан на представлении о возможности измерения различных благ в условных единицах полезности...

Обзор компонентов Multisim Компоненты – это основа любой схемы, это все элементы, из которых она состоит. Multisim оперирует с двумя категориями...

Композиция из абстрактных геометрических фигур Данная композиция состоит из линий, штриховки, абстрактных геометрических форм...

Важнейшие способы обработки и анализа рядов динамики Не во всех случаях эмпирические данные рядов динамики позволяют определить тенденцию изменения явления во времени...

САНИТАРНО-МИКРОБИОЛОГИЧЕСКОЕ ИССЛЕДОВАНИЕ ВОДЫ, ВОЗДУХА И ПОЧВЫ Цель занятия.Ознакомить студентов с основными методами и показателями...

Меры безопасности при обращении с оружием и боеприпасами 64. Получение (сдача) оружия и боеприпасов для проведения стрельб осуществляется в установленном порядке[1]. 65. Безопасность при проведении стрельб обеспечивается...

Весы настольные циферблатные Весы настольные циферблатные РН-10Ц13 (рис.3.1) выпускаются с наибольшими пределами взвешивания 2...

Типовые ситуационные задачи. Задача 1.У больного А., 20 лет, с детства отмечается повышенное АД, уровень которого в настоящее время составляет 180-200/110-120 мм рт Задача 1.У больного А., 20 лет, с детства отмечается повышенное АД, уровень которого в настоящее время составляет 180-200/110-120 мм рт. ст. Влияние психоэмоциональных факторов отсутствует. Колебаний АД практически нет. Головной боли нет. Нормализовать...

Эндоскопическая диагностика язвенной болезни желудка, гастрита, опухоли Хронический гастрит - понятие клинико-анатомическое, характеризующееся определенными патоморфологическими изменениями слизистой оболочки желудка - неспецифическим воспалительным процессом...

Признаки классификации безопасности Можно выделить следующие признаки классификации безопасности. 1. По признаку масштабности принято различать следующие относительно самостоятельные геополитические уровни и виды безопасности. 1.1. Международная безопасность (глобальная и...

Studopedia.info - Студопедия - 2014-2024 год . (0.008 сек.) русская версия | украинская версия