Студопедия — Теориялық мәліметтер. Аймақтық телефон желілері
Студопедия Главная Случайная страница Обратная связь

Разделы: Автомобили Астрономия Биология География Дом и сад Другие языки Другое Информатика История Культура Литература Логика Математика Медицина Металлургия Механика Образование Охрана труда Педагогика Политика Право Психология Религия Риторика Социология Спорт Строительство Технология Туризм Физика Философия Финансы Химия Черчение Экология Экономика Электроника

Теориялық мәліметтер. Аймақтық телефон желілері






Аймақтық телефон желілері

«Аймақтық телефон желісі» термині ЖҚТфЖ нөмірлеу жүйесі мен жоспарын өңдеу себебінен пайда болды. 25 - суретте ЖҚТфЖ-нің аттас иерархиялық деңгейін бөлектеуді лайық деп есептейтін аймақтық телефон желісінің негізгі компоненттері көрсетілген.

 

Ірі қалалардағы ҚТЖ Аудан орталықтарындағы ҚТЖ- де қосылған АТЖ

 

25 – сурет. Аймақтық телефон желісінің негізгі компоненттері

 

Аймақтық телефон желісінің негізгі компоненті болып, ҚР облыс орталығында орналасқан ҚТЖ табылады. Тапсырыс берілген жалғаушы жолдар (ТЖЖ-ЗСЛ) мен қалааралық жалғаушы жолдар (ҚЖЖ-СЛМ) шоғыры барлық ірі қалалардың ҚТЖ байланыстырушы желісі, олар әдетте облыс орталығына бағанады. ҚР құрамында осындай ҚТЖ-нің К саны құрылған деп жорамалданады. Облыс орталығымен де L ауылдық желі байланысқан. Олардың құрамына аудан орталықтарындағы ҚТЖ-де кіреді. Ірі қалалардағы ҚТЖ мен кейбір ауылдық байланыс желілерінің орталық желілері (ОЖ-ЦС) арасындағы үлкен өзара тартылыс кезінде түзу ЗСЛ/СЛМ шоғырлары пайда болуы мүмкін. 25 - суретінде осындай ЗСЛ/СЛМ шоғырлары к-ншы ҚТЖ мен бірінші АТЖ үшін көрсетілген.

26 - суретте бір аймақ ішіндегі телефон байланысы кезінде орнатылатын жалғаулардың негізгі түрлері көрсетілген. Бұндай жалғауларды РАТС, ЦС және бір соңғы станция (ОС) қосылған үш терминал үшін бейнелеуге болады.

ТА1 және ТА2 арасындағы жалғауларды орнату кезінде, ақпараттармен алмасу трактісі РАТС пен АМТС (немесе аймақтық телефон түйіні (ЗТУ)) және ЦС арқылы орнатылатын болады. Осы жағдайда аудан орталығындағы ГТС-да ЦС орнату жобалануда. Егер ауылдық телефон желісінде (СТС) ЦС қолданылса, онда ТА2 аудан орталығындағы ГТС құрамына кіретін РАТС-ның біреуіне қосылады.

ТА1 мен ТА3 арасындағы жалғауды орнату кезінде сөйлесу тракті бес коммутациялық станциялардан өтеді: РАТС, АМТС (немесе ЗТУ), ЦС (немесе УСП), УС және ОС. ТА1 мен ТА3 арасындағы жалғау СТС ішінде орнатылады.

 

 

26 – сурет. Аймақ ішіндегі телефон байланысы кезіндегі жалғаулар түрі

 

Қалааралық және халықаралық телефон желілері

 

ХХ ғасыр ішінде Қазақстандағы қалааралық және халықаралық телефон байланысы бір Оператормен ғана пайдаланымға беріліп отырған. ХХІ ғасырдың басында қалааралық және халықаралық телефон байланысының монополиясыздандыру нарығы басталды. 27 - суретіндегі «А» және «В» әр түрлі ГТС-ке қосылған абоненттер байланысы, әр түрлі Операторлармен пайдаланымға берілетін бірнеше қалааралық байланыс желілерінің кез-келгені арқылы орнатылуы мүмкін. Осы қарастырылған модель үшін қалааралық байланыстың М желісі сипатталған.

