Студопедия — Айтхожина Марфуға
Студопедия Главная Случайная страница Обратная связь

Разделы: Автомобили Астрономия Биология География Дом и сад Другие языки Другое Информатика История Культура Литература Логика Математика Медицина Металлургия Механика Образование Охрана труда Педагогика Политика Право Психология Религия Риторика Социология Спорт Строительство Технология Туризм Физика Философия Финансы Химия Черчение Экология Экономика Электроника

Айтхожина Марфуға






(1936 жылы туған)

 

Айтхожина Марфуға 1936 жылы 25 тамызда Құлжа қаласында (ҚХР) туған. 1956 жылы Құлжадағы қыздар гимназиясын тамамдаған ол әл-Фараби атындағы қазақ мемлекеттік университетінің филология факультетін (1965), Мәскеудегі жоғары әдеби курсті бітірген (1971). 1961-1969 жж. «Қазақ әдебиеті», «Қазақстан мұғалімі» газеттерінде әдеби қызметкер болып істеді.

1959 жылы «Қазақ әдебиетінде» бір топ өлеңдері жарияланған ақын 1962 жылы шыққан «Балқұрақ» атты тұңғыш жинағынан бастап бірнеше жыр жинақтарын ұсынды. Оның шығармалары болгар, поляк, венгр, чех, парсы, т.б. тілдерге аударылды.

Қазақ әдебиетіне сіңірген еңбегі жоғары бағаланып, 2002 жылы «Аңсау» атты жыр жинағына ҚР Мемлекеттік сыйлығы берілді. «Құрмет белгісі», «Парсат» ордендерімен және бірнеше медальдармен марапатталды.

Поэзия – өмірдің айнасы болса, Марфуға жырларына да өзі өмір сүрген заманының шындығы арқау болған. «Қашқын» атты өлеңінде қазақтың өзі өмір сүрген кеңестік дәуір тұсындағы кезеңіндегі қоғамдық мәселелер көрке кестеленеді. 20-30 жылдардағы жаппай қудалау мен ашаршылық, кеңестік дәуір тұсындағы Аякөзде жүргізілген сынақтың салған зардабы поэзия тілімен шынайы бейнелеген.

Оның жырлары сергек сезім, нәрлі ойға құрылған өзіндік үні бар, жалынды жастық жырларымен қатар, туған еліне, жеріне деген шынайы махаббат, сүйіспеншілікке толы. «Қайран Талқы таулары-ай» топтамасына енген өлеңдері тұтастай туған жерге арналған. «Мекендеп Алатауды жүрген жай бар, Тусам да Тәңіртаудың етегінде» деп, ақын өзі айтқандай, Алатауда жүргенімен, Тәңіртауды бір сәт те естен шығарған емес. Туған жерге, қазақ топырағына деген сағыныш сезімі тек сыртта жүрген бауырластарға ғана тән екені анық. Өз елінде жүрген жандардың өзі туған жерден ұзаған сайын оған деген сағынышы аса түсетін болса, сыртта жүргендердің жайы бөлек. Екі елдің арасында жүргендіктен де, Марфуғаның «Келеді шекарадан ұшып кеткім, даланың секілденіп көбелегі» деуі заңды. Шекарадан бері өтсе, ар жақты, ары өтсе, бер жақты сағынатын лирикалық кейіпкерде сағыныш сезімі басым. Оны ақын «Сарғаю жақсы – Ағашқа, Сағыну жақсы – Адамға» деп түсіндіреді. Сондықтан да ақын туған жердің бір уыс топырағына оның бар құдіретін «Бір уыс топырағы үшін туған жердің, Жатады қантөгіс қып қанша халық» деп сыйғыза білді. «Аласа емес, қырандар, құлайды өрден» деп ата-бабалардың найзаның ұшымен қорғаған жерін көз алартқандардан қорғау керектігін баса айтқан ақын кең дала үшін өткір жырларын аямақ емес.

Туған жер мен бірге ақын шығармаларынан үлкен орын алатын – махаббат лирикасы. Сүйген жарға деген сағыныш пен ынтық сезімді нәзік жүректі ақын өте сыпайы жеткізеді. «Аққуым менің» деген өлеңінде табиғаттың әрбір деталына жете үңіле білген ақын сүйген жүректің сыңарын іздеп, сағынған күйін жанды бейнелесе, «Келдің бе, жаным, көктеммен, Жанымды өртеп от деммен. Қаңтардың қатқыл қысындай – Күндерім сенсіз өткерген, Келдің бе, жаным, көктеммен!..»[11] деген жолдардың контарсты сезімге құрылуының өзі ақын шеберлігін танытады. Ақын жүрек махаббаттың тылсым күшіне жан бітіріп, оны оқушы қауымға бар шынай қалпымен жеткізе білді.

