Курстың қысқа мазмұны
аржы-экономикалық факультет
«Халықаралық экономика» пәнін зерделеудің объектісі – бұл тауарлар мен қызметтердің, капиталдардың, жұмысшы күші мен технологиялардың халықаралық айырбасы саласында әр түрлі мемлекеттік сипаттағы экономикалық субъектілердің өзара әркеттесуі саласы. Бұл пәнде қарастырылған маңызды мәселелерге мемлекеттердің тиімді сыртқы экономикалық саясатын жүргізу, мемлекетаралық және үкіметаралық келісімдер мәселелері жатады. Халықаралық экономиканың әдіснамасы негізінде неоклассикалық ережелерді талдау және оларды экономикалық тепе-теңдіктің басты идеясымен синтездеу қағидалары жатыр. Халықаралық экономикада қолданылатын модельдік және категориялық аппарат «Макроэкономика» және «Микроэкономиак» пәндеріндегі талдау әдістері мен категорияларына сәйкес келеді. Дегенмен де, халықаралық экономикадағы көптеген заңдар, заңдылықтар мен ережелер көптеген пікірталастарды туындатып отыр. Бұл осы ғылымның әлі де болса жас екендігін, сонымен бірге бүкіл әлемдік шаруашылық өзгерістердің жедел қарқынының айқындайды. Пәннің мақсаты – халықаралық экономиканың құрылымын, оларды жүзеге асырудың механизмi, қазiргi таңдағы дамуының тенденциялары мен ерекшелiктерiн қарастыру. Курстың міндеттері: Қазіргі кездегі халықаралық экономиканың мазмұның, негізгі нысандарын және даму тенденцияларын, әлемдік шаруашылық жүйесіндегі өсіңкілік өзгерістер жағдайындағы әлемдік нарықтағы Қазақстанның орны мен болашағы; Студенттерге жаңа ойлау қабілетін және алған білімдерін ары қарай келешек тәжірибелік қызметінде қолдану қабілетін қалыптастыру. Халықаралық экономика курсын меңгеру процесінде студенттер әлемдік шаруашылықтың мәні мен құрылымын, оның қалыптасуы мен дамуы заңдылықтарын; әлемдік нарықтың таңдауын, ерекшеліктері мен құрылымын, халықаралық сауданың даму факторлары, капиталдың халықаралық миграциясы, капиталдың шетке шығару себептерін, халықаралық валюта-қаржы қатынастарын және тағы басқаларды түсінуі тиіс. Курс бойынша талаптар: «Халықаралық экономика» курсын зерделеу нәтижесінде студенттер: Халықаралық сауда, капитал мен жұмысшы күшінің халықаралық қозғалысы, сонымен бірге халықаралық валюталық және қаржылық қатынастар саласындағы теориялық және тәжірибелік мәселелердің мәнісін; қазіргі кездегі халықаралық экономиканың логикасын; даму бағыттары мен тенденцияларын түсінуі тиіс; Халықаралық экономикалық қатынастардың әрекет етуі мен даму заңдылықтарының негізгі принциптерін білуі тиіс; елдің дамуы үшін оның халықаралық экономикалық қызметке қатысуының оң және теріс әсерлерін сауатты түрде бағалай білуі тиіс; Үкімет жүргізіп отырған сыртқы экономикалық саясаттың болашағы мен салдарын талдай және бағалай білуі тиіс; алған білімдерін ҚР сыртқы экономикалық байланыстарын және кәсіпорындардың сыртқы экономикалық қызметін ұйымдастыру мен басқару ісінде қолдана білуі тиіс.
Білімді бағалаудың балдық-рейтингтік жүйесі
Пән бойынша студенттің білімін балмен бағалау көрсеткіші
Баға қоюдын критерилері
ДӘРІС КЕШЕНІ
|