Қалааралық телефон байланысының екі негізгі аспектісін бөлектеу орынды болып табылады. Біріншіден, Қазақстан бірнеше сағат белдеуінде орналасқан. Сондықтанда, Қазақстанның әр түрлі облысының абоненттерінде қалааралық телефонды сөйлесулерге арналған комфортты уақыт периоды, ҚР басқа региондарының жергілікті желілеріндегі дәл осындай сөйлесулер периодымен салыстырғанда, айтарлықтай аз.

 

 

27 – сурет. Қалааралық телефон байланысының қазіргі кездегі

талаптарға сай ұйымдастырылу принципі

 

Екіншіден, қалааралық және жергілікті желілерге арналған коммутациялық станциялар мен оларды жалғаушы арналардың (тарату жүйелерімен бірге) капиталды шығын ара қатынасы, ереже бойынша айтарлықтай айырмашылыққа ие. Әсіресе, ГТС салу кезінде Оператор инвестициясының негізгі еншісі коммутациялық жабдықты сатып алу мен орнатуға жіберіледі. Қалааралық телефон желісін салу кезінде (әсіресе бір-бірінен әлдеқайда алыста орналасқан қалалар арасында), Оператор шығынының негізгі еншісі коммутациялық станциялар арасындағы арналарға жұмсалады. Сондықтанда, қалааралық және жергілікті желілерді салу кезіндегі тиімді тапсырмалар белгілі ерекшеліктерге ие болады.

Әр түрлі Операторлардың қалааралық телефон байланысы желілерінің құрылымы көптеген ұқсастықтарға ие. Осы себептен, алыс байланыс нарығының монополиясыздандырылуына дейін пайда болған, қалааралық телефон байланысы желілерінің құрылымын қарастыру жеткілікті. Оның моделі 28 - суретінде көрсетілген. Бұл жерде «А» және «В» қалаларында орналасқан абоненттер арасындағы жалғауды орнатуға болатын жолдар бейнеленген. ЖҚТфЖ қарастырылып отырған фрагменті үшін, екі АМТС арасындағы учаске көрсетілген.

28 суретінде екі АМТС басқа, транзитті станцияның қызметін атқарушы автоматты коммутация түйіндері де (УАК) көрсетілген. Байланыстың міндетті бағыттары тұтас сызықтанмен көрсетлген.

Үзікпунктирлі сызықтар байланыстың техникалы-экономикалық негізінде пайда болатын байланыс бағыттарына сәйкес келеді.

Барлық УАК бір-бірімен «әрқайсысы әрқайсысымен» принципі бойынша қосылады. Кез келген АМТС кем дегенде екі УАК арқылы байланысуы керек. Маңызды трафик кезінде АМТС арасында қалааралық арналардың тура шоғыры ұйымдастырылуы мүмкін.

Әдетте бұндай шоғырлардың сыйымдылығы шығындардың жоғарғы ықтималдылығына есептелінеді. Осы кезде бұл шоғырлар өте тиімді пайдаланылады, ал артық жүктеме айналма жолдар есебінен қызмет көре алады.

 

 

28 – сурет. Қалааралық телефон байланысының

пайдаланымдағы желілік құрылымы

 

Мүмкін болатын маршруттардың ішінде соңғы таңдау жолын (ППВ) бөлектеп алады. Бұл жол басқадай немесе одан да «қысқарақ» жол арқылы қосылуды орнату болмай қалған кезде таңдалып алынады. Әдетте ППВ екі УАК арқылы өтеді.

28 - суретінде көрсетілген модель «А» және «Б» қалаларының ГТС қосылған абоненттері арасындағы қосылудың орнатылуы мүмкін болатын варианттарын анықтауға мүмкіндік береді. Екі АМТС арасында мынадай қосылу түрлері орнатылуы мүмкін:

- АМТС1 - АМТС2 (егер арналардың тура шоғыры бар болса);

- АМТС1 - УАКЗ - АМТС2 (егер арналардың айналмалы шоғыры бар болса);

- АМТС1 - УАК4 - АМТС2 (егер арналардың айналмалы шоғыры бар болса);

- АМТС1 - УАК4 - УАКЗ - АМТС2.

Алыс байланыс трафигі әрқашанда өсуде, ол дегеніміз қалааралық арналардың көптеген тура шоғырын ұйымдастыруды талап етеді. Қалааралық желі құрылымын қалыптастыру кезінде қолданылған иерархиялық принцип тиімсіз болуда.

Қалааралық телефон байланысын ұйымдастырудың жалпы принциптері 29 - суретінде көрсетілген.