Сапарда туған жырлардан Қазақстанның төрт бұрышымен бірге алыс-жақын шетелдерді де кездестіруге болады. Қазақ зиялылары білім нәрімен сусындаған Омбыны көріп, марқайған ақын Ертіске қарап тұрып: «Тіздірген ойдан талай бойға маржан» Мағжан ақынын іздейді. Амангелді, Естай, Майра, Жамбыл,тағы басқалардың туған ауылын жарға қосқан ақын сұлу Баянауылға да жыр арнады. «Жасыбай! Жарқыраған лағыл жүзік!» десе Баян тауын Жасыбайдың күзетшісі етіп көрсетеді: «Жасыбайдың күзетіп тыныштығын, Кірпік ілмей қарап тұр Баян батыр». Осындай арнау өлеңдердің қатарын «Ертіс әуендері», «Ақ Еділ – арман», «Пермь дәптерінен», «Балтық жырлары», «Кавказ әсерлері», «Болгария әуендері» сынды топтамалары толықтырады. Жол сапарлардан туған бұл жырларында ақынның табиғаттың сұлулығын ғана емес, сол елді мекен еткен халықтардың да қызықтыратындығын байқауға болады. Оның өзгенің қуанышын бөлісіп, қайғысына ортақ бола алатын нәзік жүректі ақын екендігіне осы топтамалары мысал бола алады.

Өз заманының жырын жырлаған ақын өлеңдерінде бүгінгі күннің жетістігіне марқайса, қисыны кеткен тірлік пен кері кеткен әдет-ғұрыпты көргенде, жаны күйзеледі. «Қара бұрым толқындап тілерсекте» атты өлеңінде ардан безген қазақ қыздарының некесіз туған тастанды балаларды көбейтіп жатқанына ақын жүрек зар жылап, кешегі атам қазақтың «Оң жақтағы» қыз жүкті болды десе, бар ауылға таңба болып басылатын» заманының өткеніне күйзеледі. Қазақты әлемге танытқан кешегі 1986 жылғы Желтоқсан оқиғасына да ақын өз үнін қосты. «Желтоқсанның желі гулеп» деген өлеңінде тәуелсіздік жолында жастардың басын бәйгеге тікенін айта келіп, «Айырар келді кезің ақ-қараны, Қашанғы сені біреу басқарады? Бар кілті бақытыңның өз қолында, Енді сенің ғасырың басталады!..» деп қазақ халқының тәуелсіздігінің мәңгілік болуына тілек білдіреді.

«Тобық», «Қыр қызғалдағы», «Киіккескен», «Бас киім», «От ішіндегі гүл», «Қарағым-ай» балладалары халқымыз бастан кешкен өмір белестерін бейнелейді. «Шілдехана» атты толғауында «Қызық бар ма ана үшін басқадай, Нәрестеден артық оған жоқ тілек» деген ақын жанын тек аналар ғана түсінері анық. Осылайша қазақ поэзиясына әйел-ананың балаға деген кіршіксіз үлкен махаббатын шынайы қалпымен алып келді.

«Ешкіөлместегі ескерткіш» пен «Бағараның батыры» атты поэмаларында бүгінгі замана келбетін танытатын еңбек адамдарының өмірін бейнелейді. Нұрболат Түшкенов пен Социалистік Еңбек Ері, КСРО Жоғарғы кеңесінің депутаты Ажыхан Есқараевтың еңбектегі ерлігін жырлау арқылы қазақ халқының тарихынан сыр шертеді. Ал, «Қазақ аруы» поэмасында Баян, Жібек, Ақтоқтының Шолпан, Әлия, Мәншүк сынды сіңлілерінің ерлігін мақтан еткен ақын қазақ қыздарының бейнесін асқақтата түсті.

«Тасқындап қалайын бір нөсердейін, Орамай тұрғанда жер жөргегіне» дейтін ақын жырлары ақ нөсердей құйылып жатыр. Табиғаттың әрбір құбылысы мен затына жан бітірген ол бұлт туралы «Шүйке бұлттар саусағындай шебердің – Өрнек салып бара жатыр аспанға» десе, шыңдар туралы «Шыңдар тұр, бір-бірімен тайталасқан, Аспанның аршын төсін шайқап ашқан» дейді. «Толқын жатыр жағаны сүйіп-шалқып», «Ақ қайыңдар сүйеп қалып бір-бірін, Дірілдейді жапырақтар-сырғалар», «Жиектен толқын қашып бара жатыр, Жұлдыздарды билетіп, арқасында ай», «Ақ қайың ару ақ балтыр, Ақша бұлт көлге көміліп», «Қой тастар сусып түскен қыз шашынан, Ұқсайды күміс шолпы тізбегіне», «Ақша бұлттар мінгесіп бара жатыр, Алатаудың ақ жалды өркешіне», т.б. тіркестер ақылы жансызға жан бітірген ақын қазақ поэзиясындағы кейіптеуді байытты.

