Студопедия Главная Случайная страница Обратная связь

Разделы: Автомобили Астрономия Биология География Дом и сад Другие языки Другое Информатика История Культура Литература Логика Математика Медицина Металлургия Механика Образование Охрана труда Педагогика Политика Право Психология Религия Риторика Социология Спорт Строительство Технология Туризм Физика Философия Финансы Химия Черчение Экология Экономика Электроника

Зақымдану ошағындағы химиялық ахуалды бағалау





Химиялық ахуал ретінде шаруашылық объектілерінің қызметіне, АҚ күштері мен халыққа әсер ететін жердің ҚӘУЗ-бен (УЗ) химиялық зақымдану салдарының жиынтығы түсініледі.

Химиялық ахуал ҚӘУЗ төгілу (тасталу) немесе химиялық зақымдану аймағы мен химиялық зақымдану ошақтары пайда болатын химиялық қаруды қолдану кезінде жасалады.

Химиялық ахуалды бағалауға мыналар кіреді:

- химиялық зақымдану көлемі мен сипатын анықтау;

- олардың объектілер қызметкеріне, АҚ күштері мен халыққа әсер етуін талдау;

- адамдардың зақымдалуын болдырмайтын іс-әрекеттердің аса қажетті нұсқаларын іріктеу.

Химиялық ахуалды бағалау болжау әдісімен және барлау мәліметтері бойынша жүргізіледі.

Шаруашылық объектілерінде химиялық ахуалды бағалауды (РХҚ) нүктелері (буындары) жүргізеді.

Химиялық ахуалды бағалайтын бастапқы мәліметтер:

- ҚӘУЗ түрі мен саны, химиялық қаруды қолдану құралы мен УЗ түрі;

- улы заттардың шығарылу (төгілу), химиялық қарудың қолданылу ауданы мен уақыты;

- адамдардың қорғану деңгейі;

- жердің топографиялық жағдайы мен ластанған ауаның таралу жолындағы құрылыстардың сипаты;

- ауа райы (жер бетінің қабатындағы желдің жылдамдығы мен бағыты, ауа мен топырақтың температурасы, ауаның вертикалдық тұрақтылығының деңгейі).

Ауаның вертикалдық тұрақтылығының деңгейін шамамен ауа райын бақылау арқылы анықтауға болады.

Ауаның вертикалдық тұрақтылығы үш деңгейге бөлінеді: инверсия, изотермия, конвекция.

Инверсия әдетте шамамен күн батардан 1 сағаттай бұрын кешкі уақытта пайда болады және күн батқаннан кейін 1 сағаттың бойында бұзылады. Инверсия кезінде ауаның төменгі қабаттары жоғары қабаттарынан суығырақ, бұл инверсияның биіктік бойынша таралуына кедергі келтіреді және ластанған жинақталған ауаның сақталуы үшін аса қолайлы жағдай жасайды.

Изотермия ауаның тұрақты тендігімен сипатталады. Изотермия кезінде жердің 20-30 м биіктік шегінде ауаның температурасы жердікімен шамалас. Ол жауын-шашынды ауа райы мен қар жамылғысы кезінде байқалады, алайда таңертеңгі және кешкі сағаттарда да инверсиядан конвекцияға (таңертең) және керісінше (кешкі) көпшелі күй ретінде пайда болуы мүмкін.

Конвекция әдетте күн шыққаннан кейін 2 сағаттан соң пайда болады және шамамен күн батардан 2-2,5 сағат бұрын бұзылады. Ол әдетте жазғы ашық уақытта байқалады. Конвекция кезінде ауаның төменгі қабаттары жоғары қабаттарынан қаттырақ қызады, бұл залалданған бұлттың тез тарауына және оның зақымдағыш әсерінің азаюына ықпал етеді.

Ауаның жер бетіндегі қабатының вертикалдық тұрақтылық деңгейі кесте көмегімен ауа райы болжамының мәліметтері бойынша анықталуы мүмкін.

 

Кесте 12

 

Жел жылдамдығы, м/с Түн Күн
Ашық Бұлыңғыр Бұлтты Ашық Бұлыңғыр Бұлтты
0,5 Инверсия   Конвекция  
0,6-2
2,1-4   Изотермия   Изотермия
4-тен астам    

Қарсылас жақ улы затты пайдаланған кезде пайда болған химиялық ахуалды айыру кезінде қолданылған затты, зақымдану аймағының алаңы мен улы зат түрін анықтайды. Осы мәліметтер негізінде ластанған ауаның таралу терендігін, жер мен техникадағы улы зат беріктігін, адамдардың теріні қорғау құралдарында болу уақытын, адамдардың, ғимараттардың, техника мен мүліктің зақымдану ықтималдығын бағалайды.