Қарастырып отырған модель үш ХКО тұрады. Бұл орталықтар әр түрлі үш елде орналыстырылады. «А» және «Б» елдерінде орналасқан МЦК арасындағы байланыс халықаралық арналардың тура шоғыры арқылы немесе «С» елінде орналасқан транзитті орталық арқылы өтуі мүмкін.

 

 

29 - сурет. Халықаралық коммутация орталықтарының байланысы

 

Арналардың тура шоғыры екі ел абоненттерінің терминалдары арасында орнатылатын маңызды қосылулар саны арқылы жасалады. Егер техникалы-экономикалық анализ нәтижесі, тікелей екі елдегі МЦК байланыстыратын арналардың тура шоғырын ұйымдастыру маңыздылығын дәлелдей алмаса, онда транзитті байланыстарды жасау мүмкіндігі қолданылады. Бұл байланыстар халықаралық арналардың тура шоғыры қол жетімді болмаған жағдайларда ғана орнатылады.

ITU-T E.171 ұсынысы екі елдің МЦК арасындағы транзитті халықаралық арналар санын шектейді. Олар төрттен аспау керек. Бұл дегеніміз, қосылуда үштен көп транзитті МЦК болмау керек.

Жоғарыда айтылып өткен мәселелер, ЖҚТфЖ үшін, барлық иерархиялық деңгейлерде мүмкін болатын құрылымдар жиынтығының анықталғаны туралы куәландырады.

Барлық иерархия деңгейлеріндегі телефон желілерінің құрылымы біртіндеп өзгереді, ол көптеген себептер нәтижесінен болады. Бірінші кезекте, ЖҚТфЖ дамуымен байланысты ішкі сипаттамалар себебін анықтап алу керек. Бұндай себептердің маңыздысы ретінде, телефон желісін цифрландыруды есептеуге болады. ЖҚТфЖ құрылымының ішкі өзгерістерінің себебі, NGN өтумен ескеріледі.







Дата добавления: 2015-09-15; просмотров: 1605. Нарушение авторских прав; Мы поможем в написании вашей работы!



Картограммы и картодиаграммы Картограммы и картодиаграммы применяются для изображения географической характеристики изучаемых явлений...

Практические расчеты на срез и смятие При изучении темы обратите внимание на основные расчетные предпосылки и условности расчета...

Функция спроса населения на данный товар Функция спроса населения на данный товар: Qd=7-Р. Функция предложения: Qs= -5+2Р,где...

Аальтернативная стоимость. Кривая производственных возможностей В экономике Буридании есть 100 ед. труда с производительностью 4 м ткани или 2 кг мяса...

ТЕХНИКА ПОСЕВА, МЕТОДЫ ВЫДЕЛЕНИЯ ЧИСТЫХ КУЛЬТУР И КУЛЬТУРАЛЬНЫЕ СВОЙСТВА МИКРООРГАНИЗМОВ. ОПРЕДЕЛЕНИЕ КОЛИЧЕСТВА БАКТЕРИЙ Цель занятия. Освоить технику посева микроорганизмов на плотные и жидкие питательные среды и методы выделения чис­тых бактериальных культур. Ознакомить студентов с основными культуральными характеристиками микроорганизмов и методами определения...

САНИТАРНО-МИКРОБИОЛОГИЧЕСКОЕ ИССЛЕДОВАНИЕ ВОДЫ, ВОЗДУХА И ПОЧВЫ Цель занятия.Ознакомить студентов с основными методами и показателями...

Меры безопасности при обращении с оружием и боеприпасами 64. Получение (сдача) оружия и боеприпасов для проведения стрельб осуществляется в установленном порядке[1]. 65. Безопасность при проведении стрельб обеспечивается...

Гносеологический оптимизм, скептицизм, агностицизм.разновидности агностицизма Позицию Агностицизм защищает и критический реализм. Один из главных представителей этого направления...

Функциональные обязанности медсестры отделения реанимации · Медсестра отделения реанимации обязана осуществлять лечебно-профилактический и гигиенический уход за пациентами...

Определение трудоемкости работ и затрат машинного времени На основании ведомости объемов работ по объекту и норм времени ГЭСН составляется ведомость подсчёта трудоёмкости, затрат машинного времени, потребности в конструкциях, изделиях и материалах (табл...

Studopedia.info - Студопедия - 2014-2024 год . (0.012 сек.) русская версия | украинская версия