Дерексіз затты көз алдымызға елестету мақсатында деректі затпен беру де – ақын қаламына тән ерекшелік. Ол «Жүйрік қой желген аттай уақыт деген, Жүргенді көтермейтін ырғалатын», «Самалың сипап жатыр, Сүйіп беттен», «Еркесі сияқты еді, Сарқырама, Жартасын жата қалып тепкілеген», «Өзіңе созған қолым жетпесе де, Қанатын жүрек құсым қақты кілең», «Сайрамның жанарынан жас жаңбырлап, Егіліп жатқандығын сезер көңіл», «Жүрген соң сағыныштан қанат байлап», «Бұлт қонатын шыңдарға мен өлеңнің, Қондырсам деп келемін көшін аман!», «Сыңғырлап бір күлдің де сынай қарап, Садағына түйредің сұрақтардың», «Жартастары кеуденің жаңғырығып, Жүйріктей бұлқынады кермедегі», «Дірілдеген, толқындаған сезімдей, Жас арудың толықсыған кезіндей», «Бұлқынған асаудайын қайран көңіл, Бұл күнде әр нәрседен шайлығыпты», - деп жансызға жан бітіріп, бейнелі сурет жасады.

Жансызға жан бітіріп, айшықты образдар мен әдемі теңеулер жасау – ақынның басты қасиетінің бірі. Ол «Күзгі аспандай жабығып жүрсің неден», «Ұқсаған аққу құсқа бір қыз көрдім, Тұратын ерініне ай қонақтап», «Бұралған бұрымындай жас арудың Самалмен ырғалады майда құрақ», т.б. сынды айшықты образдар жасау арқылы ақындық шеберлігін танытты. Туған жердің әсем табиғатын, жас адамның жан дүниесін жырлаған ақынның шабытын қозғап, қаламын тербейтін де – замана құдіреті, еңбек дүбірі, кеңес адамдарының биік адамгершілік мұраты. Марфуға да басқа ақындар секілді өз заманының жыршысы. Қазақ поэзиясындағы қалыптасқан дәстүрлі 7-8, 11, 15 буынды өлеңдердің қатарын жалғастырған ақын өз тарапынан түр жаңалығын қоспағанымен, оны бейнелі тіл, әсем ырғақ, сырлы әуенмен байытты.

 







Дата добавления: 2015-09-15; просмотров: 1600. Нарушение авторских прав; Мы поможем в написании вашей работы!



Аальтернативная стоимость. Кривая производственных возможностей В экономике Буридании есть 100 ед. труда с производительностью 4 м ткани или 2 кг мяса...

Вычисление основной дактилоскопической формулы Вычислением основной дактоформулы обычно занимается следователь. Для этого все десять пальцев разбиваются на пять пар...

Расчетные и графические задания Равновесный объем - это объем, определяемый равенством спроса и предложения...

Кардиналистский и ординалистский подходы Кардиналистский (количественный подход) к анализу полезности основан на представлении о возможности измерения различных благ в условных единицах полезности...

Эндоскопическая диагностика язвенной болезни желудка, гастрита, опухоли Хронический гастрит - понятие клинико-анатомическое, характеризующееся определенными патоморфологическими изменениями слизистой оболочки желудка - неспецифическим воспалительным процессом...

Признаки классификации безопасности Можно выделить следующие признаки классификации безопасности. 1. По признаку масштабности принято различать следующие относительно самостоятельные геополитические уровни и виды безопасности. 1.1. Международная безопасность (глобальная и...

Прием и регистрация больных Пути госпитализации больных в стационар могут быть различны. В цен­тральное приемное отделение больные могут быть доставлены: 1) машиной скорой медицинской помощи в случае возникновения остро­го или обострения хронического заболевания...

Методика обучения письму и письменной речи на иностранном языке в средней школе. Различают письмо и письменную речь. Письмо – объект овладения графической и орфографической системами иностранного языка для фиксации языкового и речевого материала...

Классификация холодных блюд и закусок. Урок №2 Тема: Холодные блюда и закуски. Значение холодных блюд и закусок. Классификация холодных блюд и закусок. Кулинарная обработка продуктов...

ТЕРМОДИНАМИКА БИОЛОГИЧЕСКИХ СИСТЕМ. 1. Особенности термодинамического метода изучения биологических систем. Основные понятия термодинамики. Термодинамикой называется раздел физики...

Studopedia.info - Студопедия - 2014-2024 год . (0.011 сек.) русская версия | украинская версия