Қарсылас жақ улы затты қолданған кезде ауданның шекарасын анықтау, барлау күштерімен немесе ТЖ және АҚ жөніндегі жоғары тұрған орган ақпараттарының мәліметтері бойынша жүргізіледі. Химиялық шабуылға қатысушы құралдар саны (ұшақтар саны, олардың үлгілері, зымырандар саны), улағыш заттарды қолдану әдісі (химиялық бомбалар, зымырандар, төгілетін авиациялық приборлар және басқалар).

Химиялық оқ-дәрі немесе әскери прибордың әсері кезінде улы зат бұлты пайда болады, ол алғашқы бұлт деп аталады. Осы бұлттың құрамы УЗ түрі мен оның ұрыс жағдайына көшіру әдісіне байланысты. Қарсылас жақ зарин түріндегі УЗ қолданған кезде алғашқы бұлт осы УЗ буынан құралады, ал Ви-Икс түріндегі УЗ-ты қолдану негізінен аэрозольдіқ бөлшектерден тұратын бұлттың құралуына алып келеді. Қарсылас жақ төгілетін аваициялық приборларды пайдаланған кезде тұрпайы аэрозоль бұлты мен УЗ тамшысы пайда болады, олар сіңе отыра объектілерді, жерді, су көздерін, техника мен адамдарды зақымдайды.

Әртүрлі заттардың үстінде аэрозоль мен тамшы түріндегі УЗ буланады. Аэрозольдік бөлшектермен УЗ тамшысының булану нәтижесінде зақымдалған жерде осы УЗ буынан ғана тұратын УЗ қайталама бұлты пайда болады.

Жылжып келе жатқан ауа массасының әсерімен УЗ таралып, сирейді, соның нәтижесінде онда жинақталған УЗ-тың әсер ету уақыты азаяды және тиісінше қорғалмаған адамдардың зақымдау дозасын алу қаупі төмендейді.

Ластанған ауаның таралу тереңдігі химиялық қару қолданылған ауданның желді шекарасынан бастап зақымдағыш мөлшері бар ластанған ауа бұлтының таралу шекарасына дейін қолданылады. Ол ауа райына, жер бедеріне, орман алқаптарының бар-жоғы мен елді мекендер құрылысының тығыздығына байланысты.

Төменде изотермия жағдайындағы авиация мен УЗ қолданған кезде ашық жердегі ластанған ауа бұлтының қауіпті таралу тереңдегінің (км) есептемелік маңызы келтірілген.

 

13-кесте

 

  УЗ түрі Тұрақты желдің м/с жылдамдығы кезінде ластанған ауаның қауіпті таралуының тереңдігі (км)
1-2 м/с 2-4 м/с
Зарин    
Ви-Икс 5-8 8-2
Иприт    

 

Ашық ауа райында (конвекция жағдайында) ластанған ауаның қауіпті таралуының тереңдігі шамамен екі есеге азаяды, ал инверсия жағдайында шамамен 1,5-2 есеге көбейеді.

Төңірегінің бәрі құрылыс, елді мекендер мен орман алқаптарында ластанған ауаның қауіпті таралуының тереңдігі айтарлықтай азаяды (3-3,5 есе).

ҚӘУЗ бар объектілердегі химиялық ахуалды бағалау химиялық зақымдану ошағында болуы мүмкін адамдарды қорғауды ұйымдастыру мақсатында жүргізіледі.

Химиялық ахуалды болжау әдісімен бағалау кезінде ауа райының ластанған ауаның таралуы үшін қолайлы кезінде объектідегі бүкіл ҚӘУЗ қорының бір уақытта төгілу (шығу) шарты қабылданады (инверсия, желдің жылдамдығы 1 м/с).

ҚӘУЗ салынған ыдыстардағы авариялар (қирау) кезінде бағалау нақты қалыптасқан жағдай бойынша жүргізіледі, яғни төгілген (шығарылғын) улы заттардың нақты саны мен ауа райының жағдайы алынады. Бұл жағдайда қайнау температурасы 200С-тан төмен улы заттардың (фосген, фторлы сутегі және т.б.) олардың төгілу шегі бойынша бірден буланатындығын және ауаның жер бетіндегі қабатына түскен улы булар көлемінің аққан сұйық көлеміне тең болатындығын ескеру керек. Қайнау температурасы 200-тан жоғары улы сұйықтар (күкіртті көмір тегі, көгілдір қышқылы және т.б.), сондай-ақ баяу қызатын сұйықтар (сұйытылған аммиак пен хлор, олеум және т.б.) объект аумағында төгіледі және булана отырып ауаның жер бетіндегі қабатын ластайды.

