IX ЭПИКРИЗ
Эпикриз – сырқатнаманың қысқаша резюмесі және оған мына мәліметтер кіреді: 1. Пациенттің тегі, аты-жөні 2. Жасы 3. Кәсібі 4. Стационарда жату мерзімі 5. Түскен кездегі шағымдары (негізгі, жетекші) 6. Анамнезі (тек диагнозға ғана тиесілі) 7. Объективті зерттеуі (диагнозды нақтылайтындары) 8. Лабораторлық, рентгенологиялық және басқа да зерттеулері (өзгерістері ғана) 9. Толықтырылған клиникалық диагнозды тұжырымдау: нозологиялық түрі, кезеңі, белсенділігі, клиникалық варианты, асқынулары, қосымша аурулары. 10. Ауру ағымының ерекшеліктері, оның жақын және алыс болжамалары. 11. Жасалған емі (режим, диета, дәрілері мен дозалары), физиотерапия, емдік дене шынықтыру. 12. Аурухана кезіндегі аурудың динамикасы. 13. Емнің тиімділігін бағалау: сауығуы, жақсаруы – өзгерістері қандай, өзгеріссіз. Тиімсіз. 14. Ауруханадан шығар алдындағы науқас адамның жағдайы (қанағаттанарлық, орташа ауырлықта, ауыр халде) 15. Жергілікті дәрігеріне ұсыныстар. Еңбекке орналасуы, еңбектік режимі, диетасы, дәрілік емі, физиоемі, емдік дене шынықтыруы, санаторлық-курорттық емі, диспансерлігі. X. ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ
Сырқатнаманы жазу кезінде студент-куратор қолданған әдебиеттер тізімі көрсетіледі. Авторлардың тегі мен инициалдары, мақаланың, монографияның, баспаның аты, баспаның тұрған жері, жылы, томның сандық реті (қажеттілігі болса) мен беттері көрсетіледі. Ішкі ауруларды анықтау мен емдеудің заманауи жетістіктері «Терапевтический архив», «Кардиология», «Клиническая медицина», «Русский медицинский журнал», «Врач», «Пульмонология», «Лечащий врач» және т.б. ғылыми-тәжірибелік медициналық журналдарда шолулар мен дәрістерде берілген. Осы сырқатнаманы студент жазады және оқытушы-ассистентке белгіленген мерзімде өткізіледі, содан кейін топ студенттерінің алдында кураторы қорғайды.
Ескерту 1. ДЕНЕ ҚЫЗУЫ ПАРАҒЫ Пациенттің тегі, аты-жөні____________________________________ Бөлімше ___________________________ Палатасы _____________ Парақ №___________________
|