ҚӘУЗ бар объектілердегі химиялық ахуалды бағалау химиялық зақымдану ошағы мен химиялық зақымдану аймағының көлемдерін, ластанған ауаның белгілі межеге (объект) жету уақытын, зақымдаушы іс-әрекет уақыты мен химиялық зақымдану ошағындағы адамдардың ықтимал қаза болуын анықтауды қарастырады.

Химиялық ахуалды бағалау негізінде адамдарды қорғау шаралары қабылданады, зақымдану мен зақымдану салдарын жою жағдайындағы құтқару, объектінің өндірістік қызметін қалпына келтіру және халықтың тіршілігін қамсыздандыру жұмыстарын жүргізу жөнінде шаралар әзірленеді.

Объектідегі қорғаныс режимін таңдау кезінде мыналар қарастырылады; өндірістік қызметті жалғастыру кезінде жеке қорғаныс құралдарын пайдалану, зақымдалған ғимараттарда (цехтарда) жұмысты тоқтату, адамдар жұмыс орнына шыққаннан кейін зақымдануды болдырмайтын жұмыстарды жүргізгенге дейін панаханаларда болу тәртібі. Объект аумағы қатты зақымданған жағдайда жекелеген цехтардың немесе бүкіл объектінің жұмысын тоқтатып, аумақты, ғимарат пен объекті қондырғыларын залалсыздандыру жөніндегі шараларды жүргізгенге дейін зақымданбаған аудардарға адамдарды көшіру қарастырылуы мүмкін.

Объект жұмысының үлгілік режимдерінің, құтқару жұмыстарын жүргізудің үлгілік нұсқаларын бейбіт уақытта желдің негізгі бағытын, объект жұмысының нақты жағдайы мен АҚ бөлімшілерінің жеке құрамын, жұмысшылар мен қызметшілерді жеке қорғаныс пен ұжымдық қорғау құралдарымен қамсыздандыруды ескере отырып даярлаған дұрыс.

Химиялық ахуалды бағалаудан туындаған қорытындылар зақымдану ошақтарында жұмыс жүргізу үшін АҚ бастықтарының шешімдерінде пайдаланылады және АҚ бөлімшелерінің жеке құрамын химиялық зақымдану жағдайындағы іс-әрекет кезінде қорғауды ұйымдастырудың негізі болып табылады.







Дата добавления: 2015-09-18; просмотров: 2086. Нарушение авторских прав; Мы поможем в написании вашей работы!




Картограммы и картодиаграммы Картограммы и картодиаграммы применяются для изображения географической характеристики изучаемых явлений...


Практические расчеты на срез и смятие При изучении темы обратите внимание на основные расчетные предпосылки и условности расчета...


Функция спроса населения на данный товар Функция спроса населения на данный товар: Qd=7-Р. Функция предложения: Qs= -5+2Р,где...


Аальтернативная стоимость. Кривая производственных возможностей В экономике Буридании есть 100 ед. труда с производительностью 4 м ткани или 2 кг мяса...

Философские школы эпохи эллинизма (неоплатонизм, эпикуреизм, стоицизм, скептицизм). Эпоха эллинизма со времени походов Александра Македонского, в результате которых была образована гигантская империя от Индии на востоке до Греции и Македонии на западе...

Демографияда "Демографиялық жарылыс" дегеніміз не? Демография (грекше демос — халық) — халықтың құрылымын...

Субъективные признаки контрабанды огнестрельного оружия или его основных частей   Переходя к рассмотрению субъективной стороны контрабанды, остановимся на теоретическом понятии субъективной стороны состава преступления...

Принципы, критерии и методы оценки и аттестации персонала   Аттестация персонала является одной их важнейших функций управления персоналом...

Пункты решения командира взвода на организацию боя. уяснение полученной задачи; оценка обстановки; принятие решения; проведение рекогносцировки; отдача боевого приказа; организация взаимодействия...

Что такое пропорции? Это соотношение частей целого между собой. Что может являться частями в образе или в луке...

Studopedia.info - Студопедия - 2014-2024 год . (0.012 сек.) русская версия | украинская версия